"Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2024 жылғы 27 маусымдағы № 519 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34632 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20224 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.";

      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны "Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі мәніне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасына жеке тұлғаға қойылатын талаптарды және ішкі істер органдарына сұрау салулар жолдау жолымен тексереді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.

      Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіпте шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
3) "Террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді қоспағанда, күзет қызметтерінің барлық түрі" қызметтің кіші түрі бойынша 1) тармақшаға сәйкес құжаттар қоса беріледі;
4) "Күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішнде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету" қызметтің кіші түрі бойынша 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мынадай құжаттар:
жалдап пайдалану жағдайларында орталықтандырылған күзет пунктін орналастыру үшін офистік үй-жайдың болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
орталықтандырылған бақылау пультінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері:
- орталықтандырылған бақылау пульті қызметкерлерінің болуы туралы штаттық орналастырудың электрондық көшірмесі;
- күзетілетін объектілерде орнатылған қабылдау-бақылау аспаптарынан сигналдарды қабылдауды жүзеге асыратын компьютерлік техникаға және тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ күзетілетін объектілерден деректерді сақтауға арналған меншікті қорғалған серверге техникалық құжаттаманың (түгендеу нөмірлері, жүкқұжаттар, фискалдық чектер немесе басқа құжаттар) электрондық көшірмелері;
радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың не жиілігі бар радиобайланыстарға абоненттік қызмет көрсетуге (жалға алу) арналған шарттың электрондық көшірмесі;
штаттық орналастырудың және мобильді топтарды (жедел ден қою тобын) құру және тиісті қызметкерлерді лауазымға тағайындау туралы бұйрықтардың электрондық көшірмелері;
мобильді топтардың (жедел ден қою топтарының) жүріп-тұруына арналған меншік құқығындағы кемінде екі көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында осы санаттағы субъектілер үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысуы;
3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының "Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушының Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға келісуші мемлекеттік органның лицензия беруге келісім хатын ұсынбауы;
6) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті заңды тұлғаның тіркеу орны бойынша жолдамауы;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
9) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
10) заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері санатына сәйкес келмеуі;
11) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл желісі бойынша жеке басын сипаттайтын, лицензия беру туралы шешім қабылдауға әсер ететін ішкі істер органдарынан сұрау салулар шеңберінде алынған деректер бар;
12) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
13) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.

      Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіпте шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлінісінің басшысы бекіткен көрсетілетін қызмет алушыда оқу жоспарларында көзделген арнайы және техникалық құралдардың, теориялық сабақтар өткізу үшін үй-жайдың, сондай-ақ дене даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін спорт залдың бар-жоғын растайтын тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
3) тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіби құзыреті саласында білім беру дағдылары бар оқытушылардың және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандардың бар-жоғын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері);
4) көрсетілетін қызметті алушының басшысы бекіткен жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының электрондық көшірмелері;
5) жалдап пайдалану жағдайларында атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған атыс тирінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және "Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 143 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10557 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

      ";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.

      Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіпте шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) Портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) "Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысымен бекітілген Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасының 3-тармағына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) объектілердің (атауы, орналасқан орны), оның ішінде құрылатын күзет ұйымдарының күзетіне тапсырылуға жоспарланған еншілес ұйымдар объектілерінің тізбесі.

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы
М. Кожаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 519 бұйрығына
қосымша
  "Уәкілетті органның жеке күзет
ұйымында басшы және күзетші
лауазымдарын атқаратын
жұмыскерлерді даярлау және
біліктілігін арттыру жөніндегі
мамандандырылған оқу
орталығын айқындау"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау бойынша мәліметтер нысаны

      1. Жалпы ақпарат

      1) _________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      2) __________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

      3) __________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)

      4) __________________________________________________________________

      (құрылтайшының (директордың) Т.А.Ә., ЖСН, азаматтығы)

      2. Меншік құқығындағы атыс тирі

      1) __________________________________________________________________
(иә/жоқ)

      2) __________________________________________________________________
(атыс тирі меншік құқығында болған жағдайда кадастрлық нөмірі, мекенжайы, ауқымы)

      3. Рұқсаттардың болуы

      1) __________________________________________________________________
("Атыс тирін (атыс орны) және стендтерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру" қызметі бойынша рұқсаттың көрсетілетін қызметті алушыда болуын тексеру (атыс тирі меншік құқығында болған жағдайда))

      2) __________________________________________________________________
("Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлама" хабарламаның көрсетілетін қызметті алушыда болуын тексеру)

      4. Қоса берілетін құжаттар

      1) __________________________________________________________________
тексеру актісі, мамандардың бар-жоғын растайтын құжаттар, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары, атыс тирін жалдау шарты (жалдап пайдалану жағдайында))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады