Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34634 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15797 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес заңсыз олжаланған орман ресурстарын, құқық бұзушылық жасау құралдары болған көлік құралдарын, оларды уақытша сақтау үшін алып қою туралы қаулы.";

      көрсетілген бұйрықтың 3-қосымшасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңсыз олжаланған орман ресурстарын, құқық бұзушылық жасау құралдары болған көлік құралдарын, оларды уақытша сақтау үшін алып қою туралы № ____ қаулы".

      2. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларында:

      33-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Аумақтық орган ұсынылған ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерінің материалдарына тексеру жүргізеді және оларды ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 25 қазанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес бекіту үшін ұсынады.";

      34-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Орман орналастыру материалдарында көзделген кесу көлемін орман иеленуші ведомствоның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде жылына бір рет бекітеді. Ағаш кесу көлемдерін түзету бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша жылына бір рет жүргізіледі.

      Табиғи-климаттық факторлардың, ормандардың зиянкестермен және аурулармен зақымдануының нәтижесінде болған салдарларды жою кезінде орман орналастыру материалдарымен айқындалмаған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды санитариялық және өзге де кесу көлемін уәкілетті органның ведомствосы бекітеді.";

      35-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Аумақтық органдар уәкілетті органның ведомствосы бекіткен ағаш кесу көлемдерін мемлекеттік орман иеленушілерге жеткізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
Н. Шарбиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады