Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34662 болып тіркелді

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Бердалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 228 бұйрығымен
бекітілген

Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өсімдіктер карантині саласында тергеп–тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру (бұдан әрі – тергеп-тексеру) жүргізу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу тәртібі

      2. Тергеп-тексеру Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 158 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне және (немесе) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген карантиндік объектілер таралған жағдайда жүргізіледі.

1-параграф. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді ресімдеу тәртібі және оның мазмұны

      3. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өсімдіктер карантині саласында уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын адам қабылдайды.

      Тергеп-тексеру облыс аумағында орналасқан екі және одан да көп аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) жүргізілген жағдайда, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді өсімдіктер карантині саласында уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын адам қабылдайды.

      Тергеп-тексеру екі және одан да көп облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағын қамти отырып, жүргізілген жағдайда, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтық бөлімшелерінің басшылары немесе оның міндеттерін атқаратын адам қабылдайды.

      4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-4-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша осындай факт адамдардың кең ауқымына әсер еткен және бұзушылықтарға жол берген нақты бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) белгілеу талап етілетін жағдайлардағы өтініштері, мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері берген карантиндік объектілердің пайда болуы және таралуы туралы ақпарат (төтенше хабарлама)) болған кезде тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өтініштері немесе мемлекеттік органдар немесе қызмет көрсетуші субъектілер ұсынған ақпарат (төтенше хабарлама) алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданады. Тергеп-тексеру оны жүргізу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде басталуға тиіс.

      5. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімде мынадай ақпарат қамтылады:

      1) шешімнің қабылданған күні, уақыты және орны;

      2) аумақтық бөлімшенің атауы;

      3) тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздеме;

      4) өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру тағайындалған заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, оның орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, аумақ учаскесі;

      5) өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу нысанасы;

      6) тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы;

      7) тергеп-тексеру жүргізу мерзімі;

      8) тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарған адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, қолы (электрондық цифрлық қолтаңбасы) және лауазымы.

      Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Тергеп-тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы қосымша шешім ресімделеді.

2-параграф. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы

      6. Кодекстің 144-4-бабының 6-тармағына сәйкес тергеп-тексеру жүргізу мерзімдері күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс және күнтізбелік отыз күнге бір рет қана ұзартылуы мүмкін.

3-параграф. Бақылау және қадағалау субъектісін, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органды, мүдделі мемлекеттік органдарды тергеп-тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету мерзімдері

      7. Аумақтық бөлімшенің басшысы шешімге қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органды, өкілдері тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген мүдделі мемлекеттік органдарды "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесі арқылы тергеп-тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жіберу жолымен хабардар етеді.

      8. Аумақтық бөлімше бақылау және қадағалау субъектісіне тергеп-тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тергеп-тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жібереді.

      Тергеп-тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама қолма-қол тапсырылады, тапсырылғаны туралы хабарламамен бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық поштасының мекенжайына тапсырысты пошта жөнелтілімі не электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі, егер мұндай мекенжайды осы субъект бұрын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, жіберіледі.

      Бұл ретте, төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда тапсырылды есептеледі:

      1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;

      3) электрондық тәсілмен – бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап, егер мұндай мекенжайды осы субъект бұрын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса.

4-параграф. Тәуелсіз сарапшылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды тарту тәртібі

      9. Тергеп-тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласында заңнамасын бұзу туралы тергеп-тексерудің жүргізілуіне арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар тәуелсіз сарапшыларды, сондай-ақ құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын мүдделі тұлғаларды тартуға жол беріледі.

      Өсімдіктер карантині саласындағы тергеп-тексеруге тәуелсіз сарапшыларды/мүдделі тұлғаларды тарту туралы шешім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Тәуелсіз сарапшылар мен мүдделі тұлғалар комиссия мүшелері болып табылмайды.

      10. Комиссия тәуелсіз сарапшылардың кандидатураларын ұсыну туралы сұранымды мемлекеттік органдарға және өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдарға жіберу арқылы тәуелсіз сарапшыларды шақыруды жүзеге асырады.

      Комиссия Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласында заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруге байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын мүдделі тұлғаларды сұранымдар жіберу арқылы шақыруды жүзеге асырады.

      11. Тәуелсіз сарапшының/мүдделі тұлғалардың кандидатурасы туралы мәліметтер осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген сұраным келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өсімдіктер карантині саласында уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.

      12. Тәуелсіз сарапшы мынадай жағдайларда тергеп-тексеру жүргізуге тартылмайды:

      1) жүргізілетін тергеп-тексеру саласында арнайы ғылыми немесе практикалық білімінің болмауы;

      2) тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісімен еңбек және (немесе) өзге де шарттық қатынастардың болуы;

      3) жүргізілетін тергеп-тексеру нәтижелерінде жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделіліктің болуы.

5-параграф. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамын құру шарттары мен тәртібі

      13. Тергеп-тексеруді құрамына өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар кіретін тергеп-тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) жүргізеді. Тергеп-тексеру нысанасына қарай комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың (орталық атқарушы органдардың, оның ішінде олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің және/немесе жергілікті атқарушы органдардың) өкілдері енгізіледі.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, кемінде үш адам. Комиссия хатшысы аумақтық бөлімше қызметкерлерінің арасынан айқындалады. Комиссияның хатшысы оның мүше болып табылмайды.

      14. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, тәуелсіз сарапшылар мен мүдделі тұлғаларды тарту туралы шешімдер қабылдайды, тергеп-тексеруге жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      15. Комиссия мүшелері:

      1) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласында заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласында заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген, тергеп-тексеру жүргізуге негіз болған бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындайды;

      3) бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) аумағын зерттеп-қарауды, қарап-тексеруді жүзеге асырады;

      4) тәуелсіз сарапшылардың қорытындысын алады (олар тартылған жағдайда);

      5) сынамаларды алуды және зертханалық зерттеуді ұйымдастырады және нәтижелерді (қажет болған жағдайда) алады;

      6) тергеп-тексеру қорытындылары бойынша тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге қосу үшін құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде алады;

      7) тергеп-тексеру нысанасына жататын фото- және бейне түсірілімдерді жүзеге асырады.

      16. Тергеп-тексеру барысында комиссия мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау қажеттілігін ескере отырып, тергеп-тексеруге қатысушыларға олардың жазбаша сұранымы бойынша тергеп-тексеруге қатысы бар мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді. Мүдделі тұлғалардың сұрауы бойынша комиссия тергеп-тексеру нысанасы бойынша консультациялар өткізеді.

      17. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жағдайлардың карантиндік объектілердің таралу ошақтарының шекаралары мен алаңдарын айқындау, таралу себептерін анықтау, сондай-ақ карантиндік объектілердің түрлік құрамын және залалданған өнім көлемін айқындау үшін үлгілерді іріктеу үшін жүргізіледі.

      Өнім үлгілерін іріктеу Кодекстің 149-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

6-параграф. Тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібі

      18. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктер карантині саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт жасалады.

      Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей тергеп-тексеру материалдарының негізінде ресімделеді.

      19. Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) актіні жасау күні мен орны;

      2) бақылау және қадағалау органының атауы;

      3) тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімнің (тергеп-тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы қосымша шешімнің (ол болған кезде)) күні мен нөмірі негізінде тергеп-тексеру жүргізіледі;

      4) тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы;

      5) тергеп-тексеру жүргізу үшін тартылған тәуелсіз сарапшылардың аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және лауазымы;

      6) тергеп-тексеру жүргізу кезінде тартылған мүдделі тұлғалардың аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы;

      7) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласында заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және орналасқан жері;

      8) тергеп-тексеру жүргізу кезеңі;

      9) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласында заңнамасы талаптарының бұзылу себептері туралы мәліметтер;

      10) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың бұзылуына тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған мәліметтер;

      11) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;

      12) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласында заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар;

      13) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері;

      14) жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарын жою мерзімдері;

      15) тергеп-тексеруді жүргізген лауазымды адамдардың қолы.

      20. Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге комиссия мүшелері қол қояды.

      Комиссия мүшесі өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, комиссия төрағасы өсімдіктер карантині саласында тексеру нәтижелері туралы актіге комиссия мүшелерінің көзінше тиісті жазба жасайды. Комиссия мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіреді, ол оған комиссия төрағасы қол қойғанға дейін өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі.

      21. Тергеп-тексеру материалдарында:

      1) тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім, тергеп-тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша шешім (бар болса));

      2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өтініштері; мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері ұсынған ақпарат (төтенше хабарлама);

      3) тергеп-тексеру нәтижелері туралы акті қамтылады, оған мыналар қоса беріледі:

      тергеп-тексеруге тәуелсіз сарапшыларды/мүдделі тұлғаларды тарту туралы шешім;

      тәуелсіз сарапшылардың пікірлері;

      сынамаларды іріктеу актілері және зертханалық зерттеулердің, сараптамалардың нәтижелері (олар жүргізілген кезде);

      тергеп-тексеруге қатысы бар өзге де материалдар.

      22. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласында заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін анықтау және көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар бақылау нысанасы болып табылады.

      Бұл ретте жедел ден қою шаралары "Өсімдіктер карантині саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12740 болып тіркелген) (бұдан әрі – тексеру парағы) сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптардың бұзылуына қатысты ғана қолданылады.

      23. Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей бақылау және қадағалау субъектісіне тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.

      24. Бақылау және қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген мерзімдерде тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған талаптарды бұзушылықтарды жояды.

      Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою фактілерін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған талаптарды бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынады.

      25. Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жүргізілген тергеп-тексерудің қорытындылары тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшенің интернет-ресурсында жарияланады.

      26. Аумақтық бөлімше өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органды Кодекстің 144-4-бабы 7-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен тергеп-тексеру нәтижелері туралы хабардар етеді.

  Өсімдіктер карантині
саласында тергеп-тексеру
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім

      №________

      ___________________________ 20 __ жылғы "___" _______ (шешім шығару орны) (күні)

      1. Өсімдіктер карантині саласында уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің атауы

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіздер ___________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру тағайындалған заңды тұлғаның немесе

      оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, оның орналасқан жері, жеке

      сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, аумақ учаскесі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу нысанасы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы:

      1) Комиссия төрағасы:

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы)

      2) комиссия мүшелері:

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы)

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы)

      3) Комиссия хатшысы:

      ___________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы)

      6. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 20___жылғы "___" _______ бастап 20___жылғы "___" _______ дейін

      7. Шешімді шығарған тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      тегі, қолы (электрондық цифрлық қолтаңбасы) және лауазымы ____________________________________

  Өсімдіктер карантині
саласында тергеп-тексеру
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы қосымша шешім

      №________

      ___________________________ 20 ___жылғы "____"__________ (шешім шығару орны) (күні)

      1. Өсімдіктер карантині саласында уәкілетті орган ведомствосының

      аумақтық бөлімшесінің атауы_________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Өсімдіктер карантині саласында қосымша тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім

      20____ жылғы "____" _________ №______.

      3. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы:

      1) _______________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі)

      2) _______________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі)

      3) _______________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі)

      4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 20___жылғы "___" _______ бастап 20___жылғы "___" _______ дейін

      5. Тергеп-тексеру 20___жылғы "___" _____ бастап 20___ жылғы "___" _____ дейін ұзартылды.

      6. Тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту негіздері _______________________

      _______________________________________________________________

      7. Шешімді шығарған адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      тегі, қолы (электрондық цифрлық қолтаңбасы) және лауазымы _____________________

  Өсімдіктер карантині
  саласында
  тергеп-тексеру жүргізу
  қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

Өсімдіктер карантині саласындағы тергеп-тексеруге тәуелсіз сарапшыларды/мүдделі тұлғаларды тарту туралы шешім

      20__ жылғы "___" _____ ____________ қаласы, облысы

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _______ бабының _______ тармағына,

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 20__ "____" _________бұйрығымен бекітілген

      Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру қағидаларының _______ тармағына

      сәйкес_____________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      тегі және шешім шығарған адамның лауазымы)

      20____ жылғы "____" _________№ _______ өсімдіктерді қорғау саласында тергеп-тексеру

      жүргізу туралы шешімі бойынша жүргізілетін өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру нысанасы бойынша:

      1. Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеруге мына тәуелсіз сарапшылар/мүдделі

      тұлғалар тартылсын_______________________________

      ____________________________________________________________________

      (арнайы білімі бар сарапшылардың және мүдделі тұлғалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)

      2. Тәуелсіз сарапшылардың/мүдделі тұлғалардың алдына мынадай мәселелер

      қойылсын_________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы___________________

      __________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі), лауазымы, қолы)

  Өсімдіктер карантині
саласында тергеп-тексеру
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Өсімдіктер карантині саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт

      №_______

      ___________________________ 20 __ жылғы "____"__________ (шешім шығару орны) (күні)

      1. Бақылау және қадағалау органының атауы ________________________

      2. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімнің (тергеп-тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы

      қосымша шешімнің (бар болса) күні мен нөмірі), оның негізінде тергеп-тексеру жүргізілген

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      3. Комиссия құрамы:

      Комиссия төрағасы _________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі), лауазымы)

      Комиссия мүшелері: _________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі), лауазымы)

      ____________________________________________________________________________

      4. Тергеп-тексеру жүргізу үшін тартылған тәуелсіз сарапшылардың аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      тегі және лауазымы ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Тергеп-тексеру жүргізу кезінде тартылған мүдделі тұлғалардың аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және лауазымы

      _________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласында заңнамасының талаптарын

      бұзуға жол берген бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе аты,

      әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және орналасқан жері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      7. Тергеп-тексеру жүргізу кезеңі _______________________________

      8. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласында заңнамасы

      талаптарының бұзылу себептері туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      9. Жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптарды

      бұзуды жүзеге асыру барысында және (немесе) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      10. Тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған

      талаптар тармақтары

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      11. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласында заңнамасының талаптарын

      бұзуға жол берген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты

      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген

      шаралар_____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      12. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды

      жою мерзімдері ______________________________________________________

      (күні, айы, жылы)

      13. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың

      анықталған бұзушылықтарын жою мерзімдері

      ____________________________________________________________________

      (күні, айы, жылы)

      Қосымша: тергеу материалдары _________ парақта

      Ерекше пікір ______ парақта

      Комиссия мүшелерінің қолдары: ___________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады