"Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін платформада цифрландыру үлесі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 370/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 маусымда № 34674 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген Цифрлық түрлендіру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағы және Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының м.а. Қазақстан Республикасының Статистика туралы 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығының 9 тармақтың 2) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін платформада цифрландыру үлесі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін;

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 370/НҚ Бұйрыққа
қосымша

"Платформадағы мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрландыру үлесі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға.

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған:

      https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/documents/1?lang=ru.

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрландыру үлесі туралы мәліметтер.

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: БП-01.

      Кезеңділік: жылдық.

      Есепті кезең: 202_ жыл.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы сервистік интегратор.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей.

Рет.№

Әзірлеменің аты

Іске асыру мерзімі, (жыл)

Орындалу жағдайы, (%)

Іске асыру барысы туралы ақпарат

1

2

3

4

5






      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы____________________________________

      Орындаушы _____________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасары немесе оның міндетін атқарушы адам

      __________________ __________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

  Мөрдің орны
  "Платформадағы мемлекеттік
органдардың бизнес-процестерін
цифрландыру үлесі туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға
арналған нысанға
Қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Платформадағы мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрландыру үлесі туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсініктеме

      1. Осы Түсініктеме (бұдан әрі – Түсініктеме) "Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін платформадағы цифрландыру үлесі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды анықтайды.

      2. Нысанды сервистік интегратор толтырады және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсынады.

      3. Көрсеткiш мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы бекiтетiн Цифрлық трансформацияның жол картасында сипатталған мемлекеттiк органдар жағдайлары шеңберiнде бизнес-үдерiстердi реинжинирингке бағытталған шараларды қарауға және жүзеге асыруға мемлекеттiк органды ынталандыруға бағытталған.

      4. Нысанға құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасары не оның міндетін атқарушы тұлға, оның тегін және аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

      5. Нысан жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 шілдеден кешіктірілмей беріледі.

      6. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

      7. Нысан келесідей толтырылады:

      1-бағандағы санды ретімен толтырыңыз.

      2-бағанда мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      3-бағанда іске асыру мерзімі көрсетіледі.

      4-бағанда "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрландыру үлесі көрсетіледі.".

      5-бағанда іске асыру барысы туралы ақпарат көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады