ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 және 1-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Білім беру мониторингі шеңберінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің әкімшілік деректерінің нысандары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
1-1. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы және мамандандырылған, қосымша, техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру, білім беру-сауықтыру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан әкімшілік деректерді білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне беруді қамтамасыз етсін.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 98 қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Е. Оспан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөніндегі агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментіне
Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет қорында орналастырылған
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Оқу-сауықтыру ұйымдарының мәліметтері
Индексі: № ОСҰ-1 нысан
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең 20__-20__ оқу жылы
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің білім басқармалары
Тапсыру мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 31 қазанға дейін (қоса алғанда)
№ | Аймақ | Аудан | Елді-мекен | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші коды | Лагерьдің немесе балалар сауықтыру орталығының атауы | Мекен-жайы | Бизнес сәйкестендіру номері | Меншік нысаны | Пайдалануға берілген жылы | Ғимараттың жалпы ауданы, шаршы метр |
А | Б | В | Г | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
кестеннің жалғасы
Аумақтың жалпы ауданы, гектар | Жобалық қуаты, орын | Ағымдағы жылдың жазғы кезеңінде жұмыс істейтін немесе жұмыс істемейтін | Күрделі жөндеу | Корпустар саны, бірлік | |
Күрделі жөндеу жылы | Күрделі жөндеуді қаржыландыру, миллион теңге | ||||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
жалғасы
Маусымдық лагерьлердің қызметі туралы мәлімет | Жыл бойғы лагерьлердің қызметі туралы мәліметтер | ||||||||||
маусым | шілде | тамыз | жылдағы ауысым саны | ауысымдағы күндер саны | балаларды қамту | ||||||
ауысым саны | ауысымдағы күндер саны | 1 ауысымдағы балаларды қамту | ауысым саны | ауысымдағы күндер саны | 1 ауысымдағы балаларды қамту | ауысым саны | ауысымдағы күндер саны | 1 ауысымдағы балаларды қамту | |||
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
жалғасы
Балаларды қамту, адам | Жеңілдікті жолдама бойынша балалар санаты, адам | Тегін жолдама бойынша балалар санаты, адам | Жолдама құны, мың теңге | |||
Балаларды жалпы қамту, адам | оның ішінде | 1 адамға жолдама құны | 1 адамға жеңілдікті жолдама құны | |||
жеңілдікті жолдама бойынша | тегін жолдама бойынша | |||||
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
жалғасы
Штаттық қызметкерлер саны, адам | Басшының тегі, аты және әкесінің аты | Ұялы телефон | Басшы орынбасарының тегі, аты және әкесінің аты | Ұялы телефон | ||
әкімшілік | педагогтер | техникалық персонал | ||||
32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 |
Телефон ___________________________________________
Электронды почта мекен-жайы ______________________________
Орындаған _______________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға _________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме "Оқу-сауықтыру ұйымдарының мәліметтері" (Индекс: № ОСҰ -1, кезеңділігі – жылдық)
1. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме:
1-бағанда лагерьдің немесе балалар сауықтыру орталығының атауы көрсетіледі.
2-бағанда лагерьдің немесе балалар сауықтыру орталығының мекен-жайы көрсетіледі.
3-бағанда бизнес сәйкестендіру номері көрсетіледі.
4-бағанда меншік нысаны көрсетіледі.
5-бағанда пайдалануға берілген жылы көрсетіледі.
6-бағанда ғимараттың жалпы ауданы, шаршы метр көрсетіледі.
7-бағанда аумақтың жалпы ауданы, гектар көрсетіледі.
8-бағанда жобалық қуаты көрсетіледі.
9-бағанда ағымдағы жылдың жазғы кезеңінде жұмыс істейтін немесе жұмыс істемейтіндігі көрсетіледі.
10-11 бағандарда күрделі жөндеуді жүргізу жылы және қаржыландыру көрсетіледі.
12-бағанда корпустар саны көрсетіледі.
13-21 бағандарда маусымдық лагерьлер үшін айлар бойынша ауысым саны, ауысымдағы күндер саны және 1 ауысымдағы балаларды қамту көрсетіледі.
22-24 бағандарда жыл бойғы лагерьлер үшін айлар бойынша ауысым саны, ауысымдағы күндер саны және 1 ауысымдағы балаларды қамту көрсетіледі.
25-27 бағандарда балаларды жеңілдікті және тегін жолдамалармен қамту көрсетіледі, адам.
28-бағанда жеңілдікті жолдама бойынша балалардың санаты көрсетіледі, адам.
29-бағанда тегін жолдама бойынша балалардың санаты көрсетіледі, адам.
30-31 бағандарда жолдаманың құны және 1 адамға жеңілдікті жолдаманың құны көрсетіледі, мың тенге.
32-34 бағандарда штаттық қызметкерлер саны көрсетіледі, адам.
35-бағанда басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
36-бағанда басшының ұялы телефоны көрсетіледі.
37-бағанда басшының орынбасарының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
38-бағанда басшының орынбасарының ұялы телефоны көрсетіледі.