БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қолжетімділік, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мыналарды:
1) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, іздестіру істері атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу шеңберінде ақпарат алу үшін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі – пайдаланушылар) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) мәліметтерді қалыптастыру тәртібін;
2) пайдаланушылардың ҚАО ААЖ-ға қолжетімділігін ұйымдастыру тәртібі;
3) ҚАО ААЖ арқылы алынған мәліметтерді пайдалану, сақтау, қорғау және жою тәртібін анықтайды.
Ескіртпе: "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен оларға жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты өзге органдардың алу негіздері айқындалады.
Заңының 16-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ оларға жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу негіздері айқындалады.
Занының 16-2-бабының 5 тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу негіздері айқындалады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. ҚАО ААЖ-дан мәліметтерді қалыптастыруды ҚАО ААЖ тіркелген пайдаланушылар осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген ҚАО ААЖ-дың рөлдерін негіздер бойынша бөлу тізбесіне (бұдан әрі – Рөлдер тізбесі), осы Қағидалардың 2-қосымшасына сервистерге (бұдан әрі – Қолжетімділік құқықтары) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) құралдарын қолдана отырып, Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сервистері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 8-тарауының баптары бойынша қолжетімді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сұрау салудың негізділігі оператор – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (бұдан әрі – ҚСжАЕК) ҚСжАЕК-нің ақпараттық жүйелерінде, атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АІО ААЖ) пайдаланушының іс жүргізуінде осы Қағидалардың 23-тармағын қоспағанда, сұрау салуға бастама жасауға негіз болған материалдардың болуын салыстыру арқылы тексеруге жатады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ведомстволық бақылау пайдаланушылардың барлық сұрау салулары көрсетілетін "Есептер" функционалы арқылы сұрау салулардың кезеңдік мониторингісінде, бірақ айына кемінде бір рет жасалады.
Оператормен "Есептер" функционалына қол жеткізуді бірінші басшының орынбасары немесе оның міндетін атқарушы адам немесе құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қойған органының дәлелді хаты бойынша ұсынылады.";
14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Басқа лауазымға немесе бөлімшеге ауыстыру себебінен пайдаланушының құқықтарын өзгерген жағдайда, пайдаланушы бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде ҚАО ААЖ порталы арқылы электрондық өтінім жіберіледі.
15. Пайдаланушы жұмыстан шығару, лауазымынан шеттетілген жағдайда, лауазымды адам бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде пайдаланушыны бұғаттауға арналған өтінімді ҚАО ААЖ порталы арқылы жібереді.
Арнайы мемлекеттік органды қоспағанда, құқық қорғау және өзге де органның кадр бөлімшесінің ақпараттық жүйесімен ҚАО ААЖ интеграциясы болған кезде пайдаланушыны жұмыстан шығару, басқа лауазымға ауыстыру, лауазымынан шеттету туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. ҚАО ААЖ-ға кіру пайдаланушының ЭЦҚ мен пайдаланушың биометриясын тексеруді (саусақ іздері немесе Face ID) немесе тіркеу кезінде пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне жіберілетін SMS-кодты қоса алғанда, көп факторлы аутентификация рәсімі өтуінен басталады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Жеке және заңды тұлға туралы мәліметтерді алу үшін пайдаланушы рөлдер тізбесіне және сервистерге қолжетімділік құқықтарына сәйкес қылмыстық, іздестіру, азаматтық, әкімшілік іс, атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу шеңберінде ҚАО ААЖ-ға сұрау салу жібереді.";
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Тергеу тапсырмаларын және сот қарап жатқан қылмыстық іс бойынша қосымша мәліметтерді жинау туралы прокурордың тапсырмаларын орындаған жағдайда, қылмыстық іс нөмірінің және тиісті тапсырманың шығыс нөмірі толтырылады.";
34, 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"34. ҚАО ААЖ операторы ҚАО ААЖ әкімшілендіруді жүзеге асырады, оның шеңберінде мыналарды:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау;
2) ҚАО ААЖ пайдалануды, сүйемелдеуді, дамуын, мониторингісін жүзеге асыруды;
3) ҚАО ААЖ-нің үздіксіз және тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ қорғалуын;
4) ҚАО ААЖ-де электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін;
5) ҚАО ААЖ-нің анықталған кемшіліктеріне жедел ықпал етуді және оларды жою бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.";
35. Пайдаланушылардың тиісінше жұмыс істеуіне, олардың тіркелуіне, сұрау салулардың негізділігін қамтамасыз етуге, ҚАО ААЖ-дан алынған электрондық ақпараттық ресурстармен, жұмысты ұйымдастыруға, оларды пайдалануға, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапты ҚАО ААЖ операторының лауазымды адамдарын ҚСжАЕК-нің төрағасы айқындайды.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Оператор Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 34-бабының 5-бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа, пайдаланушылар және олар жүргізген сұрау салулар туралы жеке ақпаратты таратуға жол бермейді.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Мәліметтерді сақтау мерзімдері, шарттары негізгі материалдың мазмұнына қарай анықталады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жойылуға жатады.";
көрсетілген Қағидалардың 1, 2-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидалардың 3-қосымшасы алып тасталсын;
көрсетілген Қағидалардың 4, 6-қосымшалары осы бұйрықтың 3, 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдары орындау үшін жіберуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
жəне аэроғарыш өнеркəсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Генеральный Прокурор Республики Казахстан от 4 июля 2024 года № 88 бұйрығына 1-қосымша |
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қолжетімділік, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларына 1-қосымша |
ҚАО ААЖ-дың рөлдерін негіздер бойынша бөлу тізбесі
№ | Пайдаланушы | Қылмыстық іс |
Әкімшілік іс/ | Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (ҚСжАЕК) | Азаматтық іс (сот) | Атқарушылық іс жүргізу (4-нысан) | Іздестіру ісі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||
1. | Прокурор | + | + | + | + | + | |
2. | Судья | + | + | + | + | ||
3. | Ішкі істер органдарының тергеушісі (бұдан әрі – ІІО) | + | + | ||||
4. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі (бұдан әрі – ҰҚО) | + | + | ||||
5. | Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тергеушісі (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) | + | + | ||||
6. | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеушісі (бұдан әрі – ҚМА) | + | + | ||||
7. | ІІО-ның анықтаушысы | + | + | ||||
8. | ҰҚО-ның анықтаушысы | + | + | ||||
9. | Мемлекеттік күзет қызметінің анықтаушысы | + | + | ||||
10. | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің офицері | + | + | + (есепке алу-тіркеу тәртібі) | |||
11. | ҚМА-ның офицері | + | + | + (есепке алу-тіркеу тәртібі) | |||
12. | Қорғаныс министрлігінің (Қарулы Күштердің әскери полициясы Бас басқармасы) қызметкері | + | + | + | |||
13. | ІІО-ның қылмыстық-атқару жүйесі қызметкері | + | + | ||||
14. | Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері | + | + | ||||
15. | ҰҚО-ның қызметкері, әскери қызметшісі | + | + | + | |||
16. | Сот орындаушысы | + | |||||
17. | Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері | + | + | ||||
18. | ІІО-ның әкімшілік полиция қызметкері (айдауыл қызметі, арнайы мекемелерді және қоғамдық тәртіпті қорғауды жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерді қоспағанда) | + | |||||
19. | ІІО-ның криминалдық полиция қызметкері | + | + | + | |||
20. | Кадр қызметінің қызметкері | ||||||
21. | Кезекші бөлімнің қызметкері | + |
Генеральный Прокурор Республики Казахстан от 4 июля 2024 года № 88 бұйрығына 2-қосымша |
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қолжетімділік, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларына 2-қосымша |
Сервистерге қолжетімділік құқықтары
№ | Сервистердін атауы | Қылмыстық іс | Әкімшілік іс/ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (Сот); | Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (ҚСжАЕК) | Азаматтық іс | Атқарушылық іс жүргізу (4 нысан) | Іздестіру ісі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||
1. | "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
2. | "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
3. | "Жылжымайтын мүлік регистрі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
4. | "Жер учаскесі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
5. | "Көлік құралдары" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
6. | "Тіркелген қару" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
7. | "Теміржол көлігі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
8. | "Шағын өлшемді және өзен кемелері" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
9. | "Теңіз кемелері" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
10. | "Ауылшаруашылық техникасы" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
11. | "Зейнетақы аударымдары" деректер базасы1 | + | +қиылған | +қиылған | +қиылған | + | + |
12. | "Мүгедектік" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
13. | "Әлеуметтік көмек" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
14. | "Еңбек нарығы" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
15. | Тұлғалардың ХҚКО-дан алған қызметтері туралы мәліметтер | + | + | + | + | + | + |
16. | "Арнайы есепке алу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
17. | "Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
18. | "Атқарушылық іс жүргізу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
19. | "Сот органдарының" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
20. | "Сот карточкалары" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
21. | "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
22. | "Талаптар" | + | + | + | + | + | + |
23. | "Криминалдық автокөлік" деректер базасы | + | + | + | + | ||
24. | "Криминалдық қару" деректер базасы | + | + | + | + | ||
25. | "Жол-көлік оқиғаларының есебі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
26. | Мемлекеттік қызметкерге сұрау салу | + | + | + | + | ||
27. | Халықты құжаттау жүйесінен сурет | + | + | + | + | + | + |
28. | Халықты құжаттау жүйесінің 1-нысаны | + | + | + | + | + | + |
29. | "Жүргізуші куәлігі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
30. | "Е-Нотариат" деректер базасы | + | + | + | + | ||
31. | "Тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебі" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
32. | "Азаматтық хал актілерін жазу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
33. | Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі | + | + | + | + | + | + |
34. | Шет елі азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі | + | + | + | + | + | + |
35. | "Салық төлеушілердің" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
36. | Салық берешегі туралы мәліметтер | + | + | + | + | + | + |
37. | Қарсы тексерулер туралы мәліметтер2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
38. | ҚҚС төлеушілер туралы мәліметтер2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
39. | Салық есептілігі туралы мәліметтер (СЕТМ)2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
40. | Контрагенттер бойынша мәліметтер2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
41. | "Е-лицензиялау" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
42. | "Электрондық мемлекеттік сатып алулар" деректер базасы | + | + | + | + | + | |
43. | "Сыртқы экономика қызметіне қатысушылар" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
44. | "Жолаушылар кедендік декларациялары бойынша мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
45. | "Көлік құралына декларациялар бойынша мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
46. | "Шетелдік жұмыс күші" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
47. | "Монополистер туралы мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
48. | "Жер қойнауын (көмірсутегі шикізаты) пайдалануға келісімшарттар туралы мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | |
49. | "Жер қойнауын (қатты пайдалы қазбалар және жерасты сулары) пайдалануға келісімшарттар туралы мәліметтер" деректер базасы | + | + | + | + | + | |
50. | "Тексерулерді есепке алу" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
51. | Бюджетке түсімдер туралы мәліметтер | + | + | + | + | + | + |
52. | "Қазақстан теміржолы" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
53. | "Қазақтелеком" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
54. | "Тергеуден/анықтаудан жасырынғандар" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
55. | "Хабар-ошарсыз жоғалғандар" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
56. | "Борышкерлер және жауапкерлер" деректер базасы | + | + | + | + | + | + |
57. | "Шетелдік жұмысшылардың бұзулары" деректер базасы | + | + | + | + | + | |
58. | Жылжымайтын мүлікке тыйым салу | + | + | ||||
59. | Заңды тұлғаға (филиал, өкілдік) тыйым салу | + | + | ||||
60. | Жеке тұлғаның қатысуына тыйым салу | + | + | ||||
61. | Көлік құралдарына тыйым салу | + | + | ||||
62. | Шетел азаматтарын елден шығару рәсімін бақылау | + | + | + | + | + | + |
63. | Мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушыларын тексеру | + | + | + | + | + | + |
64. | Мекенжайлар мен байланыс телефондарын іздеу | + | + | + | + | + | |
65. | Мемлекеттік қызметшілер туралы мәліметтер | + | |||||
66. | Техникалық байқаудан өту | + | + | + | + | + | |
67. | Жер учаскесіне ауыртпалық салу/алу | + | |||||
68. | Пошта жіберілімдері | + | |||||
69. | ЖОО-лардың студенттері мен түлектері туралы мәліметтер | + | + | + | |||
70. | Этил спиртінің және/немесе шарап материалының өндірісі және айналымы жөніндегі декларация туралы мәліметтер2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
71. | Алкоголь өнімінің өндірісі және айналымы жөніндегі декларация туралы мәліметтер2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
72. | Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларация туралы мәліметтер2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
73. | Мұнай өнімдері жөніндегі декларация туралы мәліметтер (2-нұсқа)2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
74. | Мұнай өнімдері жөніндегі декларация туралы мәліметтер (3-нұсқа)2 | тек белгілі баптар бойынша | |||||
75. | Жеке тұлғаны диспансерлік есепке алу туралы мәліметтер (Д-есепке алу туралы) | + | + | + | + | + | |
76. | Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетел азаматтарын тіркеу | + | + | + | + | + | + |
77. | Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасында тұрақты мекендеуге рұқсаттарды тіркеу және беру; | + | + | + | + | + | + |
78. | Шетел азаматтарына жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру | + | + | + | + | + | + |
79. | Қазақстан Республкасының аумағынан тұрақты мекендеуге шығуға құжаттарды рәсімдеу | + | + | + | + | + | + |
80. | Қазақстан Республкасынан жеке істері бойынша шығуға шақыруды рәсімдеу | + | + | + | + | + | + |
81. | Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға шекара маңы аймақтарына шығуға өткізу қағазын беру | + | + | + | + | + | + |
82. | 1-деңгейдегі өзара байланыстар | + | |||||
83. | 2-деңгейдегі өзара байланыстар | + | |||||
84. | "Қандас" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі | + | + | + | + | + | + |
85. | Сотталғандар туралы мәліметтер (ҚАЖК) | + | + | ||||
86. | Интерпол – "Криминалдық автомотокөлік құралдары" деректер қоры | + | + | ||||
87. | Интерпол – "Іздестіріліп жатқан қылмыскерлер, оның ішінде террористер, хабар-ошарсыз жоғалғандар және жедел есепте тұрған адамдар" деректер қоры | + | + | ||||
88. | Интерпол – "жымқырылған/жоғалған құжаттары" деректер қоры | + | + | ||||
89. | Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтер | + | + | + | + | + | |
90. | Банктік шоттардың және олардағы ақша қаражатының болуы | + | |||||
91. | Бірінші кредиттік бюроның кредиттік тарихы туралы мәліметтер | + | |||||
92. | Мобильді азаматтар базасы | + | + | + | |||
93. | Ресімделген және (немесе) броньға қойылған авиабилеттер туралы мәліметтер | + | + |
Ескертпе:
1Зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталық (бұдан әрі – ЗТМО) қиылған сервисі – ЗТМО түсімдерінің мөлшерін көрсетпей;
2Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сервистері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 8-тарауының баптары бойынша қолжетімді.
Генеральный Прокурор Республики Казахстан от 4 июля 2024 года № 88 бұйрығына 3-қосымша |
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қолжетімділік, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларына 4-қосымша |
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен жұмыс істеу үшін жағдайлар
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) жұмыс жасау үшін жеке тұлғалардың биометриялық оқырмандағы немесе веб-камерадағы, ұялы телефондағы қорғалған ақпарат жеткізгіште Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі –ЭЦҚ) құралдарының болуы қажет.
ҚАО ААЖ-мен жұмыс жасауға арналған дербес компьютерлерге қойылатын минималды талаптар:
1) тактілі жиілігі кемінде 3.1 GHz процессор;
2) қатты дисктің бос көлемі кемінде 80 Gb;
3) жедел жады кемінде 4 Gb;
4) желілік карта кемінде 100 Mbps;
5) NCA Layer-мен жұмыс істеуді қолдайтын барлық заманауи браузерлер, pdf оқу;
6) қорғалған арнаға қосылу;
7) ЭЦҚ-ны сақтау үшін түрлі құрылғыларымен (оның ішінде биометриялық оқырманмен немесе веб-камерамен) жұмыс жасауға арналған орнатылған драйверлер;
8) техникалық құралдардағы ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарын сақтау мақсатында Интернетке шығуға қолжетімділікті толық алып тастау.
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін қолдану пайдалану шарттарына келісім
_________ қаласы | 20 ___ жылғы "___"_________ |
1. Пайдаланушы, тұлғада ___________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
лауазымы ________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
қызметкері болып табылатын пайдаланушы танысты және құқық қорғау органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану шарттарына келісімге (бұдан әрі – келісім) төмендегілер туралы өз келісімін береді:
1. Келісімнің мәні
2. Осы Пайдаланушы келісім құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің операторы және пайдаланушысы (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) арасындағы өзара қатынастарды реттеуге арналған.
3. Пайдаланушы ҚАО ААЖ-да тіркелген, ҚАО ААЖ-ға қолжетімділік құқығы берілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкері болып табылады.
4. Келісім пайдаланушының ҚАО ААЖ-да тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
5. ҚАО ААЖ-ны пайдалана отырып, пайдаланушы осымен ҚАО ААЖ-ның есепке алу жазбасына қатысты құқықтарға ие болу фактісін растайды және осы пайдалану талаптары келісімнің төменде келтірілген ережелеріне сәйкес міндетті болып табылады.
1. Жалпы ережелер
6. ҚАО ААЖ пайдаланушыларға олардың қолжетімділік құқықтарына сәйкес ақпаратты алуға сұрау салу жіберу мүмкіндігін ұсынады.
7. Пайдаланушыға қолжетімділік құқығын ҚАО ААЖ-ның операторы (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті) ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті ұйымдастыруға арналған электрондық өтінімнің және пайдаланушының атынан пайдалану келісімі негізінде береді.
8. ҚАО ААЖ – ға кіру Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) және көп факторлы аутентификация арқылы пайдаланушының ЭЦҚ және биометриясын (саусақ іздерін немесе Face ID) немесе тіркеу кезінде пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне жіберілетін SMS-кодты тексеруді қоса алғанда жүзеге асырылады.
ЭЦҚ-ны алуды пайдаланушы "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында дербес жүргізіледі. Файлдық жүйеде ЭЦҚ арқылы ҚАО ААЖ-ға кіруге жол берілмейді.
9. Оператор ҚАО ААЖ-ны әкімшілендіруді жүзеге асырады.
2. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
10. Пайдаланушы:
1) қолжетімділік құқықтарына сәйкес ақпаратты алуға;
2) ҚАО ААЖ арқылы алынған ақпаратты тек қызметтік мақсатында және Қаақстан Республикасының заңнамасында және нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шеңберінде ғана қолдануға құқылы.
11. Пайдаланушының міндеттері:
1) ҚАО ААЖ арқылы ақпарат туралы тек қызметтік мақсатта сұрау салу;
2) жұмыс орнында ұзақ, екі айдан астам болмаған жағдайда өзінің есепке алу жазбасын бұғаттауға электрондық өтінім беру;
3) бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір тәулік ішінде басқа лауазымға немесе бөлімшеге ауысу себебі бойынша пайдаланушының құқықтары өзгерген жағдайда, ҚАО ААЖ порталы арқылы электрондық өтінім жіберуге құқылы;
4) ҚАО ААЖ арқылы алынған ақпараттық құпиялылығын сақтауға міндетті;
5) ҚАО ААЖ-ны Қазақстан Республикасының заңнамаларын және халықаралық шарттарды қасақана бұзу мақсатында пайдаланбау;
6) ҚАО ААЖ-ны интернетке шығатын дербес компьютер арқылы пайдаланбау;
7) пайдаланушыға белгілі құпия ақпаратты жария етпеу және ЭЦҚ-ны басқа адамдарға бермеу;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Бірыңғай талаптарды (бұдан әрі – бірыңғай талаптар), сондай-ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою Қағидаларында көрсетілген талаптарды сақтау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31702 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - Қағидалар).
3. Оператордың құқықтары мен міндеттері
12. Оператор:
1) егер ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті ұйымдастыруға берілген мәліметтер дұрыс емес, толық болмаса, пайдаланушының ҚАО ААЖ-ға қолжетімділігіне рұқсатты тіркемеуге және бермеуге;
2) пайдаланушыға ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті жабуға немесе уақытша бұғаттауға құқылы:
пайдаланушылардың Қағидаларда көрсетілген Бірыңғай талаптар мен талаптарының бұзған;
пайдаланушыны жұмыстан шығарған, қызметінен босатқан жағдайда.
13. Оператордың міндеттері:
1) сұратылған ақпаратты алудың заңдылығы бөлігінде бақылауды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 34-бабының 5-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланушылар және олар жүргізген сұрап салулар туралы жеке ақпаратты таратпау.
4. Құпиялылық туралы ереже
14. ҚАО ААЖ арқылы алынған барлық ақпарат құпия болып табылады және тек қызметтік мақсатта пайдаланылады.
15. ҚАО ААЖ-ның пайдаланушылары мен операторлары болып табылатын адамдар құпиялылықты сақтауды қамтамасыз етеді және "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-3-бабының талаптарын бұзуға жол бермейді.
16. Келісу туралы растауға ҚАО ААЖ-ның пайдаланушысы ЭЦҚ-мен қол қояды.
17. Пайдаланушының осы Келісімнің ережелерін бұзуы ҚАО ААЖ-ға қолжетімділікті уақытша тоқтата тұруға немесе мүлдем жауып тастауға, пайдаланушының есепке алу жазбасын жоюға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартуға әкеліп соқтыруы мүмкін.