"Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 4 шілдедегі № 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 шілдеде № 34716 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қантардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31619 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12-6) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі – Нұсқаулық):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органдарының архивтік жұмыс бөлімшелерінің (бұдан әрі – архивтік жұмыс бөлімшелері) тоқтатылған қылмыстық істерді қағаз және электрондық форматтарда қабылдауын, беруін, таныстыруын, сақтауын және жоюын регламенттейді.";

      3- тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры – тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою бойынша Заңға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органдарының (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) қызметкері;

      2) прокуратура органдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, әскери және көлік прокуратура органдары, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың прокуратуралары) прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралар) прокуратуралар;";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Тоқтатылған қылмыстық іс отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге беріледі.

      Тоқтатылған қылмыстық істі зерделеу үшін қосымша уақыт қажет болған кезде, берілген тоқтатылған қылмыстық іс жатқан органның басшысы тиісті архивтік жұмыс бөлімшесіне оның мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту туралы жазбаша хабардар етеді.

      Прокуратура органдары архивтен талап етілген қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күші жойылған жағдайда қаулының көшірмесін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей архивтік жұмыс бөліміне жібереді.

      Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі келіп түскеннен кейін архив жұмысы бөлімінің прокуроры қылмыстық істі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей архивтік есепке алудан алып тастайды.

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және (немесе) мереке күндері қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі келіп түскен жағдайда, архив жұмысы бөлімінің прокуроры келесі жұмыс күні қылмыстық істі архивтік есептен шығарады.

      Тоқтатылған қылмыстық істерді беру, қайтару, архивтік есепке алудан шығару кезінде архивтік жұмыс бөлімінің прокуроры жиырма төрт сағат ішінде 2-А нысанды жаңа ЭАЕҚ-қа енгізеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тоқтатылған қылмыстық істі қабылдау кезінде де архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры парақтардың нөмірлерін және іс құжаттарының жай-күйін тексереді.

      Бүлінгені, ішкі тізімдемеде құжаттардың нөмірленген парақтарымен сәйкес келмеуі, онда жеке парақтарының болмауы анықталған кезде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның жай-күйін тексеру актісін (бұдан әрі – Акт) екі данада толтырады, оған Комитеттің аумақтық органының басшысы бекіткеннен кейін, бес жұмыс күні ішінде қалпына келтіру үшін тоқтатылған қылмыстық істі сұратқан қылмыстық қудалау органдарының басшысына жібереді.

      Актінің бір данасы тоқтатылған қылмыстық істі талап еткен органның басшысына ескертулерді жою үшін бес жұмыс күні ішінде жіберіледі, бұл туралы прокуратураға аумақтық бойынша бір мезгілде хабарланады.";

      27-тармақ алып тасталсын;

      29-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 71-бабына сәйкес қылмыстар бойынша тоқтатылған қылмыстық істер мынадай мерзімдерде сақталады:";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Сақтау мерзімдері өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою Комитеттің аумақтық органы бастығының немесе оның орнындағы адамның бұйрығы бойынша құрылатын комиссия арқылы жүргізіледі.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен (Комитеттің аумақтық органының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, қылмыстық қудалау органының қызметкерлері) тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем емес.

      Комиссияның төрағасы болып Комитеттің аумақтық органы басшысының орынбасары тағайындалады, ол оның шақырылуын және жұмысын ұйымдастырады.

      Комиссияның хатшысы архив жұмысы бөлімшесінің прокуроры болып табылады, ол комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      Комиссияны шақыру және оның жұмысы комиссияның төрағасы бекіткен кестесіне сәйкес жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.

      Тоқтатылған қылмыстық істердің жойылған күні, уақыты және орны туралы комиссия хатшысы алдын ала, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия мүшелеріне хабарлайды.

      Жоқ мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

      Комиссия мүшелерінің бірі келмеген жағдайда, комиссияның төрағасы сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою үшін, бастапқы тағайындалған мерзімнен үш жұмыс күнінен кешіктірмей басқа күнді белгілейді.";

      мынадай мазмұндағы 31-1, 31-2-тармақтарымен толықтырылсын:

      "31-1. Комиссия хатшысы:

      комиссия шақырылғанға дейін сақтау мерзімдері біткен тоқтатылған қылмыстық істердің, тізімдік мәліметтерін жасайды;

      тоқтатылған қылмыстық істерді сканерлеуді жүргізеді, файлдар 2-А нысанды тиісті ЭАЕҚ-қа салынады;

      тізімдік мәліметтер негізінде осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді Жою туралы актіні (бұдан әрі – Жою туралы акт) бір данада жасайды.

      31-2. Комиссия мүшелері тізімдік мәліметтердің ҚК-нің 71-бабына сәйкес сақтау мерзімдеріне сәйкестігін, сондай-ақ Жою туралы актідегі мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Ескертулер болмаған кезде комиссия мүшелері Жою туралы актіге қол қояды және оны комиссия төрағасы бекітеді.

      Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою фото- бейнетіркеу құралдарын қолдана отырып, арнайы бейімделген үй-жайларда өртеу арқылы комиссия Жою туралы актіні бекіткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

      Хатшы күнтізбелік он күн ішінде СДТБТ-ға тоқтатылған қылмыстық істерді жою туралы 2-А нысанды ЭАЕҚ-қа енгізіледі.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Жою туралы акт тоқтатылған қылмыстық істерді жою процесін фото-бейнежазба материалдары бар дискіні қоса бере отырып, Комитеттің аумақтық органының номенклатуралық ісінде сақталады.";

      Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторингі агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2024 жылғы 4 шілдедегі
№ 87 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті архивтік
жұмыс бөлімшелерінің
тоқтатылған қылмыстық істерді
қабылдау, беру, таныстыру,
сақтау және жою жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша
  нысан

"Тоқтатылған қылмыстық іске карточка" 2-А нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжаты

      1. Тоқтатылған қылмыстық істің нөмірі _____________________________________

      2. Тоқтатылған қылмыстық істің келіп түскен күні 20__ жылы "__" ______

      3. Тоқтатудың негізі (1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (бұдан әрі – ҚР ҚПК) ___________________________________________

      3.1 Тоқтатудың негізі ҚР ҚПК-нің __________________________________________

      Тоқтату күні "__" ______ 20__ жылы

      4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органының (бұдан әрі – архивтік жұмыс бөлімшесі) атауы _______________ (анықтамалық бойынша код)

      5. Қор № ________________________

      6. Тізімдеме № ___________________

      7. Архив № ________________

      Архивтік нөмір берілген күні "__" ______ 20__ жылы

      8. Томдардың саны _______

      9. Тоқтатылған қылмыстық іс туралы мәліметтер: берілді (01), қайтарылды (02), жойылды (03), қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жоюға байланысты архивтік есепке алудан шешілді (04).

      9.1 Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою үшін бөлу туралы актінің шығыс/кіріс нөмірі ______________________________________________________

      9.2 ______________________________________________________________ берілді

      (тоқтатылған қылмыстық істі қолма-қол алған прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      9.3 Берілген күні "__" ______ 20__ жылы

      10. Қылмыстық іс бойынша өткізілетін адамдар

Тегі

Аты

Әкесінің аты (ол бар болса)

Туған күні





      11. Ескертпе


      12. Салымдар


      Архивтік жұмыс бөлімшесі прокурорының тегі және аты-жөні

      __________________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2024 жылғы 4 шілдедегі
№ 87 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті архивтік
жұмыс бөлімшелерінің
тоқтатылған қылмыстық істерді
қабылдау, беру, таныстыру,
сақтау және жою жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша
  нысан
  БЕКІТЕМІН
____________________________
____________________________
___________________ басшысы,
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің аумақтық және оған
теңестірілген органының атауы
____________________________
  аты, тегі, әкесінің аты
(ол бар болса)
____________________________
(жеке қолы)
20__ жылғы "__" ______

Тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның жай-күйін тексеру актісі

      актінің реттік нөмірі № ____

      Толтыру орны

      _____________№ ___ тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның

      жай-күйін тексеру

      1. Тоқтатылған қылмыстық істің ішкі тізімдемесі бойынша № __________ есептеледі

      __________________________________________________________________________

      том (-дар) бойынша барлығы __________, оның ішінде беттер саны (томдар бойынша)

      __________________________________________________________________________

      (сандармен және жазбаша)

      2. Барлығы ______________________________________________________________

      (сандармен және жазбаша)

      ________________________________________________ тоқтатылған қылмыстық істің

      парақтары болмады.

      3. Ішкі тізімдемедегі құжат парақтарының нөмірленуінің құжаттардың нөмірленген

      парақтарымен сәйкессіздігі анықталды ________________________________________

      __________________________________________________________________________

      4. Зақымдалған парақтар ___________________________________________________

      5. Істің сипатталмаған ______________________________________________________

      ________________________________________________________________ беттері бар

      (сандармен және жазбаша)

      Уәкілетті органның ресми атауы _____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Акт екі данада жасалды

      Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органы бөлімінің бастығы:

      __________________________________________________ _______________________;

      аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы

      Актіні архив жұмысы бөлімшесінің

      прокуроры жасады ____________________________________ ________________

      қолы

      МО "____" _______________20____ж.

      актінің жасалған күні

      Осы актінің данасын алды:

      _________________________________________________________ ________________

                  (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2024 жылғы 4 шілдедегі
№ 87 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті архивтік
жұмыс бөлімшелерінің
тоқтатылған қылмыстық істерді
қабылдау, беру, таныстыру,
сақтау және жою жөніндегі
нұсқаулыққа
3-қосымша

      _____________________________                   "___"___________ 20__ жылы

      (жасалған орны)                         (жасалған уақыты)

Қылмыстық процеске қатысушыларды тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыру, оларға тоқтатылған қылмыстық істен көшірмелерді беру хаттамасы

      Мен, __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органының атауы

      (бұдан әрі – архивтік жұмыс бөлімшесі)

      архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры ______________________________________

      __________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Архивтік жұмыс бөлімшесі ғимаратының ____ кабинетінде, Қазақстан

      Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің (бұдан әрі – ҚР ҚПК)

      290-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, тоқтатылған қылмыстық істің

      материалдарымен танысу/тоқтатылған қылмыстық істен олардың көшірмелерін беру

      рәсімі жүргізілді _____________________________________

      _________________________________________________________________________

      қылмыстық процеске қатысушыларының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      істің нөмірі № ______________________________________;

      парақтардың саны ______, том _________

      Арыз иесінің мәртебесі: анықтамалық бойынша (ҚР ҚПК-нің 7-бабының 25) тармағына сәйкес)

      Кіріс нөмірі және жолданым берілген күні "___" ________ 20__ жылғы № ___

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),

      архивтік жұмыс бөлімшесі қызметкерінің қолы __________________________

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2024 жылғы 4 шілдедегі
№ 87 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті архивтік
жұмыс бөлімшелерінің
тоқтатылған қылмыстық істерді
қабылдау, беру, таныстыру,
сақтау және жою жөніндегі
нұсқаулыққа
4-қосымша
  нысан
  БЕКІТЕМІН
___________________________
___________________________
__________________ басшысы,
  Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің
аумақтық және оған
теңестірілген органының атауы
____________________________
аты, тегі, әкесінің аты
(ол бар болса)
____________________________
(жеке қолы)
"__" ______20__ жылы

Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою туралы 20___ жылғы "__" _________ № _______ АКТ

      __________________________________________________________________________

      толтыру орны

      Бiз, төменде қол қоюшылар, құрамы:

      1. Комиссияның төрағасы ______________ ___________________________________

      (жеке қолы) (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса)

      2. Комиссияның мүшесі ______________ ___________________________________

      (жеке қолы) (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса)

      3. Комиссияның мүшесі ______________ ___________________________________

      (жеке қолы) (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса)

      4. Комиссияның мүшесі ______________ ___________________________________

      (жеке қолы) (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса)

      5. Комиссияның мүшесі ______________ ___________________________________

      (жеке қолы) (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (ол бар болса)

      Барлығы ______________________________________________________ осы актінінің

      (сандармен және жазбаша)

      _________________________________________ жылдардағы тоқтатылған қылмыстық

      (сандармен және жазбаша)

      істерді және құжаттарды жою туралы жасады

№№ р/с

Қордың № тізімдеменің №

Архивтік істің №

Қылмыстық істің №

Қылмыс фабуласы

Парақтардың саны

Соңғы жылдар

Сақтау мерзімі - тізбенің бабы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi бойынша бабы

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Тоқтатылған қылмыстық істерді жою кезінде: фото (01), бейнетүсірілім (02)

      Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді өңдеуді жүргізген архив жұмысы бөлімшесі қызметкерінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жеке қолы)

      Күні "__" ______ 20__ жылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады