"Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 706 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 12 шілдедегі № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 шілдеде № 34737 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 706 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12414 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларында:

      1-қосымшаның 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) тапсырыс берушінің әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын Әзірлеу қағидаларында айқындалған мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, елді мекендердің бас жоспарларымен бекітілген функционалдық аймақтарға сәйкестігіне салыстыру рәсімінен өтуі туралы ақпарат.";

      2-қосымшаның 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) тапсырыс берушінің әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын Әзірлеу қағидаларында айқындалған мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, елді мекендердің бас жоспарларымен бекітілген функционалдық аймақтарға сәйкестігіне салыстыру рәсімінен өтуі туралы ақпарат.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республика Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады