БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың тәртiбiн айқындайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы, пошта байланысы арқылы не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі арқылы қолма-қол осы Үлгілік қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне электрондық құжат айналымы арқылы осы Үлгілік қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынады.";
31-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31-1. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз берілген кезде бюджет қаражатының 70 (жетпіс) проценті ауылшартауар өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға жіберіледі.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Комиссия айқындайды.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мынадай бірыңғай талаптар (өлшемшарттар) белгіленеді:
1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;
3) екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің болуы;
5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;
6) мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;
7) осы Үлгілік қағидалардың 35-тармағына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы.";
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
"36-1. Қарыз шарттарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерінің мамандандырылған ұйыммен келісу бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу графигін қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен толық көлемде өткізу; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу фактісін растайтын құжаттарды ұсыну жөніндегі міндеттемелері көзделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттемелерді орындау бөлігінде қарыз шарты талаптарының орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы қарыз шартын елеулі түрде бұзу деп танылады.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Тасжуреков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне
Әкімшілік деректер нысаны: www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат
Индекс: № 1 нысан – ӘМАТ
Жиілік: апта сайын
Есепті кезең: 20___жылғы____________
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:
мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын сәрсенбі күндері;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне апта сайын бейсенбі күндері ұсынады.
№ | Тауардың атауы | Сатылып алынған тауарлар | |||||||||||
тікелей | форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде | берілген қарыздар бойынша | |||||||||||
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары | азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілер (дистрибьюторлар) | ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары | азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілер (дистрибьюторлар) | ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары | азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері | ||||||||
тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге |
тон | мың теңге | тонна | мың теңге | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | ||||||
1. | Сиыр еті | ||||||||||||
2. | Қарақұмық жармасы | ||||||||||||
3. | Орамжапырақ | ||||||||||||
4. | Картоп | ||||||||||||
5. | Айран | ||||||||||||
6. | Басты пияз | ||||||||||||
7. | Түтік кеспе | ||||||||||||
8. | Күнбағыс майы | ||||||||||||
9. | Сары май | ||||||||||||
10. | Сүт | ||||||||||||
11. | Асханалық сәбіз | ||||||||||||
12. | Бидай ұны | ||||||||||||
13. | Тауық еті | ||||||||||||
14. | Күріш | ||||||||||||
15. | Құмшекер | ||||||||||||
16. | Тұз | ||||||||||||
17. | Ірімшік | ||||||||||||
18. | Нан | ||||||||||||
19. | Тауық жұмыртқасы, мың дана | ||||||||||||
20. | Жалпы қорытынды, тауық жұмыртқасы мен нанды қоспағанда |
Кестенің жалғасы
Бар тауарлар |
Сатылған | Қалдық | ||||||||
тұрақтандыру қорларындағы | форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде | берілген қарыздар бойынша | ||||||||
тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | Өткізу орны | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | ||||||
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Атауы:__________________________________
Мекенжайы____________________________
Телефоны____________________
Электрондық почтасы____________________________
Орындаушы________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам:
__________________________________________________ ____________________
(аты және әкесінің аты (бар болса), тегі (қолы)
Күні: 20___ жылғы "____" _________
Мөрдің орны
"Әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады.
3. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.
4. Нысанды:
мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын сәрсенбі күндері;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне апта сайын бейсенбі күндері ұсынады;
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында тауардың атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және қайта өңдеу кәсіпорындарынан тікелей сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
9. Нысанның 4-бағанында азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) тікелей сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
10. Нысанның 5-бағанында форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және қайта өңдеу кәсіпорындарынан сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
11. Нысанның 6-бағанында форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
12. Нысанның 7-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына берілген қарыздар бойынша сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
13. Нысанның 8-бағанында азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздар бойынша сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
14. Нысанның 9-бағанында тұрақтандыру қорларында бар тауарлардың саны, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
15. Нысанның 10-бағанында форвардтық шарттар мен оффтейк-келісімшарттар шеңберінде бар тауарлардың саны тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
16. Нысанның 11-бағанында берілген қарыздар бойынша қолда бар тауарлардың саны тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
17. Нысанның 12-бағанында сатылған көлемі, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
18. Нысанның 13-бағанында қалдық, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.