"Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 310-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 шілдеде № 34755 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12466 болып тіркелген) мынадай өзгерістертер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 35-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Комиссия өз қызметін "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының, 35-2) тармақшасына, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік музейдің музей құндылықтарын есепке алу және сақтау құрылымдық бөлімшелерінің бірінің қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады