"Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 шiлдедегi № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 шiлдеде № 34781 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 119) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Дәрежелерді беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) 15-тармағының 119) тармақшасына сәйкес әзірленді және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру тәртібін айқындайды.";

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Диссертацияның тақырыбы (бекіту күніне) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия қалыптастыратын ғылымның даму бағыттарына және (немесе) мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес болуы тиіс (Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тануға ұсынылған диссертациялардан басқа).";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Диссертация өзі жазу, ішкі бірлік, ғылыми жаңашылдық, дәйектілік, практикалық құндылық пен академиялық адалдық принциптері сақтала отырып орындалады.

      Өзі жазу принципі диссертацияны докторанттың өзі жазуын және диссертация авторының ғылымға, техника мен технологиялардың дамуына қосқан жеке үлесін танытады.

      Ішкі бірлік принципі диссертацияның ішкі бірлігінің болуын, диссертацияның барлық бөлімдері мен ережелері логикалық түрде өзара байланысты болуын; ғылыми ережелер, алынған нәтижелер мен ұсынымдар диссертацияда қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуын танытады. Автор ұсынған жаңа шешімдер (қағидаттар, әдістер) дәлелденіп, бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырылып бағаланады.

      Ғылыми жаңашылдық принципі диссертацияның ғылыми нәтижелері, ережелері, ұсынымдары мен қорытындыларының жаңа болуын білдіреді және диссертация:

      жиынтығы жаңа ғылыми жетістік ретінде белгіленген немесе нақты ғылыми бағыттардың дамуы үшін аса маңызды жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелерді;

      не енуі ел экономикасын дамытуға маңызды үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, технологиялық, экономикалық немесе басқару шешімдерін қамтиды.

      Дәйектілік принципі диссертация жұмысының нәтижелері компьютерлік технологияларды қолдану (егер қолданылса) арқылы ғылыми зерттеудің қазіргі заманғы әдістері мен деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістемелерін пайдалана отырып алынғанын білдіреді; жаратылыстану, техникалық, медициналық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша орындалған диссертациялар үшін теориялық қорытындылар, модельдер, анықталған өзара байланыстар және заңдылықтар эксперименттік зерттеулермен дәлелденеді және расталады; "Білім беру" тобының мамандықтары үшін нәтижелер педагогикалық эксперимент (егер қолданылса) негізінде дәлелденеді.

      Диссертацияның практикалық құндылық принципі қолданбалы мәні бар диссертацияда авторлық куәліктермен, патенттермен, зияткерлік меншік куәліктерімен, өндіріске ену актілерімен және басқа да ресми құжаттармен расталған автордың қол жеткізген ғылыми нәтижелерінің практикада қолданылуы туралы мәліметтер, ал теориялық мәнге ие диссертацияда ғылыми тұжырымдарды пайдалану жөнінде ұсынымдар келтірілетінін білдіреді.

      Академиялық адалдық принципі диссертация авторының басқа авторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын және:

      мәтінді, идеяларды, гипотезаларды, қорытындыларды, әдістерді, зерттеу нәтижелерін, кестелерді, кодтарды, суреттерді немесе басқа авторлардың жұмыстарын авторына және мәтінді пайдалану дереккөзіне сілтеме жасамай пайдалану және (немесе) иелену, сондай-ақ басқа тілден аударылған мәтінді пайдаланумен қоса мағынаны өзгертусіз сөздерді және пікірлерді синонимдік ауыстырумен басқа авторлардың мәтінін пайдалану (плагиат);

      өзінің материалын, нақты және сандық деректерді өзіне және (немесе) өзінің дереккөзіне сілтеме жасамай пайдалану (автоплагиат);

      жоқ дереккөздерге сілтеме жасау, дәйексіз деректерді және (немесе) нәтижелерді, жазуларды немесе олар туралы хабарламаларды ұсыну (фабрикация);

      нәтижесінде диссертациядағы зерттеу материалдары бұрмаланатын зерттеу материалдарын, жабдықтарды, суреттер мен иллюстрацияларды немесе процестерді манипуляциялау (фальсификация) фактілерінің болмауын білдіреді.

      Нормативтік құқықтық актілер мен ресми құжаттар атауларының, мемлекеттік және өзге ресми органдар мен ұйымдар атауларының, тиісті ғылым саласында жалпы қабылданған терминдердің, анықтамалар мен ұғымдардың, нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің, зерттелетін шығармалар мәтіндерінің сәйкес келуі егер оларды пайдаланудың көлемі және сипаты орындалған диссертацияның дербестігіне күмән тудырмаған кезде плагиат болып саналмайды. Плагиатты табу мүмкіндігін азайту немесе жою мақсатында техникалық құралдар мен әдістерді қолдануға да жол берілмейді.";

      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Диссертация мынадай нысандардың бірінде ұсынылады:

      1) диссертациялық жұмыс;

      2) диссертация мазмұнына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірінен Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректеріне сәйкес импакт-фактор бойынша бірінші және (немесе) екінші квартильге кіретін басылымдарда жарияланған кемінде екі мақала және бір шолу немесе үш мақала сериясы. Мақаланың біреуінде докторант үміткер бірінші автор немесе хат-хабарлардың авторы болады.

      Осы тармақтың талаптары орындалған жағдайда 6-тармақтың талаптары докторант үшін қолданылмайды.";

      6 және 6-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға ұсынылған диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері диссертация қорғалғанға дейін Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) енгізілген ғылыми басылымдарда және (немесе) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда жарияланады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журнал Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) (бұдан әрі – JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторға ие және (немесе) Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс бөлімдері), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) деректер базасында индекстеледі немесе диссертацияның мазмұнына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша белгілі бір процентильге ие.

      Қорғауға жіберу үшін жарияланымдар бойынша талаптар:

      1) JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар және (немесе) Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс бөлімдері), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) деректер базасында индекстелетін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 (жиырма бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда кемінде 1 (бір) мақала (article) немесе шолу (review) және Басылымдар тізбесіндегі журналдарда 3 (үш) мақала;

      2) не Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс бөлімдері) деректер базасында индекстелетін және (немесе) JCR (ЖСР) деректеріне сәйкес импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Citescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 2 (екі) мақала (article) немесе 1 (бір) мақала (аrticle) және 1 (бір) шолу (review);

      3) не Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли & Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында (бұдан әрі – сенімді баспалар) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монографияда тараудың болуы (докторантқа кемінде 1 баспа табақ тиесілі);

      4) не JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар алғашқы екі квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Citescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда кемінде 1 (бір) мақала (article) және JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторға ие және Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) деректер базасында индекстелетін халықаралық ғылыми конференция материалдарында 1 (бір) мақала (Conference paper (Конфэрэнс пэйпэр);

      Бұл ретте, 8D01 Педагогикалық ғылымдар және 8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар дайындық салаларының "8D017 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау", "D016 – Тарих педагогтерін даярлау" және "8D060 – Филология", "D050 – Философия және этика" және "D053 – Тарих" білім беру бағдарламалары топтарының білім беру бағдарламалары (мамандықтары) бойынша білім алған және қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ филологиясы, Қазақстан тарихы, қазақ философиясы бойынша диссертация дайындаған докторанттарда мыналардың болуы талап етіледі:

      1) Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс) бөлімі бойынша Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) деректер базасында индекстелетін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 (жиырма бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу және Басылымдар тізбесіндегі журналдарда 3 (үш) мақала;

      2) не Басылымдар тізбесіндегі журналдарда біреуі ағылшын тілінде жазылған кемінде 5 (бес) мақала және халықаралық ғылыми конференцияларда ауызша баяндамамен 2 (екі) сөз сөйлеу.

      JCR (ЖСР) деректеріне сәйкес импакт-фактор бойынша бірінші квартильге кіретін журналда бір ғылыми мақала болған жағдайда басқа жарияланымдар талап етілмейді.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы, конференция жинақтарындағы жарияланымдар диссертацияның мазмұнына және аталған базаларда мәлімделген журнал мен конференцияның тақырыптық бағытына сәйкес келеді, журналдың ресми сайтында жарияланады және Аrticle (мақала), Review (шолу) немесе Article in Press (басылымдағы мақала), Conference Paper (Конфэрэнс пэйпэр), Proceedings (Просидингз) типіне ие. Пәнаралық бағыты бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялауға рұқсат етіледі (Multidisciplinary (Малтидисциплинари), Interdisciplinary (Интердисциплинари), General (Дженерал), Miscellaneous (Мисцеллэниэс).

      Web of Science базасындағы журналдың квартилі және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль жарияланған жыл не жарияланған жылдың алдындағы жыл үшін не диссертацияны қорғау сәтінде ескеріледі.

      Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын диссертацияларды қорғау кезінде диссертацияның негізгі нәтижелері диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кемінде 4 (төрт) мақала Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарияланады.

      Диссертацияны шетелде қорғаған адамдар үшін аттестациялық іс Комитетке тапсырылғанға дейін диссертация тақырыбы бойынша жарияланған немесе ғылыми бағытқа сәйкес келетін ғылыми еңбектер (оның ішінде 1 (бір) мақала – халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда) ескеріледі. Басылымдар тізбесіне енген журналдағы мақала ретінде шетелдік мерзімді ғылыми басылымдардағы мақалалар есепке алынады.

      Қағидалардың 6-тармағына сәйкес халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда ғылыми мақалалар болған жағдайда, мұндай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде есепке алынады.

      Жарияланымдар тізбесіндегі мақалалар "Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) Ғылыми қызмет нәтижелерін жариялауға ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу үшін ғылыми жарияланымдарға қойылатын талаптарға сәйкес есепке алынады.

      6-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) диссертациялық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптарды, оның ішінде диссертациялық жұмыстарда пайдаланылатын халықаралық дәйексөз алу стильдерін (Harvard style (Гарвард стилі), APA (American Psychological Association) Style (APA стилі), MLA (Modern Language Association) Style (MLA стилі), Chicago Style (Chicago стилі), ACS (American Chemical Society) Style (ACS стилі) немесе дайындық бағытына байланысты басқа да стильдерді) дербес белгілейді.";

      мынадай мазмұндағы 6-2 - тармақпен толықтырылсын:

      "6-2. Ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ларға жарияланымдарға қосымша талаптар белгілеуге рұқсат етіледі.";

      12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1. Сараптау кеңесі ашық дауыс беру арқылы мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілсін;

      2) диссертация пысықтауға жіберілсін (диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалған жағдайлардан басқа);

      3) диссертация қайта қорғауға жіберілсін;

      4) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тартылсын.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері берілген тұлғаларға "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31894 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша дипломдар беріледі.

      Дәреже беру туралы ақпарат шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитеттің интернет-ресурстарында орналастырылады.

      18. "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) бекітілген "Білім туралы құжаттарды тану" мемлекеттік көрсетілетін қызметі шеңберінде Сараптау кеңесінің қарауына келіп түскен диссертациялар мен жарияланымдар қағидалардың 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкестігі тұрғысынан 48 (қырық сегіз) жұмыс күні ішінде қаралады. Сараптау кеңесінің қорытындысы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      Қағидалардың 5 және 7-тармақтарына сәйкес келмеуіне байланысты Сараптау кеңесінің теріс қорытындысы болған жағдайда ізденушінің диссертациясы қайта қарауға жатпайды.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ның бұйрығымен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері берілген тұлғаларға жеке үлгідегі дипломдар бұйрық шыққан күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы ақпарат ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсында диссертациялық кеңес шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тартылған жағдайда докторант диссертациясын қайта қорғауға ұсынады, бірақ бұл ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-да өткен алдыңғы қорғаудан 6 (алты) ай өткеннен кейін мүмкін болады.".

      Дәрежелерді беру қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 18 шілдедегі
№ 352 Бұйрығына
қосымша
  Дәрежелерді беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      _____________________________ бойынша Сараптау кеңесінің қорытындысы

      20__ ж. "____" __________                               № _______ хаттама

      Іс № ________

      Іс материалдары – диссертация, жарияланымдар тізімі, жарияланымдардың көшірмелері, құжаттың көшірмесі.

      Ізденуші _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі -Т.А.Ә (ол болған жағдайда))

      __________________________________________________________________________

      _________________________________ мамандығы/білім беру бағдарламасы бойынша

      ___________________________________________________________________ алған

      (ел, ұйым)

      __________________________________________________________________________

      дәрежесін беру туралы құжатты тану туралы қолдау хат (жеке өтініш) бойынша

      Диссертация тақырыбы:_____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Сарапшы _____________________________________________________________

      (Т.А.Ә (ол болған жағдайда))

      тыңдай және істің материалдарын талқылай келе Сараптау кеңесі мынаны белгілейді:

      1. Диссертация тақырыбының өзектілігін бағалау

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ғылым мен техниканың дамуына, қоғамдық практика сұраныстарына сәйкестігі)

      2. Диссертацияны өзі жазу принципінің сақталуы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3. Диссертацияда ішкі бірлік принципінің сақталуы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      4. Диссертацияда ғылыми жаңашылдық принципінің сақталуы, негізгі ғылыми нәтижелері

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      5. Диссертацияда дәйектілік принципінің сақталуы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      6. Диссертацияда практикалық құндылық принципінің сақталуы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік ендіру, тәжірибелік-өнеркәсіптік, зертханалық сынақтар, оқу процесінде пайдалану)

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ғылыми нәтижелерді пайдалану жөнінде теоретикалық ұсынымдар)

      7. Диссертацияда академиялық адалдық қағидатының сақталуы, диссертацияда авторы

      мен дереккөзі көрсетілмеген бөтен материалдың (плагиат) болуы

      _______________________________________________________________

      (плагиат бар немесе жоқ)

      Плагиат болған жағдайда пайдаланған дереккөзі көрсетілген салыстырмалы кесте қоса беріледі.

      8. Ізденуші:

      барлығы _______ғылыми еңбек жариялады;

      оның ішінде:

      Комитет ұсынатын басылымдарда ______;

      шетелдік ғылыми басылымдарда _______;

      нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) ақпараттық компаниясының деректер базасында индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналдарда ______;

      Scopus (Скопус) деректер базасына кіретін ______;

      басқа жарияланымдар _______.

      Жарияланымдар Қағидалардың 6-тармағына _________________________________

                                                      (сәйкес келеді/келмейді)

      9. Сараптау кеңесінің шешімі (тармақшалардың біреуі толтырылады):

      1) Ізденушінің диссертациясы мен жарияланымдары Қағидалардың 5, 6 және

      7-тармақтарының талаптарына сәйкес келеді, Сараптау кеңесі

      __________________________________________________________________________

                              (Т.А.Ә (болған жағдайда))

      Қазақстан Республикасы Ұлттық біліктілік шеңберінің 8 (сегізінші) деңгейіне сәйкес

      __________________________________________________________________________

      даярлық бағыты бойынша

      __________________________________________________________________________

      (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі)

      ғылыми дәрежесін беру туралы құжатты тануды ұсынады.

      2) Ізденушінің диссертациясы мен жарияланымдары Қағидалардың ___________

      тармағына сәйкес келмейді________________________________________

      (аттестациялық істің осы Қағидалардың қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі).

      Сараптау кеңесі ізденуші__________________________________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда))

      __________________________________________________________________________

                  (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі)

      ғылыми дәрежесін беру туралы құжатты танудан бас тартуды ұсынады.

      Дауыс беру нәтижелері:

      "жақтап" дауыс бергені _____

      "қарсы" ____________

      "қалыс қалғаны" ___________

      Төраға                   ______________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда))

      Ғалым хатшы             ______________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда))

      Сарапшы                   ______________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады