БҰЙЫРАМЫН:
1. "Индустрияландырудың бірыңғай картасына өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 11) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Ереженің 15-тармағының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген индустрияландырудың бірыңғай картасына өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды енгізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 11) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 48) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Бірыңғай индустрияландыру картасы – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жиынтығы;
2) Бірыңғай индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб (бұдан әрі Штаб) – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның, салалық министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық холдингтер мен даму институттарының, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысатын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жанындағы жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін қарау мәселесі жөніндегі комиссия;
3) жауапты орган – өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган;
4) өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – индустрияландырудың бірыңғай картасын сүйемелдеуді жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің субъектісі;
5) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет қолданатын, Заңға сәйкес жүзеге асырылатын ынталандыру шаралары;
7) өнеркәсіптік-инновациялық жоба (бұдан әрі – жоба) – технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістер құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған, белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
8) өнеркәсіптік-инновациялық жүйе – өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің, инфрақұрылым мен Қазақстан Республикасында өнеркәсіпті ынталандыруға және инновацияларды қолдауға бағытталған құралдардың жиынтығы;
9) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет – еңбек өнімділігін арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға, өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілетуге байланысты қызмет;
10) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық даму институттары, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту қоры.
11) өтінім беруші – өнеркәсіптік-инновациялық жобаны жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
2-тарау. Жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібі
3. Бірыңғай индустрияландыру картасына өнеркәсіп саласындағы жобалар қосылады.
4. Бірыңғай индустрияландыру картасына өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезең – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін негізгі көрсеткіштері бар өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың тізбесі дайындайды;
2) екінші кезең – жобаларды уәкілетті органда және ұлттық институтта қарау;
3) үшінші кезең – Штаб отырысында жобаларды қарау.
5. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін негізгі көрсеткіштері бар жобалардың тізбесін тұрақты негізде қалыптастырады.
6. Жергілікті атқарушы орган жобалар тізбесін қалыптастыруға қарай әрбір жоба бойынша мынадай құжаттарды (бұдан әрі – материалдар) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізу үшін негізгі көрсеткіштері бар жобалар тізбесін уәкілетті органға жібереді:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың жоспары-кестесі;
2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы статистикалық деректерді таратуға өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісінің келісімі;
3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес деректерді таратуға өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісінің келісімі;
4) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес есептік деректерді беруге өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісінің келісімі;
5) жобаны іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес ғимараттар мен құрылыстар салу үшін жер учаскесін беру қажеттілігі туындаған жағдайларда, өтінім беру сәтінде 3 (үш) айдан кешіктірмей алынған, жобаны іске асыруға бөлінген жердің координаттары (схемасы) мен жоспарланып отырған ауданын көрсете отырып, бос жер учаскесінің болуын растайтын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының хатының көшірмесі қоса беріледі.
7. Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органнан материалдар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес олардың толықтығын тексереді. Материалдардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган оларды қараусыз қалдырып, жоқ құжатты көрсете отырып, жергілікті атқарушы органға қайтарады. Жергілікті атқарушы орган қайтарылған материалдарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжатты қоса бере отырып, материалдардың толық топтамасын жібереді.
Материалдардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті орган олардағы мәліметтерге талдау жүргізу үшін ұлттық институтқа жібереді.
8. Ұлттық институт 3 (үш) жұмыс күні ішінде материалда көрсетілген мәліметтерге талдау жүргізеді.
9. Материалдарда көрсетілген мәліметтердің сәйкессіздіктері анықталған не олар болмаған жағдайда ұлттық институт анықталған ескертулер және мұндай ескертулерді жою қажеттілігі бойынша ұсынымдары бар хатты жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ мәлімет үшін уәкілетті органға жібереді.
10. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша ескетулер болмаған жағдайда ұлттық институт ескертулердің жоқтығы туралы хатты уәкілетті органға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органға жібереді.
11. Уәкілетті орган ұлттық институттан ескертулердің жоқтығы туралы хат алғаннан кейін жобаларды Штаб отырысының қарауына шығарады, ол өтінімдердің түсуіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
12. Уәкілетті орган Штаб отырысы өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Штаб отырысы өткізілетін күнді және қатысу тәсілін көрсете отырып, жергілікті атқарушы органға хабарлама жібереді.
13. Егер Штаб мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, Штаб отырысы заңды болып саналады.
Тиісті мәселелерге жетекшілік ететін уәкілетті орган басшысының орынбасары Штаб төрағасы болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
Штаб құрамына уәкілетті органның, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің өкілдері енгізіледі.
Штаб шешімдері отырысқа қатысып отырған Штаб мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді, оған Штаб отырысына қатысып отырғандардың барлығы қол қоюға тиіс. Штаб мүшелерінің шешімдер қабылдау кезінде тең дауыстары болады және дауыстар тең болған кезде Штаб төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
14. Штаб мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) жауапты мемлекеттік органды көрсете отырып, жобаны бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу туралы;
2) жоба бойынша анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктердің толық тізбесін көрсете отырып, жобаны жергілікті атқарушы органға пысықтауға қайтару туралы;
3) жобаны бірыңғай индустрияландыру картасынан алып тастау туралы;
4) жобаның негізгі параметрлерінің өзгерістерін бекіту туралы.
15. Уәкілетті орган Штаб отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде отырыс хаттамасының көшірмесін мониторинг мақсатында жергілікті атқарушы органға және уәкілетті органға жібереді.
Штаб отырысының хаттамасы жіберілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бірыңғай индустрияландыру картасын бекітуді көздейтін уәкілетті орган басшысының бұйрығына тиісті толықтырулар енгізеді.
16. Уәкілетті орган жауапты органның ұсыныстары негізінде осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес өткізілетін Штаб отырысының қарауына шығару арқылы бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген жобалар бойынша ақпаратты өзектендіруді жүзеге асырады.
Жобаның негізгі параметрлерін өзгерту қажет болған жағдайда жауапты органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған осындай өзгерістер туралы ұсыныс жібереді.
17. Жобалар бойынша ақпаратты өзектендіру мәселелері бойынша Штаб отырыстарын өткізу және олар бойынша шешімдер қабылдау, сондай-ақ бірыңғай индустрияландыру картасын бекітуді көздейтін уәкілетті орган басшысының бұйрығына тиісті өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 5-тарауында көзделген тәртіппен реттеледі.
18. Өзектендіру қорытындысы бойынша бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген жоба бойынша ақпарат өзгертуге жатады немесе жоба бірыңғай индустрияландыру картасынан шығарылады.
Бастамашы жобаны іске асырудан бас тартқан немесе өтініш беруші жобаны іске асыру жоспары-кестесінің іс-шараларын орындамаған жағдайларда жобалар жауапты органның бастамасы бойынша бірыңғай индустрияландыру картасынан шығарылады.
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларына 1-қосымша |
Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін негізгі көрсеткіштері бар өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың тізбесі
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps?lang=kk
Әкімшілік деректер нысанының атауы: өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың тізбесі
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- ППИП
Жиілік: бір реттік
Есепті кезең: _ _ күні _ _ айы _ _ _ жыл
Ақпарат беретін тұлғалар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қалалар және астананың жергілікті атқарушы органдары
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: бірыңғай индустрияландыру картасына өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың тізбесін қалыптастыруға қарай
р/с № | Жобаның атауы | Өтінім беруші | Бизнес сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі (12 белгіде) | Құрылтайшы | ||
Құрылтайшының атауы | ел | үлес, % | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
кестенің жалғасы
Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіш коды | Жоспарланған мемлекеттік ынталандыру шаралары | Жұмыс орнының саны | ||
Шара түрінің атауы | Шараның құндық мәні, миллион теңге | Құрылыс кезеңінде | Пайдалану кезеңінде | |
6 | 7 | 8 | ||
кестенің жалғасы
Жоба бойынша негізгі капиталға инвестицияның жоспарланған көлемі, | Жобаны қаржыландыру көздері | |||
Меншіктік қаражат, миллион теңге | Қарыз қаражат, миллион теңге | Бюджет қаражаты, миллион теңге | Қосымша қаржыландыру қажеттігі, миллион теңге | |
9 | 10 | |||
кестенің жалғасы
Шығарылатын тауар/көрсетілетін қызмет атауы | Жобаның қуаттылығы | ||
Шығарылатын тауар/көрсетілетін қызмет атауы | Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы коды (6-10 белгіде) | заттай мәнде (өлшем бірлігімен) | құндық мәнде, миллионтеңге |
11 | 12 | ||
кестенің жалғасы
Пайдалануға беру мерзімі (жыл) | Ағымдағы жағдайы | Байланыс деректері | |
Ұялы телефон | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ||
13 | 14 | 15 | |
Жергілікті атқарушы органның жауапты қызметкері:
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Телефоны: ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы:___________________________________
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға_____________________________
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолы ___________
(мөр үшін орын),
толтыру күні "__" _______ 20__ жыл
Ескерту: "Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін негізгі көрсеткіштері бар өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың тізбесінің" нысанын толтыру бойынша түсініктеме:
1. Нысанның 1-бағанында жобаның реттік нөмірі көрсетіледі;
2. Нысанның 2-бағанында жобаның атауы көрсетіледі;
3. Нысанның 3-бағанында жобаның өтініш берушісі көрсетіледі;
4. Нысанның 4-бағанында жоба өтініш берушінің 12 белгіде Бизнес сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
5. Нысанның 5-бағанында жоба бойынша Құрылтайшы, оның ішінде құрылтайшы(-лар) атауына, еліне және үлесіне қатысты ақпарат көрсетіледі (егер екі және одан да көп құрылтайшы көрсетілсе, ел және үлес бойынша ақпаратты әрбір құрылтайшы бойынша бөлек көрсету қажет);
6. Нысанның 6-бағанында жобаның іске асырылу орны бойынша Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіш коды көрсетіледі (облыс, қала/аудан, аудан/ауылдық округ/ауыл);
7. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік ынталандырудың жоспарланатын шаралары, оның ішінде шараның атауы (қысқаша сипаттамасы) және шараның құндық мәні (бар болған жағдайда) көрсетіледі;
8. Нысанның 8-бағанында құрылыс кезеңіне және пайдалану кезеңіне арналған жұмыс орындарының саны көрсетіледі;
9. Нысанның 9-бағанында жобаны пайдалауға бергенге дейінгі негізгі капиталға инвестициялар көлемі көрсетіледі;
10. Нысанның 10-бағанында жобаны пайдалауға бергенге дейінгі негізгі капиталға инвестициялар көлеміне сәйкес жобаны қаржыландыру көздері көрсетіледі;
11. Нысанның 11-бағанында шығарылатын тауар / көрсетілетін қызмет атауы мен әр тауар бойынша сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы коды 6-10 белгіде көрсетіледі;
12. Нысанның 12-бағанында заттай және құндық мәндегі жобаның қуаттылығы көрсетіледі (егер 11-бағанда 2 не одан да көп тауар/қызмет көрсетілген жағдайда, заттай және құндық мәндегі жобалық қуатты әр тауар бойынша жеке көрсету қажет; егер жоба қазіргі өндірісті жаңғыртуға бағытталса, онда заттай мәндегі жобалық қуатты қолда бар өндіріс көлемін еспеке алмағанда (шегергенде) мәнді көрсету қажет);
13. 13-бағанда жобаны пайдалануға беру мерзімі (жылы) көрсетіледі;
14. 14-бағанда жобаның ағымдағы жағдайы көрсетіледі (жүргізілген жұмыстардың толық сипаттамасы);
15. 15-бағанда жобаны іске асыруға жауапты тұлғаның байланыс деректері көрсетіледі.
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларына 2-қосымша |
Жобаны іске асырудың өнеркәсіптік-инновациялық жоспар-кестесі
№ | Іс-шараның атауы | Орындау мерзімі (нысанға сәйкес) |
1. | ||
2. | ||
3. |
1) "Ай, жыл – ай, жыл" форматында құжаттаманы әзірлеу (жобалау-сметалық құжаттама, техникалық-экономикалық негіздеме және тағы басқа);
2) "Ай, жыл – ай, жыл" форматында құрылыс жұмыстарын жүргізу (жаңа жобаларға міндетті);
3) "Ай, жыл – ай, жыл" форматында жабдықты жеткізу;
4) "Ай, жыл – ай, жыл" форматында жабдықты монтаждау;
5) "Ай, жыл – ай, жыл" форматында іске қосу-баптау жұмыстары;
6) "Ай, жыл" форматында пайдалануға беру (іске қосу актісін алу);
7) "Ай, жыл" форматында өнім шығаруды бастау;
8) "Жыл" форматында жобалық қуатқа шығу.
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларына 3-қосымша |
Алғашқы статистикалық деректерді таратуға арналған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің келісімі (бар болған жағдайда жобаға өтінім берушінің бланкісінде толтырылады)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің толық атауы)
мынадай көрсеткіштер бойынша ______________________________________
__________________________________________________________________________
жергілікті атқарушы органға, уәкілетті органға, өнеркәсіпті дамыту саласындағы
ұлттық даму институтына
__________________________________________________________________
(органдардың атауы)
алғашқы статистикалық деректерді ашуға келісім береді:
1) негізгі капиталға инвестициялар көлемі;
2) орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі;
3) өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің көлемі;
4) есептік кезең үшін қызметкерлердің есепті кезеңдегі орташа тізімдік саны.
Бірінші басшы:________________________________________________
Қолы:__________ (мөр орны бар болған жағдайда),
толтырылған күні "___" ___________20__ жыл
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларына 4-қосымша |
Деректерді таратуға арналған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің келісімі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің толық атауы) (бұдан әрі – Субъект)
__________________________________________________________
жобасы бойынша (бұдан әрі – Жоба) уәкілетті орган, жауапты орган,
өнеркәсіпті дамыту саласындағы өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық
даму институтына мынадай көрсеткіштер бойынша мынадай деректерді
ашуға және пайдалануға келісім береді:
– жобаның атауы;
– жобаға өтінім беруші;
– өңір;
– заттай мәндегі қуаты;
– іске қосу жылы (жыл);
– жауапты мемлекеттік орган, холдинг;
– инвестиция көлемі (миллионтеңге);
– іске қосу кезеңіндегі жұмыс орындар саны (адам);
– мемлекеттік ынталандыру шаралары (атауы).
Бірінші басшы:________________________________________________
Қолы:__________ (мөр орны бар болған жағдайда),
толтырылған күні "___" ___________20__ жыл
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларына 5-қосымша |
Жобаны іске асыру шеңберінде есептер беруге өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің келісімі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің толық атауы) (бұдан әрі – Субъект)
__________________________________________________________
жобасы бойынша (бұдан әрі – Жоба) уәкілетті орган, жауапты орган және
өнеркәсіпті дамыту саласындағы өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық
даму институтының сұрауы бойынша есептік деректерді беруге келісім береді.
Бірінші басшы: ________________________________________________
Қолы:__________ (мөр орны бар болған жағдайда),
толтырылған күні "___" ___________20__ жыл