Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 тамызда № 33321 болып тіркелді

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 11) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
И. Оспанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылық министрілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрілігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 22 тамыздағы
№ 592 Бұйрықпен
бекітілген

Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 11) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бірыңғай индустрияландыру картасы – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жиынтығы;

      2) Бірыңғай индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб (бұдан әрі - Штаб) – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның, салалық министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық холдингтер мен даму институттарының, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысатын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жанындағы жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін қарау мәселесі жөніндегі комиссия;

      3) жауапты мемлекеттік орган – өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган;

      4) өнеркәсіптік-инновациялық жоба (бұдан әрі - жоба) – технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістер құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған, белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;

      5) өнеркәсіптік-инновациялық жүйе – өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің, инфрақұрылым мен Қазақстан Республикасында өнеркәсіпті ынталандыруға және инновацияларды қолдауға бағытталған құралдардың жиынтығы;

      6) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет – еңбек өнімділігін арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға, өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілетуге байланысты қызмет;

      7) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет қолданатын, Заңға сәйкес жүзеге асырылатын ынталандыру шаралары;

      9) өтінім беруші – жобаны жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      10) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық даму институттары, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту қоры.

2-тарау. Жобаны бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібі

      3. Бірыңғай индустрияландыру картасына өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін өнеркәсіптік-инновациялық жобалар (бұдан әрі-жобалар) енгізіледі:

      1) инновациялылық – жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді), технологияларды немесе процестерді одан әрі енгізуді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, оларды жасау арқылы қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталу;

      2) бәсекеге қабілеттілік – ұқсас өнеркәсіптік-инновациялық жобалармен салыстырғанда шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің төмен өзіндік құнынан, жоғары сапасынан, өсіп келе жатқан сұранысынан және өзге де қасиеттерінен көрініс табатын бәсекелік артықшылықтар;

      3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту үшін өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру маңыздылығы;

      4) экспортқа бағдарлану – шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің кемінде бір шет елге орнықты экспорттауда әлеуеттің болуы;

      5) еңбек өнімділігі – өндіріс көлемі мен өндіріске жұмсалған еңбек ресурстарының, жұмыс уақытының арақатынасы.

      4. Бірыңғай индустрияландыру картасына жобаларды енгізу мынадай кезең- кезеңімен жүргізіледі:

      1) бірінші кезең – жобаны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында (бұдан әрі-жергілікті атқарушы орган) қарау;

      2) екінші кезең – жобаны уәкілетті органда және өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтында (бұдан әрі – ұлттық институт) қарау;

      3) үшінші кезең – жобаны Штаб отырысында қарау.

3-тарау. Жобаны жергілікті атқарушы органның қарауы

      5. Жергілікті атқарушы орган өтініш берушілерден бірыңғай индустрияландыру картасына олардың жобаларын енгізу туралы өтінімдерді қабылдауды тұрақты негізде жүзеге асырады.

      6. Өтініш беруші өз жобасын бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін жергілікті атқарушы органға қағаз және (немесе) электрондық нысанда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтінім жібереді:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба паспорты;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың жоспар-кестесі;

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім;

      4) жоба құнының кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде жобаның қаржылық қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Жобаның қаржылық қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар ретінде:

      соңғы алты айда банктер берген осы шоттардағы ақша қалдығы көрсетілген банктік шоттардың болуы туралы анықтама;

      банктік қарыз шарты;

      кепіл шарты және кепіл нысанасына құқық белгілейтін құжаттар;

      сақтандыру шарты;

      кепілгерлік немесе кепілдік шарты осы тармақшада көзделген тәсілдермен кепілгердің немесе кепілгердің қаржы қаражатының болуын растауды қоса бере отырып ұсынылады.

      Өтініш беруші қаржылық қамтамасыз етудің кез келген тәсілін, оның ішінде бірнеше тәсілдерді біріктіру жолымен таңдауға құқылы.;

      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      6) жобаны іске асыру кезінде жер учаскесін қажет болған жағдайларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының бос жер учаскесінің бар екенін растайтын хатының көшірмесі, сондай-ақ жобаны іске асыруға бөлінген алаңның орналасқан жерінің координаталарын (схемасын) және жоспарланатын ауданын көрсете отырып, жер учаскесін алдын ала таңдау актісінің көшірмесі қоса беріледі.,

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде жергілікті атқарушы орган жоқ құжатты көрсете отырып, өтінім келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге қараусыз қайтарады.

      Дұрыс толтырылмаған өтінімді және (немесе) оған қосымшаларды ұсынған кезде жергілікті атқарушы орган тиісті ескертулерді көрсете отырып, өтінім келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге қайтарады.

      8. Өтінімді қайтаруға негіз болған ескертулер жойылғаннан кейін өтініш беруші осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінімді жергілікті атқарушы органға қайта жібереді.

      9. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған және өтінім мен оған қосымшаларды дұрыс толтырған кезде жергілікті атқарушы орган өңірлік сараптама жүргізеді.

      Өңірлік сараптаманы жүргізу мерзімі өтінім келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды және қорытынды нысанында ресімделеді, ол жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.

      10. Өңірлік сараптаманың қорытындысы мынадай құрылым бойынша жасалады:

      1) жоба туралы мәліметтер;

      2) инфрақұрылым мәселесінің пысықталуы;

      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына сәйкес келуі;

      4) жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар.

      11. "Жоба туралы мәліметтер" бөлімінде жоба бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) жобаның өтініш берушісі туралы ақпарат (қатысушылар, құрылтайшылар, өнеркәсіпте және басқа салаларда табысты іске асырылған жобалар);

      2) жобаның бағыттылығы (технологиялар трансферті, жаңа өндірістер құру (қолданыстағыларын жетілдіру) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыру) көрсетілетін жобаның технологиялық және инновациялық бөлігі сипатталады.

      12. "Инфрақұрылым мәселесінің пысықталуы" деген бөлімде сыртқы және ішкі коммуникациялардың әзірлік дәрежесі, сондай-ақ қажетті мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары сипатталады.

      13. "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына сәйкес келуі" деген бөлімде мәлімделген жобаның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына сәйкес келуін талдау жүргізіледі.

      14. "Жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар" деген бөлімде жобаны сәтті іске асыру үшін қажетті мемлекеттік қолдау шараларының тізбесі және оларды алу тетігі көрініс табады, сондай-ақ оң немесе теріс уәжді қорытынды беріледі.

      15. Жергілікті атқарушы орган өңірлік сараптаманың қорытындысы жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға, сондай-ақ осындай қорытындының көшірмесін өтініш берушіге жібереді.

4-тарау. Жобаны уәкілетті органда және өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтында қарауы

      16. Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органнан осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес жіберілетін материалдар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Материалдардың толық топтамасын ұсынбаған кезде уәкілетті орган оларды қараусыз, жоқ құжатты көрсете отырып, жергілікті атқарушы органға қайтарады. Жергілікті атқарушы орган қайтарылған материалдарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжатты қоса бере отырып, материалдардың толық топтамасын жібереді.

      Материалдардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті орган оларды өтінімді және оған қосымшаларды дұрыс толтыру мәніне тексеру жүргізу үшін ұлттық институтқа жібереді.

      17. Ұлттық институт 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімді және оған қосымшаларды олардың дұрыс толтырылу мәніне тексеру жүргізеді.

      18. Өтінімнің және оған қосымшалардың дұрыс толтырылмағаны анықталғанда, ұлттық институт анықталған ескертулерді және осындай ескертулерді жою қажеттігін көрсете отырып, хатты жергілікті атқарушы органға және мәлімет үшін уәкілетті органға жібереді.

      19. Дұрыс толтырылған өтінімді және оған қосымшаларды ұсынған және жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша қандай да бір ескертулер анықталмаған кезде ұлттық институт уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органға мәлімет үшін өтінімді және оған қосымшаларды қоса бере отырып, ескертулердің жоқтығы туралы хат жолдайды.

      20. Уәкілетті орган Ұлттық институттан ескертулердің жоқтығы туралы хат алғаннан кейін Штаб отырысының қарауына өтінім шығарады.

5-тарау. Штаб отырысында жобаны қарау

      21. Штаб отырысы өтінімдердің түсуіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

      22. Уәкілетті орган Штаб отырысы өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге және жергілікті атқарушы органға штаб отырысы өткізілетін күнді және қатысу тәсілін көрсете отырып хабарлама жібереді.

      23. Егер штаб мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, штаб отырыстары заңды болып саналады.

      Тиісті мәселелерге жетекшілік ететін уәкілетті орган басшысының орынбасары Штаб төрағасы болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.

      Штаб құрамына уәкілетті органның, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің өкілдері енгізіледі.

      Штаб шешімдері отырысқа қатысып отырған Штаб мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді, оған Штаб отырысына қатысып отырғандардың барлығы қол қоюға тиіс. Штаб мүшелерінің шешімдер қабылдау кезінде тең дауыстары болады және дауыстар тең болған кезде Штаб төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      24. Штаб мынадай:

      1) жауапты мемлекеттік органды көрсете отырып, жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу туралы;

      2) жоба бойынша анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктердің толық тізбесін көрсете отырып, жобаны жергілікті атқарушы органға пысықтауға қайтару туралы;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген бірыңғай индустрияландыру картасының өлшемшарттарына сәйкес келмеген кезде бірыңғай индустрияландыру картасына жобаны енгізуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      25. Уәкілетті орган Штаб отырысы өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде отырыс хаттамасының көшірмесін жергілікті атқарушы органға және жауапты мемлекеттік органға, сондай-ақ өтініш берушіге жібереді.

      Штаб отырысының хаттамасы жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган индустрияландырудың бірыңғай картасын бекітуді көздейтін уәкілетті орган басшысының бұйрығына тиісті толықтырулар енгізеді.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      26. Уәкілетті орган өтініш берушінің немесе жергілікті атқарушы органның немесе өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын жауапты мемлекеттік органның немесе өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің ұсыныстары негізінде осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес өткізілетін Штаб отырысының қарауына шығару жолымен бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген жобалар бойынша ақпаратты өзектендіруді жүзеге асырады.

      27. Өзектендіру мәселесі бойынша Штаб отырыстарын өткізу және олар бойынша шешімдер қабылдау, сондай-ақ индустрияландырудың бірыңғай картасын бекітуді көздейтін уәкілетті орган басшысының бұйрығына тиісті өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 5-тарауында көзделген тәртіппен реттеледі.

      28. Өзектендіру қорытындысы бойынша бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген жоба бойынша ақпарат өзгертілуі немесе жоба бірыңғай индустрияландыру картасынан шығарылуы мүмкін.

  Өнеркәсіптік-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
1-қосымша
  Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасының басшысына
________________________
(облыстар, қалалар)
________________________
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Жобаны бірыңғай индустрияландыру картасына енгізуге өтінім

      Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін:

      _________________________________________________________________

      (ұйым атауы)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жоба атауы) жобасы бойынша өтінімді тіркеуді сұраймын.

      Өтінімге тізбеге сәйкес:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      __________________________________ мынадай құжаттарды қоса беремін.

      Бірінші басшы: ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты(бар болса)

      Қолы: ________ (мөр орны), толтырылған күні 20__жылғы "___"_________

      Өтініш берушінің байланыс тұлғасы:

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты(бар болса)

      Ұялы телефон: ____________________________________________________

      Электронды пошта: ________________________________________________

      Әкімдіктің жауапты жұмыскері: _____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты(бар болса)

      Қолы: ___________, №____, қабылданған күні 20__жылғы "___"__________

  Өнеркәсіптік-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
2-қосымша

Жобаның паспорты

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Мәні

1

2

3

4

1.

Жобаның түрі



1)

Жаңа жоба

иә/жоқ


2)

Қазіргі өндірісті жаңғырту

иә/жоқ



Қазіргі өндірістің қуат түрі




Қазіргі өндірістің жобалық қуаты



2.

Жобаның сатысы: (төмендегілердің бірін таңдау)

1)

Іске асырылуда

иә/жоқ


2)

Жоспарланып отыр

иә/жоқ


3.

Жобаны іске асыру орны:



1)

Облыс (анықтамалық)



2)

Қала (анықтамалық)



3)

Аудан (анықтамалық)



4)

Ауыл (анықтамалық)



4.

Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптаушы коды (анықтамалық)



 
5.

4-5 белгілі экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші коды (анықтамалық)



6.

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың қажетті шаралары

1)

Жер учаскесінің қажетті ауданы

гектар


2)

Қаржы институттары арқылы қаржыландыру.
Егер жоба 2 немесе одан да көп қаржы институттарында қаржыландырылса, онда барлық қаржы институттары аударылады.



миллион теңге


3)

Инфрақұрылым (қажетті инфрақұрылым түрлері тізімделеді)



4)

Басқалар
(бар болса)



7.

Іске асыру мерзімі

ай, жыл – ай, жыл


8.

Пайдалану кезеңіне арналған жаңа жұмыс орындарының саны

адам


9.

Пайдалануға берілгенге дейін негізгі капиталға инвестициялар

миллион теңге


10.

Пайдалануға берілгенін растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні (болған жағдайда)



11.

Қаржыландыру құрылымы

1)

Меншікті қаражат

миллион теңге


2)

Қарыз қаражаты (лизингті қоса алғанда)

миллион теңге


3)

Бюджет қаражаты

миллион теңге


4)

Басқа көздер

миллион теңге


12.

Өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер



1)

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы (6-10 белгілі сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – СЭҚ ТН коды)



2)

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы (6-10 белгілі СЭҚ ТН коды)



….

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы (6-10 белгілі СЭҚ ТН коды)



13.

Жылына жобалық қуаты (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша)

1)

Заттай мәнде (өлшем бірлігі бойынша)

өлшем бірлігі


2)

Құндық мәнде

миллион теңге


14.

Өткізу нарығы

1)

Ішкі нарық

%


2)

Экспортқа (елі), әр ел бойынша бөлек көрсетіңіз

%


15.

Шикізат (атауы, ел, жеткізуші болған жағдайда)



16.

Жоба туралы мәлімет



1

Инновация

иә/жоқ, қысқаша сипаттама


2

Технология трансферті

иә/жоқ, қысқаша сипаттама


17.

Өндіріс технологиясы (қысқаша сипаттама)



18.

Жабдық (атауы, елі, жеткізуші болған жағдайда)



19.

Экологиялық қауіпсіздікке және аймақтың табиғи ресурстарын ұтымды пайдалануға әсері



20.

Жобаның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттары, аймаққа да, тұтастай алғанда ел экономикасына да мультипликативті әсері



21.

Жобаны іске асыру шеңберіндегі тәуекелдер және тәуекелдерді төмендететін факторлар



Пайдалануға берілгенге дейін негізгі капиталға инвестициялар жоспары (миллион теңгемен)


Атауы

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

1

2

3

4

5

6

7


1-кезең






1.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары







Жабдықтар







Өзге







2-кезең






2.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары







Жабдықтар







Өзге






Қаржыландыру жоспары

Атауы

Барлығы

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

1

2

3

4

5

6

7

8


Барлығы, оның ішінде







1.

Меншікті қаражат








отандық жеке инвесторлардың қаражаты








тікелей шетелдік инвестициялар (жарғылық капиталға қатысу)








мемлекеттің бақылауындағы ұйымдардың қаражаты (жарғылық капиталға қатысу)







2.

Қарыз қаражаты








бас компаниялардың кредиттері








отандық даму институттарының кредиттері








екінші деңгейдегі банктердің (резиденттер) кредиттері








ішкі облигациялық қарыздар








бюджеттік кредиттер








қаржы ұйымдарының (бейрезиденттер) кредиттері








халықаралық даму институттарының кредиттері








сыртқы облигациялық қарыздар







3.

Өзге де көздер







4.

Бюджет қаражаты, оның ішінде:








республикалық бюджет (бюджеттік бағдарламаның коды және атауы)








жергілікті бюджет (бюджеттік бағдарламаның коды және атауы)







Жобалық қуатқа шығу жоспары (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері бойынша)

Атауы

Өлшем бірлігі

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл


1-кезең







1.

Тауар және көрсетілетін қызметтер атауы (6-10 белгілі СЭҚ ТН коды)

заттай түрде






ақшалай түрде

миллион теңге

2.

Тауар және көрсетілетін қызметтер атауы (6-10 белгілі СЭҚ ТН коды)

заттай түрде






ақшалай түрде

миллион теңге


2-кезең







 
3

Тауар және көрсетілетін қызметтердің атауы (6-10 белгілі СЭҚ ТН коды)

заттай түрде






ақшалай түрде

миллион теңге

 
4

Тауар және көрсетілетін қызметтердің атауы (6-10 белгілі СЭҚ ТН коды)

заттай түрде






ақшалай түрде

миллион теңге

Экспорттың жоспарлы көлемі заттай түрде (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері бойынша)

Атауы

Өлшем бірлігі

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл


1-кезең







1.

Тауар және көрсетілетін қызметтердің атауы (6-10 белгілі СЭҚ ТН коды)

заттай түрде






ақшалай түрде

миллион теңге

2.

Тауар және көрсетілетін қызметтердің атауы (6-10 белгілі СЭҚ ТН коды)

заттай түрде






ақшалай түрде

миллион теңге


2-кезең







 
3

Тауар және көрсетілетін қызметтердің атауы (6-10 белгілі СЭҚ ТН коды)

заттай түрде






ақшалай түрде

миллион теңге

 
4

Тауар және көрсетілетін қызметтердің атауы (6-10 белгілі СЭҚ ТН коды)

заттай түрде






ақшалай түрде

миллион теңге

Жұмыскерлер мен мамандарға болжамды қажеттілік туралы

Кәсіптің (лауазымның) атауы

Кәсіптердің ұлттық сыныптаушы коды (анықтамалық)

Жұмыскерлерге қажеттілік (адам)

Талап етілетін білім деңгейі (тізім)

Талап етілетін біліктілік деңгейі (тарифтік разряд, санат) (тізім)

20_

20_

20_

20_

1.









Жобаның жоспарлы нысаналы көрсеткіштері (іске асырылып жатқан жобалар үшін)

Атауы

Өлшем бірлігі

Жыл

20….

20….

20….

20….

20…

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Отын-энергетика ресурстарына қажеттілік, оның ішінде:








Электр энергиясы

киловатт.сағат







Жылу энергиясы

Гигакалория







Газ

жылына/мың метр куб







Көмір

жылына/тонна







Мұнай өнімдері (мазут, дизотын)

тонна







Су

жылына/метр куб






2.

Инфрақұрылымға қажеттілік, оның ішінде:








Электр желілері

Қосалқы станция мегаватт







Газ желілері

километр







Жылу желілері

километр







Су құбыры желілері

километр







Кәріз желілері

километр







Теміржол инфрақұрылымы (магистральдық теміржол желісі, кірме жолдар)

километр







Автомобиль жолдары

километр






  Өнеркәсіптік-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
3-қосымша

Жобаны іске асырудың жоспар-графигі

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

1.

*


2.



3.



      * Міндетті тармақтар:

      1) Құжаттаманы әзірлеу (Жобалау-сметалық құжаттама, Техникалық-экономикалық негіздеме және тағы басқа);

      2) Құрылысты бастау (жаңа жобалар үшін міндетті);

      3) Құрылыстың аяқталуы (жаңа жобалар үшін міндетті);

      4) Пайдалануға беру (енгізу актісін алу);

      5) Жабдықты жеткізу;

      6) Жабдықты монтаждау;

      7) Іске қосу-баптау жұмыстары;

      8) Өнім шығаруды бастау (жаңғырту үшін міндетті);

      9) Жобалық қуатқа шығу.

  Өнеркәсіптік-инновациялық
жобаларды бірыңғай
индустрияландыру картасына
енгізу қағидаларына
4-қосымша

Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісім (жобаға өтінім берушінің бланкісінде толтырылады)

      ______________________________________________________________

      (өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің толық атауы)

      жауапты мемлекеттік орган, уәкілетті орган – ______________________

      (органдардың атауы)

      мынадай көрсеткіштер бойынша:

      1) негізгі капиталға инвестициялар көлемі;

      2) орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі;

      3) өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің көлемі;

      4) қызметкерлердің есепті кезеңдегі орташа тізімдік саны

      ___________________________________________________________ кезең үшін

      _________________________________________________көрсеткіштері бойынша

      алғашқы статистикалық деректерді ашуға келісім береді.

      Бірінші басшы:________________________________________________

      Қолы:__________ (мөр орны), толтырылған күні 20_____ "______"___________

      Мөр орны (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады