"Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 22 шілдедегі № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 шілдеде № 34795 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23907 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ұлттық оператор өтінішті қарастырып, құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарау нәтижелері бойынша қорытындыны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші учаске (лер) аумағының Кодекстің 19, 25, 26-баптарының ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан қорытындыны қарастырып, оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде геологиялық және (немесе) тау-кен бөлуді береді.

      Егер қорытындыны қарау кезінде көрсетілетін қызметті беруші учаске (лер) аумақтары Кодекстің 19, 25, 26-баптарының талаптарына сәйкес бола алмайтынын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге жол берілмейтін аумақтармен толық жанасатынын анықтаса, көрсетілетін қызметті беруші анықталған сәйкессіздіктермен дәлелді бас тартуды береді.";

      "Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті және оның аумақтық органдары";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Тау-кендік бөлуді алу үшін: "Minerals.gov.kz" ЖҚПБП арқылы: Қағидалар Тізбесінің 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысан бойынша тау-кендік бөлуді беруге және қайта рәсімдеуге өтініш;

      келесі құжаттардың электронды көшірмелері:

      жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі құзыретті органның шешімі;

      бөлу алаңының жалпы ауданы көрсетілген бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары және сұратылған тау-кендік бөлудің пайдалы қазбалар қорларын ауданы және тереңдiгі бойынша есептеу шектерi көрсетілген графикалық материалдар. Пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты емес тау-кен бөлудің шекаралары кеңейген жағдайда өтінішке жер қойнауын пайдаланушы әзірлеген техникалық негіздемелер, түсіндірмелер және осындай кеңейту қажеттілігіне графикалық материалдар қоса беріледі;

      жою/тексеру актісі (жер қойнауы учаскесінің бөлігінен бас тартқан жағдайда);

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы: келесі құжаттардың көшірмесі немесе түпнұсқасы: Қағидалар Тізбесінің 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тау-кендік бөлуді беруге және қайта рәсімдеуге өтініш, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі құзыретті органның шешімі;

      бөлу алаңының жалпы ауданы көрсетілген бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары және сұратылған тау-кендік бөлудің пайдалы қазбалар қорларын ауданы және тереңдiгі бойынша есептеу шектерi көрсетілген графикалық материалдар. Пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты емес тау-кен бөлудің шекаралары кеңейген жағдайда өтінішке жер қойнауын пайдаланушы әзірлеген техникалық негіздемелер, түсіндірмелер және осындай кеңейту қажеттілігіне графикалық материалдар қоса беріледі;

      жою/тексеру актісі (жер қойнауы учаскесінің бөлігінен бас тартқан жағдайда).

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
И. Шархан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады