"Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 22 шiлдедегi № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 шiлдеде № 34797 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі тақырыбы өзгермейді;

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 369) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларында:

      орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі тақырыбы өзгермейді;

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 369) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының және қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және электр энергиясын тікелей тұтынушыларға, өнеркәсіптік кешендерге және басым тұтынушыларға орталықтандырылған сатуы тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) –"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;";

      24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "24. Сатып алу шарты Ереженің 15-тармағының 369) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сатып алу шартының үлгілік нысанына сәйкес ресімделеді. Сатып алу шартында аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне сәйкес Субъект үшін аукциондық бағасы көрсетіледі. Сатып алу шартында көрсетілген аукциондық баға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысымен бекітілген Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды тарифтерін айқындау қағидаларына сәйкес 20 (жиырма) жыл ішінде жыл сайын индекстеле отырып, энергия беруші ұйымның электр желілеріне электр энергиясы берілген электр станцияларының электр қондырғыларын кешенді сынақтан өткізу басталған күннен бастап қолданылады.";

      56-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "56. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы Ереженің 15-тармағының 369) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен сату шартының үлгілік нысанына сәйкес электр энергиясын тікелей тұтынушыларға және өнеркәсіптік кешендерге сату шартын жасайды.

      Шартта немесе өнеркәсіптік кешендердің немесе тұлғалар тобының құрамындағы меншік, жалға алу құқығында өзге де заттық құқығында бар электр станциялары (олардың атауы, типі және генерациялайтын жабдықтың жиынтық белгіленген қуаты көрсетіле отырып) көрсетіледі.";

      64-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "64. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы Ереженің 15-тармағының 369) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен сату шарттарының үлгілік нысанына сәйкес электр энергиясын басым тұтынушыларға электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сату шартын жасасады.";

      мынадай мазмұндағы 83-1-тармақпен толықтырылсын:

      "83-1. 2024 жылғы 1 қаңтарда қолданыста болған шарттар үшін осы Қағидалардың 82-тармағының 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартылады. Мерзімді ұзарту осы Қағидалардың 84-тармағының қолданылуын ескере отырып, сатып алу шартына қосымша келісіммен рәсімделеді.";

      84-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "84. Осы Қағидалардың 82-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мерзім ұзартылған жағдайда, сатып алу мерзімін есептеу осы Қағидалардың 82-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне, 83-тармағына және (немесе) 83-1-тармағына сәйкес ұзартуды есепке алмай, осы Қағидалардың 82-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну мерзімі өткен күннен кейінгі күннен басталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады