Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасының "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2016 жылғы 8 шілдедегі №11-8/21 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасының 2024 жылғы 23 шілдедегі № 01-05/7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 шілдеде № 34813 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабының 2-тармағына, 66-бабының 1-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасының "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2016 жылғы 8 шілдедегі № 11-8/21 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14072 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының Әкімшілік бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының Басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының Төрағасы
Э. Азимова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады