"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 шілдеде № 34818 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20875 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      1 және 2 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      4 тармақтың:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтардың транзиті туралы өтініш;";

      6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжаттың электрондық көшірмесі;";

      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген.";

      7 тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде құжаттарды Базель конвенциясының 6-бабында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысымен бекітілген Қауіпті және басқа да қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеу қағидаларының 2-тарауында (бұдан әрі – Қағидалар), "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі шешімінің 1.2 және 2.3-қосымшаларында (бұдан әрі – ЕЭК Алқасының шешімі), Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 346-бабында (бұдан әрі – Кодекс), осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастырып, нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды береді, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.";

      8 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Базель конвенциясының 6-бабында, Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесінің 2 және 3-бөлімдерінде, ЕЭК Алқа шешімінің 1.2 және 2.3-қосымшаларында, Кодексінің 346-бабында, осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;";

      9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатын немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.";

      11-1 тармақ мынадай мазмұнмен толықтырылсын:

      "11-1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.";

      12-1 тармақ мынадай мазмұнмен толықтырылсын:

      "12-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 92-бабына (бұдан әрі – ӘРПК) көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      1) шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      2) осы Қағидалардың 4-қосымшасының 7-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      1) мемлекеттік қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес шағымды қарайтын органға немесе сотқа жүгінеді.";

      осы Қағиданың 4 қосымшасының:

      тақырыбы және реттік нөмірі 1 – жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы

      ";

      реттік нөмірі 1-1 – жол мынадай мазмұнмен толықтырылсын:

      "

1-1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

      ";

      реттік нөмірлері 7,8 және 9 – жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz;
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Мемлекеттік корпорацияға (қағаз жеткізгіште):
1) көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығымен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 20875 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалдықтардың транзиті туралы өтініш;
2) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзге де иеліктен шығару шартының көшірмесі;
3) экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда, импорттаушы мен қалдық (қалдықтар) тұтынушы арасындағы шарттың көшірмесі;
4) "Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына 2003 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына (бұдан әрі – Базель конвенциясы) сәйкес қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі;
5) тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың көшірмелері;
6) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығымен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 20875 болып тіркелген) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжат;
7) өтініш берушінінің (экспорттаушыны, қалдықтарды өндірушіні) немесе қалдықтарды импорттаушының (тұтынушыны) мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама;
8) төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының көшірмесі;
9) қауіпті қалдықтардың паспорты;
10) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығымен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 20875 болып тіркелген) 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 данада).
2. Порталға:
1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығымен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 20875 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзге де иеліктен шығару шартының электрондық көшірмесі;
3) экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда, импорттаушы мен қалдық (қалдықтар) тұтынушы арасындағы шарттың электрондық көшірмесі;
4) Заңға сәйкес аумағына қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының келісімінің электрондық көшірмесі;
5) тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың электрондық көшірмелері;
6) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығымен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 20875 болып тіркелген) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалдықтарды тасымалдау туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
7) өтініш берушінінің (экспорттаушыны, қалдықтарды өндірушіні) немесе қалдықтарды импорттаушының (тұтынушыны) мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның электрондық көшірмесі;
8) төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының электрондық көшірмесі;
9) қауіпті қалдықтардың паспортының электрондық көшірмесі;
10) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығымен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 20875 болып тіркелген) 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарламаның электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықталу;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Базель конвенциясының 6-бабында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысымен бекітілген Қауіпті және басқа да қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеу қағидаларының 2-тарауында, "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі шешімінің 1.2 және 2.3-қосымшаларында, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 346-бабында, "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.

      ".

      2. Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қалдықтарды басқару департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады