БҰЙЫРАМЫН:
1. "Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34962 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 14 наурыздағы № 121 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2024 жылғы 20 тамыздағы № 559 Бұйрығына 1-қосымша |
Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ | Атаулар |
Тауарлар | |
1. | Тамақ өнімдері |
2. | Жанар-жағармай материалдары |
3. | А-4, А-3 форматты "қағаз" |
4. | Мүгедектігі бар адамдарға арналған санитарлық-гигиеналық құралдар |
5. | Газет қағазы (газет басуға арналған қағаз) |
6. | Азық |
7. | Ұйымдастыру техникасына шығыс материалдары |
Жұмыстар | |
1. | Жолдарды қыста күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстар |
Қызметтер | |
1. | Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер |
2. | Жалғыз және туыссыз қайтыс болған азаматтарды жерлеу жөніндегі қызметтер |
3. | Монша-кір жуу қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер |
4. | Автокөлік қызметтері |
5. | Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтер |
6. |
Әкімшілік ғимараттарды ұстау жөніндегі қызметтер: |
7. | Байланыс қызметтері (оның ішінде Интернет, спутниктік, телефон, фелдъегерлік, пошта байланысы) |
8. | Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтер |
9. | Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру жөніндегі қызметтер |
10. | Серверлік бөлмелерде өрт сөндіру және ауа баптау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер |
11. | Аппаратты-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер |
12. | Заң жобаларының нормативтік құқықтық актілері мен тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер |
13. | Ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды жалдау жөніндегі қызметтер |
14. | Жалға алынатын ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер |
15. | Қызметтік және арнаулы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер |
16. | Картридждерді толтыру жөніндегі қызметтер |
17. | Медициналық шығындыларды кәдеге жарату және медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру жөніндегі қызметтер |
18. | Мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің көрсететін әлеуметтік қызметтері |
19. | Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау маманының қызметтері |
20. | Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы автокөлікпен тасымалдайтын автокөлік қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
21. |
Әкімшілік-аумақтық бірлікті күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер. |
22. | Объектілерді күзету жөніндегі қызметтер |
23. | Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарына арналған тіркеу құжаттарын (көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін), транзиттік нөмірлерді дайындау бойынша қызметтер |
24. | Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау бойынша қызметтер |
25. | Офистік ұйымдастыру техникасын жалға алу және серверлік ресурстарды жалға алу бойынша қызметтер |
26. | Энергиямен жабдықтау қызметтерін немесе электр энергиясын сатып алу-сату |
27. | Астана қаласындағы республикалық тутұғырды күтіп-ұстау және қызмет көрсету |
28. | Басып шығару сервисінің қызметтері |
29. | Ақпараттық жүйені техникалық қолдау бойынша қызметтер |
30. | Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметтері |