ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 65-2) тармақшасына және 40-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес инвесторға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 21 тамыздағы № 283 бұйрығына 1-қосымша |
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 65-2) тармақшасына және 40-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) инвестициялар – лизинг шартын жасасқан сәттен бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа);
2) инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
3) балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жоба – балық шаруашылығы саласында кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елу мың еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешені;
4) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы – табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі.
3. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) резервтік қордың халықаралық және республикалық маңызы бар учаскелері бекітіліп беріледі, олар жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін перспективалық деп танылады.
4. Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында инвестордың өтінімі бойынша және осы бұйрықтың талаптарына сәйкес келген жағдайда беріледі.
5. Балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жатқан жер учаскелерінде балық өсіру объектілерін орналастыру үшін жер учаскелері мен оларға коммуникацияларды беру жер учаскесінің орналасқан жеріне байланысты Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43, 44, 44-1, 44-2 және 48-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібі
1-параграф. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін қалыптастыру
6. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) қалыптастырады және ол тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен келісіледі.
7. Тізбеге балық шаруашылығының су айдындары және (немесе) балық өсіруге мүмкіндік беретін торларды орнатуға терең жерлері бар және түбіндегі шөгінділері жеңіл лайланбайтын учаскелер енгізіледі.
8. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі уәкілетті орган ведомствосының ресми интернет-ресурсында жыл сайын тиісті жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей жарияланады.
9. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері тізбеге енгізілген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа шығарылмайды.
10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін әлеуетті инвесторлардан өтінімдер келіп түспеген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11227 болып тіркелген) бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларына сәйкес конкурсқа шығарылады.
11. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге өтінімдердің келіп түсуіне қарай уәкілетті органның ведомствосы тізбеге енгізілген балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің мәртебелерін өзектендіруді жүргізеді.
Тізбеге енгізілген балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің мәртебелері:
1) "бос";
2) "инвестордан белсенді өтінім бар";
3) "инвесторға бекітіліп берілді" деп бөлінеді.
"Инвестордан белсенді өтінім бар" мәртебесі болғанда балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне өтінімдер уәкілетті органның ведомствосы ағымдағы өтінім бойынша шешім қабылдағанға дейін қабылданбайды.
2-параграф. Инвестициялық комиссия құру, оның функциялары және ұйымдастыру жұмыстары
12. Инвестициялық комиссия уәкілетті орган ведомствосының шешімі бойынша құрылады.
Инвестициялық комиссияның құрамына мыналардың өкілдері енгізіледі:
1) уәкілетті органның ведомствосы (басшының орынбасарынан төмен емес, комиссия төрағасы);
2) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (басшыдан төмен емес);
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы (балық шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес);
4) "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;
6) балықшылардың қоғамдық бірлестіктері мен балық шаруашылығы субъектілерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтары;
7) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (басшының орынбасарынан төмен емес).
Инвестициялық комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде жеті адамнан тұрады, тақ санды құрайды.
13. Инвестициялық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер дауыс беруге инвестициялық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысса және оған инвестициялық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып табылады.
Шешім қабылдау кезінде дауыстардың саны бірдей болған кезде шешуші дауыс инвестициялық комиссияның төрағасы дауыс берген нұсқамен айқындалады.
14. Инвестициялық комиссияның функцияларына мыналар жатады:
1) инвестор ұсынған өтінімді және құжаттарды қарау;
2) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту мақсатында балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды айқындау.
15. Инвестициялық комиссияның хатшысы уәкілетті орган ведомствосы қызметкерлерінің арасынан айқындалады және оның мүшесі болып табылмайды. Инвестициялық комиссияның хатшысы инвестициялық комиссия мүшелерін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, инвестициялық комиссияның отырысын ұйымдастырады.
3-параграф. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беруге өтінім беру тәртібі
16. Инвестор осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беруге арналған өтінімді уәкілетті органның ведомствосына жібереді.
Инвестор өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаның бизнес-жоспары (бұдан әрі – бизнес-жоспар);
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаның жұмыс бағдарламасы;
3) құрылтай құжаттарының көшірмесі;
4) инвестордың шотында осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мөлшерден кем емес көлемде ақша қаражатының болуы және (немесе) қалдығы туралы банктен және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан анықтама;
5) инвестордың салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
6) қайта өңдеу қуаттарын енгізуді және (немесе) қолданыстағы өндірістерді кеңейтуді және жаңартуды қоса алғанда, жаңа өндірістік объектілер салу туралы инвестордың кепілдік хаты.
17. Уәкілетті орган ведомствосы кеңсесінің қызметкері өтінім және қоса берілген құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындайтын уәкілетті орган ведомствосының басшысына жібереді.
Жауапты орындаушы құжаттар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды және тексереді. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған кезде инвесторды қайтару себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабардар етеді.
Қайтару себептерін жойғаннан кейін инвестор құжаттарды уәкілетті органның ведомствосына қайта енгізеді.
18. Инвестор құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның ведомствосы инвестициялық комиссияға балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды қарауға және айқындауға береді.
4-параграф. Инвестициялық комиссияның балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды қарау және айқындау тәртібі
19. Инвестициялық комиссия 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтінімді және қоса берілген құжаттарды қарайды.
20. Инвестициялық комиссияның төрағасы инвестициялық комиссия отырысының күнін, бірақ инвестициялық комиссия мүшелерінің құжаттарды қарау мерзімі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей белгілейді.
21. Инвестициялық комиссияның хатшысы инвестициялық комиссия мүшелерін белгіленген күн туралы хабардар етеді және инвестициялық комиссияның отырысын ұйымдастырады.
22. Инвестициялық комиссия отырыс қорытындысы бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді және балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды айқындайды.
23. Инвестициялық комиссия мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) инвестициялық жобаның құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиіс қаржы жылының 1 қантарына қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшерінен кем болғанда;
2) инвестордың Заңның 9-бабы 1-тармағының 65-2) тармақшасына сәйкес бекітілген инвесторға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес келмеуі;
4) балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаның жұмыс бағдарламасының осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес келмеуі;
5) инвестор ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы.
24. Инвестициялық комиссия осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мақсатында балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны айқындау жөніндегі инвестициялық комиссияның хаттамасына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны шешім қабылдау үшін уәкілетті органның ведомствосына жібереді.
3-тарау. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімді қабылдау тәртібі
25. Уәкілетті органның ведомствосы инвестициялық комиссияның хаттамасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы не балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
26. Шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосы инвесторды қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
27. Уәкілетті орган ведомствосының балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы оң шешімі болған жағдайда, инвестор хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық бюджетке балық шаруашылығын жүргізу үшін сома аударады.
Балық шаруашылығын жүргізу үшін соманың мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
N – балық шаруашылығын жүргізу үшін сома;
АЕК – ағымдағы жылға арналған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;
S – балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің ауданы, гектар.
28. Уәкілетті орган ведомствосының оң шешімі негізінде және осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген шарттарды орындау кезінде уәкілетті органның ведомствосы мен инвестор арасында балық шаруашылығын жүргізу үшін сома енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде "Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18158 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша қырық тоғыз жыл мерзімге шарт жасалады.
29. Инвестор шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9307 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау қағидаларына сәйкес биологиялық негіздеменің (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) әзірленуін қамтамасыз етеді.
30. Әзірленген биологиялық негіздеменің негізінде инвестор уәкілетті органның ведомствосымен келісу бойынша "Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын әзірлейді және бекітеді.
31. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі
№ | Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы | Орналасқан жері (координаттарын көрсете отырып) | Физикалық сипаттамасы (алаңы, ұзындығы, ені, тереңдігі) | Биологиялық сипаттамасы | Балық шаруашылығы қызметінің ұсынылатын түрі | Балық шаруашылығын жүргізу үшін соманың мөлшері* | Мәртебесі ("бос", "инвестордан белсенді өтінім бар", "инвесторға бекітіліп берілген") |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Ескертпе: * балық шаруашылығын жүргізу үшін соманың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне қарай өзгеруі мүмкін.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беруге арналған өтінім
Балық шаруашылығы саласындағы_________________________________
(жобаның толық атауы)
инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдынын
және (немесе) учаскесін бекітіп беру мүмкіндігін қарауды сұраймын.
Жоба түрі:
Жобаның мақсаты:
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында
балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінен қажетті
балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі:
Қоса берілетін құжаттар:
1) ______________________________________________;
2) ______________________________________________;
3) ______________________________________________;
4) ______________________________________________;
5) ______________________________________________;
6) ______________________________________________.
Күні _____________ Қолы ___________
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаның бизнес-жоспары
1. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:
1) жобаның түйіндемесі;
2) технологиялық бөлім;
3) коммерциялық бөлім.
2. Жобаның түйіндемесі мыналарды қамтиды:
1) заңды тұлға туралы ақпарат:
елін көрсете отырып, шетелдік қатысу үлесі;
2) жоба бойынша ақпарат:
жобаның атауы;
жобаның мақсаты;
болжанатын жобаның сипаты (жаңа өндірістерді құру);
құрылатын жұмыс орындарының саны (уақытша және тұрақты);
өңірдің бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі.
3. Технологиялық бөлім мыналарды қамтиды:
сатып алынатын және пайдаланылатын тіркелген активтерді, сондай-ақ технологиялық процестегі импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, жоба технологиясының сипаттамасы;
жобада заманауи технологиялардың қолданылуы.
4. Коммерциялық бөлім мыналарды қамтиды:
шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:
пайдаланылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;
қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;
технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні және моделі);
өтініш берушімен шарттық қатынастардың бар-жоғын көрсете отырып, технологиялық жабдық пен шикізатты жеткізушілер;
маркетинг:
өнімді өткізу – қандай өңірлерге;
төлемге қабілетті сұраныстың болуы, нарықтағы бәсекелестік дәрежесі.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Балық шаруашылығы саласындағы жобаның жұмыс бағдарламасы
№ | Жұмыс түрлері | Өлшем бірлігі | Құрылысжайларды салу және (немесе) пайдалану кезеңінде барлығы | Жылдар (бірінші, екінші және одан кейінгі жылдар) бойынша бөлу |
1. | Инвестициялар, барлығы | мың теңге | ||
2. | Құрылысжайларды салу және/немесе пайдалану, барлығы | мың теңге | ||
3. | Күрделі шығындар, барлығы | мың теңге | ||
4. | Эксплуатациялық шығындар, барлығы | мың теңге | ||
5. | Жанама шығыстар, барлығы | мың теңге | ||
6. | Өзге де эксплуатациялық шығыстары (негізгі баптарды ашып көрсете отырып) | мың теңге | ||
7. | Өндірістік және инфрақұрылымдық объектілер және оларды салу (тұрғызу) мерзімдері, қажет болған жағдайда (бар болса) | объектілер саны | ||
8. | Жоба бойынша және өнім түрлері бойынша жалпы жиынтық кіріс | мың теңге | ||
9. | Салық салынатын кіріс | мың теңге | ||
10. | Салық төлегеннен кейін кәсіпорынның иелігінде қалатын таза кіріс | мың теңге | ||
11. | Тәуекелдерді сақтандыру, барлығы | мың теңге | ||
12. | Жылдық өнімділік | Қолданылатын өлшем бірлігі / жыл |
Басшысының аты-жөні (бар болса) _____________________________
Күні _____________ Қолы ___________
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мақсатында балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны айқындау жөніндегі инвестициялық комиссияның хаттамасы
20__ жылғы "___" _________ ________________________________
(елді мекен)
1. _______________________________________________________
(инвестициялық комиссияны құру туралы шешімді көрсету, құжаттың күні және нөмірі)
құрылған комиссия құрамында:
_______________________________________ ‒ комиссия төрағасы;
_______________________________________ ‒ комиссия хатшысы;
комиссия мүшелері:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
2. Инвестициялық комиссия балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру жөніндегі ұсынылған құжаттарды қарап, мыналарды шешті:
1) балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беруді келісу (балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімі қоса беріледі);
2) балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беруден бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып, балық шаруашылығы субъектілерінің тізімі қоса беріледі).
3. Хаттаманың бір данасы шешім қабылдау үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіруді саласындағы уәкілетті органның ведомствосына жіберілсін.
Қолдары:
Комиссия төрағасы: ______________________________________
Комиссия мүшелері:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Хатшы: __________________________________________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 21 тамыздағы № 283 бұйрығына 2-қосымша |
Инвесторға қойылатын біліктілік талаптары
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру кезінде инвесторға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі болмауы;
2) шотында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде жүз елу мың еселенген мөлшері көлемінде ақшалай қаражаттың болуы;
3) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 2-1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген жеке және заңды тұлғалар үшін) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттарды тоқтату фактілері болмауы.