"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 27 тамыздағы № 419 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 тамызда № 34991 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Осы бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарындағы (бұдан әрі – ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. ЖЖОКБҰ МЖБС және кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарына сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.

      ЖЖОКБҰ жасанды интеллектіні қолдану бойынша құзыреттерді игеруге бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.

      ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламаларын әзірлеумен ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен құрылатын академиялық комитеттер айналысады, олардың құрамына академиялық персоналдың, жұмыс берушілердің, білім алушылардың өкілдері кіреді.

      Білім беру бағдарламаларының негізінде оқу жоспарлары (оқу жұмыс жоспарлары, студенттердің жеке оқу жоспарлары) қалыптастырылады және оқу пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) әзірленеді.

      ЖБП циклінің пәндерін қоспағанда, білім алушылар білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған оқыту траекториясын дербес айқындайды.

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын ЖЖОКБҰ модульдік оқыту қағидаты бойынша әзірлейді. ӘАОО-ларда білім беру бағдарламаларын әзірлеу қағидаты дербес айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін және ол ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрдің міндетін атқарушы
Т. Ешенкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады