"Жүйе құраушыларға жататын металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 350 бұйрығы және "Террористік тұрғыдан осал химия өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 311 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 тамызда № 35008 болып тіркелді

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Жүйе құраушыларға жататын металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32493 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жүйе құраушыларға жататын, металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақ 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "5) бейнебақылау жүйесі – өзара ақпараттық алмасуды жүзеге асыратын бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтаудың, сондай-ақ бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;".

      2. "Террористік тұрғыдан осал химия өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34125 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген террористік тұрғыдан осал химия өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақ 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "4) бейнебақылау жүйесі – өзара ақпараттық алмасуды жүзеге асыратын бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтаудың, сондай-ақ бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;".

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады