Жүйе құраушыларға жататын металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 350 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 мамырда № 32493 болып тіркелді.

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жүйе құраушыларға жататын металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 12 мамырдағы
№ 350 бұйрығына
қосымша

Жүйе құраушыларға жататын металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жүйе құраушыларға жататын металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-2-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға (бұдан әрі - Талаптар) сәйкес әзірленді және жүйе құраушыларға жататын металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруды айқындайды.

      Осы Нұсқаулық жүйе құрушыларға жататын металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілердің (бұдан әрі – металлургия өнеркәсібі объектілері) бірінші басшылары және өзге де лауазымды адамдары, осындай объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру кезінде оларды терроризмге қарсы қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін қызметкерлер сондай-ақ металлургия өнеркәсібі объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін зерделеу, тексеру және бағалау кезінде бақылаушы және атқарушы органдар үшін жұмыста пайдалануға арналған.

      2. Осы талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алғашқы ден қою шаралары – терроризм актісінің қатері немесе жасалғаны туралы уәкілетті мемлекеттік органдарды уақтылы хабардар етуге бағытталған, объект персоналы және күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері қабылдайтын бірінші кезектегі іс-шаралардың, сондай-ақ терроризм актісінің ықтимал салдарын барынша азайту және жою (шұғыл (алғашқы) ден қою күштерінің алғашқы және тергеу әрекеттерін жүзеге асыруына көмек көрсету, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, эвакуациялау және басқалары) жөніндегі іс-қимылдардың кешені;

      2) байланыс жүйесі – ақпаратты (ақпарат) беруге (алмасуға), объектінің күзет қызметінің жұмысын жедел басқаруға арналған техникалық құралдар мен арнайы бөлінген байланыс арналарының жиынтығы;

      3) бақылау-өткізу пункті – адамдарды және көлік құралдарын бақылауды, өткізуді, жете тексеруді қамтамасыз етуге арналған арнайы жабдықталған орын;

      4) бақылау-із кесу жолағы – беті табиғи күйде немесе арнайы өңдеуден кейін бұзушылардың ену іздерінің көрінетін таңбасы тіркеуді және сақтауды қамтамасыз ететін жергілікті жердің жолағы;

      5) бейнебақылау жүйесі – өзара ақпараттық алмасуды жүзеге асыратын бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтаудың, сондай-ақ бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;

      6) инженерлік-техникалық нығайтылу – объектіге не оның бөліктеріне санкциясыз енуге қарсы қажетті іс-қимылды қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер, инженерлік, техникалық құралдар және (немесе) олардың жиынтығы;

      7) жарықтандыру жүйесі – тәуліктің қараңғы уақытында бейнебақылау жүйесі үшін жарықтандырудың қажетті деңгейін және объектідегі адамдар мен көлік құралдарын көруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдар жиынтығы;

      8) күзетілетін аймақ (учаске) – күзетілетін аумақ, сондай-ақ объектіде бөлінген аймақтар (учаскелер), ғимараттардың (құрылыстар мен құрылысжайлардың) бөліктері, үй-жайлар және олардың құрылымдық элементтері;

      9) күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдар болатын ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория;

      10) кіруді шектеу құралдары – объектіге, оның ықтимал қауіпті учаскелеріне санкциясыз енуге кедергі келтіретін жабдық және (немесе) құралдар;

      11) кіруді бақылау және басқару жүйесі – кіруді бақылауға, объектіге және (немесе) оның жекелеген аймақтарына персонал мен келушілердің кіру және (немесе) шығу құқықтарын шектеуге, ақпаратты жинауға және сақтауға арналған, техникалық жағынан үйлесімді аппараттық құралдардың және (немесе) бағдарламалық қамтылымның жиынтығы;

      12) күзет дабылы жүйесі – күзетілетін аймаққа (учаскеге) санкциясыз енуді, күзетілетін аймақ (учаске) тұтастығының бұзылуын анықтауға, күзетілетін аймақ (учаске) тұтастығының бұзылуы туралы ақпаратты берілген түрде жинауға, өңдеуге, беруге және ұсынуға арналған, бірге жұмыс істейтін техникалық құралдардың жиынтығы;

      13) тойтару аймақтары – объектінің инженерлік қоршауларына тікелей іргелес жатқан аумақта орналасқан, құрылыстардан, ағаштардан, бұталардан және өзгелерден бос жергілікті жер учаскелері;

      14) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері – объектінің аумақтық бөлінген, жарылыс-өрт қаупі бар, қауіпті химиялық заттар, қару мен оқ-дәрілер, уытты заттар мен препараттар, технологиялық тізбектердің, жүйелердің, жабдықтардың немесе құрылғылардың элементтері қолданылатын, сақталатын немесе пайдаланылатын аймақтары (учаскелері), құрылымдық және технологиялық элементтері, объектінің қауіпті аймақтары, сондай-ақ объектідегі адамдар көп болуы, терроризм актісінің жасалуы өмір мен денсаулыққа залал келтіруі, аварияның, қауіпті әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соғатын төтенше жағдай қаупінің туындауы, кейіннен терроризм актісін жасауда пайдалану мақсатында қауіпті заттар мен материалдардың ұрлануы ықтимал орындар;

      15) объектілердің персоналы – объектінің, оның ішінде оның жалға алынған алаңдарында қызметін жүзеге асыратын басшылары, жұмысшылары, қызметкерлері;

      16) объектінің периметрі – құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес объектінің шекарасы;

      17) оқу (профилактикалық) іс-шаралары – персонал мен күзетті оқытудың алғашқы ден қою дағдыларын дарыту мақсатында нұсқамалар мен сабақтар түрінде жүзеге асырылатын алдын ала тәсілдері;

      18) өткізу режимі – адамдардың санкциясыз кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), мүлікті кіргізу (шығару), әкелу (әкету) мүмкіндігін жоққа шығаратын, белгіленген тәртіпті регламенттейтін қағидалар жиынтығы;

      19) аса қауіпті аймақ – терроризм актісі салдарынан қирауы объектінің қалыпты жұмыс істеуінің айтарлықтай бұзылуына, оның елеулі зақымдануына немесе ондағы аварияға әкеп соғуы мүмкін үй-жай, учаскелер және құрылымдық элементтер;

      20) таранға қарсы құрылғылар (бөгеттер) – көлік құралдарын мәжбүрлеп баяулатуға және (немесе) тоқтатуға арналған инженерлік-техникалық бұйымдар;

      21) терроризмге қарсы қорғалу паспорты – объект туралы жалпы және инженерлік-техникалық мәліметтер қамтылатын, оның терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін көрсететін және террористік тұрғыдан осал объектідегі терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, барынша азайту және (немесе) салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға арналған ақпараттық-анықтамалық құжат;

      22) телевизиялық күзет жүйесі – бұзушылықты анықтауға және тіркеуге арналған жабық үлгідегі телевизиялық жүйе болып табылатын бейнебақылау жүйесі;

      23) хабардар ету жүйесі – террористік тұрғыдан осал объектідегі тұлғаларды төтенше жағдайлар (авария, өрт, дүлей апат, шабуыл, террористік акт) кезіндегі дабыл және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар туралы жедел хабардар етуге (жарықпен және (немесе) дыбыстық хабарлауға) арналған техникалық құралдар жиынтығы.

      Осы талаптарда пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 28.08.2024 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Металлургия өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастырудың мақсаты терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін жағдайлар жасау (объект аумағында терроризм актісін жасау тәуекелін азайту) және ықтимал террористік қауіптердің салдарын барынша азайту және (немесе) жою болып табылады.

      4. Объектінің терроризмге қарсы қорғалуының жалпы қағидаттары:

      1) іс-шаралардың күні бұрын (алдын ала) өткізілуі – террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігін ескере отырып, алдын ала әзірленетін шаралар кешені;

      2) сараланған тәсіл – объектінің жұмыс істеуінің салалық ерекшеліктерін, оның орналасуын есепке алуға бағытталған тәсілдер жиынтығы;

      3) барабарлық – объектіде қолданылатын терроризмге қарсы шаралардың ықтимал террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігіне сай болуы;

      4) кешенділік – жоғарыда тізілген қағидаттарға сүйене отырып объектінің терроризмге қарсы қорғалуын құруға және қолда бар күштер мен құралдарды тартуға мүмкіндік беретін шаралар жиынтығы.

      5. Объектіде терроризм актісін жасауға кедергі келтіру (терроризм актісін жасау тәуекелін төмендету):

      1) ұлттық қауіпсіздік органдары айқындайтын ықтимал террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігін және олардың ықтимал салдарын ескере отырып, объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу;

      2) объектіде терроризм актісін жасауға ықпал ететін ықтимал себептер мен жағдайларды айқындау және оларды жою;

      3) қажетті инженерлік-техникалық құралдармен жарақтандыру;

      4) белгіленген өткізу режимін қамтамасыз ету;

      5) объект персоналы мен күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерін терроризм актісін жасау қатеріне алғашқы ден қоюға (терроризм актісін жасау белгілерін анықтау, бұл туралы басшылыққа, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға хабарлау) даярлауды (оқытуды) ұйымдастыру;

      6) терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету талаптарының сақталуын бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.

      6. Объектіде ықтимал террористік қатерлердің салдарын барынша азайту және (немесе) жою:

      1) терроризм актісінің жасалғаны туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік және (немесе) ішкі істер органдарын уақтылы хабардар ету;

      2) уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жедел басқару органдары террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ терроризм актісінің жасалуы салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді барынша азайту және (немесе) жою мәселелері бойынша оқу-жаттығулар, жаттығулар және эксперименттер өткізген кезде оларға объект персоналының қатысуы;

      3) объект персоналы мен күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерін террористік сипаттағы қатерлерге алғашқы ден қою дағдыларына оқыту;

      4) объектіде терроризм актісі жасалған жағдайда персонал мен келушілерді хабардар етуді және эвакуациялауды ұйымдастыру;

      5) террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын уақтылы жасау және өзекті күйде ұстау, оны тиісінше сақтау;

      6) негізгі құтқару, авариялық және өзге де қызметтер келгенге дейін адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, терроризм актісінің салдарын жоюға және барынша азайтуға бағытталған алғашқы ден қою шараларын ұйымдастыру үшін қажетті күштер мен құралдарды қалыптастыру;

      7) тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігін және объектінің (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газ жабдығы, өрт сөндіру), объект персоналы мен келушілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шараларды дайындау және ұйымдастыру, эвакуациялау жолдарын айқындау, персоналды қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, аталған қызмет учаскелері үшін жауапты адамдарды белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.

      7. Металлургия өнеркәсібі объектілері бірінші басшысының бұйрығымен террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін адам (адамдар) және (немесе) бөлімше (бөлімшелер) айқындалады (айқындалады).

      8. Металлургия өнеркәсібі объектілерінің бірінші басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары жалға берілетін ғимаратқа (үй-жайға) орналастырылған кезде жалдау шартында объектіні қорғауды жүзеге асыратын объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлейтін тараптарды айқындауды, объектіні қазіргі заманғы инженерлік-техникалық құралдармен жарақтандыруды, олардың үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды, өткізу режимін ұйымдастыруды және осы іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

      9. Туындаған террористік қатерлерге уақтылы және барабар ден қою және металлургия өнеркәсібі объектілерінде терроризм актілерінің жасалуының алдын алу үшін терроризм актісін жасау қатері туралы ақпарат алған кезде металлургия өнеркәсібі объектілерінің бірінші басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығымен бекітілген Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларына сәйкес және террористік қауіптіліктің белгіленген деңгейіне сәйкес шараларды жүзеге асырады.

      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қажет болған кезде осы талаптарды, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігінің қажетті деңгейлерін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, күзет, режимдік және өзге де шаралардың көлемі мен ерекшелігін ескере отырып, олар болатын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырудың қосымша талаптарын белгілейді.

2-тарау. Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      11. Өткізу режимін қамтамасыз ету үшін металлургия өнеркәсібі объектісінің басшысы, қажет болған кезде, күзет қызметі субъектісімен (Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері және (немесе) күзет қызметтерін көрсетуге, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуге лицензиясы бар жекеменшік күзет ұйымымен) азаматтық заңнамаға сәйкес "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасады.

      Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт болмаған кезде, металлургия өнеркәсібі объектісінің басшысы өткізу режимін тікелей орындауға жауапты адамдарды тағайындайды.

      12. Талаптардың 17-тармағына сәйкес өткізу режимін ұйымдастыру тәртібін металлургия өнеркәсібі объектісінің бірінші басшысы айқындайды.

      13. Өткізу режимі:

      1) металлургия өнеркәсібі объектісінің, металлургия өнеркәсібі объектісі персоналының және оған келушілердің қауіпсіздік деңгейін арттыруды;

      2) металлургия өнеркәсібі объектісіне бөгде адамдардың кіруін болдырмауды;

      3) металлургия өнеркәсібі объектісіне металлургия өнеркәсібі объектісі персоналына, металлургия өнеркәсібі объектісіне келушілерге, көлік құралдарына санкцияланған рұқсат беруді ұйымдастыруды;

      4) металлургия өнеркәсібі объектісін, металлургия өнеркәсібі объектісінің ықтимал қауіпті учаскелерін күзету, оның ішінде оларда бөгде адамдардың бақылаусыз болуын болдырмауды;

      5) тыйым салынған заттар мен заттектерді металлургия өнеркәсібі объектісіне кіргізуді (шығаруды), әкелуді (алып өтуді) болдырмауды қамтамасыз ету үшін орнатылады.

      14. Металлургия өнеркәсібі объектісі үшін өткізу режимін ұйымдастыру тәртібі мыналарды көздейді:

      1) металлургия өнеркәсібі объектісі персоналының жұмыс кестесі және оларды жұмыс және жұмыстан тыс уақытта өткізу тәртібі;

      2) келушілерді металлургия өнеркәсібі объектісіне өткізуді ұйымдасыру;

      3) материалдық құндылықтарды кіргізу (шығару), әкелуді (алып өту) ұйымдасыру;

      4) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес террористік тұрғыдан осал металлургия өнеркәсібі объектілеріне алып өтуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі;

      5) металлургия өнеркәсібі объектілерінің ықтимал қауіпті учаскелерінің тізбесі.

      15. Металлургия өнеркәсібі объектілерінің ықтимал қауіпті учаскелеріне оның жұмыс істеуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың шектеулі тобына ғана жол беріледі, осы аумақтағы басқа адамдарға металлургия өнеркәсібі объектісінде өткізу режимін ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамның жазбаша рұқсатымен ғана жол беріледі.

      16. Металлургия өнеркәсібі объектілерінде өткізу режимін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралар:

      1) металлургия өнеркәсібі объектісіне келген адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ адамдардың кіруіне (шығуына), көлік құралдарының кіруіне (шығуына), мүлікті алып кіруіне (алып шығуына), әкелуіне (әкетілуіне) құқық беретін құжаттарын тексеру;

      2) көлік құралдары кірген (шыққан) кезде, сондай-ақ металлургия өнеркәсібі объектісіне келген адамдардың қол жүгін олар кірген (шыққан) кезде оларды қарап-тексеруді жүргізу;

      3) күзетілетін аумақтар мен қоршауларға бөгде адамдардың және белгісіз заттардың болуына визуалды қарауды жүргізу.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.03.2024 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Металлургия өнеркәсібі объектісінде өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру тәртібі негізінде, оған тән ерекшеліктерді ескере отырып, металлургия өнеркәсібі объектісінің басшысы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі лауазымдық нұсқаулықты әзірлейді, ол мыналарды:

      1) металлургия өнеркәсібі объектісінің кіреберісінде жеке басты куәландыратын тиісті құжаттарды тексеруді;

      2) металлургия өнеркәсібі объектісінің аумағына көлік құралдарын өткізу кезінде әкелінетін жүктердің тиісті құжаттарын және сипатын тексеруді;

      3) металлургия өнеркәсібі объектісіне келушілердің құжаттарын және келу мақсатын тексеру, металлургия өнеркәсібі объектісіне келушілердің тізімін жүргізуді;

      4) металлургия өнеркәсібі объектілерінің аумағын ішкі үй-жайларды тексеру, металлургия өнеркәсібі объектілерінің периметрін қарап-тексеру және қоршаулардың бүлінуі тұрғысынан қарап-тексеру, бөгде, жарылыс қауіпті және күдікті заттарды анықтау тұрғысынан тұрақты аралап шығуды;

      5) барлық анықталған бұзушылықтар туралы металлургия өнеркәсібі объектісінің басшысына дереу хабарлауды көздейді.

3-тарау. Металлургия саласы объектілерінде профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      18. Профилактикалық іс-шаралардың мақсаты – металлургия өнеркәсібі объектісінде терроризм актісін жасауды барынша азайтуға ықпал ететін жағдайларды жасау.

      19. Оқу іс-шаралары металлургия өнеркәсібі объектілерінің қызметкерлерін терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларымен таныстыру, терроризм актісінің жасалу қаупі төнген кезде және ол жасалғаннан кейін сауатты және оңтайлы мінез-құлық дағдыларын пысықтау болып табылады.

      20. Профилактикалық және оқу іс-шаралары нұсқама, сабақ (практикалық және теориялық) түрінде:

      1) объектінің қызметкерлерімен;

      2) күзет қызметкерлерімен жүргізіледі.

      21. Объект персоналы қатарындағы күзет қызметкерлерімен және жұмыскерлермен профилактикалық және оқу іс-шараларын жоспарлауды объектінің терроризмге қарсы қорғанысы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адам жүзеге асырады.

      22. Осы іс-шараларды өткізуге объект орналасқан жердегі әкімшілік-аумақтық бірліктің терроризмге қарсы комиссиясымен келісім бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ объектінің неғұрлым дайындалған қызметкерлері тартылады.

      23. Күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері қатарынан күзет қызметкерлерімен осы іс-шараларды жоспарлауды күзет қызметі субъектісінің басшысы ұйымдастырады.

      24. Терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі профилактикалық және оқу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада келтірілген.

      25. Күзет қызметкерлерімен терроризмге қарсы қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану дағдыларын алу және (немесе) жетілдіру, үй-жайларды қарап тексеру техникасы, жарылғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.

      26. Оқу іс-шаралары персоналды терроризм актісі (актілері) жасалған немесе оның жасалу қаупі болған жағдайлардағы іс-қимылға, оның салдарынан қорғау тәсілдеріне, келушілер мен персоналды объектіден қауіпсіз әрі уақтылы эвакуациялауға оқытуды қамтамасыз етеді.

      27. Практикалық және теориялық сабақтар террористік тұрғыдан осал объектінің меншік иесі, иесі, басшысы (күзет қызметі субъектісінің басшысы) бекіткен өткізу кестесіне сәйкес жылына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      28. Терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі іс-шараларды өткізуге жауапты адам қызметкерлердің жекелеген топтары үшін олардың қызметін ескере отырып, іс-шаралар кестесін жасайды.

      29. Теориялық сабақтар қызметкерлер, металлургия өнеркәсібі объектілерін қорғау қызметкерлері арасында терроризм идеологиясының таралуының алдын алуға, терроризм идеологиясының әртүрлі көріністерінде, қауіпсіздік мәдениетінде қабылданбауын қалыптастыруға бағытталады.

      30. Практикалық сабақтар қызметкерлердің, металлургия өнеркәсібі объектілерін күзету қызметкерлері іс-қимылдарының барынша үйлесімділігін және анықтығын қамтамасыз етуге бағытталады.

      31. Объектінің үй-жайларында және аумағында терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар объектінің барлық ұжымын қамти отырып, терроризмге қарсы комиссияның үйлестіруі кезінде жылына кемінде бір рет өткізіледі.

      32. Объектінің барлық ұжымын қамти отырып, практикалық сабақтарды өткізу алдында осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объектілердің әртүрлі адамдар тобының іс-қимыл алгоритмдерін білуін қалыптастыруға бағытталған қызметкерлердің, күзет қызметкерлерінің жекелеген топтарымен теориялық сабақтар, жоспарлы нұсқамалар өткізу жүргізіледі.

      33. Нұсқама жүргізу қызметкерлерді лаңкестікке қарсы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларымен таныстыруға, сауатты және ұтымды мінез-құлық дағдыларын дамытуға арналған.

      34. Жоспарлы нұсқама нысана ұжымының әрбір тобы (жұмыскерлер, күзет қызметкерлері) үшін жылына кемінде екі рет өткізіледі.

      35. Жоспардан тыс нұсқама:

      1) "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына (бұдан әрі – Хабардар ету қағидалары) сәйкес объект орналасқан өңірде террористік қауіптілік деңгейінің бірін енгізу бойынша: бірқалыпты ("сары")), жоғары ("қызғылт сары"), қауіпті ("қызыл") объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адамды үйлестіру кезінде;

      2) объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адамды үйлестіру кезінде объектіде терроризм актісін жасаудың ықтимал қатері туралы ақпараттың болуы;

      3) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабты үйлестіру кезінде терроризмге қарсы оқуға, жаттығуларға, металлургия өнеркәсіптерінде объектілік эксперименттерге дайындық;

      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін үйлестіру кезінде күзет іс-шараларын өткізуге дайындық.

      36. Жоспардан тыс нұсқама жеке немесе жұмыскерлер тобына жүргізіледі. Жоспардан тыс нұсқаманың мазмұны әрбір нақты жағдайда оны өткізу қажеттігін туындатқан себептер мен мән-жайларға байланысты айқындалады.

      37. Профилактикалық және оқу іс-шараларын өткізу үшін барлық немесе қызметкерлердің белгілі бір тобын сыйғызатын үй-жай пайдаланылады, онда арнайы көрнекі ақпаратты (стендтер, плакаттар), тақырыптық слайдтарды көрсету үшін проектор, аудиотехниканы немесе бейнетехниканы пайдалану үшін орындар бөлінеді.

      38. Нұсқамалар мен сабақтарды өткізу туралы осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша терроризмге қарсы қорғау жөніндегі оқу іс-шараларын есепке алу журналына жазба жүргізіледі.

      39. Журнал тігіледі және мөрмен, сондай-ақ бірінші басшының қолымен бекітіледі. Журналды толтыру қатаң жүйелілікті сақтай отырып жүргізіледі.

      40. Журналды жүргізу және объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін металлургия өнеркәсібі объектісінің бірінші басшысы жауапты тұлғаны айқындайды.

      41. Персонал саны көп (20 адамнан астам) объектілер үшін көрсетілген іс-шаралардың өткізілуін құжаттандыру хаттама немесе анықтама түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

4-тарау. Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      42. Өзара іс-қимыл терроризм актілерінің профилактикасы және алдын алу, объектіде терроризм актісі қаупі төнген немесе жасалған жағдайдағы іс-әрекеттерге қызметкерлерді, объектіні күзету қызметкерлерін оқыту және даярлау мақсатында ұйымдастырылады.

      43. Терроризмге қарсы комиссиямен өзара іс-қимыл объект үшін террористік сипаттағы неғұрлым ықтимал қатерлерді нақтылау арқылы профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын жоспарлау кезеңінде белгіленеді.

      44. Объектідегі террористік сипаттағы неғұрлым ықтимал қатерлерге, объектінің ерекшеліктеріне (объектінің түрі, іске асырылатын оқыту бағдарламалары, қызметкерлер мен күзет қызметкерлерінің саны, объектінің орналасуы) сүйене отырып, объектіде осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада келтірілген объект адамдарының әртүрлі тобының террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге әрекет ету алгоритмдері нақтыланады.

      45. Аталған алгоритмдер уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілетін практикалық сабақтар, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың жоспарларына сәйкес өткізілетін терроризмге қарсы әртүрлі деңгейдегі оқу-жаттығуларды, жаттығуларды дайындау мен өткізу, объектінің терроризмге қарсы қорғалуын бағалау (эксперимент) барысында пысықталады.

      46. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб объектіні терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, жаттығулар өткізуге, терроризм актісінің жасалуына кедергі келтіруге және оның салдарларын барынша азайтуға (жоюға) металлургия өнеркәсібі объектісіне бағалау жүргізуге жұмылдырған жағдайда, объектінің басшысы, сондай-ақ объектіге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің басшысы объектіге жәрдем көрсетеді, көрсетілген іс-шараларды өткізуге қызметкерлердің, күзет қызметкерлерінің қажетті топтарын тартуды және олардың қатысуын қамтамасыз етеді.

      47. Терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды өткізу, объектінің терроризмге қарсы қорғалуын бағалау (эксперимент) қорытындылары бойынша тиісті жоспарларға, графиктерге және алгоритмдерге түзетулер енгізіледі.

      48. Террористік көріністерге ден қою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын терроризм актілерін дайындау фактілері мен белгілері туралы уақтылы хабардар ету және оларға жол бермеуге бағытталған шараларды іске асыру болып табылады.

      49. Терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қауіптеріне әрекет ету дайындығын қамтамасыз ету шеңберінде объектіге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан объектілердің басшылары, күзет қызметі субъектілерінің басшылары алғашқы әрекет ету алгоритмдерін әзірлейді:

      1) терроризм актісінің (актілері) жасалу қатері немесе жасалуы туралы Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын дереу хабардар ету бойынша;

      2) терроризм актісінің (актілері) жасалу қаупі немесе жасалуы туралы уәкілетті мемлекеттік органдардан ақпарат алған кезде;

      3) терроризмнің жасалған актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді азайтуға және жоюға бағытталған алғашқы ден қою іс-шараларын орындау бойынша.

      50. Металлургия өнеркәсібі объектілерінің басшылары, қызметкерлері, күзет қызметкерлері терроризм актісін жасау кезінде немесе оның жасалу қаупі туралы аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарын, ішкі істер органдарының бөлімшелерін және өзге де мүдделі тұлғаларды осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада ұсынылған террористік сипаттағы болжамды қатерлерге объектілердегі әртүрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдерге сәйкес хабардар етеді.

      Ақпаратты ұсынған кезде терроризм актісінің жасалғаны туралы немесе оның жасалу қаупі туралы алынған мәліметтер, объектінің атауы мен мекенжайы, оқиғаның уақыты, зардап шеккендердің бар-жоғы, олардың орналасқан жері мен жай-күйі, хабар беруші адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) және оның лауазымы көрсетіледі.

      Толық деректердің жоқтығы жауапты тұлғаларды тез арада баяндама жасаудан босатпайды.

      51. Террористік қауіптіліктің белгіленген деңгейіне сәйкес террористік тұрғыдан осал металлургия өнеркәсібі объектілерінің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе лауазымды адамдары хабардар ету Қағидаларына сәйкес мынадай қауіпсіздік шараларын қолданады:

      1) террористік қауіптіліктің "сары" деңгейінде:

      металлургия өнеркісібі объектісінде өткізу режимін күшейту;

      арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, келушілерді, персоналды және көлік құралдарын тексеріп қарау іс-шараларын жүргізу барысында режимдік шараларды күшейту;

      алынған ақпаратқа қарай тиісті саладағы мамандарды тарта отырып, күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілеріне, дағдарыс жағдайларын оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын объектілердің персоналына, қызметшілері мен жұмыскерлеріне нұсқама беру;

      персоналды терроризм актісінің жасалу қаупі және қажетті іс-қимылдар туралы хабардар ету;

      шұғыл немесе шұғыл нысанда медициналық көмек көрсету, сондай-ақ терроризм актісі нәтижесінде физикалық зиян келтірілген адамдарды медициналық эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша объектінің мүмкіндіктерін бағалау;

      2) террористік қауіптіліктің жоғары ("қызғылт сары") деңгейінде (террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі белгіленген кезде қабылданатын шаралармен қатар):

      объект персоналы мен бөлімшелерінің қауіпті жағдайларды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын дайындығын тексеру және олардың терроризм актісінің жолын кесу және адамдарды құтқару жөніндегі ықтимал іс-қимылдарын пысықтау;

      күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің объектілерді, қауіпті жағдайларын оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын объектілердің персоналын, қызметшілері мен қызметкерлерін күзетуді күшейту;

      объект аумағы бойынша көлік құралдарының жүруін бақылауды күшейту, қару мен жарылғыш заттарды анықтаудың техникалық құралдарын қолдана отырып, көлік құралдарына тексеріп қарауды жүргізу;

      терроризм актісі нәтижесінде физикалық және моральдық залал келтірілген адамдарды қабылдауға объектінің жоғары дайындық режиміне келтіру;

      3) террористік қауіптіліктің шекті ("қызыл") деңгейі белгіленген кезде (террористік қауіптіліктің "сары" және "қызғылт сары" деңгейлері енгізілген кезде қолданылатын шаралармен қатар):

      адамдарды құтқару жөнінде шұғыл шаралар қабылдау, құтқару қызметтері мен құралымдарының үздіксіз жұмыс істеуіне жәрдемдесу;

      объектіні төтенше режим жағдайына аудару.

5-тарау. Террористік тұрғыдан металлургия өнеркәсібі объектісінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеуге және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптар

      52. Паспорт қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтитын құжат болып табылады.

      Металлургия өнеркәсібі объектілерінде объектілердің басшылары оны әзірлеуге жұмылдырылмаған адамдардың паспортқа қол жеткізуін шектеу, объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету, объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың қызметі бойынша шаралар қабылдайды.

      53. Паспорт терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мүдделі органдар объектідегі терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлаған кезде оларды пайдалануға арналған.

      54. Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты (бұдан әрі – паспорт) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына (бұдан әрі-үлгілік паспорт) сәйкес екі данада жасалады, электрондық нұсқасы қатар әзірленеді.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.03.2024 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Объектінің басшысы болып паспортты әзірлеуге, оның сақталуына және паспорттың деректерін уақтылы жаңартуға жауапты (жауапты) адам (адамдар) тағайындалады.

      56. Объект бірнеше құқық иеленушісі бар ғимаратта, құрылыста (ғимараттар мен құрылыстар кешенінде) орналасқан жағдайларда, паспорт жасау олардың арасындағы жазбаша келісім бойынша: объектілердің барлық құқық иеленушілерімен немесе олардың бірімен бірлесіп жүзеге асырылады.

      57. Паспорттың жобасы объектінің басшысы объектіні террористік тұрғыдан осал объектілердің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) енгізу туралы тиісті хабарламаны алған кезден бастап қырық бес жұмыс күні ішінде жасалады.

      58. Паспортты 57-тармақта көрсетілген мерзімде әзірлеу мүмкін болмаған жағдайда (объектінің күрделілігін ескере отырып) объектінің басшысы терроризмге қарсы комиссияның аппаратына (бөліміне) паспортты жасау мерзімін ұзарту туралы негізделген өтініш жібереді.

      59. Аумақтық тізбеге енгізілген объект паспортының жобасы жасалғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде үлгілік паспортта көрсетілген лауазымды адамға келісуге жіберіледі.

      60. Келісілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде паспортты объектінің құқық иеленушілері болып табылатын ұйымның, ұйым бөлімшесінің бірінші басшысы бекітеді (оның ішінде оны жаңарту кезінде).

      Бірлесіп жасаған кезде паспортты металлургия өнеркәсібі объектілерінің барлық құқық иеленушілері бекітуге тиіс.

      61. Паспорттың көшірмелерінің (электрондық көшірмелерінің) саны және оларды объектінің басқа құқық иеленушілеріне жіберу олардың құқық иеленушілері арасындағы жазбаша келісіммен айқындалады.

      62. Ведомстволық тізбеге енгізілген объект паспортының жобасы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, нұсқаулықта белгіленген лауазымды адаммен келісіледі.

      63. Паспорттың бірінші данасы (түпнұсқасы) қолжетімділік шектеулі ақпаратпен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес объектінің құқық иеленушісі болып табылатын ұйым басшысының бұйрығымен айқындалған жауапты адамда немесе объектінің бөлімшесінде сақталады.

      64. Паспорттың екінші данасы және паспорттың электрондық нұсқасы (PDF форматында электрондық ақпарат тасығышта) ол бекітілген немесе түзетілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде сақтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.

      65. Паспорт төмендегі жағдайлар өзгерген кезде түзетуге жатады:

      1) меншік құқығы;

      2) металлургия өнеркәсібі объектісі басшысының;

      3) объектінің атауы;

      4) металлургия өнеркәсібі объектісінің негізгі мақсаты;

      5) егер конструкциясына өзгерістер жүргізілген болса, объектінің, іргелес аумақта құрылыс салудың жалпы алаңы мен периметріне немесе үйлерді (құрылыстар мен ғимараттарды) және инженерлік жүйелерді күрделі жөндеу, реконструкциялау аяқталғаннан кейін;

      6) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері;

      7) объектінің террроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін тартылатын техникалық құралдар;

      66. Паспортқа түзетулер енгізу оны өзгерту себебі туындаған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жекелеген жағдайларда терроризмге қарсы комиссияның шешімі бойынша объектінің күрделілігіне және енгізілетін өзгерістерге қарай өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін.

      67. Паспортқа объектінің құқық иеленушісі болып табылатын ұйым басшысының немесе ұйымның паспортқа қол қоюға уәкілеттік берген тұлғасының қолымен куәландырылған өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер болған паспорттың элементтері ғана ауыстырылуға жатады.

      Бір мезгілде объект басшысының қолы қойылған тиісті өзгерістер туралы ақпарат паспорттың электрондық нұсқасын бір мезгілде ауыстыра отырып, паспорттың екінші данасына қоса тіркеу үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жіберіледі.

      68. Паспорт:

      1) кемінде бес жылда бір рет;

      2) паспорт мәтіні тармақтарының жартысынан астамына түзетулер енгізген жағдайда толық ауыстыруға жатады.

      69. Күші жойылған паспорт тиісті акті жасала отырып, комиссиялық тәртіппен жойылуға жатады.

      Акт объектінің құқық иеленушісі болып табылатын ұйымда қалады.

      Актінің көшірмесі паспорттың екінші данасын сақтау орны бойынша жіберіледі.

6-тарау. Террористік тұрғыдан осал металлургия өнеркәсібі объектілерін инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға қойылатын талаптар

      70. Объектілерді жарақтандыру үшін мынадай инженерлік-техникалық құралдар пайдаланылады:

      1) объектінің периметрін рұқсатсыз кіруді жоққа шығаратын және объектінің режимдік шарттарын қанағаттандыратын жабдықтау бойынша: объектінің периметрін, аймақтары мен жекелеген учаскелерін қоршау (физикалық кедергі); бақылау-өткізу пункттері; таранға қарсы құрылғылар (оның ішінде вазондар, сәулет, ландшафт элементтері, боллардтар және басқалар); объектінің ғимараттары, құрылысжайлары қабырғаларының, оның терезе ойықтарының күшейтілуі; кіруді бақылау және басқару, кіруді шектеу құралдары, тексеріп қарау, жарықтандыру жүйелері мен құралдары; тойтару аймақтары, бақылау-із кесу жолақтары; бақылау мұнаралары, сыртқы периметрді өзге бақылау жүйелері;

      2) объектідегі ахуалды бақылау бойынша: байланыс, хабарлау, күзет және дабыл сигнализациясының жүйелері мен құралдары (оның ішінде дабыл берудің ұтқыр не стационарлық құралдары – "дабыл түймелері"), телевизиялық күзет жүйелері, пилотсыз ұшу аппараттарына қарсы іс-қимыл жүйелері;

      3) қауіпсіздік жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін: резервтік, үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелері мен құралдары.

      Металлургия өнеркәсібі объектілерін осы тармақта тікелей көрсетілмеген, бірақ дәл сол міндеттер мен функцияларды орындайтын немесе дәл сол мақсаттарға сай келетін өзге де инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға жол беріледі.

      71. Металлургия өнеркәсібінің барлық объектілері міндетті түрде телевизиялық күзет жүйелерімен және хабарлау жүйелерімен жарақтандырылады.

      Объектінің телевизиялық күзет жүйелеріне кіретін бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 тіркелген) (бұдан әрі – Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары) көзделген бейнебақылау жүйелерінің төменгі техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.

      72. Объектіні салуды, реконструкциялауды, жаңғыртуды, күрделі жөндеуді жобалау кезінде объектінің меншік иесіне, иесіне (оның ішінде әлеуетті) объектінің объектіні террористік тұрғыдан осал металлургия өнеркәсібі объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкестігін айқындау және қажет болған жағдайда тиісті инженерлік-техникалық жарақтандыруды көздеу қажет.

      73. Бірінші басшының немесе өзге де лауазымды адамдарының шешімі бойынша объектіде қосымша инженерлік-техникалық жабдық орнатылуы мүмкін.

      74. Жобалау және объектілерді инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыру үшін металлургия өнеркәсібі объектілерінің бірінші басшылары оның ықтимал қауіпті учаскелерін анықтайды.

      Осы учаскелерге апаратын бағыттарда инженерлік-техникалық жарақтандырудың барынша тығыздығы қамтамасыз етіледі.

      75. Объектіні инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыру жөніндегі іс-шаралардың аяқталу мерзімі келесі сәттен бастап алты айдан аспайды:

      1) аумақтық тізбелерге кіретін объектілер үшін объектіге террористік тұрғыдан осал мәртебе беру туралы хабарлама алу;

      2) ведомстволық тізбеге кіретін объектілер үшін объектіге террористік тұрғыдан осал мәртебе беру.

      76. Күзетілетін объектілерді инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруды аяқтау мерзімдерін мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және объекті иелерімен келісу бойынша Терроризмге қарсы комиссия белгілейді.

      Бұл ретте, объектішілік бейнебақылау жүйелерін Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосу мерзімдері Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында белгіленеді.

      Мыналар үшін өзге де мерзімдер белгіленуі мүмкін:

      1) аумақтық тізбеде тұрған объектілер үшін – объектінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін комиссиялық тексеруден кейін әкімдік жанындағы терроризмге қарсы комиссияның келісімі бойынша;

      2) ведомстволық тізбелерде тұрған объектілер үшін – объектінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін комиссиялық тексеруден кейін.

      77. Объектіні инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды аяқтау мерзімі ықтимал қауіптілік дәрежесіне, терроризм актілерін жасау қаупіне, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты және бюджеттен тыс көздер қаражаты есебінен тиісті іс-шараларды орындауға арналған қаражат шығыстарының болжамды көлеміне сүйене отырып белгіленеді.

      78. Нысанның инженерлік-техникалық жабдықтары әрқашан жұмыс күйінде сақталуы керек.

      79. Металлургия өнеркәсібі обьектілерін және мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді жарақтандыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.

  Террористік тұрғыдан осал
металлургия өнеркәсібі
объектілерін терроризмге қарсы
қорғауды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

Металлургия өнеркәсібі объектілері үшін терроризмге қарсы қорғау саласындағы құжаттар тізбесі

      1. Ұйымда терроризмге қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрық (функционалдық міндеттерін көрсете отырып) не лауазымдық нұсқаулық, оның ішінде терроризмге қарсы қорғау жөніндегі нұсқамаларды өткізуге жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрық.

      2. Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын есепке алу журналы.

      3. Бастапқы әрекет ету алгоритмдері:

      1) терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қатері немесе жасалуы туралы Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын дереу хабардар ету бойынша;

      2) терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қаупі немесе жасалуы туралы уәкілетті мемлекеттік органдардан ақпарат алған кезде;

      3) қызметкерлердің, күзет қызметкерлерінің қаруды, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған бөлшектерді ұрлаудың, заңсыз сатып алудың белгілі болған фактілері туралы, сондай-ақ олардың сақталатын орындары туралы аумақтық ішкі істер органдарын уақтылы хабардар ету қағидаттарына негізделеді.

      4. Террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге объектінің әр түрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдері.

      5. Күзет бөлімшелерінің, күзетшілердің (вахтерлердің) (ол болған кезде) кезекшілікті қабылдау, тапсыру, аумақты, үй-жайларды аралау журналы.

      6. Мекеменің қауіпсіздік паспорты, қауіпсіздік паспортын сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық.

      7. Өрт кезінде, терроризм актісінің қаупі және өзге де төтенше жағдайлар туралы ақпарат алған жағдайда мекеме қызметкерлері мен келушілерін эвакуациялау жоспарлары мен тәртібі.

      8. Жаттығуларды өткізу кестесімен ғимараттардан (құрылыстардан) жұмыскерлер мен келушілерді қауіпсіз және уақтылы эвакуациялау бойынша оқу-жаттығуларды, жаттығуларды өткізу туралы бұйрық.

      9. Террористік акт жасау қаупі төнген немесе ол жасалған кезде мекеме қызметкерлерін қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарға оқыту бағдарламалары, хаттамалары.

      10. Мекемені күзетуге арналған шарттар (бірінші кіші түрдің күзет қызметін жүзеге асыруға, "күзет қызметінің барлық түрлері, оның ішінде террористік тұрғыдан осал металлургия өнеркәсібі объектілерді күзету" лицензияларының көшірмелері), күзет сигнализациясы, бейнебақылау жүйелеріне, дабыл сигнализациясы түймелеріне қызмет көрсету.

      11. Террористік қауіптілік деңгейлерін белгілеу кезінде объектілер басшыларының (меншік иелерінің) іс-қимылдары жөніндегі нұсқаулық.

      12. Террористік қауіптілік деңгейін белгілеу кезінде мекеме қызметкерлерін хабардар ету схемасы.

  Террористік тұрғыдан осал
металлургия өнеркәсібі
объектілерін терроризмге қарсы
қорғауды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

Металлургия өнеркәсібі объектілеріне алып өтуге тыйым салынған нәрселер мен заттардың тізбесі

      1. Қару:

      1) атыс қаруы;

      2) травматикалық, газды және жарық-дыбыстық әсер ететін патрондары бар ұңғысыз;

      3) суық қару, сондай-ақ суық қаруға жатпайтын әртүрлі пышақтар;

      4) лақтыратын қару;

      5) пневматикалық;

      6) газды;

      7) электрлік;

      8) белгі беру;

      9) зақымдаушы әсері радиоактивті сәулелену мен биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару мен заттар;

      10) зақымдайтын әсері электромагниттік, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген қару мен заттар;

      11) жоғарыда санамаланған қару түрлерін имитациялайтын заттар;

      12) қару ретінде пайдаланылатын заттар (соққы-жару, лақтыру және тесу-кесу әрекеттері);

      13) қаруға оқ-дәрілер және оның құрамдас бөліктері.

      3. Заттар:

      1) есірткі заттары;

      2) психотроптық құралдар;

      3) алкоголь өнімдері.

  Террористік тұрғыдан осал
металлургия өнеркәсібі
объектілерін терроризмге қарсы
қорғауды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

Сабақ тақырыптарының нұсқалары

      1. Оқу сабақтары (теориялық) тақырыптарының нұсқалары:

      терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заңнаманың негізгі талаптары;

      терроризмнің мәні мен қоғамдық қауіптілігі, террористік сипаттағы әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік;

      террористік қауіптің ықтимал көздері туралы хабарлау;

      террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге металлургия өнеркәсібі объектілерінің әр түрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдерін тағайындау және олармен жалпы танысу.

      2. Нұсқаулық тақырыптарының нұсқалары:

      объектінің әрбір қызметкерін терроризм актісін жасау немесе объект аумағы шегінде оның жасалу қаупі жағдайында дербес мінез-құлық тәртібімен және іс-қимылдармен егжей-тегжейлі таныстыру;

      эвакуациялау кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы пациенттерді, білім алушыларды және объектіге келушілерді таныстыру.

      3. Практикалық сабақтар тақырыптарының нұсқалары:

      Металлургия өнеркәсібі объектісі қызметкерлерінің, күзет қызметкерлерінің практикалық іс-қимылдарын пысықтау:

      1) иесіз заттар мен күдікті заттарды табу мақсатында үй-жайларды қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша;

      2) иесіз заттар, күдікті заттар табылған және миналау туралы хабар алған кездегі іс-әрекеттер;

      3) иесіз заттар, күдікті заттар табылған және объектіні миналау туралы хабар алынған кезде ішкі істер органдарын, уәкілетті органдарды хабардар ету тәртібі бойынша;

      4) персоналды және объектіге келушілерді хабардар етуді ұйымдастыру бойынша;

      5) объект персоналы мен келушілерін эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша;

      6) адамдарды эвакуациялау кезінде іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша.

  Нұсқаулыққа
4-қосымша

Террористік сипаттағы ықтимал қауіптерге әртүрлі адамдар объектілер іс қимылдарының алгоритмдері

      1-бөлім. Объектінің қызметкерлері мен келушілеріне қарулы шабуыл жасау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі

      1. Келушілердің әрекеттері:

      қорғану: ғимараттан абайлап кету немесе үй-жайға баспана беру, есікті құлыптау, тәртіп сақшыларының келуін күту;

      мүмкіндігінше құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объектінің басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабардар етуге міндетті.

      2. Қызметкерлердің әрекеттері:

      мүмкіндігінше құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объектінің басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабардар етуге;

      мүмкіндігінше келушілерді эвакуациялау;

      қорғану: ғимараттан абайлап кету немесе үй-жайға баспана беру, есікті құлыптау, тәртіп сақшыларының келуін күту.

      3. Объектіні күзету әрекеттері:

      қарулы шабуылдаушыны анықтау;

      мүмкіндігінше оның объектідегі адамдардың жаппай болатын жерлеріне қарай жылжуына тосқауыл қою;

      объектінің, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардың басшылығына қарулы шабуыл фактісі туралы кез келген тәсілмен хабарлау;

      объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау (эвакуация, ішкі кедергілерді бұғаттау және басқалар);

      өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      4. Нысан басшылығының әрекеттері:

      құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы шабуылдың фактілері мен мән-жайлары туралы дереу хабардар ету;

      объектіде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді бұғаттау, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар);

      терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимыл.

      2-бөлім. Кепілге алу кезіндегі әрекеттер алгоритмі

      5. Келушілердің әрекеттері:

      қорғану: кепілге алынбау, ғимараттан абайлап кету немесе үй-жайға баспана беру, есікті құлыптау, тәртіп сақшылары келгенге дейін немесе ғимараттан кету үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      мүмкіндігінше құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды кепілге алу жағдайлары мен шабуылдаушылар (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап националь, ұлты және басқалары) туралы кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілдендірілген қамтамасыз ету шартымен ғана хабардар етуге міндетті.

      6. Объект персоналының іс-әрекеттері:

      қорғану: кепілге алынбау, ғимараттан абайлап кету немесе үй-жайға баспана беру, есікті құлыптау, тәртіп сақшылары келгенге дейін немесе ғимараттан кету үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      мүмкіндігінше құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды кепілге алу жағдайлары мен шабуылдаушылар (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап националь, ұлты және басқалары) туралы кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілдендірілген қамтамасыз ету шартымен ғана хабардар етуге міндетті.

      7. Объектіні күзету әрекеттері:

      қарулы шабуылдаушыны (ларды) анықтау;

      мүмкін болса, оның объектідегі адамдардың жаппай болатын жерлеріне қарай жылжуына тосқауыл қою;

      объектінің басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға кепілге алуға оқталу фактілері мен мән-жайлары туралы кез келген қолжетімді тәсілмен хабарлау;

      объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау (эвакуациялау, зиянкестердің жолындағы ішкі кедергілерді бұғаттау және басқалар);

      қауіпсіздікті қамтамасыз ету (кепілге алудан және басқалардан аулақ болу).

      8. Нысан басшылығының әрекеттері:

      құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарды және (немесе) үшінші тұлғаларды кепілге алу әрекетінің фактілері мен мән-жайлары туралы қолжетімді тәсілмен дереу хабардар ету;

      мүмкіндігінше объектіде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді бұғаттау, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар);

      мүмкіндігінше терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

      9. Кепілге алынған адамның әрекеттері:

      тынышталу, үрейленбеу, тыныш дауыспен сөйлесу;

      басқыншылардың көзіне қарамау, арандатушылықпен әрекет етпеу. Басқыншыларды физикалық күш немесе қару қолдануға итермелейтін әрекеттерге жол бермеу;

      басқыншылардың талаптарын орындау, оларға қайшы келмеу, ашуланшақтық пен дүрбелеңге жол бермеу;

      басқыншыларға жеккөрушілік пен немқұрайлылық білдірмеу;

      басынан бастап (әсіресе бірінші сағатта) басқыншылардың барлық нұсқауларын орындау, басқыншылардан кез келген әрекетті орындауға рұқсат сұрау;

      өз мінез-құлқымен басқыншылардың назарын аудармау, белсенді қарсылық көрсетпеу;

      егер қашудың сәттілігіне толық сенімділік болмаса, жүгіруге тырыспау;

      басқыншылар туралы мүмкіндігінше көп ақпаратты есте сақтау (саны, қару-жарақ, сыртқы түрі, дене бітімі, екпін, әңгіме тақырыбы, темперамент, мінез-құлық);

      орналасқан жеріңізді анықтауға тырысу;

      мүмкін болса, кез-келген қол жетімді байланыс әдісін қолдана отырып, өмірге қауіп төндірмей, сақтық танытып, болған жағдай туралы құқық қорғау органдарына немесе арнайы органдарға, қауіпсіздік бөліміне немесе объектіні қорғау қызметіне хабарлауға тырысу;

      күш пен денсаулықты сақтау үшін қандай тағам болса да, оны назардан тыс қалдырмау;

      жарақат алған кезде өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысу;

      басқыншылар өздерін басқаруды тоқтатса да, үрейленбеу;

      үй-жайға шабуыл жасау, басқыншыларды жеңу үшін мергендерді ату жағдайында өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында терезелерден, есіктерден және басқыншылардың өздерінен алыс орналасады;

      арнайы бөлімшелердің қызметкерлері кепілге алынғандарды босату жөніндегі операцияны жүргізген кезде мынадай талаптарды сақтау қажет:

      еденге төмен қаратып жатып, қабырғаға баса отырып, басыңызды қолыңызбен жауып, қозғалмау;

      арнайы бөлімшелердің қызметкерлерімен немесе олардан кездесуге жүгірмеу;

      мүмкіндігінше есіктер мен терезелердің саңылауларынан аулақ болу;

      егер шабуыл кезінде (жеке басын анықтағанға дейін) ықтимал басқыншы сияқты дұрыс жасалмаса, ашуланбау. Босатылған кепілге алынған адамды іздеуге, кісендеуге, байлауға, эмоционалды немесе физикалық жарақат алуға, жауап алуға болады. Бұған түсіністікпен қарау керек, өйткені мұндай жағдайларда арнайы бөлімшелердің мұндай әрекеттері (барлық адамдарды түпкілікті сәйкестендіруге және шынайы қылмыскерлерді анықтауға дейін) негізделген.

      3-бөлім. Жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды салу кезіндегі әрекеттер алгоритмі

      10. Жарылғыш құрылғыны көрсететін белгілер:

      табылған затта сымдардың, арқанның, электр таспаның болуы;

      күдікті дыбыстар, шертулер, зат шығаратын сағаттар;

      заттан бадамның тән иісі немесе басқа ерекше иіс шығады;

      табылған затты әдеттен тыс орналастыру;

      табылған затқа орнатылған әртүрлі қуат көздері, сыртқы белгілері бойынша антеннаға ұқсас сым.

      11. Күдікті зат табылған кезде келушілердің әрекеттері:

      Қол тигізбеу, жақындамау, қозғалмау;

      иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналаңыздағы адамдардан сұхбат алу;

      осы заттың жанында радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын пайдаланудан бас тарту;

      мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын бекіту;

      күдікті заттың табылғаны туралы объектінің күзетіне, персоналына не аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;

      жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың пайда болуын және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;

      дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білуі керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарлауға болмайды;

      қорғауды қамтамасыз ететін заттардың артына паналау (ғимараттың бұрышы, баған, қалың ағаш, автомобиль және басқалар);

      объектінің, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардың күзетіне күдікті тұлға/лар туралы хабарлау (саны, ІАҚ-ның, қарудың бар болуының сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап, ұлты және басқалары);

      объектіден кету, мүмкін болмаған жағдайда-күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтыққа баспана беру.

      12. Күдікті затты анықтаған кездегі персоналдың іс-әрекеттері:

      қол тигізбеу, жақындамау, қозғалмау;

      иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналаңыздағы адамдардан сұхбат алу;

      осы заттың жанында радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын пайдаланудан бас тарту;

      мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын бекіту;

      күзетте күдікті заттың табылғаны туралы объектінің персоналына не аумақтық ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;

      жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың пайда болуын және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;

      дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білуі керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарлауға болмайды;

      мүмкіндігінше күзетпен бөгде адамдардың күдікті затқа және қауіпті аймаққа кіруін шектеуді ұйымдастыру;

      қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз етуге көмектесу;

      қажет болған жағдайда қорғанысты қамтамасыз ететін заттарды (ғимараттың бұрышы, бағанасы, қалың ағаш, автомашина және басқалары) паналап, бақылау жүргізу;

      объектінің, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардың күзетіне күдікті адам немесе өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары (саны, ІАҚ-ның, қарудың бар болуының сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап, ұлты және басқалары) болуы мүмкін адамдар тобы анықталған жағдайда хабарлау;

      келушілерді эвакуациялауды ұйымдастыруда басшылық пен күзетке жәрдем көрсету;

      объектіден кету, мүмкін болмаған жағдайда-күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтыққа баспана беру.

      13. Күдікті зат табылған кездегі күзет әрекеттері:

      қол тигізбеу, жақындамау, қозғалмау;

      иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналаңыздағы адамдардан сұхбат алу;

      осы заттың жанында радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын пайдаланудан бас тарту;

      мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын бекіту;

      күдікті заттың табылғаны туралы объектінің күзетіне, персоналына не аумақтық ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;

      жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың пайда болуын және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;

      дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білуі керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарлауға болмайды;

      бөгде адамдардың күдікті затқа және қауіпті аймаққа қажетті алып тастауда қол жеткізуін шектеуді қамтамасыз ету;

      қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз ету;

      қажет болған жағдайда қорғанысты қамтамасыз ететін заттарды (ғимараттың бұрышы, бағанасы, қалың ағаш, автомашина және басқалары) паналап, бақылау жүргізу;

      объектінің, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардың күзетіне күдікті адам немесе өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары болуы мүмкін адамдар тобы (саны, ІАҚ-ның бар болуының сыртқы белгілері, қаруы, жарақтандырылуы жасы, лақап, ұлты және басқалары) анықталған жағдайда хабарлау.

      14. Басшылықтың әрекеттері:

      құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарды күдікті адамның анықталғаны немесе иесіз заттың табылғаны туралы дереу хабардар ету;

      қажетті алып тастауда иесіз күдікті затты табу орнын қоршауды ұйымдастыру;

      адамдарды объектіден эвакуациялауды ұйымдастыру, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар;

      күдікті заттарды табу мақсатында үй-жайларды аралауды және аумақтарды қарауды қамтамасыз ету;

      терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қажетті ақпаратты ұсыну.

      15. Жарылғыш құрылғы (ВУ) немесе ВУ тәрізді зат анықталған кезде алып тастау және қоршау қашықтығы:

      жарылғыш снаряд РГД-5 – 50 м;

      жарылғыш снаряд Ф-1 – 200 м;

      тротил дойбы салмағы 200 г – 45 м;

      тротил дойбы салмағы 400 г – 55 м;

      сыра банкі 0,33 л – 60 м;

      дипломат (кейс) – 230 м;

      жол чемоданы – 350 м;

      а /жеңіл машина – 460-580 м;

      автобус – 920 м;

      жүк көлігі (фургон) – 1240 м.

      4-бөлім. Жанкешті шабуыл кезінде әрекет ету алгоритмі

      16. Келушілердің әрекеттері:

      қорғану: ғимараттан абайлап кету немесе үй-жайға баспана беру, есікті құлыптау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің келуін күту;

      мүмкіндігінше құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объектінің басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабардар етуге міндетті.

      17. Қызметкерлердің әрекеттері:

      қорғану: ғимараттан абайлап кету немесе үй-жайға баспана беру, есікті құлыптау, тәртіп сақшыларының келуін күту;

      мүмкіндігінше құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объектінің басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабардар етуге міндетті.

      18. Күзет әрекеттері:

      мүмкін болса, оның объектідегі адамдардың жаппай болатын жерлеріне қарай жылжуына тосқауыл қою;

      объектінің басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға күдікті адамның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы кез келген тәсілмен хабарлау;

      объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау (эвакуация, ішкі кедергілерді бұғаттау және басқалар);

      қажет болған жағдайда күдікті адамның немесе адамдар тобының объект бойынша (жеке өзі не бейнебақылау жүйесі арқылы) қозғалысын бақылауды ұйымдастыру;

      өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      19. Басшылықтың әрекеттері:

      объектіде күдікті адамды немесе адамдар тобын анықтау туралы ақпаратты құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға дереу беру (оның ішінде беру әрекеті);

      құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қаскүнемді анықтау және ұстау уақытын қысқартатын күдікті адам туралы барынша толық ақпарат беру;

      адамдарды ұйымдасқан эвакуациялауды қамтамасыз ету;

      өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      5-бөлім. Телефон арқылы қауіп төнген кезде әрекет ету алгоритмі

      20. Қауіп-қатерді алушының телефон арқылы әрекет етуі (күзет бөлімшесінің басшысы, қызметкері, қызметкері):

      1) әңгіме барысында қоңырау шалушының жынысын, жасын және сөйлеу ерекшеліктерін белгілеу:

      дауыс (қатты немесе тыныш, төмен немесе жоғары);

      сөйлеу қарқыны (жылдам немесе баяу);

      айтылуы (айқын, бұрмаланған, кекештенген, сыбырлаған, екпінмен немесе диалектімен);

      сөйлеу мәнері (бұзақылықпен, балағат сөздермен);

      2) дыбыстық фонға (автомашиналардың немесе теміржол көлігінің шуы, теле-немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар, басқалар), қоңыраудың сипатына (қалалық, қалааралық) назар аудару;

      3) сөйлесудің нақты басталу уақытын және оның ұзақтығын жазу;

      4) әңгіме барысында келесі сұрақтарға жауап алуға тырысу:

      бұл адам қайда, кімге, қай телефонға қоңырау шалады?

      ол қандай нақты талаптар қояды?

      жеке талап қояды ма, әлде делдал ретінде әрекет етеді ме және қандай да бір адамдар тобын ұсынады ма?

      ол қандай шарттармен немесе олар жоспардан бас тартуға келіседі?

      онымен қалай және қашан байланысуға болады?

      бұл қоңырау туралы кімге хабарлауға болады немесе керек?

      5) қоңырау шалушыдан сіз және мектеп басшылығы шешім қабылдауы немесе қандай да бір әрекет жасауы үшін мүмкін болатын ең ұзақ уақыт аралығына қол жеткізуге тырысу;

      6) әңгімелесу процесінде немесе әңгімелесу аяқталғаннан кейін дереу ішкі істер органдарының 102 арнасына немесе 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне және ұйым басшылығына телефон қатері туралы хабарлауға міндетті.

  Террористік тұрғыдан осал
металлургия өнеркәсібі
объектілерін терроризмге қарсы
қорғауды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

      Нысан

Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын есепке алу журналы (титул парағы) ______________________________________________________ (ұйымның атауы) Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын жүргізуді есепке алу № ___ журналы

      Журналдың басталу күні 20__ ж. "___" _____

      Журналдың аяқталу күні 20__ ж. "___" _____

      (ішкі жағы)

      1-бөлім. Нұсқау

р/с №

Нұсқама өткізу күні

Нұсқама алушының ТАӘ (әкесінің аты бар болса) және лауазымы

Нұсқау түрі

Нұсқама жүргізген тұлғаның ТАӘ (әкесінің аты бар болса) және лауазымы

Нұсқау берушінің қолы

Нұсқама жүргізген адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

      Ескертпе:

      1) жоспарлы нұсқамалар барысында қызметкерлерге терроризм актісі жағдайында барлық ықтимал жағдайларда іс-қимыл алгоритмдері жеткізіледі, ал жоспардан тыс нұсқамалардың тақырыбы өткізілетін оқу-жаттығулар мен жаттығулардың тақырыбына байланысты болады;

      2) терроризмге қарсы бағытта жүргізілетін жоспарлы нұсқамаларды құжаттамалық ресімдеуді қолжазба тәсілімен де, аралас – қолжазба және баспа тәсілімен де жүзеге асыруға жол беріледі. Баспа түрінде мынадай бағандарды толтыруға жол беріледі: 3, 4 және 5 (егер нұсқауды сол қызметкер жүргізсе), журналдың қалған бағандарын нұсқаманы тыңдаған адам өзі толтырады;

      3) өткізу күні толық көрсетіледі (күні, айы және жылы);

      4) объектінің персоналымен жоспардан тыс нұсқама жүргізу қажет болған кезде оны осы журналда да құжаттайды, ал нұсқама түрі бағанында: "жоспардан тыс шығыс хаты бойынша.: № __ , террористік қауіп деңгейі бойынша жоспардан тыс.

      2-бөлім. Сабақтар

Күні

Сабақ тақырыбы

Оқу мәселелері

Қатысатын қызметкерлердің саны

Сабақты өткізген адамның қолы







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады