"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 50-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік органдар басшыларының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық мүдделі мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы |
С. Исабеков |
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 121/қе, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы 2024 жылғы 29 тамыздағы № 11-149, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2024 жылғы 29 тамыздағы № 659, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2024 жылғы 29 тамыздағы № 338 мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2024 жылғы 29 тамыздағы № 949 бірлескен бұйрығымен бекітілген |
Білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жоғары әскери, арнаулы оқу орнына (бұдан әрі – ЖӘАОО), сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білім беру бағдарламаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квота шегінде жоғары білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқуға түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді (бұдан әрі – әскери қызметшілер) конкурстық іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімші – "Жауынгер 2.0" ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі;
2) бөлім – мерзімді қызмет әскери қызметшілері әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімі, аумақтық бөлімшесі, мекемесі, ведомстволық бағынысты ұйымы, әскери басқару органы және басқа да бөлімшелері;
3) бөлімше командирі – взводқа қолбасшылықты жүзеге асыратын лауазымды адам және оған тең лауазымды адамдар, құрылымдық бөлімше, аумақтық бөлімше немесе ведомстволық бағынысты ұйым бастығы;
4) мүдделі мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
5) уәкілетті орган – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган.
3. Конкурстық іріктеу бір кезеңде (көктемгі немесе күзгі) әскерге шақырылған әскери қызметшілер арасында өткізіледі.
4. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін әскери қызметшілер білім беру бағдарламаларының тобын, ЖЖОКБҰ-ны және (немесе) ЖӘАОО-ны көрсетіп, бөлім командирінің атына еркін нысанда баянат береді.
Әскери қызметшіні ауыстыру кезінде баянаттың көшірмесі жаңа қызмет орнына жіберіледі.
5. Әскери қызметшілерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыру мен жүргізуді бақылау бөлім командирінің жауынгерлік даярлық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктеледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімінде – бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімінде – бөлім командирінің (аумақтық бөлімше немесе ведомстволық бағынысты ұйым басшысының) бұйрығымен айқындалған лауазымды адамға.
2-тарау. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білім беру бағдарламаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квота шегінде жоғары білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына және жоғары әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға түсу үшін конкурстық іріктеу тәртібі
6. Әскери қызметшілерді ЖЖОКБҰ-ға және ЖӘАОО-ға оқуға түсу үшін конкурстық іріктеу әскери қызметшінің мынадай көрсеткіші бойынша жүргізіледі:
1) жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеру деңгейі бойынша;
2) жеке тәртіптілігін бағалау нәтижесі бойынша;
3) арнайы міндеттерді орындау нәтижесі бойынша;
4) психологиялық дайындықты бағалау нәтижесі бойынша;
5) оқуға дайын болуын айқындау мәніне тестілеу нәтижесі бойынша.
7. Бөлімше командирі қолда бар есепке алу құжаттарынан (взводтың жауынгерлік даярлығын есепке алу журналы, көтермелеудің немесе жазаның болуы туралы қызметтік карточка, психологиялық зерттеу нәтижесі) әскери қызметшінің көрсеткіші нәтижесін ай сайын "Жауынгер 2.0" ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімінде – кадр бөлімшесінің лауазымды адамдары.
8. Жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеру деңгейі ай сайын жауынгерлік даярлық пәні бойынша ағымдағы бағалау және бақылау және қорытынды тексеру барысында алынған бағалау нәтижесі бойынша айқындалады.
Әскери қызметшінің барлық жауынгерлік даярлық пәні бойынша ағымдағы баға рейтингісі ай сайын шығарылады (есепке алу взводтың (бөлімшенің) жауынгерлік даярлығын есепке алу журналында және "Жауынгер 2.0" ақпараттық жүйесінде жүргізіледі).
Мамандық бойынша даярлық және бөлімшелерді шоғырландыру барлық оқу пәні бойынша ай сайынғы бағаларды жинақтау және оларды пәндер санына бөлу арқылы бағаланады.
Ағымдағы рейтинг оқу кезеңінің соңында әр айдағы орташа балдарды жинақтау және оларды оқу айының санына бөлу арқылы есептеледі.
Қорытынды (бақылау) тексеру барысында алынған баға рейтингісі тексеруге шығарылған пән бойынша сынақ бағаларынан айқындалады және барлық тапсырылатын пән бойынша алынған бағалардан орташа арифметикалық мәнді шығару арқылы есептеледі.
Әскери қызметшінің жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеру деңгейі үшін қорытынды рейтингісі ағымдағы рейтингісін (Ар) және бақылап тексеру (Рбт) және қорытынды тексеру (Рқт) үшін сараланған орташа баға нәтижесін қосу арқылы есептеледі.
ҚБ = Ар + Рбт + Рқт,
мұнда ҚБ – жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеру деңгейі үшін қорытынды балл.
9. Әскери қызметшінің жеке тәртіптілігін бағалау ай сайын мынадай бағалау шәкілі бойынша айқындалады:
5 балл – әскери қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған жоқ, айдың қорытындысы бойынша әскери тәртіп бойынша жақсы жағынан байқалды;
4 балл – әскери қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған жоқ;
3 балл – әскери қызметші 1-еуден артық емес елеусіз тәртіптік теріс қылыққа жол берген;
2 балл – әскери қызметші 2-еуден артық емес елеусіз тәртіптік теріс қылыққа жол берген;
1 балл – әскери қызметші 3-еуден артық емес елеусіз тәртіптік теріс қылыққа жол берген;
0 балл – әскери қызметші 3-тен астам елеусіз тәртіптік теріс қылыққа жол берген.
Мерзімді әскери қызметтің барлық кезеңі үшін жеке тәртіптілікті бағалаудың қорытынды нәтижесі ай сайынғы бағаларды жинақтау арқылы айқындалады.
10. Әскери қызметшілердің арнайы міндеттері заңнамада белгіленген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік органдарында әскери қызмет өткерудің ерекшеліктерін ескеріп, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалады.
Арнайы міндеттердің орындалуын бағалау ай сайын мынадай бағалау шәкілі бойынша бағаланады:
5 балл – әскери қызметшіде арнайы міндеттерді орындау бойынша ескертуі жоқ, айдың қорытындысы бойынша жақсы жағынан байқалды;
4 балл – әскери қызметшіде арнайы міндеттерді орындау бойынша ескертуі жоқ;
3 балл – әскери қызметші арнайы міндеттерді орындау кезінде 1-еуден артық емес ескертуге жол берген;
2 балл – әскери қызметші арнайы міндеттерді орындау кезінде 2-еуден артық емес ескертуге жол берген;
1 балл – әскери қызметші арнайы міндеттерді орындау кезінде 3-еуден артық емес ескертуге жол берген;
0 балл – әскери қызметші арнайы міндеттерді орындау кезінде 3-тен астам ескертуге жол берген.
Мерзімді әскери қызметтің барлық кезеңі үшін арнайы міндеттердің орындалуын бағалаудың қорытынды нәтижесі ай сайынғы бағаларды жинақтау арқылы айқындалады.
11. Психологиялық дайындықты бағалау мынадай бағалау шәкілі бойынша жүзеге асырылады:
5 балл – нервтік-психикалық тұрақтылық (бұдан әрі – НПТ) және бейімделу қабілеті (бұдан әрі – БҚ) деңгейі жоғары;
3 балл – НПТ және БҚ деңгейі орташа;
2 балл – НПТ және БҚ деңгейі төмен;
1 балл – әскери қызметші 3 айдан астам динамикалық бақылау тобында болған кезде.
Психологиялық дайындықты бағалаудың қорытынды нәтижесі мерзімді әскери қызметтің барлық кезеңі үшін бір рет айқындалады.
12. Оқуға дайын болуын айқындау мәніне тестілеу 2 бейінді пән бойынша жүзеге асырылады.
13. Бейінді пәндер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес білім беру бағдарламаларының таңдалған тобына байланысты айқындалады.
14. Білім беру бағдарламалары тобын және ЖЖОКБҰ-ны таңдау уәкілетті орган бекітетін жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуге сәйкес жүзеге асырылады.
15. Конкурстық іріктеуге қатысатын әскери қызметшілерге әскери қызмет міндеттерін орындаудан бос уақытта тестілеу тапсыруға дайындалу мүмкіндігі беріледі.
16. Тестілеу электрондық форматта мерзімді әскери қызмет басталғаннан бастап 6 айдан ерте емес, уәкілетті органмен келісілген кезеңде және мерзімді әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін 2 аптадан кешіктірілмей өткізіледі.
17. Әкімші уәкілетті органмен тестілеу кезеңін келіседі және оларды тиісті мүдделі мемлекеттік органдар арқылы бөлім командирлеріне жеткізеді.
18. Бөлімдер әскерге шақыру кезеңіне (көктемгі, күзгі) және қызмет ерекшелігіне сәйкес тестілеуден өтетін адам саны, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, тапсыру тілі, күні көрсетілген тестілеуден өту кестесін жасайды және әкімшіге жібереді.
19. Әкімші алынған мәліметтерді жинақтайды және тестілеу басталғанға дейін 7 жұмыс күнінен кешіктірмей оларды тестілеу кезеңін, тестілеуден өтетін адам санын және бөлім орналасқан жерді көрсетіп, уәкілетті органға жібереді.
20. Тестілеуді электрондық форматта өткізу үшін әрбір бөлімде жұмыс орны жабдықталады, тестілеу процесі бейнетіркеумен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте тестілеу процесінің бейнежазбасы күнтізбелік жыл бойы сақталады.
21. Тестілеуден өтетін адамның жеке басын сәйкестендіру ЖСН бойынша жүргізіледі және мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
биометриялық сәйкестендіру арқылы;
адамның бет-бейнесінің көлемдік-кеңістіктік пішіні арқылы (FaceID);
ЭЦҚ арқылы.
22. Тестілеуді өткізу үшін тест сұрақтарының базасын әкімші мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді.
23. Бөлімде тестілеу процесінің сақталуын бақылау мақсатында, сондай-ақ тестілеу кезеңінде академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін комиссия құрылады.
24. Комиссия төрағасы бөлім командирінің орынбасарлары қатарынан тағайындалады. Комиссия құрамына бөлімнен өкілдер және ведомстволық бағынысты жергілікті әскери полиция органдарының өкілдері (бар болса) енгізіледі.
Бақылаушылар ретінде басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының және (немесе) үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылады.
25. Тестілеуді өткізу мүмкіндігін болдырмайтын және тестілеуден өтетін адамға және (немесе) бөлім қолбасшылығына байланысты емес еңсерілмейтін күш мән-жайы туындаған жағдайда комиссияның шешімімен тестілеуді өткізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалып, туындаған себептер мен мән-жай жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Бөлімнің елтаңбалы мөрімен расталған комиссияның тестілеуді тоқтата тұру және қайта бастау туралы шешімінің көшірмесі әкімшіге жіберіледі.
26. Тестілеу нәтижесі осы тарауда мазмұндалған конкурстық іріктеудің басқа кезеңдерінің нәтижесімен жинақталады.
3-тарау. ЖЖОКБҰ-ға және ЖӘАОО-ға оқуға түсу үшін орындар мен квоталарды бөлу тәртібі
27. Конкурстық іріктеуді өткізу бойынша барлық есеп "Жауынгер 2.0" ақпараттық жүйесінде автоматты форматта жүргізіледі.
28. Конкурстық іріктеу нәтижесі негізінде "Жауынгер 2.0" ақпараттық жүйесінде әрбір әскери қызметші жинаған балл саны көрсетілген рейтингілік кесте жасалады.
29. Рейтингілік кесте білім беру жеңілдіктерін алуға квотаны бөлу үшін негіз болады. Бөлу белгіленген квота шегінде "Жауынгер 2.0" ақпараттық жүйесінде бір кезеңде (көктемгі немесе күзгі) әскерге шақырылған барлық әскери қызметші әскери қызметін аяқтағаннан кейін жүзеге асырылады.
30. ЖЖОКБҰ-ға немесе ЖӘАОО-ға оқуға түсуге білім беру квотасын рейтингілік кестеде бірінші нөмірден бастап квота бойынша бөлінген орын санына сәйкес нөмір бойынша орналасқан әскери қызметшілер алады.
31. Әскери қызметшілердің оқуға түсуіне квота жыл сайын мүдделі мемлекеттік органдардың қабылдау жоспарларымен белгіленеді.
32. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау конкурсын өткізу кезінде көрсеткіш бірдей болған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33345 болып тіркелген) 12-тармағында көрсетілген адамдар басым құқыққа ие болады.
33. ЖӘАОО-ға қабылдау конкурсын өткізу кезінде көрсеткіш бірдей болған жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар, ал ұлттық қауіпсіздік органдарына ведомстволық бағынысты ЖӘАОО үшін одан басқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларының (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13104 болып тіркелген) 46-тармағында көрсетілген адамдар басым құқыққа ие болады.
34. ЖЖОКБҰ-ға және ЖӘАОО-ға оқуға түсу үшін орындар мен квоталарды бөлу тәртібін сақтау мақсатында әкімші комиссия құрады, оның құрамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен орындар мен квоталарды бөлу басталғанға дейін 2 аптадан кешіктірілмей бекітіледі.
Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді, төраға болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі орынбасарларының біреуі тағайындалады.
35. Білім беру квоталарын беруге шешім "Жауынгер 2.0" ақпараттық жүйесінде әрбір ЖЖОКБҰ және ЖӘАОО бойынша хаттама түрінде ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.
36. ЖЖОКБҰ-ға және ЖӘАОО-ға оқуға түсу үшін білім беру квоталарын беруге шешім хаттама шыққаннан кейін 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі.
Бұйрықтан үзінділер бұйрық шыққан күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде бөлінген мемлекеттік білім беру гранттарының саны бойынша одан әрі ЖЖОКБҰ-ны қаржыландыру үшін уәкілетті органға, сондай-ақ одан әрі жұмысты ұйымдастыру үшін ЖЖОКБҰ-ға және ЖӘАОО-ға жіберіледі.
37. ЖЖОКБҰ-ға және ЖӘАОО-ға оқуға түсуге білім беру квоталарын беруге шешімге сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Жауынгер 2.0" ақпараттық жүйесінде тиісті сертификаттар жасалады.
38. ЖЖОКБҰ-ға оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) жүзеге асырылады.
39. ЖӘАОО-ға оқуға түсу Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24401 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Тестілеу процесін тоқтата тұру туралы акт ___________________________________________________________________ (бөлімнің атауы)
Күні: 20 ____ жылғы "_____" __________
Уақыты: "_______" сағат "____" минут
Бөлімде тіркелді
Бөлімнің атауы | Тестілеуді тоқтата тұру күні | Тестілеуді тоқтата тұру уақыты | Тестілеуді тоқтата тұру себебі |
---|---|---|---|
Қол қоятын адамдар:
____________________________________________________________________
(комиссия төрағасының қолы мен Т.А.Ә. (болса)
____________________________________________________________________
(комиссия мүшелерінің қолы мен Т.А.Ә. (болса)
____________________________________________________________________
(тестілеуді бақылаушы адамдардың (қатысқанда) қолы және Т.А.Ә. (болса)
____________________________________________________________________
(уәкілетті орган өкілдерінің (қатысқанда) қолы және Т.А.Ә. (болса)
Мөр орны
Білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |