"Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 қыркүйекте № 35014 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішінің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 595 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қаржы министрінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 218 бұйрығына
1-қосымша

"Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5, 16, 17, 18 және 19-бабын іске асыру үшін әзірленді және "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға – Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы, борышкер) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк филиалдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы міндеттемелерін тоқтату мақсатында көрсетіледі.

      Осы тармақшада көрсетілген міндеттемелерге, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардан айырған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, таратылу сатысындағы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржылық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқығы тиесілі өзге де ұйымдардың (бұдан әрі – кредиторлар) алдындағы міндеттемелер де жатады.

      3. "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес енгізуді қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкiмет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      5. Осы бұйрыққа 2-қосымшада бекітілген нысан бойынша борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) беруі үшін Заңның 5-бабына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай:

      1) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы;

      2) кредиторлар алдындағы міндеттемелері бойынша осындай өтініш берілген күнге қатарынан он екі ай бойы өтеудің болмауы.

      Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептеледі.

      Өтеудің болмау мерзімі әрбір банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.

      Егер коллекторлық агенттік төлемнің болмауының өзге мерзімін растамаған жағдайларды қоспағанда, құқықты (талапты) басқаға беру шарты бойынша коллекторлық агенттікке берілген банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша өтеудің болмау мерзімі соңғы төлем күнінен бастап құқық (талап ету) коллекторлық агенттікке берілгенге дейін есептеледі;

      3) кредитор мен борышкерге "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі;

      Осы тармақшада көрсетілген берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет.

      Осы тармақшаның талаптары осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге қолданылмайды.

      4) өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімнің қолданылмау шарттарына сәйкес келуі негіз болып табылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы Өтініш берілген күннің алдындағы 6 (алты) ай ішінде мемлекеттің атынан әлеуметтік көмек алушы болып табылса, осы тармақтың 2) тармақшасымен белгіленген шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.

      Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі Өтініш берілген күннен 5 (бес) жыл асса, осы тармақшамен белгіленген шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      6. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:

      1) Мемлекеттік корпорация арқылы;

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және (немесе) арнаулы мобильдік қосымша (бұдан әрі – мобильдік қосымша) арқылы жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Өтінішті береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға Өтінішін өңдеу, оның ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген шарттарға сәйкестігін тексеру тіркеуші мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кредиттік бюролардың деректерін салыстыру арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

      Көрсетілген қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушіден тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы, мониторингтік ақпараттық жүйесімен иеленген штрих-кодымен қолхатты береді, онда қабылданған құжаттардың тізбесі, Өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), Өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация қабылданған құжаттарды, курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті портал және (немесе) мобильдік қосымша арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушының соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, бас тарту туралы қолхат береді.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 5 және 7-тармағында көзделген мән-жайларға сәйкес келген және жұбайының (зайыбының) (ол болған жағдайда) келісімі болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Өтініш берілген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер порталда орналастырылған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі

      Тыңдау қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер порталда орналастырады не осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады:

      1) портал және (немесе) мобильдік қосымша арқылы және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электронды-цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында;

      2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған қағаз жеткізгіште береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің немесе оның өкілінің тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде (сәйкестендіру үшін) жүзеге асырылады.

      Заңның 16-бабы 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартуға себеп болған негіздерді жойғаннан кейін, бірақ бас тартуды алған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті қайта береді.

      10. Соттан тыс банкроттық рәсімі, Заңнын 18-бабына сәйкес егер мұндай рәсімді жүргізу мерзімі ішінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация және (немесе) портал, мобильдік қосымша арқылы өзінің меншігіне мүлік түсіп немесе өзінің қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайы өзгеріп, бұл оның кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе 30 (отыз) пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретініне не кредитормен кредитордың алдындағы берешекті реттеу туралы келісім жасасуына байланысты соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті берсе;

      2) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иеленуіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сондай-ақ мүлік туралы мәліметтерді көрсететін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау фактілері анықталса;

      3) көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болса, соттың оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енсе;

      4) борышкердің осы Заңның 5-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес келмеу фактілері, оның ішінде кредитордың өтініші бойынша анықталса;

      5) осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2) және 4) тармақшасының талаптары осы Заңның 5-бабы 3-тармағының негізінде соттан тыс банкроттық рәсімін қолданған борышкерлерге қатысты болмаса тоқтатылады.

      11. Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату ӘРПК-нің 79-бабының талаптарын сақтай отырып, көрсетілетін қызметті беруші осындай рәсімнің тоқтатылғаны туралы хабардандыруды порталда орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.

      12. Заңның 18-бабына сәйкес соттан тыс рәсімді тоқтату үшін негіздер болмаған кезде, уәкілетті орган "электрондық үкімет" веб-порталында борышкер туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап алты ай өткен соң соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарады. Шешім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша шығарылады және "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылуға жатады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші:

      мемлекеттік қызметті алушының портал және (немесе) мобильдік қосымшадағы "жеке кабинетіне";

      Мемлекеттік корпорацияға курьерлік, пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өткен күннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің немесе оның өкілінің тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде (сәйкестендіру үшін) жүзеге асырылады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға көрсетілген мерзімде жүгінбеген кезде:

      Мемлекеттік корпорация мерзімінде талап етілмеген құжаттардың 1 (бір) ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша талап етілмеген құжаттардың мерзімінде сақталуын қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      14. Мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулар табылған сәттен бастап дереу бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы, мемлекеттік қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе авторизациялау сәтінен бастап қате туындаған сәтке дейін қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (операторды) хабардар етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны әкімшілік істі және шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      16. Егер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Соттан тыс банкроттық
рәсімін қолдану" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы – қағаз жеткізгіште;
2) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және (немесе) арнайы мобильдік қосымшаға арқылы – электрондық форматта.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастыруы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің соттан тыс банкроттық рәсімін өткізу мерзімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту борышкер туралы мәліметті порталда орналастырылған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағазда

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастыруы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тартуы;
2) соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау шешім не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген дәлелді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорациясының және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Меркелер туралы Заңға сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асыралады, электрондық кезекті брондауға болады;
3) портал және модильді қосымшада – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Еңбек кодексіне және Мереке туралы Заңға сәйкес жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы:
1) Мемлекеттік корпорацияның: www. gov4c. kz;
2) портал www. egov. kz интернет -ресурста орналастырған

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініші (бұдан әрі – Өтініш). Портал және (немесе) мобильдік қосымшада:
1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініші (бұдан әрі – Өтініш).

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының, жұбайының (зайыбының) (бар болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
3) көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 5-тармағымен көзделген жағдайларға сәйкес келмеген кезде.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген Өз-өзіне қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып, 1414 Біріңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде) жүгіну арқылы жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының Бірыңғай байланыс-орталығының порталында "жеке кабинет" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Соттан тыс банкроттық
рәсімін қолдану" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы өтініш

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

      ___________________________________________________________________

                                          (телефон)

      Осы арызбен менің 20__ жылғы _____ №__ өтінішім бойынша бастамашылық жасалған соттан тыс банкроттық рәсімін мына себептерге:

      1. Кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерімді толық немесе 30 (отыз) пайыздан астам орындауға мүмкіндік беретін мүліктің меншігіме түсуіне немесе қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайымның өзгеруіне.

      2. Кредитормен кредитор алдындағы борышты өтеу туралы шарт жасасуыма.

      3. "Банкроттықтың соттан тыс рәсімдерін қолдану" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 5-тармағында көрсетілген негіздердің сақталмау фактілерінің анықталуына байланысты тоқтатуыңызды сұраймын.

_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда)

___________________________________________
(қолы, күні/ электрондық- цифрлық қолтаңбадан
(бұдан әрі – ЭЦҚ) деректер, ЭЦҚ-мен қол
қойылған күні және уақыты

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 595 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қаржы министрінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 218 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы ӨТІНІШІ __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - АЖТ) (ол болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН))



 

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тұрғылықты жері/тіркелген жері бойынша мекенжайы – облыс, аудан (қала), елді

      мекен (село және тағы басқа), көше (даңғыл, тұйық көше), үй, пәтер)

Жолдасының ЖСН-і:



 

      Мен:

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген соттан тыс тәртіппен азаматты банкрот деп тану туралы өтініш беру шарттарына сәйкес келетінімді растаймын, атап айтқанда:

      1) менің міндеттемелерім республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туалы өтініш берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайды;

      2) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығымда мүлік жоқ;

      3) өтініш берілген күнге қатарынан 12 (он екі) ай бойы өтеу болмаған;

      4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдер жүргізілді.

      Қосымша мәліметтер:

      1) соңғы 6 (алты) ай ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушымын;

      2) міндеттемелерді орындамау мерзімі 5 (бес) жылдан асты.

      Мен:

      мәліметтер "электрондық үкімет" порталында орналастырылған күннен бастап мынадай салдар басталғаны:

      1) өтініште көрсетілген кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептелгені;

      2) өтініште көрсетілген кредиторлардың міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынғаны;

      3) өтініште көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) және сыйақыны есепке жазу тоқтатылғаны;

      4) жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауға тыйым салынғаны;

      5) уәкілетті органның мемлекеттік органдар мен өзге де органдардан және ұйымдардан борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану алдындағы үш жылға дейінгі кезеңдегі жалпы ортақ мүлкін қоса алғанда, мүлкі туралы ақпарат алуына борышкердің келісімі берілген деп есептелетіні;

      6) банктік шоттарынан кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне ақша өндіріп алуға жол берілмейтіні;

      7) соттардың борышты өндіріп алу туралы шешімдерін орындау тоқтатыла тұратыны;

      8) банкроттық рәсімі қолданылғанға дейін 3 (үш) жыл ішінде және банкроттық рәсімін қолдану барысында маған қатысты қаржылық жай-күйге мониторинг жүргізілетіні туралы хабарландым.

      Салдарлар туралы білемін:

      1) 5 (бес) жыл ішінде қарыз берілмейді;

      2) мені банкрот деп танығаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде маған қатысты қаржылық жай-күйге мониторинг жүргізіледі.

      Мен осы өтініште ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауаптымын.

      Мобильді азаматтар базасында (МАБ) көрсетілген телефон нөміріне sms-хабарлама арқылы менің өтінішім бойынша қабылданған шешім туралы хабарламаға келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жұбайының (зайыбының) келісімін алу үшін Мобильді азаматтар базасында көрсетілген телефон нөміріне жұбайыма (зайыбыма) sms-хабарлама жіберуге келісім беремін.

      "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде жеке деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісемін.

      Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру мерзімі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңінде жарамды.

      Жеке деректерді трансшекаралық тасымалдаудың жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таратылмауы туралы хабарлаймыз.

      Жиналған деректер тізімі: АЖТ (ол болған жағдайда), ЖСН, банк деректемелері, электрондық поштасы, телефон нөмірі, құқық және (немесе) мәміле құзыретті органда, оның ішінде шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекетте мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік, жалпы ортақ мүлкін қоса алғанда, банктік шоттардағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі ақша, қолма-қол ақша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес, заңды тұлғаның, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда), инвестициялық алтын, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері, шарт немесе міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (растаған) өзге де құжат болған кезде басқа тұлғалардың борышкер алдындағы берешегі (дебиторлық берешек), ветеринариялық паспорты немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаты болған кезде жануарлар, асыл тастар мен бағалы металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер және антиквариат туындылары, тері бұйымдары, басқа да бағалы киім, цифрлық активтер.

_____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

____________________________
(қолы, күні/электрондық- цифрлық
қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) деректер,
ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты)


өтініш беру күні



 

тұрғылықты жері бойынша
мемлекеттік кірістер органдарының коды



 

      _____________________________________________________ ____________________

      (арызды қабылдаған лауазымды адамның қолы, күні/тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда) ЭЦҚ-дан деректер, ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты)

өтінішті қабылдау күні



 

құжаттың кіріс нөмірі



 

      Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен тең.

      Сіз электрондық құжаттың түпнұсқалығын tazalau.qoldau.kz, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасынан тексере аласыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады