Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19671 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.";
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
3-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2024 жылғы 22 тамыздағы № 49 Қаулыға 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 1-қосымша |
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептілігінің тізбесі
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептілігі мыналарды қамтиды:
1) пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есеп;
2) кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есеп;
3) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп;
4) жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2024 жылғы 22 тамыздағы № 49 Қаулыға 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: PN-1
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы "___" ____________жағдай бойынша
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржы ұйымы
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, ай сайын
(мың теңгемен)
№ | Баптардың атауы |
Сомасы |
1 | 2 | 3 |
1. | Төленген жарғылық капитал | |
2. | Қосымша капитал | |
3. | Өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасы (зияны) | |
4. | Өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер | |
5. | Есепті кезеңнің бөлінбеген таза пайдасы (зияны) | |
6. | Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау | |
7. | Микроқаржы ұйымының Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды тұлғалары (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларды қоспағанда) алдындағы қамтамасыз етілмеген міндеттемесі түріндегі реттелген борыш | |
8. | Микроқаржы ұйымының негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер | |
9. | Заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне инвестициялар | |
10. | Микроқаржы ұйымының есептік меншікті капиталы | |
11. | Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер | |
12. | k1меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті | |
12.1 | Микроқаржы ұйымы баланстық шоттарда есепке алатын, негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер | |
12.2 | Баланстан тыс есепке есептен шығарылған микрокредиттер | |
12.3 | Микроқаржы ұйымының несие портфелі | |
12.4 | Микроқаржы ұйымының несие портфелінің жалпы сомасында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешек, есептелген сыйақы үлесінің лимиті | |
13. | Бір қарыз алушының микроқаржы ұйымы алдындағы жиынтық берешегі (микроқаржы ұйымының балансынан есептен шығарылған берешекті қоса алғанда) | |
14. | k2 бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің коэффициенті | |
15. | Микроқаржы ұйымының жиынтық міндеттемелері | |
16. | k3 левередж коэффициенті |
Атауы ________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы ____________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_____________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-Қосымшаға берілген қосымшаға сәйкес "Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-Қосымшаға |
|
қосымша |
Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп (индексі – PN-1, кезеңділігі – ай сайын)
әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Микроқаржы ұйымы Нысанды ай сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 11-жолда кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтер талдамасы туралы есептің 6-жолының 5-бағанындағы сомаға сәйкес келетін сома көрсетіледі.
6. 12.1-жолда негізгі борыш, сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам есептелген мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер бойынша негізгі борыштың және есептелген сыйақының сомасы көрсетіледі.
7. 12.2-жолда баланстан тыс есепке есептен шығарылған микрокредиттер бойынша негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасы көрсетіледі.
8. 12.3-жолда микроқаржы ұйымы баланстық шоттарда есепке алатын, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын өзінде қамтитын микроқаржы ұйымының несие портфелі ("Кері репо" операцияларын қоспағанда) көрсетіледі.
9. 12.4 -жолда үтірден кейін үш таңбалы пайыздық мән көрсетіледі.
10. 13-жолда бір қарыз алушыға тиесілі тәуекелдің ең жоғары мөлшерін талдау туралы есептің 18-бағанындағы сомаға сәйкес келетін сома көрсетіледі.
11. 12, 14 және 16-жолдарда үтірден кейін үш таңбалы мән көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2024 жылғы 22 тамыздағы № 49 Қаулыға 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-1-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: PN-2
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржы ұйымы
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, ай сайын
(мың теңгемен)
№ | Топтың түрі | Баптардың атауы | Сомасы | Тәуекел дәрежесі пайызбен | Есептеу сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Топтың анықтамалығы | Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралануға жататын актив түрі (анықтамалық) | |||
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер жиыны: | Х |
Атауы ________________________________________________
Мекенжайы___________________________________________________
Телефоны_______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы____________________________________
Орындаушы _________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_____________________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-1 Қосымшаға берілген қосымшаға сәйкес "Кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-1 Қосымшаға |
|
қосымша |
Кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есеп (индексі – PN-2, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды ай сайын микроқаржы ұйымы толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанды толтыру кезінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген "Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысымен бекітілген Пруденциялық нормативтерге және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерге, оларды есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Пруденциялық нормативтер) сәйкес есептелген мәліметтер көрсетіледі.
6. 2-бағанда топ түрінің мәндері Нысан ұсынылатын ақпараттық жүйеде орналастырылған "Топ анықтамалығы" анықтамалығынан таңдалады.
7. 3-бағанда мәндер Нысан ұсынылатын ақпараттық жүйеде орналастырылған "Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралануға жататын актив түрі" анықтамалығынан таңдалады.
8. 4-бағанда кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралануға жататын, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16858 болып тіркелген "Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысымен бекітілген, берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес құрылған провизияларды (резервтерді) шегергендегі баланстық құны бойынша активтердің сомасы көрсетіледі.
9. 5-бағанда Пруденциялық нормативтерге сәйкес активтердің әрбір тобы үшін тәуекел дәрежесі пайызбен көрсетіледі. Пайызбен тәуекел дәрежесінің мәндері Нысан ұсынылатын ақпараттық жүйеде орналастырылған анықтамалықтардан таңдалады.
10. 6-бағанда 4-бағанда көрсетілген, пайызбен тәуекел дәрежесіне көбейтілген активтер сомасы (5-баған) көрсетіледі.
11. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан толтырылмай ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2024 жылғы 22 тамыздағы № 49 Қаулыға 4-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 3-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: R_MRZ_1
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы "__" ________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржы ұйымы
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, ай сайын
(мың теңгемен)
№ | Қарыз алушының атауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Қарыз (микрокредит) бойынша талаптар сомасы | Нақты құрылған провизиялар сомасының барлығы | Баланстық құны | Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету | |||||
Негізгі борыш | Есептелген сыйақы | Активті тану өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда тұрақсыздық айыбы (айыппұл және өсімпұл) | Дисконт (сыйлықақы) | Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы өнім беру" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген аффинирленген бағалы металдар | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) рейтингтік агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |
Жиыны: |
кестенің жалғасы:
Есепті кезеңде қарыз (микрокредит) бойынша баланстан есептен шығару | Дебиторлық берешек бойынша талаптар сомасы |
Бір қарыз алушының микроқаржы ұйымының алдындағы жиынтық берешегі | ||||
Негізгі борыш | Есептелген сыйақы | Активті тану өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар) | Дебиторлық берешек | Нақты құрылған провизиялар сомасының барлығы | Баланстық құны | |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Атауы ________________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Телефоны _____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________________
Орындаушы ________________________________________ ___________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 3-Қосымшаға берілген қосымшаға сәйкес "Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 3-Қосымшаға |
|
қосымша |
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп (индексі – R_MRZ_1, кезеңділі – ай сайын)
әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды микроқаржы ұйымы ай сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанда басқа қарыз алушылармен салыстырғанда есепті күні ең жоғары жиынтық берешегі бар бір қарыз алушы бойынша микроқаржы ұйымының деректері көрсетіледі.
6. Егер есепті күні бірнеше қарыз алушы бойынша ең жоғары жиынтық берешек бірдей шаманы құрайтын болса, онда Нысанда осы қарыз алушылардың біреуі (кез келгені) бойынша ғана деректер көрсетіледі.
7. Нысанды толтыру кезінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген "Пруденциялық нормативтерді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысымен бекітілген Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, оларды есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген мәліметтер көрсетіледі.
8. Нысанның 5 және 13-бағандарында есептелген, бірақ өтелмеген (алынбаған) сыйақы сомасы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2024 жылғы 22 тамыздағы № 49 Қаулыға 5-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 4-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: USK-K3
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезеңі: 20__ жылғы __________ жағдай бойынша
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: кредиттік серіктестік
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, тоқсан сайын
(мың теңгемен)
№ | Баптардың атауы | Сомасы |
1 | 2 | 3 |
1. | Төленген жарғылық капитал | |
2. | Қосымша капитал | |
3. | Өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасы (зияны) | |
4. | Өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер | |
5. | Есепті кезеңнің бөлінбеген таза пайдасы (зияны) | |
6. | Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау | |
7. | Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды тұлғалары (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларды қоспағанда) алдындағы қамтамасыз етілмеген міндеттеме түріндегі реттелген борыш | |
8. | Негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер | |
9. | Заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне инвестициялар | |
10. | Есептік меншікті капитал | |
11. | Жиынтық міндеттемелер | |
12. | Кредиттік серіктестіктің ұлттық басқарушы холдингтердің және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдинг еншілес ұйымдарының алдындағы міндеттемелері | |
13. | K3 левередж коэффициенті |
Атауы ________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы ____________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_____________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 4-Қосымшаға берілген қосымшаға сәйкес "Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 4-Қосымшаға |
|
қосымша |
Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп (индекс - USK-K3, кезеңділігі – тоқсан сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Кредиттік серіктестік Нысанды тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 13-жолында үтірден кейін үш таңбалы мән көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2024 жылғы 22 тамыздағы № 49 Қаулыға 6-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 5-қосымша |
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары
1. Осы Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 16-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – Ұйым) пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептілікті оның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі – Ұлттық Банктің филиалы) ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Ұйымның клиентінің және (немесе) контрагентінің резиденттігі "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
3. Ұйым есептілікті "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы электрондық түрде ұсынады.
4. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын Ұйымның басшысы немесе есепке қол қою жөніндегі функция жүктелген адам қамтамасыз етеді.
5. Микроқаржылық ұйым есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей, ай сайын Ұлттық Банктің филиалына осы қаулының 1-тармағы 2) – 4) тармақшаларында көзделген есептілікті электрондық форматта ұсынады.
6. Кредиттік серіктестік есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей, тоқсан сайын Ұлттық Банктің филиалына осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген есептілікті электрондық форматта ұсынады.
7. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.
8. Ұйымның басшысы немесе есепке қол қою жөніндегі функция жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.