"Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 199 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 қыркүйекте № 35042 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 199 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28554 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Ұн тарту ұйымдары бірінші сұрыпты бидай ұнын бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалатын бидай нанын өндіретін жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілеріне, ал бірінші сұрыпты бидай ұнын өткізу жөніндегі жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілері болмаған кезде жақын маңдағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) кәсіпкерлік субъектілеріне өткізеді.

      Ұнның шығымдылығы өңделген астық көлемінің кемінде 70% құрайды. Азық-түлік астығын өңдеу және бірінші сұрыпты ұнды өткізу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайды және жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ұзартылады.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Ұн тарту ұйымдары есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға белгіленген баға бойынша азық-түлік астығынан алынған бірінші сұрыпты бидай ұнының өткізілгенін растайтын құжаттарды жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады