ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 39-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 21 маусымдағы № 199 бұйрығымен бекітілген |
Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 39-1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын және астық нарығында тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру арқылы азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын акционерлік қоғам;
3) азық-түліктік астық – тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық;
4) белгіленген баға – бірінші сұрыпты бидай ұнына арналған статистикалық деректерді талдау қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу ұйымының қорытындысы негізінде уәкілетті орган айқындайтын азық-түліктік астықтың бір тоннасы үшін бағасы;
5) өткізу бағасы – азық-түліктік астықтың бір тоннасы үшін қосылған құн салығы ескерілген ең төменгі есептемелік өткізу бағасы;
3. Азық-түліктік астықты агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания ұн тарту ұйымдарының бірінші сұрыпты бидай ұнын өндіруі және бірінші сұрыпты бидай ұнынан нан пісіру үшін оларға бірінші сұрыпты бидай ұнын ішкі нарықта өткізуі үшін оларға белгіленген баға бойынша өткізеді.
4. Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін ұн тарту ұйымдарына азық-түліктік астықты жеткiзудi агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) берген ұн тарту ұйымдарының тізімі және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания мен ұн тарту ұйымдары арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын азық-түліктік астықты жеткізу шарттары негізінде жеткізеді.
4-1. Ұн тарту ұйымдары бірінші сұрыпты бидай ұнын бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалатын бидай нанын өндіретін жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілеріне, ал бірінші сұрыпты бидай ұнын өткізу жөніндегі жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілері болмаған кезде жақын маңдағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) кәсіпкерлік субъектілеріне өткізеді.
Ұнның шығымдылығы өңделген астық көлемінің кемінде 70% құрайды. Азық-түлік астығын өңдеу және бірінші сұрыпты ұнды өткізу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайды және жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ұзартылады.
Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.09.2024 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау тәртібі
5. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияға азық-түліктік астықтың бір тоннасы үшін өткізу бағасы мен бекітілген бағасы арасындағы айырмашылық өтеледі.
6. Шығыстарды өтеуге субсидиялар алу үшін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі нарықта реттеушілік әсер ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) жібереді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның ұн тарту ұйымдарына азық-түліктік астық жеткізгенін растайтын құжаттардың көшірмелері (астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімі порталынан алынған азық-түліктік астық өткізуге арналған бұйрықтың көшірмесі, қорларды басқа жаққа жіберуге арналған жүкқұжат, қабылдау-тапсыру актісі);
2) ұн тарту ұйымдарының тауарға ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (төлем құжаттары және/немесе кіріс-кассалық ордерлер);
3) ұн тарту ұйымдарына азық-түліктік астық жеткізу шарттарының көшірмелері.
7. Жергілікті атқарушы орган өтінімді және өтінімге қоса берілетін құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
1) өтінімді және өтінімге қоса берілетін құжаттарды жергілікті атқарушы органның кеңсесінде тіркеуді;
2) өтінімді және өтінімге қоса берілетін құжаттарды толықтығы және осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияға хабарландыру жібереді, онда берілген өтінімнiң қандай талаптарға сәйкес келмейтіні көрсетіледі.
Өтінімді және өтінімге қоса берілетін құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Қайтару себептері жойылғаннан кейін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания жергілікті атқарушы органға өтінімді қайта енгізеді.
8. Жергілікті атқарушы орган агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компаниядан құжаттардың толық топтамасымен бірге өтінімді алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидияларды агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның банктік шотына аудару үшін "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем шотын жібереді.
9. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға, сондай-ақ оларды сұраным бойынша бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының субъектілер бойынша мониторингінің ақпараттық жүйесін құру жобасы шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім береді.
10. Осы Қағидалар шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания субсидия алу үшін ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында ұн тарту ұйымдарына азық-түліктік астықты белгіленген баға бойынша өткізуді қамтамасыз етуі қажет.
3-тарау. Есептілік беру тәртібі
11. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші сұрыпты бидай ұнының және бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай нанының бағаларын тұрақтандыру мақсатында ұн тарту ұйымдарына азық-түліктік астық жеткізу туралы есепті жасайды және оны уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
12. Жергілікті атқарушы орган ұн тарту ұйымдарының азық-түліктік астықты мақсатты пайдалануын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания жеткізетін азық-түліктік астықтан өндірілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының шекті деңгейінің сақталуын бақылауды тұрақты негізде қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші сұрыпты бидай ұнының және бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай нанының бағаларын тұрақтандыру мақсатында ұн тарту ұйымдарының азық-түліктік астықты мақсатты пайдалануы туралы есепті жасайды және уәкілетті органға жібереді.
12-1. Ұн тарту ұйымдары есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға белгіленген баға бойынша азық-түлік астығынан алынған бірінші сұрыпты бидай ұнының өткізілгенін растайтын құжаттарды жібереді.
Ескерту. Қағидалар 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.09.2024 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға арналған өтінім
20__жылғы "____" __________
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания __________________ "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 39-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларына сәйкес ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуге субсидияларды 20__ жылғы "__" _______ және 20__ жылғы "__" ______ аралығындағы кезең үшін __________________ теңге сомасында _______________________ банктік шотына төлеуді сұрайды.
Басшы ___________________________________________________
(қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
Ұсынылады: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Бірінші сұрыпты бидай ұнының және бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай нанының бағаларын тұрақтандыру мақсатында н тарту ұйымдарына азық-түліктік астық жеткізу туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 1-ПЗ нысан
Мерзімділігі: ай сайын
Есептік кезең: 20__ жылғы _______
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың жиырмасына дейін.
Р/с№ | Ұн тарту ұйымының атауы | Ұн тарту ұйымының орналасқан мекенжайы | Азық-түліктік астықты жеткізу шарты | Белгіленген баға бойынша азық-түліктік астықтың жеткізілгені | |||
нөмірі | күні | көлемі тонна | бағасы, теңге | сомасы, мың теңге | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Атауы ______________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Телефоны____________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)
Есептің тапсырылған күні 20 ___ жылғы "___" __________
Бірінші сұрыпты бидай ұнының және бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нанның бағаларын тұрақтандыру мақсатында ұн тарту ұйымдарына азық-түліктік астықты жеткізу туралы есеп нысанына қосымша |
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Бірінші сұрыпты бидай ұнының және бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нанның бағаларын тұрақтандыру мақсатында ұн тарту ұйымдарына азық-түліктік астықты жеткізу туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – 1-нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. 1-нысанды агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания толтырады.
3. 1-нысанға орындаушы және басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
4. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания 1-нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың жиырмасына дейін береді.
5. 1-нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. 1-нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
7. 2-бағанда ұн тарту ұйымының атауы көрсетіледі.
8. 3-бағанда ұн тарту ұйымының орналасқан жерінің мекенжайы көрсетіледі.
9. 4 және 5-бағандарда азық-түліктік астықты жеткізу шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.
10. 6, 7 және 8-бағандарда тиісті айда ұн тарту ұйымына белгіленген баға бойынша жеткізілген азық-түліктік астықтың көлемі, бағасы және сомасы көрсетіледі.
Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларына 3-қосымша |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Бірінші сұрыпты бидай ұнының және бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нанның бағаларын тұрақтандыру мақсатында ұн тарту ұйымдарының азық-түліктік астықты мақсатты пайдалануы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 2-ПЗ нысан
Мерзімділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы _______
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін.
Р/с № | Ұн тарту ұйымының атауы | Белгіленген баға бойынша сатып алынған азық-түліктік астық | Өңделген азық-түліктік астық, тонна | Алынған өнім | Белгіленген баға бойынша бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан өндіру үшін өткізілген бірінші сұрыпты бидай ұны | |||||
көлемі, тонна | бағасы, теңге | сомасы, мың теңге | бірінші сұрыпты бидай ұны, тонна | кебек, тонна | көлемі, тонна | бағасы, теңге | сомасы, мың теңге | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Жиыны |
Атауы ________________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Телефоны _____________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _______________________________________________
Орындаушы__________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)
Мөрге арналған орын ______________________________
Есептің тапсырылған күні 20 ___ жылғы "___" __________
Бірінші сұрыпты бидай ұнының және бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нанның бағаларын тұрақтандыру мақсатында ұн тарту ұйымдарының азық-түліктік астықты мақсатты пайдалануы туралы есеп нысанына қосымша |
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Бірінші сұрыпты бидай ұнының және бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нанның бағаларын тұрақтандыру мақсатында ұн тарту ұйымдарының азық-түліктік астықты мақсатты пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – 2-нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. 2-нысанды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады.
3. 2-нысанға орындаушы және басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
4. 2-нысанды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін береді.
5. 2-нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. 2-нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
7. 2-бағанда ұн тарту ұйымының атауы көрсетіледі.
8. 3, 4 және 5-бағандарда белгіленген баға бойынша сатып алынған азық-түліктік астықтың көлемі, бағасы және сомасы көрсетіледі.
9. 6-бағанда өңделген азық-түліктік астықтың жалпы көлемі тоннамен көрсетіледі.
10. 7 және 8-бағандарда алынған өнімнің – бірінші сұрыпты бидай ұны мен кебектің көлемі тоннамен көрсетіледі.
11. 9, 10 және 11-бағандарда белгіленген баға бойынша бірінші сұрыпты ұннан бидай нанын өндіру үшін өткізілген бірінші сұрыпты бидай ұнының көлемі, бағасы және сомасы көрсетіледі.