"Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 306 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қыркүйекте № 35044 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) қысқа/орта мерзімді облигациялар есебінен қаржыландыру бойынша жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі – кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, өңірлік инвестициялық орталықтарды және микроқаржы ұйымдарын және түпкілікті қарыз алушыларды қоспағанда, қарыз алушылар үшін мөлшері жылдық 5 (бес)%-тен аспайтын, кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейдегі банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, өңірлік инвестициялық орталықтар мен микроқаржы ұйымдары үшін жылдық 3 (үш)%-тен аспайтын сыйақы мөлшерлемесі;";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін тартылған астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің облигациялық қарыздары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау мынадай шарттарда жүзеге асырылады:

      1) субсидиялау әрбір облигациялық қарыз сомасынан төлемнің әрбір кезеңіне арналған сыйақы мөлшерлемесінің толық мөлшерін құрайды;

      2) облигациялық қарызды өтеу мерзімі – Проспектінің шарттарына сәйкес.

      Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу шарттары бойынша төлемді, ауыл шаруашылығы өнімін тікелей сатып алу шарттары бойынша төлемді қаржыландыру, орналастырылған облигацияларды және қаржы институттарынан тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру және (немесе) өтеу мақсатында шығарылған астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол беріледі.

      10. Эмитенттің 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тартылған қысқа/орта мерзімді облигациялық қарыздары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау мынадай шарттарда жүзеге асырылады:

      1) субсидиялау облигациялық қарыздың купондық сыйақысы мөлшерінен сыйақы мөлшерлемесінің толық мөлшерін құрайды;

      2) облигациялық қарызды өтеу мерзімі – Проспектінің шарттарына сәйкес.

      Бұл ретте купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге асырылатын жарияланған облигацияларды және қаржы институттарынан тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру және (немесе) өтеу мақсатында шығарылған эмитент облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол беріледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жұмыс органы облигациялық қарыз бойынша купондық төлемдер басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына жасалған келісімге сәйкес купондық сыйақының субсидияланатын бөлігін төлеммен аударады.

      Бұл ретте, есептік жылы астық нарығы жөніндегі оператордың облигациялары бойынша есептелетін купондық сыйақы бойынша субсидиялар есептік жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударылады.

      Эмитент, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, жұмыс органы эмитентке купондық сыйақының субсидияланатын бөлігінің сомасын эмитенттің банктік шотына аудару жолымен облигациялар бойынша купондық сыйақының бұрын төленген бөлігін өтейді.

      Жұмыс органы субсидиялар қаражаты болған жағдайда жасалған келісімге сәйкес облигациялар бойынша төленуге тиіс, шығарылған мерзімі 18 (он сегіз) айды қоса алғанға дейін құрайтын облигациялар бойынша 100% (жүз процент) купондық сыйақыны эмитенттің, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударады.

      Эмитентке облигациялар бойынша купондық сыйақыларды аванс түрінде өтеуге жол беріледі.

      Эмитент, астық нарығы жөніндегі операторды қоспағанда, субсидия қаражатын алғаннан кейін не эмитентке 100% (жүз процент) купондық сыйақы мөлшерінде субсидиялар бөлуді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болған жағдайда қарыз шарттарын жасасу жолымен қысқа/орта мерзімді облигациялар есебінен қарыз алушыларға қаржыландыру бойынша жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі бойынша кредит береді.

      Көрсетілген қысқа/орта мерзімді облигациялар есебінен:

      2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бұрын берілген кредиттік қаражатты ауыстыруға;

      2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге екінші деңгейдегі банктердің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, өңірлік инвестициялық орталықтардың және микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыларының міндеттемелерін қайта қаржыландыруға жол беріледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру және лизинг беру кезінде айналыс мерзімі 18 (он сегіз) айдан асатын эмитенттің ұзақ мерзімді облигациялары (бұдан әрі – ұзақ мерзімді облигациялар) бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жеке бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.";

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Жұмыс органы субсидиялар қаражаты болған жағдайда субсидиялауға өтінім келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасалған келісімге сәйкес алдағы 12 (он екі) айда облигациялар бойынша төленуге тиіс 100% (жүз процент) купондық сыйақыны ұзақ мерзімді облигациялар бойынша эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударады.

      Осы тарау шеңберінде эмитентке облигациялар бойынша купондық сыйақыларды аванс түрінде өтеуге жол беріледі.

      37. Эмитент астық нарығы жөніндегі операторды қоспағанда, субсидиялар қаражатын алғаннан кейін не эмитентке алдағы 12 (он екі) айға 100% (жүз процент) купондық сыйақы мөлшерінде субсидиялар бөлуді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит және (немесе) қаржылық лизингі берілетін тауарлар тізбесіне сәйкес кредит/лизинг шарттарын жасасу жолымен ұзақ мерзімді облигациялар қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі бойынша қарыз алушыларды кредиттер және/немесе лизинг түрінде қаржыландыруды жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады