"Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 423-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 13 қыркүйекте № 35064 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10357 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiлiп отырған телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі";

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Телерадио хабарларын таратудың қолданыстағы ұлттық стандарттарына сәйкес теле-, радиоарналарды таратудың техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер

Телерадио хабарларын таратудың қолданыстағы ұлттық стандарттарына сәйкес теле-, радиоарналарды таратудың техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті қамтитын ақпарат нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


      ";

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер

1) телерадио хабарларын тарату желісін (эфирлік, кабельдік /спутниктік желілер үшін) ұйымдастыру схемасы;
2) спутниктік оператор ұсынған қабылдау-тарату спутниктік станциялардың қабылдау-тарату желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
3) мыналар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны:
құрылатын желінің атауы (эфирлік, кабельдік, спутниктік, телекоммуникациялар желісі бойынша);
хабар тарату қамтылған аумақ;
желінің түрі, қолданылатын ұлттық хабар тарату стандарттары;
даму кезеңдері бойынша таратылатын теле-, радиоарналардың тізбесі (тізбесі және қысқаша сипаттамалары);
шартты қол жеткізу жүйелері (оларды пайдаланған жағдайда); пайдаланылатын спутниктік ресурстың қолда бар жиіліктер белдеуі, мөлшері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
арнаның орташа ақпараттық жылдамдығы (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамалары (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда) (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

1) Еркін нысанда жасалған схема
2) Спутниктік ғарыштық аппарат иесінің пайдаланылатын спутниктік ресурсқа беретін жоспары.

      ";

      көрсетілген Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2024 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 423-НҚ бұйрығына
қосымша
  Телерадио хабарларын тарату
қызметін лицензиялау кезінде
қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
қосымша
  Нысан

      Телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны:

      1. Қызметкерлер саны:

      инженерлік-техникалық мамандар _______________________________;

      мамандық бойынша жұмыс өтілі _________________________________;

      1 жылға дейін ________________________________________________;

      1 жылдан астам _______________________________________________

      2. Қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер: трансляцияның техникалық сапасы:

      иә/жоқ; төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру: иә/жоқ.

      3. Техникалық мәліметтер:

      1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/ кабельдік/ спутниктік/ телекоммуникациялар желісі бойынша;

      2) хабарламамен қамту аумағы _________________________________;

      3) желінің түрі _________________________________________________;

      ұлттық телерадио хабарларын тарату стандартының атауы _____________;

      ұлттық хабар тарату стандартының нөмірі _________________________;

      4) таратылатын теле-, радио арналарының тізімі; даму кезеңдері бойынша

      тізбе _________________________________;

      қысқаша сипаттама ________________;

      5) шартты қолжетімділік жүйесі пайдаланған жағдайда _________;

      6) желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары

      ____________________________________________________;

      7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны;

      көлемі ___________________________________________________ МГц;

      қосылушылар саны _____________________________________________;

      8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс желілерімен өзара іс-қимылы:

      шарттың нөмірі ______________ (оның ішінде басқа ТВ операторларынан телеарналар сигналын қабылдау);

      шарттың жасалған күні ______________________________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;

      9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып станцияаралық байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:

      жеке меншік техникалық құралдар бойынша ______________________;

      басқа желілердің жалға алынған арналары бойынша _______________;

      шарттың нөмірі ______________________;

      шарттың жасалған күні _______________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;

      10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне қосуды ұйымдастыру тәсілі:

      шарттың нөмірі _________________;

      шарттың жасалған күні __________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _______________;

      11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы (эфирлік/кабельдік/спутниктік желілер) _______________;

      12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу көздері мен тәсілдері;

      студияның орналасқан орны ___________________________________;

      пайдаланылатын желінің типі __________________________________;

      13) жердің жасанды спутниктері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда) (эфирлік/кабельдік/ спутниктік желілер үшін):

      атауы _______________;

      тиесілігі _____________________________________________________;

      орналасқан орны ______________________________________________;

      қызмет көрсету аумағы _________________________________________;

      жиіліктің орналасқан белдеуі ____________________________________;

      арнаның жылдамдығы _________________________________________;

      спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы _________________

      4. Ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттардың болуы: шарттың нөмірі ________________________________;

      жасалған күні ________________________________________________;

      шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) __________

      5. Үй -жайлар мен алаңдардың болуы: жеке меншік алаңдар

      __________________________________________;

      алаңдар саны _________________________________________________;

      жалға алынған алаңдар _________________________________________;

      алаңдар саны _________________________________________________;

      шарттың нөмірі ________________________________________________;

      шарттың жасалған күні __________________________________________;

      шарт кіммен жасалды ___________________________________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады