"Ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 17 қыркүйекте № 35075 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 107 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18117 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Реттік нөмірі 401-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

401.

Еңбек жағдайлары, қауіпсіздігі мен қорғау жай-күйін мониторингтеу үшін қажетті ақпарат ұсыну

Жұмыс беруші

Еңбек жөніндегі уәкілетті орган және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері, олардың сұрауы бойынша жұмыскерлердің өкілдері

Тоқсанына бір рет


      ";

      Реттік нөмірі 407-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

407.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы ақпарат

Жұмыс беруші

Жәбірленушінің жақын туыстары және мүдделі мемлекеттік органдар: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері, қауіпті өндірістік объектілерде орын алған жазатайым оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, кәсіби ауыру немесе улану туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі, жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындау кезінде жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарты жасалған сақтандыру ұйымы, жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органы, арнайы тергеуге жататын жағдайларда өндірістік және ведомстволық бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдар

Дереу


      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады