"Патент, оңайлатылған декларация негізінде және арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орынадауын оңайлату жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № 657 бұйрығын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 630 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 қыркүйекте № 35089 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Патент, оңайлатылған декларация негізінде және арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орынадауын оңайлату жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № 657 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 28739 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады