Патент, оңайлатылған декларация негізінде және арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орынадауын оңайлату жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № 657 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 шiлдеде № 28739 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 630 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 17.09.2024 № 630 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Патент, оңайлатылған декларация негізінде және арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орынадауын оңайлату жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 4 шілдедегі
№ 657 Бұйрығына
қосымша

Патент, оңайлатылған декларация негізінде және арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орынадауын оңайлату жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Патент, оңайлатылған декларация негізінде және арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орынадауын оңайлату жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және патент, оңайлатылған декларация негізінде және арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкердің салықтық міндеттемелерін орынадауын оңайлату жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асыру тәртібін айқындайды.

      2. "E-Salyq Business" арнаулы мобильді қосымша (бұдан әрі – арнаулы мобильді қосымша) салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауын оңайлату мақсатында әзірленді.

      3. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады.

      4. Пилоттық жобаның қатысушылары:

      1) арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланушылары ретінде тіркелген, патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын, қосылған құн салығын төлеушілері болып табылмайтын дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – дара кәсіпкерлер);

      2) мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.

2-тарау. Патент, оңайлатылған декларация негізінде және арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орынадауын оңайлату жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру тәртібі

      5. Арнаулы мобильді қосымшаны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкер мынадай:

      1) қосымшаның чектері бойынша кірістерді есепке алу.

      Арнаулы мобильді қосымшада оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі қосымшадағы чектердің, фискалдық деректер операторларынан алынған бақылау-касса машинасы чектерінің деректері, сондай-ақ банк шоттарына аударымдар жөніндегі деректер (дара кәсіпкердің банктік құпияны ашуға және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауға келісімі болған кезде) немесе қолмен енгізу арқылы кәсіпкер енгізген деректер бойынша қалыптастырылады;

      2) арнаулы мобильді қосымша чектерінің деректері, оның ішінде, дара кәсіпкер өз бетінше толтырған кірістер бойынша деректер, дара кәсіпкер өз бетінше арнаулы мобильді қосымшаға мәліметтер енгізген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлер мен жеке тұлғалардың кірістері бойынша деректер негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматтандырылған есептеу кезінде қолданылады.

      6. Арнаулы мобильді қосымшаны пилоттық жоба шеңберінде арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын, арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер Салық кодексінің 67-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен кәсіпкерлік қызметті тоқтату кезінде қолданылады.

      Дара кәсіпкердің арнаулы мобильдік қосымшада Салық кодексінің 67-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес берілген оңайлатылған тәртіппен қызметін тоқтату туралы келісімі болған және осы қосымшада күнтізбелік 60 (алпыс күн) ішінде кірісі көрсетілмеген кезде, салық төлеуші жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер есептелген және төленген соңғы ай өткен күннен кейінгі күннен бастап (қызметін тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.

      7. Арнаулы мобильді қосымшаны патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер мынадай:

      1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою, не тіркеу есебінен шығару;

      2) салық режимін таңдау және ауыстыру;

      3) деректері дара кәсіпкердің арнаулы мобильді қосымшасына енгізілген дара кәсіпкер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер төлейтін дара кәсіпкердің және жеке тұлғалардың қызметкерлерін есепке алу;

      4) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ақпаратты қамтитын қосымшаның чектерін қалыптастыру, жою, жөнелту, аванстық төлемге (алдағы табыстарға) қосымша чегін беру, алдыңғы кезеңдер үшін осындай деп танылған кірістерді төлеу есебінен ақша қаражатын алу кезінде чектерді беру;

      5) қосымшаның чектері бойынша кірістерді есепке алу.

      Арнаулы мобильді қосымшада патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі қосымша чектерінің, фискалдық деректер операторларынан алынған бақылау-касса машинасы чектерінің деректері, сондай-ақ банк шоттарына аударымдар жөніндегі деректер (дара кәсіпкердің банктік құпияны ашуға және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауға келісімі болған кезде) немесе қолмен енгізу арқылы кәсіпкер енгізген деректер бойынша қалыптастырылады;

      6) арнаулы мобильді қосымша чектерінің деректері, кірістер, оның ішінде дара кәсіпкер өз бетінше толтырған кірістер бойынша деректер, дара кәсіпкер өз бетінше арнаулы мобильді қосымшаға мәліметтер енгізген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердың кірістері бойынша деректер негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматтандырылған есептеу;

      7) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін патент құнының есеп-қисабын табыс етудің күшін жоя отырып, салықтың және әлеуметтік төлемдердің есептелген сомасы туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8) Салық кодексінің 67-бабында көзделген оңайлатылған тәртіппен кәсіпкерлік қызметті тоқтату;

      9) дара кәсіпкер ретінде тіркелу туралы анықтаманы және кірісі туралы анықтаманы алу;

      10) Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағында көзделген хабарламаларды алу;

      11) автоматтандырылған есептеу нәтижелері бойынша есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу кезінде қолданылады.

      8. Арнаулы мобильді қосымшаның чегі мынадай ақпаратты:

      1) салық төлеушінің атауын;

      2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;

      3) арнаулы мобильді қосымша чегінің реттік нөмірін;

      4) өткізілген тауар санаты, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тұлғаның (заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің) атауын, оның сәйкестендіру нөмірін.

      Осы тармақшада көрсетілген ақпарат жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның талап етуі бойынша, белгілі бір шығыстарға шегерімдерді растау мақсатында толтырылады;

      5) өткізілген тауар санаты, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу күні мен уақытын;

      6) өткізілген тауардың өлшем бірлігі үшін құны ("Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарлары үшін міндетті (бұдан әрі - қаулы);

      7) өткізілген тауар санаты, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауын;

      8) өткізілген тауардың көлемі (қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарлары үшін міндетті);

      9) өткізілген тауар санаты, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің жалпы құнын;

      10) арнаулы мобильді қосымшаның чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих-кодты қамтиды.

      9. Салық төлеуші:

      1) арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, Салық кодексінің нормаларына сәйкес салықтық міндеттемелерді орындайды;

      2) арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібі туралы мемлекеттік кірістер органдарынан түсініктеме алады.

      10. Мемлекеттік кірістер органдары:

      1) салық төлеушілерге арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану мәселелері бойынша түсіндірулер береді;

      2) арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланушылар ретінде тіркелген тұлғаларды мемлекеттік кірістер органдарында есепке алуды жүзеге асырады.

      11. Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану кезінде дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады