ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына және "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары (бұдан әрі – шарттар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін шарттардың 2-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
С. Аблалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы | |
Көлік министрінің | |
міндетін атқарушы | |
2024 жылғы 18 қыркүйектегі | |
№ 305 Бұйрықпен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары (бұдан әрi –– Қағидалар) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заң) 25-бабының 2-тармағына және "Ішкі су көлігі" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Ішкі су көлігі туралы заң) 34-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен жүзетін кемеге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Халықтың көші-қоны туралы заң), "Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысына және "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32977 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады:
1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Ішкі су көлігі туралы заңының 34-бабының 3-тармағына сәйкес кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшісі, аға механик және радио мамандары лауазымдарына тағайындалмайды;
2) Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңының 25-бабының 1-тармағына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, капитанның аға көмекшісі және аға механик лауазымдарына тағайындалмайды;
3) кемеге шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау кемеде Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 103-бабына сәйкес бос жұмыс орындары бар болғанда және iшкi еңбек нарығында жекелеген кәсіптер мен біліктіліктер бойынша қызметкерлерге сұранысты қанағаттандыру мүмкiндiгі болмаған кезде жүзеге асырылады;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме экипажының құрамына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдіктердің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және еңбек өтілі Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңының 24-бабына мен "Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15577 болып тіркелген) сәйкес сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мамандардың лауазымдарына және Ішкі су көлігі туралы заңының 34-бабына және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) сәйкес ішкі су көлігі жүзу саласындағы мамандардың лауазымдарына қойылатын талаптарға сай болуға тиіс;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кемеге жұмысқа қабылданатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:
"Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ медициналық қорытындының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 364 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11546 болып тіркелген) нысан бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мамандар үшін және "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 073/у нысаны бойынша ішкі су саласындағы мамандар үшін денсаулық жағдайы бойынша осындай жұмысқа жарамдылығын растайтын медициналық комиссияның қорытындысы;
шетелдіктер үшін – жарамды шетелдік паспорт, бұл ретте Қазақстан Республикасы мемлекеттерімен келудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасалмаған шетелдіктер үшін Халықтың көші-қоны туралы заңының 6-бабына сәйкес қосымша тиісті виза болуы қажет;
азаматтығы жоқ адамдар үшiн – азаматтығы жоқ адамның куәлiгi немесе азаматтығы жоқ адамның құқықтық мәртебесiн растайтын, шет мемлекет берген шетелдiк паспорт болуға тиiс.