БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында:
33-тармақ мынадай мазмұндағы 6, 7, және 8-тармақшалармен толықтырсын:
6) уәкілетті органның:
байланыс саласындағы перспективалық технологияларды іске асыру;
радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарларына сәйкес радиожиілік спектрін, жиілік белдеулерін тиімді пайдалану мақсатында радиожиілік спектрін қайта бөлуді жүргізу туралы шешімі бойынша;
7) дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғанда немесе заңды тұлға таратылғанда;
8) байланыс операторы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған күннен бастап алты ай ішінде радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану туралы хабарламаны және азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігінің есептемесін ұсынбағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
24. | SRD (деректерді таратудың кең жолақты жүйелері) WAS/RLAN Деректерді тарату жүйелері\ жергілікті радиожүйелер | 2400.0–2483.5 МГц | 100 мВт э.и.с.қ. | Модуляцияның кең жолақты түрлері үшін, ЖЖПҚ (FHSS)–дан басқа, ЭИСҚ максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/1 МГц | |
5150–5350 МГц | 200 мВт, э.и.с.қ. максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/МГц | Тек қана ғимараттың ішінде қолдану үшін. | |||
5470–5725 МГц | 100 мВт э.и.с.қ. максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/МГц | Тек қана ғимараттың ішінде қолдану үшін. | |||
5725-5850 | 100 мВт э.и.с.қ. максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/МГц | Тек қана ғимараттың ішінде қолдану үшін. | |||
5925-6425 МГц | 200 мВт, э.и.с.қ. максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/МГц | Тек қана ғимараттың ішінде қолдану үшін. | |||
17.1–17.3 ГГц | 100 мВт э.и.с.қ. | ||||
57–66 ГГц | 40 дБм э.и.с.қ. |
Тек ғимараттың ішінде қолдануға арналған. |
";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін |
1) Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін (бұдан әрі – РЖС) пайдалануға рұқсат беру – 20 (жиырма) жұмыс күні, оның ішінде кеме станциясының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаты – 5 (бес) жұмыс күні. Халықаралық үйлестіру жүргізілген жағдайда мерзім алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылады. |
".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы |
А. Оразбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі