Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 қыркүйекте № 35104 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларында:

      2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын ескере отырып, осы жаңа объектілерді, оның ішінде электр энергиясын жинақтау жүйелерімен жарақталған объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;

      3) басым тұтынушылар – құрамына тікелей тұтынушылар және (немесе) өнеркәсіптік кешендер, электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта өткізетін, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін, оның ішінде алдағы жеті жылдық кезеңге арналған электр энергиясы мен қуатының бекітілген болжамды балансында есепке алынбаған, істен шыққан электр қуаттарын реконструкциялаудан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар;";

      2-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      2-тармақтың 7) және 8) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – Субъект) – нетто-тұтынушыларды қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      8) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi – жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;";

      мынадай мазмұндағы 28-1 және 28-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "28-1. Бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын сатып алу шартын жасасуға арналған өтінімде көрсетілген тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында биогаз электр станцияларын салу бойынша жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттық жеңімпазының шешімі негізінде оған осы Қағидалардың 29-тармағының екінші бөлігіне сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында барлау жұмыстарын жүргізуге қаржылық қамтамасыз ету берілген жағдайда, барлау жұмыстарын жүргізуге сатып алу шарты жасалған күннен бастап бір жыл мерзім беріледі.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 29-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес осы тармақтың 1-бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету берілген кезде осы тармақтың 1-бөлігінде көрсетілген қаржылық қамтамасыз ету қайтарылады.

      Осы Қағидалардың 29-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету берілмеген кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаржылық қамтамасыз ету осы Қағидалардың 31-тармағында белгіленген тәртіппен ұсталып қалады.

      28-2. Осы Қағидалардың 28-1-тармағына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында барлау жұмыстарын жүзеге асыратын субъект шартқа қол қойылған күнінен бастап, 1 жылдан кешіктірмей осы Қағидалардың 29-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынады.";

      29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "29. Сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшері Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары тізілімінде көрсетілген ЖЭК объектісінің белгіленген қуатына көбейтілген белгіленген қуаттың 1 (бір) кВт үшін 10 000 (он мың) теңгені құрайды.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 28-1-тармағына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында барлау жұмыстарын жүргізуге арналған қаржылық қамтамасыз ету мөлшері Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары тізілімінде көрсетілген ЖЭК объектісінің белгіленген қуатына көбейтілген белгіленген қуаттың 1 (бір) кВт үшін 2 000 (екі мың) теңгені құрайды.";

      36-тармақта:

      5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді – оған қол қойған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, ал осы Қағидалардың 28-1-тармағында көзделген жағдайда – оған қол қойылған күнінен бастап бір жыл ішінде;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) барлау жұмыстарын жүргізуге қаржылық қамтамасыз етуді – осы Қағидалардың 28-1-тармағында көзделген жағдайда сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;";

      53-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) жыл сайын 1 қазанға дейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған Тарифті айқындау қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға арналған электр энергиясын өндірудің, желіге жіберудің болжамды көлемі, тұтыну көлемі туралы ақпаратты жібереді;";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, өнеркәсіптік кешендермен, тікелей тұтынушылармен және басым тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16241 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 369) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      кіріспенің 5) тармақшасының орыс тіліндегі редакциясына өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      9-тармақта:

      16) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "16) Қағидаларда қойылатын талаптарға сәйкес осы Шартқа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, ал Қағидалардың 28-1-тармағына сәйкес барлау жұмыстары жүзеге асырылатын тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарындағы биогаз электр станцияларының жобалары үшін – Қағидаларда қойылатын талаптарға сәйкес осы Шартқа қол қойылған күнінен бастап бір жыл ішінде ____________ мөлшерінде Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді Сатып алушыға ұсынуға;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) Қағидалардың 28-1-тармағында көзделген жағдайда, Қағидаларда қойылатын талаптарға сәйкес осы Шартқа қол қойылған күнінен бастап, күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында барлау жұмыстарын жүргізуге қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуға;";

      11-тармақта:

      4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) ЖЭК пайдалану объектісі үшінші тұлғаға иеліктен шығарылған жағдайда, осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін нақ осы тұлғаға толықтай беруге құқылы. Мұндай жағдайда, осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер ЖЭК пайдалану объектісіне арналған құқықтармен бір мезгілде үшінші тұлғаға өтеді;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) Қағидалардың 28-1-тармағында көзделген жағдайларда және талаптарда Қағидалардың 29-тармағының екінші бөлігіне сәйкес барлау жұмыстарын жүргізуге қаржылық қамтамасыз етуді ұсына отырып, сатып алу шарты жасалғаннан кейін бір жыл ішінде тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында барлау жұмыстарын жүргізуге құқылы.";

      27-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Сатып алушыға қаржы ұйымынан осындай ауыстыру қажеттігі туралы талап түскен жағдайда Сатушыны ауыстыруды жүзеге асыру. Қаржы ұйымының талап етуі бойынша Сатушыны ауыстыру уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы Ереженің 15-бабының 371) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін жүзеге асырылады;";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

      кіріспенің 5) тармақшасының орыс тіліндегі редакциясына өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:

      кіріспенің 5) тармақшасының орыс тіліндегі редакциясына өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) басым тұтынушылар – құрамына тікелей тұтынушылар және (немесе) өнеркәсіптік кешендер, электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта өткізетін, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін, оның ішінде алдағы жеті жылдық кезеңге арналған электр энергиясы мен қуатының бекітілген болжамды балансында есепке алынбаған, істен шыққан электр қуаттарын реконструкциялаудан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар;";

      1-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:

      кіріспенің 5) тармақшасының орыс тіліндегі редакциясына өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 335 бұйрығына
қосымша
  Электр энергиясын бірыңғай
сатып алушының жаңартылатын
энергия көздерін пайдалану
объектілері, қалдықтарды
энергетикалық кәдеге жарату
объектілері өндірген
электр энергиясын
орталықтандырылған
сатып алу және сату
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге
__________________________
(заңды тұлғаның атауы)
кімнен
___________________

Бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын сатып алу шартын жасауғаарналған өтінім ________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы және мекенжайы)

      жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану объектісі өндірген

      электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасауды сұрайды.

      Заңды тұлғаның (бар болса оның филиалдарының, өкілдіктерінің) орналасқан жері:

      Пошталық мекенжайы: ________________________________________________

      Телефон нөмірлері: ___________________________________________________

      E-maіl: ______________________________________________________________

      Факс: _______________________________________________________________

      ЖЭК пайдалану объектісінің атауы ______________________________________

      Электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ЖЭК-тің түрі (қажеттісінің

      астын сызу керек):

      жел электр станциялары;

      күн энергиясын фотоэлектрлі түрлендіргіштер;

      гидроэлектрстанциялары, биогаз қондырғылары.

      ЖЭК объектісінің орналасқан жері _____________________________________

      Пайдаланылатын ЖЭК-тің түрлері бойынша бөле отырып, ЖЭК объектісінің

      генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуаты______ МВт.

      Жылдар бойынша бөле отырып, сатып алу шарты қолданылатын барлық мерзім

      ішінде ЖЭК объектісінде өндіру жоспарланған электр энергиясының болжамды

      көлемі______________ мың кВт/сағ.

      ЖЭК объектісін іске қосу күні (іс жүзіндегі немесе жоспарланған)

      _____________.

      ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуатын пайдаланудың болжамды

      коэффициенті ______.

      Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында бір жыл бойы барлау жұмыстарын

      жүргізу (биогаз қондырғылары үшін) ______.

      Қоса берілетін құжаттар (парақтар санын көрсете отырып):

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      4. ___________________________________________________________

      5. ____________________________________________________________

      6. ____________________________________________________________

      Ұйым басшысы (лауазымы)

      ___________________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады