БҰЙЫРАМЫН:
1. "Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысанын толтыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептіліктің нысанын толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мәмілеге қатысушылардың трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептіліктің нысанын (бұдан әрі – Есептілік) толтыру тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Жергілікті субъект – Заңның 7-1-бабына сәйкес жергілікті есептілікті ұсыну жөніндегі міндет жүктелген мәміле қатысушысы.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Есептілік мемлекеттік кірістер органдарының салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол берілетін мемлекеттік кірістер органдары жүйесінің Есептілікті қабылдауы туралы хабарламамен электронды түрде ұсынылады және электрондық цифрлық қолмен куәландырылады.
Бағдарламалық қамтамасыз ету болмаған не мемлекеттік кірістер органының бағдарламалық қамтамасыз етуінде техникалық ақаулықтар анықталған кезде мәмілеге қатысушы азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы немесе электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы Есептілікті электрондық түрде ұсынады.
Есептілікті электрондық түрде ұсыну мүмкін болмаған кезде мәмілеге қатысушы мемлекеттік кірістер органына бұл туралы куәландыратын құжаттарды ұсынады және Есептілікті қағаз жеткізгіште толтыра отырып, оны электрондық жеткізгіштегі көшірмелерімен қоса:
1) пошта арқылы пошта байланыс ұйымының алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен;
2) келу тәртібінде 2 (екі) данада қағаз тасымалдағышында ұсынады, оның 1 (біреуі) мемлекеттік кірістер органдарының қабылдау туралы белгісімен мәмілеге қатысушыға қайтарылады.";
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілген трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросы
2024 жылғы "__" __________
Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік Есепті кезең 20__ жыл
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
https://kgd.gov.kz/ru/content/transfertnoe-cenoobrazovanie-1-1.
Индекс: 013 ЖЕ
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне
Ұсынады: мәмілеге қатысушылар
Кезеңділігі: жыл сайын
Ұсыну мерзімі: есепті қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей.
1-бөлім. Жергілікті субъект
1.1. Жергілікті субъектінің басқару құрылымын және Жергілікті субъектінің ұйымдық құрылымын сипаттау
__________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________.
1.2. Жергілікті субъектінің кәсіпкерлік іс-қимылын егжей-тегжейлі сипаттау және Жергілікті субъекті пайдаланатын бизнесті жүргізу стратегиясы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
1.3. Жергілікті субъектінің негізгі бәсекелестерінің тізбесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
2 бөлім. Бақыланатын мәмілелер
2.1. Бақыланатын мәмілелер санаттарының сипаттамасы (мысалы, өндірістік қызметтерді сатып алу, тауарларды сатып алу, қызметтерді ұсыну, қарыздар, міндеттемелерді қаржыландыру және орындау кепілдіктері, материалдық емес активтерді лицензиялау және т.б.) және бақыланатын мәмілелер жүзеге асырылған міндеттемелер
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.2. Шетелдік алушылар мен төлеушілер тіркелетін салық юрисдикциясы бөлігінде Жергілікті субъектінің қатысуымен бақыланатын мәмілелердің әрбір санаты бойынша төлемдер мен ақша құралдары түсімінің сомалары (мысалы, тауарлар, қызметтер, жұмыстар, роялти, лицензиялық төлем, сыйақы төлеу және т.б. бойынша төлемдер және түсімдер)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.3. Бақыланатын мәмілелердің әр санатына тараптар болып табылатын, олардың арасындағы өзара байланысты көрсете отырып, өзара байланысты тараптардың тізбесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_____________________________________________________.
2.4. Жергілікті субъектінің өзара байланысты тараптармен жасаған, жасалған күнін және келісімнің қоса берілетін көшірмелерінің тізбесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.5. Жергілікті субъектінің және тиісті өзара байланысты тараптардың бақыланатын мәмілелердің әрбір санатына қатысты функционалды талдау
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.6. Трансферттік баға белгілеуді талдау әдісі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.7. Тексерілетін тарап ретінде таңдалған, өзара байланысты тараптың атауы, іріктеуге негіздеме
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.8. Трансферттік баға белгілеу әдісін қолдану үшін жасалған, жолберудің сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.9. Көп жылдық талдау жүргізу үшін себептердің негіздемесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.10. Таңдалған салыстырмалы бақыланбайтын мәмілелердің тізбесі мен сипаттамасы, салыстырмалы деректерді және ақпарат көзін табудың әдіснамасын сипаттау
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.11. Салыстырмалықты қамтамасыз ету үшін жүргізілген түзетулердің сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.12. "Қол созу" қағидатына баға сәйкестігін негіздеу
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.13. Трансферттік баға белгілеу әдісін талдау әдісін қолдану үшін пайдаланылған қаржылық ақпарат
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.14. Осы есептілікке қоса беріліп отырған трансферттік баға белгілеу туралы қолданыстағы келісімдердің көшірмелері туралы мәліметтер және салық қаулылары
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3 бөлім. Қаржылық ақпарат
3.1. Жергілікті субъектінің есепті қаржы жылындағы жылсайынғы қаржылық есептілігі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3.2. Жергілікті субъектінің жылдық қаржылық есептілігіндегі оның деректері негізінде қаржылық деректерді айқындау туралы ақпарат
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3.3. Бақыланбайтын салыстырмалы мәмілелер бойынша қаржылық деректер
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
4-бөлім. Жергілікті субъектінің жауапкершілігі
Атауы:__________________________ |
Мекенжайы:_____________________ |
Телефоны:_______________________ |
Электрондық почта |
Орындаушы______________________ | Телефоны:_______________________ |
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам: | ||||
| ||||
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
Қабылдау күні: | |||
Пошта штемпелінің күні: |
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып |
Ескертпе:
"Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік" формасын толтыру бойынша түсіндірме осы Бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілікті толтыру Қағидаларына сәйкес келтірілген.
Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік Есепті кезең 20__ жыл
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
https://kgd.gov.kz/ru/content/transfertnoe-cenoobrazovanie-1-1.
Индекс: 014 НЕ
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне
Ұсынады: халықаралық топтың қатысушылары
Кезеңділігі: жыл сайын
Ұсыну мерзімі: халықаралық топқа қатысушы уәкілетті органнан негізгі есептілікті ұсыну туралы талапты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде.
1-бөлім. Ұйымдастырушылық құрылым
1.1. Халықаралық топтың заңдық құрылымы мен меншік құрылымы (иелену үлесі), сондай-ақ халықаралық топ компаниялардың географиялық орналасқан жері (резиденттік еліндегі) туралы ақпарат
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2-бөлім. Халықаралық топ қызметінің сипаттамасы
2.1. Халықаралық топтың пайдалылық әсер ететін негізгі факторларының сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.2. 2.3-тармақта көрсетілген, тауарларды өткізу, қызметтерді көрсету орны, жұмыстарды орындау негізгі географиялық нарықтар сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.3. Халықаралық топтың тауарларын өткізуден (жұмыстар, қызметтер) табыстың мөлшері бес ірі жеткізілім тізбегінің сипаттамасы және (немесе) басқа кез келген тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды өткізуден түскен есепті қаржы жылы халықаралық топтың түсімінен 5% аса құраған табысы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.4. Маңызды қызметтер көрсететін негізгі халықаралық топтарды және қызмет көрсетуге шығындарды бөлуге және топтардың ішіндегі қызмет көрсетулердің құнын анықтауға арналған трансфертті баға белгілеу бойынша саясаттарды қоса алғанда, халықаралық топтың қатысушылары арасында жасалған қызмет көрсету, жұмыстарды орындау туралы халықаралық топтың шарттары үшін елеулі маңызы бар тізбесі мен қысқаша сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.5. Халықаралық топтың тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеуде халықаралық топқа жеке қатысушылардың негізгі үлесін сипаттайтын қысқаша функционалдық талдау
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.6. Есепті қаржы жылы орын алған, халықаралық топ үшін елеулі маңызы бар бизнесті қайта құрылымдау, сіңіру және бөліну сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3-бөлім. Халықаралық топтың материалдық емес активтері
3.1. Халықаралық топтың материалдық емес активтерді құру, иелену және пайдалану стратегиясының сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3.2. Заңды түрде оған ие халықаралық топқа қатысушының атауларын көрсете отырып, трансферттік баға белгілеу мақсаттары үшін халықаралық топ үшін елеулі маңызы бар, халықаралық топтың материалдық емес активтерінің тізбесі немесе материалдық емес активтердің топтары
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3.3. Халықаралық топ үшін маңызды шығыстарды жабуға арналған жарна туралы келісімді, әзірлеу туралы келісімді және лицензиялық келісімді қоса, материалдық емес активтерге қатысты халықаралық топ қатысушылары арасында жасалған келісімдердің тізбесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3.4. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және материалдық емес активтерге қатысты халықаралық топтың трансфертік баға белгілеу саясатының сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3.5. Халықаралық топ үшін маңызды есепті қаржы жылында тиісті халықаралық топ қатысушыларының атауын және резиденттілік елін және сыйақыларды көрсете отырып орын алған халықаралық топ қатысушылары арасындағы материалдық емес активтерде қатысу үлесін іске асыру мәмілелерінің жалпы сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
4-бөлім. Халықаралық топтың қыржылық қызметі
4.1 Халықаралық топтың қатысушылары болып табылмайтын қарыз берушімен мәмілені қоса, халықаралық топ пен оның негізгі қатысушыларын қаржыландыру тәртібі туралы мәлімет
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
4.2. Халықаралық топта, оның заңнамасына сәйкес осындай халықаралық топ қатысушылары және осындай халықаралық топ қатысушыларының тиімді басқару орындары құрылған мемлекетті көрсете отырып, орталықтандырылған қаржыландыру функциясын жүзеге асыратын халықаралық топ қатысушыларының тізбесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
4.3. Халықаралық топ қатысушылары арасындағы халықаралық мәмілелерге қатысты халықаралық топтың трансфертік баға белгілеудің жалпы саясатының сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
5-бөлім. Халықаралық топтың қаржылық және салықтық ақпараты
5.1. Есепті қаржы жылында қаржылық есептілік мақсаты үшін және (немесе) басқарушылық, салық немесе өзге де мақсаттары үшін дайындалған халықаралық топтың қоса беріп отырған шоғырландырылған қаржы есептілігінің көшірмесі туралы мәлімет
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
5.2. Қолданыстағы халықаралық топтың трансфертік баға белгілеу туралы біржақты келісімдердің және мемлекеттер арасында кірістерді бөлу туралы салық қаулыларының тізбесі мен қысқаша сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
6-бөлім. Халықаралық топ қатысушысының жауапкершілігі
Атауы:________________________ | Мекенжайы:___________________ ______________________________ | |
Телефоны:_____________________ | Электрондық почта мекенжайы:_______________________ | |
Орындаушы____________________ | Телефоны:________________________ | |
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам: _______________________________________________ ___________ | ||
Ұсынылған күні: 20___жылғы "___" _________ | Мемлекеттік кірістер органының коды __ __ __ __ | |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның: _______________________ | Қабылдау күні: 20___жылғы "___" _________ құжаттың кіріс №: _______ | |
Пошта штемпелінің күні: 20____жылғы "___" _________ (егер пошта арқылы жолданған болса) | Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда): ________________________________ |
Ескертпе:
"Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік" формасын толтыру түсініктемесі осы Бұйрыққа 4-қосымшаның Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілікті толтыру Қағидаларына сәйкес келтірілген.