РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысанын толтыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік нысанын толтыру қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептілік нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептілік нысанын толтыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Ә. Смайылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
2018 жылғы "__" __________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына 1-қосымша |
|
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік Есепті кезең 20__ жыл
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.09.2024 № 633 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
https://kgd.gov.kz/ru/content/transfertnoe-cenoobrazovanie-1-1.
Индекс: 013 ЖЕ
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне
Ұсынады: мәмілеге қатысушылар
Кезеңділігі: жыл сайын
Ұсыну мерзімі: есепті қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей.
1-бөлім. Жергілікті субъект
1.1. Жергілікті субъектінің басқару құрылымын және Жергілікті субъектінің ұйымдық құрылымын сипаттау
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
1.2. Жергілікті субъектінің кәсіпкерлік іс-қимылын егжей-тегжейлі сипаттау және Жергілікті субъекті пайдаланатын бизнесті жүргізу стратегиясы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
1.3. Жергілікті субъектінің негізгі бәсекелестерінің тізбесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
2 бөлім. Бақыланатын мәмілелер
2.1. Бақыланатын мәмілелер санаттарының сипаттамасы (мысалы, өндірістік қызметтерді сатып алу, тауарларды сатып алу, қызметтерді ұсыну, қарыздар, міндеттемелерді қаржыландыру және орындау кепілдіктері, материалдық емес активтерді лицензиялау және т.б.) және бақыланатын мәмілелер жүзеге асырылған міндеттемелер
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.2. Шетелдік алушылар мен төлеушілер тіркелетін салық юрисдикциясы бөлігінде Жергілікті субъектінің қатысуымен бақыланатын мәмілелердің әрбір санаты бойынша төлемдер мен ақша құралдары түсімінің сомалары (мысалы, тауарлар, қызметтер, жұмыстар, роялти, лицензиялық төлем, сыйақы төлеу және т.б. бойынша төлемдер және түсімдер)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.3. Бақыланатын мәмілелердің әр санатына тараптар болып табылатын, олардың арасындағы өзара байланысты көрсете отырып, өзара байланысты тараптардың тізбесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_____________________________________________________.
2.4. Жергілікті субъектінің өзара байланысты тараптармен жасаған, жасалған күнін және келісімнің қоса берілетін көшірмелерінің тізбесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.5. Жергілікті субъектінің және тиісті өзара байланысты тараптардың бақыланатын мәмілелердің әрбір санатына қатысты функционалды талдау
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.6. Трансферттік баға белгілеуді талдау әдісі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.7. Тексерілетін тарап ретінде таңдалған, өзара байланысты тараптың атауы, іріктеуге негіздеме
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.8. Трансферттік баға белгілеу әдісін қолдану үшін жасалған, жолберудің сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.9. Көп жылдық талдау жүргізу үшін себептердің негіздемесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.10. Таңдалған салыстырмалы бақыланбайтын мәмілелердің тізбесі мен сипаттамасы, салыстырмалы деректерді және ақпарат көзін табудың әдіснамасын сипаттау
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.11. Салыстырмалықты қамтамасыз ету үшін жүргізілген түзетулердің сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.12. "Қол созу" қағидатына баға сәйкестігін негіздеу
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.13. Трансферттік баға белгілеу әдісін талдау әдісін қолдану үшін пайдаланылған қаржылық ақпарат
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.14. Осы есептілікке қоса беріліп отырған трансферттік баға белгілеу туралы қолданыстағы келісімдердің көшірмелері туралы мәліметтер және салық қаулылары
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3 бөлім. Қаржылық ақпарат
3.1. Жергілікті субъектінің есепті қаржы жылындағы жылсайынғы қаржылық есептілігі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3.2. Жергілікті субъектінің жылдық қаржылық есептілігіндегі оның деректері негізінде қаржылық деректерді айқындау туралы ақпарат
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3.3. Бақыланбайтын салыстырмалы мәмілелер бойынша қаржылық деректер
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
4-бөлім. Жергілікті субъектінің жауапкершілігі
Атауы:__________________________ |
Мекенжайы:_____________________ |
Телефоны:_______________________ |
Электрондық почта |
Орындаушы______________________ | Телефоны:_______________________ |
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам: | ||||
| ||||
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
Қабылдау күні: | |||
Пошта штемпелінің күні: |
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып |
Ескертпе:
"Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік" формасын толтыру бойынша түсіндірме осы Бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілікті толтыру Қағидаларына сәйкес келтірілген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына 2-қосымша |
Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептіліктің нысанын толтыру қағидалары
(индекс:013 ЖЕ, кезеңділігі: жыл сайын)
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептіліктің нысанын толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мәмілеге қатысушылардың трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептіліктің нысанын (бұдан әрі – Есептілік) толтыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.09.2024 № 633 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бақыланатын мәмілелер санаты – нысанасы бірдей немесе біртекті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) болып табылатын бақыланатын мәмілелер тобы;
2) бақыланатын мәміле – Заңға сәйкес трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау жүзеге асырылатын, жергілікті субъекті өзара байланысты тараппен жасаған мәміле;
3) бақыланатын мәміленің материалдық санаты - есепті қаржы жылында кірістердің (шығыстардың) және/немесе міндеттемелердің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданылатын 250 000 АЕК-тен кем емес бақыланатын мәмілелердің санаты;
4) Жергілікті субъект – Заңның 7-1-бабына сәйкес жергілікті есептілікті ұсыну жөніндегі міндет жүктелген мәміле қатысушысы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 19.09.2024 № 633 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Есептілікте көрсетілетін мәлімет, мемлекеттік және орыс тілдерінде, оның ішінде баспа мәтінде, кестеде, схемада, графикте, диаграммада, суретте және басқа да графикалық объектілердің мазмұнымен жасалады.
4. Есептілік мемлекеттік кірістер органдарының салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол берілетін мемлекеттік кірістер органдары жүйесінің Есептілікті қабылдауы туралы хабарламамен электронды түрде ұсынылады және электрондық цифрлық қолмен куәландырылады.
Бағдарламалық қамтамасыз ету болмаған не мемлекеттік кірістер органының бағдарламалық қамтамасыз етуінде техникалық ақаулықтар анықталған кезде мәмілеге қатысушы азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы немесе электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы Есептілікті электрондық түрде ұсынады.
Есептілікті электрондық түрде ұсыну мүмкін болмаған кезде мәмілеге қатысушы мемлекеттік кірістер органына бұл туралы куәландыратын құжаттарды ұсынады және Есептілікті қағаз жеткізгіште толтыра отырып, оны электрондық жеткізгіштегі көшірмелерімен қоса:
1) пошта арқылы пошта байланыс ұйымының алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен;
2) келу тәртібінде 2 (екі) данада қағаз тасымалдағышында ұсынады, оның 1 (біреуі) мемлекеттік кірістер органдарының қабылдау туралы белгісімен мәмілеге қатысушыға қайтарылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.09.2024 № 633 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Есептілікке:
1) жергілікті субъект өзара байланысты тұлғалармен жасаған, оның негізінде жергілікті субъект есептік қаржылық жылда бақыланатын мәміле материалдық санатын жасаған, материалдық келісімдердің (шарттардың);
2) мемлекеттік кірістер органдары қатыспайтын, жоғарыда көрсетілген, бақыланатын мәмілеге қатысты трансферттік баға белгілеу және салықтық қаулы туралы қолданыстағы келісімдердің;
3) есептік қаржылық жылдағы жергілікті субъектінің жыл сайынғы қаржылық есептілігінің көшірмелері қоса беріледі.
6. Егер осы Қағидаларда өзгеше белгіленбесе, жергілікті есептілікте көрсетілетін ақпарат жергілікті есептілік ұсынылатын есепті кезеңге жатады.
7. Есептілікте бақыланатын мәміленің материалдық санатына жататын жергілікті субъектінің мәміле бойынша ақпараты көрсетіледі.
Есепті қаржылық жылда жергілікті субъектіде бақыланатын мәміленің материалдық санатына жататын бақыланатын мәміле болмаған кезде жергілікті субъект Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Есептілікті ұсынбайды.
2-тарау. Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептіліктің нысанын толтыру тәртібі
8. "Жергілікті субъект" деген 1-бөлімде:
1.1-тармақта жергілікті субъектіні басқару құрылымының және жергілікті субъектіні ұйымдастыру құрылымының сипаттамасы, оның ішінде лауазымды адамдар (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы), сондай-ақ осындай тұлғалардың өздерінің негізгі офистері бар елдерді қоса алғанда, жергілікті басшылық бағынатын тұлғалардың сипаттамасы көрсетіледі;
1.2-тармақта жергілікті субъектінің кәсіпкерлік қызметінің егжей-тегжейлі сипаттамасы және ағымдағы немесе алдыңғы қаржылық жылда жергілікті субъект бизнесті қайта құрылымдауға қатысты ма немесе оның ықпалына, не материалдық емес активтерді өткізуге ұшырады ма жоқ па көрсете отырып, жергілікті субъекті пайдаланатын бизнесті жүргізу стратегиясы көрсетіледі;
1.3-тармақта жергілікті субъект жұмыс істпе отырған салада және нарықта қызметін жүзеге асыратын жергілікті субъектінің негізгі бәсекелестігі көрсетіледі.
9. "Бақыланатын мәміле" деген 2-бөлімде жергілікті субъектінің қатысуымен жасалған бақыланатын мәмілелердің әрбір материалды санатына қатысты мынадай ақпарат ұсынылады:
2.1-тармақта бақыланатын мәміле санатының сипаттамасы, оның ішінде өндіріс, жұмыстарды сатып алу, қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алу, қарыз, қаржыландыру бойынша кепілдік беру және міндеттемені орындау, материалдық емес активтерді лицензиялау және бақыланатын мәміле жүзеге асырылған мән-жай көрсетіледі;
2.2-тармақта жергілікті субъектінің қатысуымен әрбір бақыланатын мәміле (бақыланатын мәмілемен) санаты бойынша төлем сомасы мен ақша қаражатының түсуі, оның ішінде шетелдік алушылар мен төлеушілер тіркелген салықтық юрисдикция бөлігінде тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төлем мен түсімдер, лицензияланған төлем, сыйақы көрсетіледі;
2.3-тармақта атауын және олар резидентті болатын елді қоса, олардың арасындағы өзара байланысты көрсете отырып, әрбір бақыланатын мәміле санатының тараптары болып табылатын, өзара байланысты тараптар көрсетіледі;
2.4-тармақта Есептілікке жергілікті субъектінің өзара байланысты тараптар басқа қатысушылармен жасалған материалдық келісімдердің көшірмелерін қоса беру туралы мәліметтер көрсетіледі;
2.5-тармақта Жергілікті субъектінің және тиісті өзара байланысты тараптар басқа қатысушыларының әрбір бақыланатын мәміле санатына қатысты функционалдық талдауы, оның ішінде:
1) бақыланатын мәміле тараптары, сондай-ақ олардың бөлімшелері орындайтын функциялар сипаты, оларға, оның ішінде:
Стартегиялық басқаруды жүзеге асыру, оның ішінде бағалық саясатты, өндіріс стратегиясын және тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізу, сату көлемі, тауарлар (ұсынылатын жұмыс, қызмет) ассортиментін, олардың тұтынушылық қасиетін айқындау;
ұйым қызметін жедел басқаруды жүзеге асыру;
пайдалы қазбаларды барлау және өндіру;
пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен байланысты қызмет көрсету;
тауарларды технологиялық әзірлеу және дизайн;
тауарлар өндірісі немесе олардың құрамдауыштары, құрамдауыштардан тауарларды жинау;
жабдықты монтаждау және (немесе) орнатуды жүзеге асыру;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс;
тауарларды, жұмысты, қызметті сатып алу және сату арқылы басқа ұйымды қамтамасыз ету;
тауарлардың көтерме саудасы;
тауарлардың бөлшек саудасы;
тиісті қуатқа ие, басқа тұлғаларды тарту арқылы таураларды өткізуді және (немесе) өндірісін ұйымдастыру;
жөндеу және кепілдік қызмет көрсету;
маркетинг, жарнама және тауарларды, жұмыс, қызметті жылжыту жөніндегі өзге де қызметтер;
тауарларды тасымалдау, логистикалық қызмет;
инспекциялау;
тауарларды сақтау;
сақтандыру;
инжинирлік және өзге де техникалық қызмет көрсету;
консультациялық қызмет көрсету;
басқару қызметін көрсету;
ақпараттық қызмет көрсету;
бухгалтерлік есепті жүргізу, заңдық қызмет көрсету және бизнесті қолдауда өзге де қызмет көрсету;
материалдық емес активтерді лицензиялау;
қызметшілерге (персоналға) еңбек беру;
агенттік, делдалдық функцияларды орындау;
қаржыландыру, қаржылық операцияларды жүзеге асыру;
қызметкерлерді оқыту, біліктілігін арттыру.
2) бақыланатын мәміле тараптары қолданатын тәуекелдер, оның ішінде:
жерқойнауын пайдалануға арналған лицензияларды (келісімшарттарды) қайтарып алу тәуекелі;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесіз болуымен байланысты тәуекел;
геологиялық барлау жұмыстарын жүзеге асырудың нәтижесіз болуымен байланысты тәуекел;
инвестиция үшін объектілерді таңдауды қоса, инвестицияларды жүзеге асыру кезінде жол берілген, қателіктер салдарынан болуы мүмкін қаржылық шығындармен байланысты инвестициялық тәуекел;
баға саясатын және тауарларды (жұмыс, қызмет) іске асыру стратегиясын қоса, стартегиялық басқаруды жүзеге асырумен байланысты тәуекел;
өндірістік қуатты толық жүктемеу тәуекелін қоса, өндірістік тәуекел;
қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелі;
экономикалық конъюктураны өзгертудің салдарынан сатып алынатын материалдарға және шығарылатын өнімдерге нарықтық бағаның өзгеру тәуекелі, өзге де нарықтық шарттардың өзгеру тәуекелі көрсетіледі.
запастардың құнсыздану, тауарлардың сапасы мен өзге де тұтынушылық қасиеттерін жоғалту тәуекелі;
мүлікті, мүліктік құқықты жоғалтуға байланысты тәуекел;
тауардың сұранысқа ие болмау тәуекелі (запастар бойынша тәуекел, қойма тәуекелі);
шетел валютасы бағамының өзгеру тәуекелі;
проценттік мөлшерлеменің өзгеру тәуекелі;
кредиттік тәуекел.
Қажет болса жергілікті субъект қосымша мәліметтерді, оның ішінде бақыланатын мәміле тараптары тәуекелді қандай жағдайда растағаны және тәуекелді төмендету (әсер етуі) үшін қандай шаралар қабылдағаны, тәуекелдің мәміленің басқа тараптарына қолданылуы туралы мәліметтерді көрсетеді;
3) бақыланатын мәміле тараптары пайдаланатын активтері, оның ішінде:
пайдалы қатты қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған лицензия (келісімшарт);
ғимарат, құрылыстар, маниналар мен жабдықтарды қоса алғанда, өндірістік материалдық активтер;
жылжымайтын мүліктің өзге де түрлері;
қоймалар, тиеу-түсіру құрылыстары;
көлік құралдары;
офистік жабдықтар, жиһаз, оргтехника;
ақша қаражаттары;
патенттер, технологиялар және ноу-хау;
сауда маркалары мен сауда белгілері, сауда атауы.
Жергілікті субъект қажет болса әрбір активке қосымша мәліметтерді, оның ішінде ол пайдаланатын материалдық емес актив иесінің бақыланатын мәміле тараптары болып табылатынын, халықаралық топқа қатысушының функционалдық бейінін көрсетеді. Бұл ретте, функционалдық бейініне бақыланатын мәміле тараптары (бақыланатын мәмілелер) әрбір материалдық санатына қатысты халықаралық топқа қатысушының кәсіпкерлік қызметінің жалпы сипаттамасы жатады. Мысалы: "айтарлықтай функциялармен, тәуекелмен және активтермен өндіруші", "келісімшарттық өндіруші", "шикізат негізінде өндіру қызметін көрсетуші өндіруші"; "айтарлықтай функциялармен, тәуекелмен және активтермен дистрибьютор"; "шектелген тәуекелдермен дистрибьютор", "агент"; "қарыз беруші", "қарыз алушы"; "айтарлықтай функциялармен, тәуекелмен және активтермен қызметті жеткізуші", "өнбейтін функциялармен, тәуекелмен және активтермен қызметті жеткізуші"; "лицензиар", "лицензиат";
2.6-тармақта Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген бақыланатын мәмілелердің әрбір санатына қатысты трансферттік баға белгілеуді талдау үшін қолданылатын (бұдан әрі – трансферттік баға белгілеуді талдау әдісі) әдістердің бірі және осындай әдісті, оның ішінде бақыланатын мәмілелердің (бақыланатын мәмілелер) әрбір материалдық санатының шарттары мен мән-жайлары, жергілікті субъектінің әдісті қолдау үшін ақпараттардың болуы мен қол жетімділігін қоса алғанда, таңдау негіздемесі көрсетіледі;
2.7-тармақта: рентабельділігі, маржасы, таза табысы (бұдан әрі – қаржы көрсеткіші) трансферттік баға белгілеудің тиісті әдісін қолдану кезінде қаржылық көрсеткіштің нарықтық ауқымымен салыстырылатын бақыланатын мәміле тарабы және таңдау негіздемесі көрсетіледі;
2.8-тармақта жергілікті субъектінің трансферттік баға белгілеуді талдау әдісін қолдану туралы негіздемесі көресетіледі;
2.9-тармақта көпжылдық талдау жүргізу себептерінің негіздемесі көрсетіледі. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін трансферттік баға белгілеуді талдау әдісін қолдануға пайдаланылатын көпжылдық талдау деп 3 (үш) және одан көп күнтізбелік жыл кіретін ақпараттар мен деректер түсініледі;
2.10-тармақта трансферттік баға белгілеудің қолданылған әдісіне байланысты бірізділік бойынша іріктелген салыстырылатын бақыланбайтын мәмілелердің (өзара байланысты болып табылмайтын және бақыланатын болып табылмайтын Тараптар арасында жасалған мәмілелердің) сипаттамасы және (немесе) салыстырмалы деректерді іздеу әдіснамасы мен ақпарат көзін сипаттауды қоса алғанда, трансферттік баға белгілеуді талдау үшін пайдаланылатын тәуелсіз кәсіпорындардың тиісті қаржылық көрсеткіштері бойынша ақпарат көрсетіледі.
2.11-тармақта тексерілетін тараптың және (немесе) 2.10-тармақта көрсетілген таңдап алынған тәуелсіз ұйымның (болған кезде) және (немесе) 2.10-тармақта көрсетілген салыстырылатын бақыланбайтын мәмілелердің (болған кезде) қаржылық көрсеткіштеріне түзету сипаттамасы көрсетіледі.
2.12-тармақта бақыланатын мәмілелер бағасы трансферттік баға белгілеуді талдауды таңдап алған әдісіне сәйкес "қол созу" принципіне сәйкес белгіленгеніне, оның ішінде бақыланатын мәмілелер бағасы нарықтық баға ауқымымен салыстырғанда және (немесе) қаржылық көрсеткішті қаржылық көрсеткіштің нарықтық ауқымымен салыстырғанда қорытынды шығару негіздемесі көрсетіледі.
2.13-тармақта трансферттік баға белгілеуді талдау әдісін қолдану үшін пайдаланылатын қаржылық ақпараттар көрсетіледі;
2.14-тармақта Есептілікке қоса берілетін трансферттік баға белгілеу туралы қолданыстағы келісімнің және мемлекеттік кірістер органы қатыспайтын жоғарыда сипатталған бақыланбайтын мәмілелерге қатысты салық қаулыларының көшірмелері туралы мәліметтер көрсетіледі.
10. "Қаржылық ақпарат" деген 3-бөлімде:
3.1-тармақта Есептілікке қоса берілетін есепті қаржылық жыл үшін жергілікті субъектінің жыл сайынғы қаржылық есептілігінің көшірмесі туралы мәліметтер көрсетіледі;
3.2-тармақта жергілікті субъектінің жылдық қаржылық есептілігі деректерінің негізінде айқындалған, трансферттік баға белгілеуді талдау әдісін қолдану үшін пайдаланылатын жергілікті субъектінің қаржылық деректері ретінде көрсетілетін ақпараттар көрсетіледі;
3.3-тармақта салыстырылатын бақыланбайтын мәмілелер және (немесе) осындай деректер көзін көрсете отырып, трансферттік баға белгілеуді талдау әдісін қолдану үшін пайдаланылатын тәуелсіз кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері бойынша қаржылық деректер көрсетіледі.
11. "Жергілікті субъектінің жауапкершілігі" деген 4-бөлімде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) "Атауы" деген ашық жолда – Жергілікті субъектінің аты;
2) "Мекенжайы" деген ашық жолда – Жергілікті субъектісі тіркелгені бойынша заңды мекен жайы;
3) "Телефон" деген ашық жолда – Жергілікті субъектінің ресми телефон нөмірі;
4) "Электрондық почта мекенжайы" деген ашық жолда – Жергілікті субъектінің ресми электронды мекен жайы;
5) "Орындаушы" деген ашық жолда – Есепті дайындайтын орындаушының фамилиясы аты, тегі (бар болған жағдайда);
6) "Телефон" деген ашық жолда – Орындаушының байланыс телефон нөмірі;
7) "Қолы" деген ашық жолда – Орындаушының қолы;
8) "Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)" деген ашық жолда – Жергілікті субъект басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
9) "Қолы" деген ашық жолда – Басшының немесе міндетін атқаратын тұлғаның қолы.
10) берілген күні ашық жолда - мемлекеттік кірістер органына Есептілікті ұсыну күні;
11) мемлекеттік кірістер органының коды – "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген) Өтініш табыс етілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің коды;
12) "Есептілікті қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)" деген ашық жолда – өтінішті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
13) "қабылдау күні" деген ашық жолда – мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері қабылдайтын күні;
14) құжаттың кіріс № – мемлекеттік кірістер органы беретін тіркеу нөмірі;
15) пошта штемпелінің күні (егер пошта арқылы жолданған болса) – пошта байланысы қойылған пошта штемпелінің күні;
16) мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда).
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына 3-қосымша |
|
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік Есепті кезең 20__ жыл
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.09.2024 № 633 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
https://kgd.gov.kz/ru/content/transfertnoe-cenoobrazovanie-1-1.
Индекс: 014 НЕ
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне
Ұсынады: халықаралық топтың қатысушылары
Кезеңділігі: жыл сайын
Ұсыну мерзімі: халықаралық топқа қатысушы уәкілетті органнан негізгі есептілікті ұсыну туралы талапты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде.
1-бөлім. Ұйымдастырушылық құрылым
1.1. Халықаралық топтың заңдық құрылымы мен меншік құрылымы (иелену үлесі), сондай-ақ халықаралық топ компаниялардың географиялық орналасқан жері (резиденттік еліндегі) туралы ақпарат
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2-бөлім. Халықаралық топ қызметінің сипаттамасы
2.1. Халықаралық топтың пайдалылық әсер ететін негізгі факторларының сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.2. 2.3-тармақта көрсетілген, тауарларды өткізу, қызметтерді көрсету орны, жұмыстарды орындау негізгі географиялық нарықтар сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.3. Халықаралық топтың тауарларын өткізуден (жұмыстар, қызметтер) табыстың мөлшері бес ірі жеткізілім тізбегінің сипаттамасы және (немесе) басқа кез келген тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды өткізуден түскен есепті қаржы жылы халықаралық топтың түсімінен 5% аса құраған табысы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.4. Маңызды қызметтер көрсететін негізгі халықаралық топтарды және қызмет көрсетуге шығындарды бөлуге және топтардың ішіндегі қызмет көрсетулердің құнын анықтауға арналған трансфертті баға белгілеу бойынша саясаттарды қоса алғанда, халықаралық топтың қатысушылары арасында жасалған қызмет көрсету, жұмыстарды орындау туралы халықаралық топтың шарттары үшін елеулі маңызы бар тізбесі мен қысқаша сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.5. Халықаралық топтың тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеуде халықаралық топқа жеке қатысушылардың негізгі үлесін сипаттайтын қысқаша функционалдық талдау
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
2.6. Есепті қаржы жылы орын алған, халықаралық топ үшін елеулі маңызы бар бизнесті қайта құрылымдау, сіңіру және бөліну сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3-бөлім. Халықаралық топтың материалдық емес активтері
3.1. Халықаралық топтың материалдық емес активтерді құру, иелену және пайдалану стратегиясының сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3.2. Заңды түрде оған ие халықаралық топқа қатысушының атауларын көрсете отырып, трансферттік баға белгілеу мақсаттары үшін халықаралық топ үшін елеулі маңызы бар, халықаралық топтың материалдық емес активтерінің тізбесі немесе материалдық емес активтердің топтары
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3.3. Халықаралық топ үшін маңызды шығыстарды жабуға арналған жарна туралы келісімді, әзірлеу туралы келісімді және лицензиялық келісімді қоса, материалдық емес активтерге қатысты халықаралық топ қатысушылары арасында жасалған келісімдердің тізбесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3.4. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және материалдық емес активтерге қатысты халықаралық топтың трансфертік баға белгілеу саясатының сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
3.5. Халықаралық топ үшін маңызды есепті қаржы жылында тиісті халықаралық топ қатысушыларының атауын және резиденттілік елін және сыйақыларды көрсете отырып орын алған халықаралық топ қатысушылары арасындағы материалдық емес активтерде қатысу үлесін іске асыру мәмілелерінің жалпы сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
4-бөлім. Халықаралық топтың қыржылық қызметі
4.1 Халықаралық топтың қатысушылары болып табылмайтын қарыз берушімен мәмілені қоса, халықаралық топ пен оның негізгі қатысушыларын қаржыландыру тәртібі туралы мәлімет
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
4.2. Халықаралық топта, оның заңнамасына сәйкес осындай халықаралық топ қатысушылары және осындай халықаралық топ қатысушыларының тиімді басқару орындары құрылған мемлекетті көрсете отырып, орталықтандырылған қаржыландыру функциясын жүзеге асыратын халықаралық топ қатысушыларының тізбесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
4.3. Халықаралық топ қатысушылары арасындағы халықаралық мәмілелерге қатысты халықаралық топтың трансфертік баға белгілеудің жалпы саясатының сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
5-бөлім. Халықаралық топтың қаржылық және салықтық ақпараты
5.1. Есепті қаржы жылында қаржылық есептілік мақсаты үшін және (немесе) басқарушылық, салық немесе өзге де мақсаттары үшін дайындалған халықаралық топтың қоса беріп отырған шоғырландырылған қаржы есептілігінің көшірмесі туралы мәлімет
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
5.2. Қолданыстағы халықаралық топтың трансфертік баға белгілеу туралы біржақты келісімдердің және мемлекеттер арасында кірістерді бөлу туралы салық қаулыларының тізбесі мен қысқаша сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________.
6-бөлім. Халықаралық топ қатысушысының жауапкершілігі
Атауы:________________________ | Мекенжайы:___________________ ______________________________ | |
Телефоны:_____________________ | Электрондық почта мекенжайы:_______________________ | |
Орындаушы____________________ | Телефоны:________________________ | |
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам: _______________________________________________ ___________ | ||
Ұсынылған күні: 20___жылғы "___" _________ | Мемлекеттік кірістер органының коды __ __ __ __ | |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның: _______________________ | Қабылдау күні: 20___жылғы "___" _________ құжаттың кіріс №: _______ | |
Пошта штемпелінің күні: 20____жылғы "___" _________ (егер пошта арқылы жолданған болса) | Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда): ________________________________ |
Ескертпе:
"Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік" формасын толтыру түсініктемесі осы Бұйрыққа 4-қосымшаның Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілікті толтыру Қағидаларына сәйкес келтірілген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына 4-қосымша |
Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептіліктің нысанын толтыру қағидалары (индекс: 014 НЕ, кезеңділігі: жыл сайын)
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептіліктің нысанын толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және халықаралық топқа қатысушылардың трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептіліктің нысанын (бұдан әрі – Есептілік) толтыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада елеулі мәміле деп есепті қаржы жылында халықаралық топтың кірісі пайдасынан 5% асқан мәміле түсіндіріледі.
3. Есептілікте көрсетілетін мәлімет, мемлекеттік және орыс тілдерінде, оның ішінде баспа мәтінде, кестеде, схемада, графикада, диаграммада, суретте және басқа да графикалық объектілер мазмұнында жасалады..
Ақпарат болмаған кезде Есептіліктің тиісті тармақтары толтырылмайды.
4. Есептілік:
1) мемлекеттік кірістер органдарының салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол берілетін мемлекеттік кірістер органдары жүйесінің негізгі есептілікті қабылдауы туралы хабарламамен электронды түрде;
2) почта арқылы почта байланысының алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен;
3) келу тәртібінде 2 (екі) данада қағаз тасымалдағышында, оның біреуі мемлекеттік кірістер органдарының қабылдау туралы белгісімен халықаралық топқа қатысушыға қайтарылады.
5. Есептілікке есепті қаржы жылында қаржылық есептілік мақсаты үшін және (немесе) басқарушылық, салық немесе өзге де мақсаттары үшін дайындалған халықаралық топтың қоса беріп отырған шоғырландырылған қаржы есептілігінің көшірмесі қоса беріледі.
2-тарау. Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептіліктің нысаны толтыру тәртібі
6. "Ұйымдастырушы құрылым" деген 1-бөлімде:
1.1-тармағында халықаралық топ қатысушыларына қатысты есепті қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша: халықаралық топтың заңдық құрылымы мен меншік құрылымы (иелену үлесі), сондай-ақ халықаралық топ компаниялардың географиялық орналасқан жері (резиденттік еліндегі) туралы ақпарат көрсетіледі.
7. "Халықаралық топ қызметінің сипаттамасы" деген 2-бөлімде:
2.1.-тармақта халықаралық топтың пайдалылық әсер ететін негізгі факторлар көрсетіледі;
2.2.-тармақта 2.3.-тармақта көрсетілген, тауарларды өткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау негізгі географиялық нарықтар (мемлекет аумағының бір бөлігі, мемлекет, мемлекеттердің тобы және (немесе) мемлекет аумақтарының бөлімдері) көрсетіледі;
2.3.-тармақта халықаралық топтың тауарларын өткізуден (жұмыстар, қызметтер) табыстың мөлшері бес ірі жеткізілім тізбегінің сипаттамасы бойынша және (немесе) басқа кез келген тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды өткізуден түскен табыс есепті қаржы жылы халықаралық топтың түсімінен 5% құраған табысы көрсетіледі;
2.4.-тармақта маңызды қызметтер көрсететін негізгі халықаралық топтарды және қызмет көрсетуге шығындарды бөлуге және топтардың ішіндегі қызмет көрсетулердің құнын анықтауға арналған трансфертті баға белгілеу бойынша саясаттарды қоса алғанда, халықаралық топтың қатысушылары арасында жасалған қызмет көрсету, жұмыстарды орындау туралы халықаралық топтың шарттары үшін елеулі маңызы бар тізбесі мен қысқаша сипаттамасы көрсетіледі;
2.5.-тармақта халықаралық топтың тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеуде халықаралық топқа жеке қатысушылардың негізгі үлесін сипаттайтын қысқаша функционалдық талдау, – яғни, негізгі атқаратын қызметі, маңызды қабылданатын тәуекелдер және маңызды пайдаланылатын активтер көрсетіледі. Мұндай функциялар, қабылданатын тәуекелдер және пайдаланылатын активтер құнын және жеткізу тізбегіне қатысатын, халықаралық топтың әрбір қатысушы үшін жеке халықаралық топтың тауарлары, қызметтері, жұмыстары үшін жеткізілімді құрудың негізгі тізбегі үшін көрсетіледі. Сондай-ақ, қысқаша функционалдық талдауда қарастырылатын халықаралық топтың әр қатысушы үшін негізгі кәсіпкерлік қызметтің атауы, резиденттік елі мен қысқаша сипаттамасы көрсетіледі;
халықаралық топқа қатысушысының қызметіне қарай халықаралық топқа қатысушысы орындайтын функциялар, халықаралық топқа қатысушысы қабылдайтын экономикалық тәуекелдер және халықаралық топқа қатысушысы пайдаланылатын активтер көрсетіледі;
2.6.-тармақта есепті қаржы жылы орын алған, халықаралық топ үшін елеулі маңызы бар бизнесті қайта құрылымдау, жұту және бөліну мәмілелердің сипаттамасы көрсетіледі: халықаралық топтың қатысуымен есепті қаржы жылында аяқталған, бизнесті қайта құрылымдау мәмілелері туралы ақпарат, оның ішінде халықаралық топқа қатыстылығын көрсетумен, бизнесті қайта құрылымдау мәмілесіне қатысушылардың атауы мен елді резиденттік елін қоса алғанда, қайта құрылымдаудың мақсаттары, шарттары, мән-жайлар мен нәтижелері көрсетіледі;
Мысалы, бизнесті қайта құрылымдау мәмілелер туралы ақпарат, кем дегенде тараптардың бірі халықаралық топтың қатысушысы болып табылатын ұйым болса, және осылайша, есепті қаржы жылында төменде аталған шарттардың кез келгені сәйкес келсе:
басқа ұйымға қосылу себебінен жойылса;
оған басқа ұйым қосылса;
жаңа ұйымның құрылуымен басқа ұйыммен бірігу себебінен жойылса;
басқа ұйымдардың бірігуі нәтижесінде құрылса;
жаңа ұйымдарға бөлу себебі бойынша жойылса;
басқа ұйымға бөлу нәтижесінде құрылса және тағы басқалар.
8. "Халықаралық топтың материалдық емес активтері" деген 3-бөлімде:
3.1.-тармақта есепті қаржы жылында халықаралық топқа қатысушылар материалдық емес активтерді құру, иелену және пайдалану стратегиясы туралы ақпарат көрсетіледі;
3.2.-тармақта заңды түрде оған ие халықаралық топқа қатысушының атауларын көрсете отырып, трансферттік баға белгілеу мақсаттары үшін халықаралық топ үшін елеулі маңызы бар, халықаралық топтың материалдық емес активтері немесе материалдық емес активтердің топтары көрсетіледі;
3.3.-тармақта шығыстарды жабуға арналған жарна туралы келісімді, зерттеу қызметін ұсыну туралы негізгі келісімді және лицензиялық келісімді қоса, халықаралық топ қатысушылары арасында жасалған, материалдық емес активтермен байланысты, маңызды келісімдердің тізбесі көрсетіледі;
3.4.-тармақта ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен және материалдық емес активтерге қатысты халықаралық топтың трансфертік баға белгілеу саясатын сипаттау, оның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыру, лицензиялау және материалдық емес активтермен басқа да мәмілелер түрлерін орындау бойынша халықаралық топқа қатысушылар арасындағы мәмілелерде есепті қаржы жылында баға белгілеу үшін пайдаланылған тәсілдер, формулалар, принциптер көрсетіледі;
3.5.-тармақта мәмілелердегі тараптардың резиденттік елінің атауларын, сондай-ақ мәмілелердегі сыйақы сомасын көрсете отырып, есепті қаржы жылында жасалған, материалдық емес активті немесе материалдық емес активіндегі қатысу үлесін өткізу бойынша халықаралық топқа қатысушылар арасындағы мәмілелер туралы ақпарат көрсетіледі; Негізгі есептілікті жасау мақсаттары үшін мәміле, егер тараптардың ең болмағанда біреуі осындай мәміле бухгалтерлік есепте кіріс немесе шығыс деп таныса, есепті қаржы жылында жасалған болып саналады.
9. "Халықаралық топтың қаржылық қызметі" деген 4-бөлімде:
4.1.-тармақта халықаралық топқа жатпайтын, қарыз берушілерден қарыз түрінде ақшалай қаражатты тарту бойынша мәмілелерді, оның ішінде жинақталған меншікті капиталды, акциялар эмиссиясын пайдалануды, облигацияларды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығаруды, өнім берушілермен төлем мерзімін ұзартуды, сатып алушылардан алдын ала төлемді алуды, сауда қаржыландыруларының өзге де нысандарын қоса алғанда, халықаралық топтың қызметін қаржыландыру көздері туралы ақпарат көрсетіледі;
4.2.-тармақта оның заңнамасына сәйкес осындай халықаралық топқа қатысушылар құрылған мемлекетті және осындай халықаралық топқа қатысушылардың тиімді басқару орнын көрсете отырып, халықаралық топта орталықтандырылған қаржыландыру функциясын жүзеге асыратын халықаралық топқа қатысушылар халықаралықдың тізбесі көрсетіледі, 4.2.-тармағын толтыру мақсаттары үшін халықаралық топта орталықтандырылған қаржыландыру халықаралық топқа жататын және жатпайтын, халықаралық топқа басқа да қатысушыларына кейіннен бере отырып, қарыз берушілерден ақша қаражатын тарту бойынша халықаралық топқа қатысушылардың қызметін білдіреді.
Халықаралық топқа әрбір қатысушысы үшін есепті қаржы жылында орталықтандырылған қаржыландыру функциясын жүзеге асырған, халықаралық топқа қатысушылардың тізбесінде атауы, оның заңнамасына сәйкес халықаралық топтың қатысушы құрылған мемлекет, сондай-ақ тиімді басқару (нақты басқару органының орналасқан жері) орны (мемлекет, юрисдикция) көрсетіледі;
4.3-тармақта халықаралық топқа қатысушылар арасындағы қаржылық мәмілелерге қатысты халықаралық топтың трансферттік баға белгілеудің жалпы саясатының, оның ішінде қарыздар, борыштық бағалы қағаздар шығару, алдын ала төлемді алу, төлемдерді кейінге қалдыру қоса, қаржыландыруды тарту және беру бойынша халықаралық топтың қатысушылар арасындағы мәмілелерде есепті қаржы жылында баға белгілеу үшін пайдаланылған тәсілдері, формулалары, принциптері туралы сипаттамасы көрсетіледі.
10. "Халықаралық топтың қаржылық және салықтық ақпараты" деген 5-бөлімде:
5.1.-тармақта қаржылық есептілік мақсаттары үшін және (немесе) ішкі басқарушылық, салықтық немесе өзге де мақсаттар үшін дайындалған, есепті қаржы жылы үшін халықаралық тобының шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмелеріне қоса беріліп отырған Есептілік туралы мәліметтер көрсетіледі;
5.2.-тармақта халықаралық топтың трансферттік баға белгілеу туралы қолданыстағы біржақты келісімдерінің және мемлекеттер арасында табысты бөлу туралы көрсетіледі тізбесі және салық қаулыларының тізбесі мен қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.
11. "Жергілікті субъектінің жауапкершілігі" деген 4-бөлімде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) "Атауы" деген ашық жолда – халықаралық топ қатысушысының аты;
2) "Мекенжайы" деген ашық жолда – халықаралық топ қатысушының тіркелгені бойынша заңды тұлғаның мекен жайы;
3) "Телефон" деген ашық жолда – халықаралық топ қатысушысының ресми телефон нөмірі;
4) "Электрондық почта мекенжайы" деген ашық жолда – Жергілікті субъектінің ресми электронды мекен жайы;
5) "Орындаушы" деген ашық жолда – Есепті дайындайтын орындаушының фамилиясы аты, тегі (бар болған жағдайда);
6) "Телефон" деген ашық жолда – Орындаушының байланыс телефон нөмірі;
7) "Қолы" деген ашық жолда – Орындаушының қолы;
8) "Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)" деген ашық жолда – Жергілікті субъект басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
9) "Қолы" деген ашық жолда – Басшының немесе міндетін атқаратын тұлғаның қолы.
10) берілген күні - мемлекеттік кірістер органына Есептілікті ұсыну күні;
11) мемлекеттік кірістер органының коды – "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген) Есептілік табыс етілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің коды;
12) "Есептілікті қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)" деген ашық жолда – өтінішті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
13) қабылдау күні – мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері қабылдайтын күні;
Есептілікті ұсыну күні;
14) құжаттың кіріс № – мемлекеттік кірістер органы беретін тіркеу нөмірі;
15) пошта штемпелінің күні (егер пошта арқылы жолданған болса) – пошта байланысы қойылған пошта штемпелінің күні;
16) мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда).
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына 5-қосымша |
|
әкімшілік деректерді | |
жинауға арналған нысан |
Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептілік
Есепті кезең 20__ жыл
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
https://kgd.gov.kz/ru/content/transfertnoe-cenoobrazovanie-1-1
Индекс: 012 ЕА
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне
Ұсынады: Бас компания немесе "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-3-бабының 2-тармағында көрсетілген халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы; Заңның 7-3-бабының 3-тармағында көрсетілген халықаралық топтың қатысушысы
Кезеңділігі: жыл сайын
Ұсыну мерзімі: бас компания немесе Заңның 7-3-бабының 2-тармағында көрсетілген халықаралық топтың уәкілетті қатысушысы – есепті жылдан кейінгі 12 айдан кешіктірмей. Заңның 7-3-бабының 3-тармағында көрсетілген халықаралық топтың қатысушысы – уәкілетті органнан еларалық есептілікті ұсыну туралы талапты алынған күннен бастап 12 айдан кешіктірмей.
1-бөлім. Кірістерді, салықтарды және іскерлік белсенділікті бөлуді шолу
Халықаралық топ қатысушысының атауы: | |||
Бизнес сәйкестендіру нөмірі: | |||
Есепті қаржылық жыл: | |||
Пайдаланылатын валюта: | |||
Салық юрисдикциясы | Кірістер | ||
Байланысты емес тараптардан | Өзара байланысты тараптардан | Жиыны (2-баған + 3-баған) | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Кестенің жалғастыру
Пайдаға салынатын салыққа дейінгі пайда (залал) | Төленген пайдаға салынатын салық (кассалық әдіс) | Есепті қаржы жылында есептелген пайдаға салынатын салық | Жарғылық капитал |
5 | 6 | 7 | 8 |
Кестенің жалғастыру
Жиналған пайда (залал) | Қызметкерлердің саны | Материалдық активтер (ақша қаражаттары және олардың баламаларынан басқа) |
9 | 10 | 11 |
2-бөлім. Халықаралық топқа қатысушының тізбесі
Халықаралық топқа қатысушының атауы | Салық юрисдикция | Негізгі кәсіпкерлік қызмет | |
ҒЗТКЖ* | Материалды емес активтермен иелігі және басқару | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
Кестенің жалғастыру
Жеткізілім және сатып алу | Өндіріс немесе құрастыру | Сату, маркетинг және дистрибуция | Әкімшілік, басқару немесе қосалқы қызмет | Байланысты емес тараптардан қызмет ету | Топішілік қаржыландыру |
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Кестенің жалғастыру
Реттелетін қаржылық қызмет көрсетулер | Сақтандыру | Активтерге немесе басқа үлестік құралдарға ие болу | Әрекет етпейтін | Басқа |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
3-бөлім. Қосымша ақпарат
Халықаралық топ қатысушысының атауы: |
Есепті қаржы жыл: |
Халықаралық есепті тапсырған халықаралық топ қатысушысының атауы |
Халықаралық есепті тапсырған халықаралық топ қатысушысының мекен-жайы және елі |
4-бөлім. Халықаралық топ қатысушысының жауапкершілігі
|
Ескертпе:
*ҒЗТКЖ – Ғылыми-зерттеулік және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар;
"Трансферттік баға белгілеу бойынша халықаралық есептілік" формасын толтыруға түсініктемесі осы Бұйрықтың 6-қосымшаның Трансферттік баға белгілеу бойынша халықаралық есептілікті толтыру Қағидаларына сәйкес келтірілген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына 6-қосымша |
Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептіліктің нысанын толтыру қағидалары
(индекс: 012 ЕА, кезеңділігі: жыл сайын)
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептіліктің нысанын толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және халықаралық топқа қатысушылардың трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептіліктің нысанын (бұдан әрі – Есептілік) толтыру тәртібін айқындайды.
2. Есептілік мемлекеттік кірістер органының жүйесі арқылы ақпараттың компьютерлік өңделуіне жол беретін электрондық түрде толтырылады және Заңның 7-3-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
Мемлекеттік кірістер органында бағдарламалық қамтамасыз ету болмаған не бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер анықталған жағдайларда халықаралық топтың қатысушысы Есептілікті қағаз тасымалдағышта толтырады.
3. Есептілік мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады. Егер халықаралық топтың бас компаниясы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, Есептілік резиденттік еліндегі бас компания дайындаған форматта ағылшын тілінде жасалады.
4. Есептіліктің қаржылық көрсеткіштері халықаралық топтың бас компаниясы шоғырландырылған қаржылық есептілікті толтыратын валютада көрсетіледі.
Егер халықаралық топтың қатысушысы қаржылық есептілікті осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген валютадан өзгеше валютада жасаса, онда халықаралық топтың осындай қатысушысының қаржылық көрсеткіші "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 33) тармақшасында айқындалған валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолдана отырып шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау валютасында қайта есептеледі.
2-тарау. Есептіліктің нысанын толтыру тәртібі
5. "Салық юрисдикциясы" бөлігінде кірістерді, салықтарды және іскерлік белсенділікті бөлуді шолу" 1-бөлімі халықаралық топ қатысушыларының кірістерінің, пайдасының, салықтарының, жарғылық капиталының, жиналған пайдасының, қызметкерлер санының және материалдық активтерінің бөлінуін таратып жазу мақсатында толтырылады.
1-бөлімде көрсетілген ақпарат бас компанияның элиминациялық және шоғырландыру түзетулерін жүзеге асырғанға дейін тиісті есепті қаржы жылы үшін халықаралық топ қатысушыларының жекелеген қаржылық есептілігінің деректерінің және (немесе) шоғырландырылған есептіліктің, және (немесе) ішкі басқарушылық есептіліктің негізінде көрсетіледі.
6. "Халықаралық топ қатысушысының атауы" деген жолда Есептілік жасалатын халықаралық топ қатысушысының толық атауы көрсетіледі.
7. "Бизнес сәйкестендіру нөмірі" деген жолда Есептілікті ұсынатын халықаралық топ қатысушысының бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
8. "Есепті қаржылық жыл" деген жолда Есептілік жасалатын қаржылық жыл көрсетіледі.
9. "Пайдаланылатын валюта" деген жолда "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген "Кедендік ресімдеу үшін пайдаланылатын валюталардың жіктеушісі" деген 23-қосымшасына сәйкес Есептілік жасалатын валюта көрсетіледі.
10. "Салықтық юрисдикция" деген 1-бағанда тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын халықаралық топтың қатысушысы салық салу мақсаты үшін резидент болып табылатын салық юрисдикциясы көрсетіледі. Салық салу мақсаты үшін бірде бір салықтық юрисдикцияда резидент болып табылмайтын, халықаралық топтың барлық қатысушылары жеке жолда жазылады.
Халықаралық топтың қатысушысында салық салу мақсатында қосарланған резиденттік болған жағдайда, онда осы бағанда қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа (келісімге) сәйкес осындай қатысушы резидент болып табылатын салықтық юрисдикция көрсетіледі. Қосарланған резиденттік болған және қосарланған резиденттікті жоятын қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт (келісім) болмаған кезде, бұл бағанда тиісті елдің салық заңнамасына сәйкес айқындалатын халықаралық топтың қатысушысы тиімді басқару орын алған салықтық юрисдикция көрсетіледі
11. "Кірістер" деген жолда көрсетіледі:
1) "Байланысты емес тараптардан" деген 2-бағанда - тиісті мемлекеттік кірістер органына жататын халықаралық топ қатысушыларының есепті қаржы жылының ішінде халықаралық топтың қатысушылары болып табылмайтын тұлғалармен жасалған мәмілелердің (операциялардың) нәтижесінде алынған және бухгалтерлік есепте танылған барлық кірістер сомасы көрсетіледі;
2) "Өзара байланысты тараптардан" деген 3-бағанда тиісті мемлекеттік кірістер органына жататын халықаралық топ қатысушыларының есепті қаржы жылының ішінде халықаралық топқа басқа қатысушылармен жасалған мәмілелердің (операциялардың) нәтижесінде алынған және бухгалтерлік есепте танылған барлық кірістер сомасы көрсетіледі;
3) "Жиыны (2-баған + 3-баған)" деген 4-бағанда 2 және 3-бағандардың сомасы (2 бағана + 3 бағана) ретінде айқындалатын, бухгалтерлік есепте танылған, есепті қаржы жылындағы кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі;
2, 3 және 4-бағандарда көрсетілуі тиіс кірістерге тауарларды өткізуден, жұмыстарды, қызметтерді көрсетуден түскен кірістер, роялти, сыйақылар, сыйлықақылар және кірістердің кез келген өзге де түрлері валюталық негізде енгізілуі тиіс;
4) "Пайдаға салынатын салыққа дейінгі пайда (залал)" деген 5-бағанда тиісті мемлекеттік кірістер органына жататын халықаралық топтың барлық қатысушыларының есепті қаржы жылындағы салық салуға дейінгі қаржылық пайдасының (залалының) сомасы көрсетіледі. Салық салуға дейінгі қаржылық пайда (залал) барлық өткізуден тыс кірістер мен шығыстарды қамтуы тиіс;
5) "Төленген пайдаға салынатын салық (кассалық әдіс)" деген 6-бағанда тиісті мемлекеттік кірістер органына жататын халықаралық топтың барлық қатысушылары төлеген, пайдаға салынатын салық сомасы көрсетіледі;
6) "Есепті қаржы жылында есептелген пайдаға салынатын салық" деген 7-бағанда тиісті мемлекеттік кірістер органына жататын халықаралық топтың барлық қатысушылары есепті қаржы жылында есептеген пайдаға салынатын салық сомасы көрсетіледі. Есептелген пайдаға салынатын салық сомасына кейінге қалдырылған салықты немесе айқындалмаған салық міндеттемелері (өткен кезеңдер түзетулері) бойынша резервтерді қоспай, есепті қаржы жылындағы операциялар бойынша пайдаға салынатын салық бойынша ағымдағы шығыстар енгізіледі;
7) "Жарғылық капитал" деген 8-бағанда есепті қаржы жылының соңғы күніндегі жағдайы бойынша тиісті мемлекеттік кірістер органына жататын халықаралық топтың барлық қатысушыларының жарғылық немесе акционерлік капиталының сомасы көрсетіледі;
8) "Жиналған пайда (залал)" деген 9-бағанда есепті қаржы жылының соңғы күніндегі жағдайы бойынша тиісті мемлекеттік кірістер органына жататын халықаралық топтың барлық қатысушыларының жиналған пайдасының (залалының) сомасы көрсетіледі;
9) "Қызметкерлердің саны" деген 10-бағанда есепті қаржы жылында тиісті мемлекеттік кірістер органына жататын халықаралық топтың барлық қатысушыларының қызметкерлер саны (толық жұмыспен қамтылу баламасында) көрсетіледі. Аталған бағанда есепті қаржы жылында халықаралық топтың қатысушысымен еңбек шарттары (келісімшарттар, келісімдер), сондай-ақ халықаралық топ қатысушысының операциялық қызметіне қатысатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттары болған қызметкерлердің, жеке тұлғалардың саны көрсетіледі.
Қызметкерлердің саны әр айға қызметкерлер санының орташа арифметикалық мәні ретінде немесе есепті қаржы жылының соңғы күніндегі жағдай бойынша не барлық халықаралық топтың қатысушылары жыл сайынғы негізде реттілігімен қолданылатын кез келген өзге де тәсілмен есептелуі мүмкін. Бұл ретте, егер ол қызметкерлер санын айтарлықтай бұрмаламайтын болса, дөңгелектеу не негізделген жуық бағалауды пайдалануға рұқсат етіледі.
10) "Материалдық активтер (ақша қаражаттары және олардың баламаларынан басқа)" деген 11-бағанда есепті қаржы жылының соңғы күніндегі жағдай бойынша тиісті мемлекеттік кірістер органына жататын халықаралық топтың барлық қатысушыларының материалдық активтерінің баланстық құнының сомасы көрсетіледі.
Егер 1 (бір) мемлекеттік кірістер органында халықаралық топтың бірнеше қатысушысы болса, онда 1-бөлімнің әрбір бағанында 1 (бір) мемлекеттік кірістер органындағы халықаралық топтың барлық қатысушыларының тиісті көрсеткіштерінің жалпы сомасы көрсетіледі.
12. "Халықаралық топтың барлық қатысушыларының тізбесі" деген 2-бөлімде халықаралық топтың барлық қатысушылары көрсетіледі, сондай-ақ халықаралық топтың әрбір қатысушысының негізгі қызмет түрлерін таратып жазылады.
13. "Халықаралық топқа қатысушының атауы" деген 1-бағанда халықаралық топқа қатысушылардың әрқайсысының толық атауы, салық тіркеуінің сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайы көрсетіледі.
Егер бір мемлекеттік кірістер органында халықаралық топтың бірнеше қатысушысы тіркелген болса, онда 1-бағанда бір мемлекеттік кірістер органының атауы, ал 2-бағанда осы мемлекеттік кірістер органында тіркелген халықаралық топтың барлық қатысушысы көрсетіледі.
14. "Салықтық юрисдикция" деген 2-бағанда халықаралық топтың қатысушысы тіркелген салықтық юрисдикцияның атауы көрсетіледі.
15. "Негізгі кәсіпкерлік қызмет" деген 4, 5, 6, 7, 8, 9. 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-бағандарда ұсынылған қызмет түрлері тізімінен (бір немесе бірнеше қызмет түрі таңдалуы мүмкін) негізгі қызмет түрін (түрлерін) таңдау арқылы халықаралық топ қатысушысының негізгі қызмет түрі (түрлері) көрсетіледі. Егер ұсынылған тізімде халықаралық топ қатысушысының негізгі қызмет түрі болмаса, "Басқа" бағаны белгіленеді және "Қосымша ақпарат" бөлімінде ашуға тиісті мұндай халықаралық топ қатысушысының негізгі қызмет түрі (түрлері) туралы қосымша ақпарат ұсынылады.
16. "Қосымша ақпарат" деген 3-бөлімде қажет болса, Есептіліктің 1 және 2-бөлімдерінің мазмұнын түсінуді жақсартатын кез-келген ақпаратты көрсетумен, еркін нысанда Есептіліктің жеке көрсеткіштерін түсіндіретін немесе ашатын мәліметтер көрсетіледі.
17. "Халықаралық топқа қатысушының жауапкершілігі" деген 4-бөлімде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) "Орындаушы" деген ашық жолда – Есепті дайындаған орындаушының фамилиясы, аты, тегі;
2) "Электрондық почта мекенжайы" деген ашық жолда – халықаралық топ қатысушысының ресми электронды мекен жайы;
3) "Қолы" деген ашық жолда – Орындаушының қолы;
4) "Телефон" деген ашық жолда – халықаралық топ қатысушысының ресми телефон нөмірі;
5) "Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)" деген ашық жолда – Жергілікті субъект басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
6) "Қолы" деген ашық жолда – Басшының нмесе міндетін атқарушы тұлғаның қолы;
7) Ұсынылған күні - мемлекеттік кірістер органына Есептілікті ұсыну күні;
8) мемлекеттік кірістер органының коды – "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген) Өтініш табыс етілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің коды;
9) "Есептілікті қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)" деген ашық жолда – өтінішті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
10) қабылдау күні – Есептілікті ұсыну күні;
11) құжаттың кіріс № – мемлекеттік кірістер органы беретін тіркеу нөмірі;
12) "Қолы" деген жолда – есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның қолы;
13) пошта штемпелінің күні (егер пошта арқылы жолданған болса) – пошта байланысы қойылған пошта штемпелінің күні;
14) мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда).