"Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 қыркүйекте № 35147 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 154) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесінде:

      "Букмекерлік кеңсе үшін" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына санитариялық-эпидемиологиялық және "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) 61-бабының 2-тармағына өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер

3

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (Күзет қызметі туралы заң) 5-бабы 1-тармағына сәйкес күзет қызметімен айналысуға лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**

4

"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Ойын бизнесі туралы заң) 15-бабы 2-тармағына сәйкес букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары**

5

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 40000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт

      ";

      "Тотализатор үшін" бөлімінде:

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына санитариялық-эпидемиологиялық және "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) 61-бабының 2-тармағына өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер

      ";

      "Казино үшін" бөлімінде:

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы Азаматтық қорғау туралы заңы 61-бабының 2-тармағына сәйкес өртке қарсы және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабы 4-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (растайтын құжат ұсына отырып: сертификат немесе үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешенін аккредиттеу туралы куәлік), үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер

      ";

      "Ойын зал автоматтары" бөлімінде:

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасы заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2024 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 167 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі казино қызметі жүзеге асырылатын үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешенінде, үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі

Ғимараттың мекенжайы

Жылжымайтын мүлікке құқық беретін құжаттың атауы, күні, нөмірі

Кассалар туралы мәліметтер (саны, мекенжайы, орналасқан орны, электронды кассаның мекенжайы (болған жағдайда)

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі салаларында рұқсат беру құжаттарының болуы

Ескертпе (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін-санитариялық – эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама)

1

2

3

4

5

6

7

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2024 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 167 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
3-қосымша
  Нысан

Меншік құқығындағы жабдықтардың болуы туралы мәліметтер

№ р/с

Ойын жабдығының атауы

Ойын жабдығының түрі

Сатып алынған жабдықтың шартының нөмірі мен күні

Жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні

Мақсаты (букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға немесе казиноға немесе ойын автоматтары залдарына арналған)

Саны

Сериялық немесе инвентарлық нөмірі

Өндіруші

Техникалық жай-күйі (жаңа, бұрын пайдаланылған)

Сәйкестік сертификатының нөмірі және күні, берген орган (жаңа ойын автоматтары үшін)

Жабдықтарды тестілеу күні (жаңа ойын автоматтары үшін)

Бақылау-кассалық аппараттың (фискализатор) нөмірі (болған жағдайда)

Т ехнологиялық тұрғыдан ойын автоматына енгізілген ұтыс пайызы (ойын автоматтары үшін)

Тауар белгісінің тауы

Ойын
мекемесінің
интернет-ресурсы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады