Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін талдамалық ақпаратты өтеулі негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қыркүйекте № 35150 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 және 26-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін талдамалық ақпаратты өтеулі негізде ұсыну қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Мемлекеттік органдардың интернет-ресурсының бірыңғай порталындағы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы бетінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2024 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 32 Бұйрыққа
қосымша

Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін талдамалық ақпаратты өтеулі негізде ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-1 және 26-баптарына сәйкес ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін талдамалық ақпаратты өтеулі негізде ұсыну тәртібін (бұдан әрі - Қағидалар) айқындайды.

      2. Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін талдамалық ақпаратты (бұдан әрі – талдамалық ақпарат) өтеулі негізде ұсынуды "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АЕО" РМК) Заңның 23-1-бабына сәйкес жүзеге асырады.

2. Талдамалық ақпаратты ұсыну тәртібі

      3. Өтініш беруші, өтінішке сәйкес осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес "АЕО" РМК-ға қағаз нысанда немесе оның сканерленген көшірмесін электрондық түрде info@statdata.kz электрондық мекенжайына өтініш жолдайды. Өтінішті алғаннан кейін, "АЕО" РМК осы Қағидалардағы 3-қосымшаға сәйкес нысанда өтінішті қарауға қабылдау туралы хабарлама береді.

      4. "АЕО" РМК сұратылып отырған ақпараттың болуы және оны ұсыну мүмкіндігі тұрғысынан өтінішті қарастырады.

      Егер сұратылып отырған талдамалық ақпарат статистикалық көрсеткіштер жіктеуішінің аясынан тыс болған жағдайда немесе "АЕО" РМК-де сұратылып отырған деректерге қолжетімділігі жоқ және (немесе) сұратылып отырған деректерді пайдалануға шектеу бар болса "АЕО" РМК өтініш берушіге талдамалық ақпаратты ұсынудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жолдайды.

      Хабарламада өтініш беруші алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы көрсетіледі.

      Тыңдау туралы хабарлама талдамалық ақпаратты ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өтініш берушінің электрондық мекенжайына және (немесе) ұялы байланысының абоненттік нөміріне мәтіндік хабарламамен жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша "АЕО" РМК өтінішті одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес талдамалық ақпаратты ұсынудан бас тарту туралы хатын қалыптастырады. Талдамалық ақпаратты ұсынудан бас тарту туралы хат өтініш берушінің пошталық мекенжайына қағаз нысанда немесе электрондық мекенжайы арқылы жіберіледі.

      Жоғарыда аталған тәсілдердің бірімен жіберілген тыңдау туралы хабарлама жіберілген күннен бастап тапсырылған болып есептеледі.

      Сұратылған талдамалық ақпарат болған жағдайда "АЕО" РМК өтініш берушінің пошталық мекенжайына қағаз нысанда немесе электрондық мекенжайға электронды түрде техникалық ерекшелікті жасау қажеттілігі туралы хат жібереді, онда міндеттері, мақсаты, талданатын көрсеткіштер тізбесі, талдау түрі, кезеңі, аяқталу мерзімі, күтілетін нәтижелер және ақпаратты ұсыну нысаны көрсетіледі.

      5. Техникалық ерекшелікті келісу аяқталғаннан кейін, "АЕО" РМК өтініште көрсетілген электрондық мекенжайға электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің құнын көрсете отырып, шарттың жобасын өтініш берушіге келісуге жібереді.

      6. "АЕО" РМК өтініш беруші қолын қойған шартты алғаннан кейін, осы шарт қол қойылған сәтінен бастап жасалған болып есептеледі, "АЕО" РМК жасалған шарттың негізінде төлемге шот қояды.

      7. Өтініш беруші келісілген шартты қағаз нысанда немесе электрондық түрде электрондық мекенжайға info@statdata.kz жіберген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда "АЕО" РМК осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес өтініш берушіге бас тарту туралы хат жолдайды.

      8. Төлем мерзімдері және талдамалық ақпаратты ұсыну жасалған шартпен және техникалық ерекшелікпен реттеледі.

      9. Талдамалық ақпараттың көлемі Заңның 23-1-бабы 3-тармағына сәйкес негізгі шартқа қосымша келісім жасасумен құнының жоғарылауымен немесе төмендеуімен толықтырылуы немесе нақтылануы мүмкін.

      10. Өтініш берушіден төлем алғаннан кейін, дайындалған талдамалық ақпарат өтініште көрсетілген электрондық пошта арқылы немесе өтініш берушінің өзі ұсынған электронды жеткізгіштерде ұсынылады.

      11. Өтінішті қарауға қабылдау "АЕО" РМК жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жұмыс күндері жүзеге асырылады.

      Жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндері электрондық мекенжай бойынша жіберілген өтініштер келесі жұмыс күні қарастырылады.

  Ресми статистикалық ақпаратты
тарату кестесінде көзделмеген
және оны әзірлеуге қосымша
шығындарды талап ететін
талдамалық ақпаратты
өтеулі негізде ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

      Жеке тұлғаларға арналған өтініш үлгісі

      _____________________________________

      _____________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда) толық)

Өтініш

      Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген талдамалық ақпаратты ұсыну үшін өтеулі негізде шарт жасасуды сұраймын.

      www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы еркін қолжетімділіктегі ресми статистикалық ақпаратпен танысқанымды растаймын.

      Жеке тұлғаның деректемелері:
      Жеке куәлік нөмірі _____________________________________________
      Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________
      Нақты мекенжайы _____________________________________________
      Ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері
      және (немесе) телефон байланысы ______________________________
      Электрондық мекенжайы ____________________________________
      _______________ __________________________________________
      (қолы, күні) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген және оны әзірлеуге
қосымша шығындарды талап
ететін талдамалық ақпаратты
өтеулі негізде ұсыну
қағидаларына
2-қосымша

      Заңды тұлғаларға арналған өтініш үлгісі

      _____________________________
      (ұйымның атауы
      ______________________________
      (заңды тұлғаның
      _____________________________
      толық атауы)

Өтініш

      Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген талдамалық ақпаратты ұсыну үшін өтеулі негізде шарт жасасуды сұраймын.

      www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы еркін қолжетімділіктегі ресми статистикалық ақпаратпен танысқанымды растаймын.

      Заңды тұлғаның деректемелері:
      Бизнес сәйкестендіру нөмірі_____________________________
      Банктік шоттың жеке сәйкестендіру кода _____________________________
      Банктік сәйкестендіру коды_____________________________
      Заңды мекенжайы_____________________________
      Нақты мекенжайы_____________________________
      Ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері
      және (немесе) телефон байланысы_____________________________
      Электрондық мекенжайы_____________________________
      Басшы ________________________ _________________________________
      (қолы, мөрі) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
      Орындаушы:________________
      Ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері
      және (немесе) телефон байланысы:_________________

  Ресми статистикалық ақпаратты
тарату кестесінде көзделмеген
және оны әзірлеуге қосымша
шығындарды талап ететін
талдамалық ақпаратты
өтеулі негізде ұсыну
қағидаларына
3-қосымша

      (тегі, аты, әкесінің аты (болғанжағдайда)

      немесе өтініш беруші ұйымның атауы)

      _________________________________

      (өтініш берушінің мекенжайы)

Өтінішті қабылдау туралы хабарлама

      "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің "___" _____20__ жылғы № _________ өтінішіңізді ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген талдамалық ақпаратты ұсынуды қарауға қабылдады.

      Директор _______________________________________________________

      (қолы, мөрі) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Ресми статистикалық ақпаратты
тарату кестесінде көзделмеген
және оны әзірлеуге қосымша
шығындарды талап ететін
талдамалық ақпаратты
өтеулі негізде ұсыну
қағидаларына
4-қосымша

      (тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда)

      немесе өтініш беруші ұйымның атауы)

      __________________________________

      (өтініш берушінің мекенжайы)

Бас тарту туралы хат

      "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АЕО" РМК) Сіздің 20____жылғы "___" _____ №____сұрауыңызға Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін талдамалық ақпаратты өтеулі негізде ұсыну қағидаларының 2-бөлімінің 5) және (немесе) 8) тармақтарын басшылыққа ала отырып, ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген талдамалық ақпаратты ұсынудан бас тартады.

      Директор _______________________________________________________

      (қолы, мөрі) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады