БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жол берілетін ұзындығы:
жеке автокөлік құралдары:
М1, N және О (тіркеме) санатты 12,0;
М2 және М3 санаты 13,5;
біліктері екіден көп М2 және М3 санатты 15,0;
тіркемесі бар М2 және М3 санаты 18,75;
М2 және М3 санатты буындастырылған автобустар 18,75;
құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар 24,0;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жол берілетін биіктігі:
көтергіш платформаларда жеңіл автомобильдер мен контейнерлерді (сұйықтықтарды немесе газдарды тасымалдауға арналған сыйымдылықтарды қоса алғанда) тасымалдауды жүзеге асыратын, рұқсат етілген биіктігі 4,3 метрден аспауға тиіс көліктің бір немесе бірнеше түрімен тасымалдауға арнайы арналған және жабдықталған автокөлік құралдарын қоспағанда, барлық автокөлік құралдарына 4,0 метр.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы бөлімнің 1-тармағында көрсетілген автокөлік құралдарының жол берілетін өлшемдері өзіне контейнерлерді қоса алғанда, орнатылған механизмдердің тасымалданатын жүктердің алынбалы шанақтардың және жүктерге арналған ыдыстардың өлшемдерін қамтиды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Автокөлік құралының шанағында орнатылған жүк автомобильдің немесе тіркеменің (жартылай тіркеменің) артқы сыртқы нүктесінен 1 метрден артық шығатын тасымалдау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесімен көзделген шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген).";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтары төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:
1) дара автокөлік құралдары:
М, N және О (тіркеме) санатты:
екі білікті 18,0;
үш білікті (М3 санатты буындастырылған автобустарды қоспағанда) 25,0;
үш білікті дара автокөлік құралдары үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда жүктемені 1 тоннаға асыруға жол беріледі;
М3 санатты буындастырылған автобустар 28,0;
төрт білікті, оның ішінде екі басқару білігі бар 32,0;
бес білікті 38,0;
алты және одан да астам білігі бар 44,0;
2) құрамында тартқыш пен тіркеме (жартылай тіркеме) бар автопойыздар:
үш білікті 28,0;
төрт білікті 36,0;
бес білікті 40,0;
алты білікті 44,0;
алты біліктен жоғары біліктік массалардың (біліктер тобының) рұқсат етілген қосындысынан аспауға тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі