БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13417 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшері бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшері бөлігінде сақталуын тексеру парағы бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы осы бірлескен бұйрықтың 1- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 439-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 68 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23431 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес баға белгілеу бөлігінде ішкі сауда субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру парағы;
3) бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сауда базарларына, сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру парағы;
4) бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес көтерме-тарату орталықтарына қатысты Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру парағы.";
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бірлескен бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
А. Бижанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшері бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
____________________________________________ сауда объектiлеріне қатысты
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы _____________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган/ бақылау субъектісіне
(объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау _______________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт _______________________________________
_____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекен жайы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының белгіленген мөлшерін сақтау. | ||
2. | Сауда объектілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізетін) назарына жеткізу. |
Лауазымды адам (адамдар) _______________________________________
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________ _________________
лауазымы қолы
Бақылау субъектісінің басшысы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________ _________________
лауазымы қолы
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бектітілген "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау субъектілері (объектілері) –қызметіне Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылау жүзеге асырылатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
3) болмашы бұзушылық – дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген азық–түлік тауарларына тауарлық-ілеспе құжаттардың болмауына байланысты бұзушылық;
4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шкалада өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шкалаға келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
5) елеулі бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының аумағында бағалар жапсырмасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды бағасын теңгемен көрсетіп өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында құны бағалар жапсырмасымен ресімделген бағадан аспауы тиіс, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптары бойынша тауарды өткізген кезде оның бағасын теңгемен көрсетуге, тауардың атауын, оның сортын, тауардың салмағы немесе бірлігі үшін бағасын көрсете отырып, айқын ресімделген баға көрсеткіштерінің белгілерінің болуына, электрондық сауданы жүзеге асыруна, сауда базарларының сауда орындарын орналастыру схемасына сәйкес жабдықталуға, әкімшілік-тұрмыстық, қойма үй-жайларын және жалпы пайдаланатын орындармен жабдықталуын сақтауына, стационарлық сауда объектілерінде болуына, көтерме-тарату орталықтарында көтерме-тарату орталықтарын жарақтандыру талаптарына сәйкестігінің болуы, көтерме-тарату орталықтарының әкімшілігінің жұмыс регламентін бекітуге байланысты бұзушылықтар;
6) өрескел бұзушылықтар – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда өнім берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілемеуге, ішкі сауда субъектісінің шекті сауда үстемесінің мөлшерін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарыннан жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің сату бағасының және көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан он бес пайыздан артық асыруы, сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің тауарларды асырып жіберуіне байланысты бұзушылықтар, азық-түлік тауарларын берушімен азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасынан алынатын сыйақының бес пайыздық мөлшерінен асуы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға байланысты сыйақыны заңсыз талап ету, Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағалардың сақталуына, тауарларды беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартуда не шарт жасасуда көрініс табатын тауарларға қол жеткізуді шектеу, негізгі түрі ірі сауда объектілеріндегі, сондай-ақ сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру, мұндай объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың жұмысын ұйымдастыру болып табылатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалардың сақтамауы, сауда объектiлерiндегi, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын күнтiзбелiк ай шегiнде күнтiзбелiк үш күннен асатын мерзiмге жалға (пайдалануға) берген кезде жалға беру (пайдалану) жазбаша шартын жасасуын сақтамауы;
7) тәуекел – бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) –Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланысты емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бір бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
11) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.
12) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қолданылады.
4. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау, жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері негізінде жүргізіледі.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің (объектісінің) басымдығы ескеріле отырып жасалады.
2-тарау. Объективті өлшемшарттар
6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің және сыйақының мөлшерін сақтау бөлігінде сауда қызметін реттеуде тәуекелдің жоғары дәрежесіне бақылау субъектілерінің жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығының тәуекелдері жатады.
Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне сауда объектілерінде қызметін жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері жатады.
Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.
Коммуналдық базарларда қызметін жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері тәуекелдің төмен дәрежесіне жатады. Мұндай субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
8. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
2) бақылау субъектісі кінәсінен туындаған қолайсыз жағдайлардың болуы.
9. Субъективті өлшемшарттар сауда қызметін реттеу туралы салалардағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына сәйкес сақталмауы белгілі бір бұзушылық дәрежесіне сәйкес келетін тексеру парақтарының талаптары негізінде әзірленді. Әрбір талапқа қатысты тексеру парақтарынан бұзушылық дәрежесі айқындалады – өрескел, елеулі және болмашы.
Бақылау субъектілері қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 1 қосымшада баяндалған.
10. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;
3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.
Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Өлшемшарттарға 2 қосымшаға сәйкес сауда қызметін реттеу саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес өлшемшарттарында белгіленеді.
11. Осы Өлшемшарттардың 5-тармағына сәйкес бақылау субъектісін (объектісін) тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттардың 8 қосымшасына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Өлшемшарттардың (SC) 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC, мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік бақылау бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
12. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігіне немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,
мұнда:
SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн,
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi
n – көрсеткіштер саны.
Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:
R – бақылау және қадағалау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
Rарал – осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жылына екі реттен жиі емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалады.
4-тарау. Тәуекелдерді басқару
14. Адал бақылау субъектілерін (объектілерін) көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.
15. Бақылау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер (объектілер) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса;
3) егер субъектілер (объектілер) өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.
16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату мақсатында реттеуші мемлекеттік органдар жеңілдететін индикаторларды ескереді.
Жеңілдететін индикаторларға деректерді онлайн-режимде беретін аудио және (немесе) бейне жазбалардың болуы жатады.
Бұл ретте, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатуды реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар олар бойынша деректер жеңілдететін индикаторларда көрсетілген тәсілдермен алынған талаптар бөлігінде жүзеге асырады.
5-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік ескеріле отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік органдарға арналған тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері
17. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің (объектілерінің) жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1 қосымша |
Сауда қызметін реттеу саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі
№ | Өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі |
1. Баға белгілеу бөлігінде ішкі сауда субъектілеріне қатысты | ||
1. | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілеу, сондай-ақ дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген азық-түлік тауарларына тауарлық-ілеспе құжаттардың және тауарларын жеткізу шартының болуы. | өрескел |
2. | Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің азық-түлік тауарларын берушімен азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде сатып алынған азық-түлік тауарларының бағасынан бес пайыздық сыйақы мөлшерінен асуы. | өрескел |
3. | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің сыйақыны заңсыз талап етуі. | өрескел |
4. | Ішкі сауда субъектісінің шекті сауда үстемесінің мөлшерін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарыннан жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің сату бағасының және көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан он бес пайыздан артық асыруы. | өрескел |
5. | Тауардың атауын, оның сортын, тауардың салмағы немесе бірлігі үшін бағасын көрсете отырып, айқын ресімделген баға көрсеткіштерінің белгілерінің болуы. | елеулі |
6. | Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағалардың сақталуы. | өрескел |
7. |
Электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде сатушының талапты сақтауы: | елеулі |
8. | Қазақстан Республикасының аумағында бағалар жапсырмасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды бағасын теңгемен көрсетіп сату не Қазақстан Республикасының аумағында құны бағалар жапсырмасымен ресімделген бағадан аспайтын, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптары бойынша тауарды өткізген кезде оның бағасын теңгемен көрсету. | өрескел |
2. Сауда базарларына, сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне қатысты | ||
9. | Сауда базарларының сауда орындарын орналастыру схемасына сәйкес жабдықталуға, әкімшілік-тұрмыстық, қойма үй-жайларын және жалпы пайдаланатын орындармен жабдықталуын сақтауы. | елеулі |
10. |
Сауда базарларының шолуға арналған қолжетiмдi орындармен жабдықталуын сақтауға тиіс, онда: | елеулі |
11. |
Негізгі түрі ірі сауда объектілеріндегі, сондай-ақ сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру, мұндай объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың жұмысын ұйымдастыру болып табылатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалардың сақтауы: | өрескел |
12. | Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегi, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын күнтiзбелiк ай шегiнде күнтiзбелiк үш күннен асатын мерзiмге жалға (пайдалануға) берген кезде жалға беру (пайдалану) жазбаша шартын жасасуын сақтау. | өрескел |
13. |
Коммуналдық сауда базарымен сақталуы: | өрескел |
14. |
Коммуналдық базар әкімшілігінің сақтауы: | өрескел |
15. |
Ішкі сауда субъектілері сауда желісі мен сауда базарларын ұйымдастыру арқылы тауарларды сатуды жүзеге асыру кезінде сақтауы: | өрескел |
16. |
Стационарлық сауда объектілерінде болуы: | елеулі |
17. | Ішкі сауда субъектілеріне сауда объектілері мен сауда инфрақұрылымына тең қолжетімділік беру, оның ішінде сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартудан не көрінеу кемсітушілік. | өрескел |
18. |
Ішкі сауда субъектілеріне ірі сауда объектілері, сауда базарлары беретін қосымша көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бар болса) бекіту. | елеулі |
19. |
Ірі сауда объектісінің, сауда базары жұмыс регламентінде көзделген талаптарды сақтау және сауда инфрақұрылымын жаңғыртуда көзделген талаптарды сақтау, соның ішінде: | елеулі |
20. | Сауда базарларында олардың аумағында техникалық жағдайлар болған кезде автодүкендерден сауда жасауды ұйымдастыру. | елеулі |
21. | Ірі сауда объектілерінде, сондай-ақ ақпараттық жүйеде сауда базарларында сауда орындарын жалдау (пайдалану) шарттарына өзгерістер енгізу немесе жасасу. | елеулі |
22. | Ірі сауда объектілерінде, сондай-ақ сауда базарларында орнын жалға алу (пайдалану) үшін төлемді ақпараттық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен не екінші деңгейдегі банктер арқылы төлем шотын жазу жолымен қабылдауды қамтамасыз ету. | елеулі |
23. |
Отандық өндірістің азық-түлік тауарларын сауда алаңында және (немесе) сөре кеңістігінде азық-түлік тауарлары орналасқан жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде отыз пайызын орналастырады. | елеулі |
3. Көтерме-тарату орталықтарына қатысты | ||
24. | Көтерме-тарату орталықтарында үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларымен және азық-түлік емес тауарлармен тиісті сақтауға және (немесе) сатып алу, дайындық, тарату және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларының, павильондардың және (немесе) арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардың болуы, тізбесі ішкі және (немесе) сыртқы нарықтардағы кейіннен көтерме және (немесе) бөлшек сауда үшін көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптармен айқындалады. | елеулі |
25. |
Көтерме-тарату орталықтарында мынадай негізгі аймақтардың болуы: | елеулі |
26. |
Көтерме-тарату орталықтарында саудаға мамандандырылған қосымша аймақтардың болуы: | елеулі |
27. |
Көтерме-тарату орталықтарында таратуға мамандандырылған қосымша аймақтардың болуы: | елеулі |
28. |
Көтерме-тарату орталықтарын техникалық жабдықталуы мынадай талаптарға сәйкестігі: | елеулі |
29. | Көтерме-тарату орталықтарының әкімшілігі жұмыс режимі, қол жеткізу тәртібі, ұсынылатын қызметтер тізбесі, үй-жайларды (сауда орындарын) жалға беру шарттары мен тәртібі, олардың сипаттамасы, ұсынылатын қызметтердің барлық түрлерінің тарифтері және оны көтерме-тарату орталықтарының аумағында қолжетімді жерде және интернет-ресурста (бар болса) орналастыру көрсетілген көтерме-тарату орталықтарының жұмыс регламентін бекітуді қамтамасыз ету. | елеулі |
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2 қосымша |
Сауда қызметін реттеу саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
Р/с № | Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші, SC | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі | Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi | Шарттар / мәндер, xi | ||
1-шарты / мәні | 2-шарты / мәні | 3-шарты / мәні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
1. | Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 201, 204-2, 204-3, 204-4 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту нәтижелері | бақылау субъектісі кінәсінен туындаған қолайсыз жағдайлардың болуы | 100 | 0 | 1 | 2 және одан да көп |
0% | 50% | 100% |
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Баға белгілеу бөлігінде ішкі сауда субъектілеріне қатысты тексеруді
тағайындаған мемлекеттік орган/ бақылау субъектісіне (объектісіне)
бару арқылы профилактикалық бақылау __________________________________
_____________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт _______________________________________
_____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес- сәйкестендіру нөмірі ______________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілеу, сондай-ақ дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген азық-түлік тауарларына тауарлық-ілеспе құжаттардың және тауарларын жеткізу шартының болуы. | ||
2. | Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің азық-түлік тауарларын берушімен азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде сатып алынған азық-түлік тауарларының бағасынан бес пайыздық сыйақы мөлшерінен асуы. | ||
3. | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің сыйақыны заңсыз талап етуі. | ||
4. | Ішкі сауда субъектісінің шекті сауда үстемесінің мөлшерін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарыннан жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің сату бағасының және көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан он бес пайыздан артық асыруы. | ||
5. | Тауардың атауын, оның сортын, тауардың салмағы немесе бірлігі үшін бағасын көрсете отырып, айқын ресімделген баға көрсеткіштерінің белгілерінің болуы. | ||
6. | Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағалардың сақталуы. | ||
7. |
Электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде сатушының талапты сақтауы: | ||
8. | Қазақстан Республикасының аумағында бағалар жапсырмасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды бағасын теңгемен көрсетіп сату не Қазақстан Республикасының аумағында құны бағалар жапсырмасымен ресімделген бағадан аспайтын, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптары бойынша тауарды өткізген кезде оның бағасын теңгемен көрсету. |
Лауазымды адам (адамдар) ________________________________________
_____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
______________________________________________________ ______________
лауазымы қолы
Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы ________________________
_____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
______________________________________________________ ______________
лауазымы қолы
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сауда базарларына, сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне қатысты
тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган/ бақылау субъектісіне (объектісіне)
бару арқылы профилактикалық бақылау __________________________________
_____________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт _______________________________________
_____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Сауда базарларының сауда орындарын орналастыру схемасына сәйкес жабдықталуға, әкімшілік-тұрмыстық, қойма үй-жайларын және жалпы пайдаланатын орындармен жабдықталуын сақтауы. | ||
2. |
Сауда базарларының шолуға арналған қолжетiмдi орындармен жабдықталуын сақтауға тиіс, онда: | ||
3. |
Негізгі түрі ірі сауда объектілеріндегі, сондай-ақ сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру, мұндай объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың жұмысын ұйымдастыру болып табылатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалардың сақтауы: | ||
4. | Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегi, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын күнтiзбелiк ай шегiнде күнтiзбелiк үш күннен асатын мерзiмге жалға (пайдалануға) берген кезде жалға беру (пайдалану) жазбаша шартын жасасуын сақтау. | ||
5. |
Коммуналдық сауда базарымен сақталуы: | ||
6. |
Коммуналдық базар әкімшілігінің сақтауы: | ||
7. |
Ішкі сауда субъектілері сауда желісі мен сауда базарларын ұйымдастыру арқылы тауарларды сатуды жүзеге асыру кезінде сақтауы: | ||
8. |
Стационарлық сауда объектілерінде болуы: | ||
9. | Ішкі сауда субъектілеріне сауда объектілері мен сауда инфрақұрылымына тең қолжетімділік беру, оның ішінде сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартудан не көрінеу кемсітушілік. | ||
10. |
Ішкі сауда субъектілеріне ірі сауда объектілері, сауда базарлары беретін қосымша көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бар болса) бекіту. | ||
11. |
Ірі сауда объектісінің, сауда базары жұмыс регламентінде көзделген талаптарды сақтау және сауда инфрақұрылымын жаңғыртуда көзделген талаптарды сақтау, оған мыналар кіреді: | ||
12. | Сауда базарларында олардың аумағында техникалық жағдайлар болған кезде автодүкендерден сауда жасауды ұйымдастыру. | ||
13. | Ірі сауда объектілерінде, сондай-ақ ақпараттық жүйеде сауда базарларында сауда орындарын жалдау (пайдалану) шарттарына өзгерістер енгізу немесе жасасу. | ||
14. | Ірі сауда объектілерінде, сондай-ақ сауда базарларында орнын жалға алу (пайдалану) үшін төлемді ақпараттық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен не екінші деңгейдегі банктер арқылы төлем шотын жазу жолымен қабылдауды қамтамасыз ету. | ||
15. |
Отандық өндірістің азық-түлік тауарларын сауда алаңында және (немесе) сөре кеңістігінде азық-түлік тауарлары орналасқан жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде отыз пайызын орналастырады. |
Лауазымды адам (адамдар) ________________________________________
_____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
___________________________________________________ _________________
лауазымы қолы
Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы ________________________
_____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
___________________________________________________ _________________
лауазымы қолы
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Көтерме-тарату орталықтарына қатысты __________________________________
тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган/ бақылау субъектісіне (объектісіне)
бару арқылы профилактикалық бақылау __________________________________
_____________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт _______________________________________
_____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес- сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Көтерме-тарату орталықтарында үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларымен және азық-түлік емес тауарлармен тиісті сақтауға және (немесе) сатып алу, дайындық, тарату және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларының, павильондардың және (немесе) арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардың болуы, тізбесі ішкі және (немесе) сыртқы нарықтардағы кейіннен көтерме және (немесе) бөлшек сауда үшін көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптармен айқындалады. | ||
2. |
Көтерме-тарату орталықтарында мынадай негізгі аймақтардың болуы: | ||
3. |
Көтерме-тарату орталықтарында саудаға мамандандырылған қосымша аймақтардың болуы: | ||
4. |
Көтерме-тарату орталықтарында таратуға мамандандырылған қосымша аймақтардың болуы: | ||
5. |
Көтерме-тарату орталықтарын техникалық жабдықталуы мынадай талаптарға сәйкестігі: | ||
6. | Көтерме-тарату орталықтарының әкімшілігі жұмыс режимі, қол жеткізу тәртібі, ұсынылатын қызметтер тізбесі, үй-жайларды (сауда орындарын) жалға беру шарттары мен тәртібі, олардың сипаттамасы, ұсынылатын қызметтердің барлық түрлерінің тарифтері және оны көтерме-тарату орталықтарының аумағында қолжетімді жерде және интернет-ресурста (бар болса) орналастыру көрсетілген көтерме-тарату орталықтарының жұмыс регламентін бекітуді қамтамасыз ету. |
Лауазымды адам (адамдар) ________________________________________
_____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
_____________________________________________________ _______________
лауазымы қолы
Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы ________________________
_____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
_____________________________________________________ _______________
лауазымы қолы