"Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 7 қазанда № 35213 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын электрмен жабдықтаушы ұйым мен жылумен жабдықтау субъектілері (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушілер) жүзеге асырады. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Көрсетілетін қызметті берушілер алдыңғы нормалар бекітілген күннен бастап кемінде 18 айдан кейін және бес жылда бір рет қайта қарайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібі";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көппәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға сағаттық жылу жүктемесі (qmax), көппәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытылатын тұрғын үй-жайларының ішкі ауасының температурасы (tішкі), жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (tөрұ), жылытуды жобалау мақсатында сыртқы ауаның есептік температурасы (tро), жылыту кезеңіндегі жылу тұтыну нормасын есептеу кезінде есептік кезеңнің ұзақтығы (n0) "Ғимараттардың жылу қорғанысы" ҚР ҚН 2.04-07-2022 сәйкес айқындалады".";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібі".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады