"Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қазандағы № 350-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35239 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестікті бағалау қағидаларында:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сәйкестікті бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сәйкестікті бағалау тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар өнімдердің, көрсетілетін қызметтер мен процестердің техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға, стандарттау жөніндегі құжаттарға және (немесе) өтініш берушінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде қолданылады.

      Осы Қағидалар сәйкестікті міндетті және ерікті растау кезінде қолданылады.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік – айналымға шығарылатын бірыңғай көлік құралының Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат (бұдан әрі – КО ТР 018/2011);";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік нысанында сәйкестікті бағалау нәтижесін техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы аккредиттелген зертхана ресімдейді.";

      71-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) мынадай мәліметтерді қамтитын техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде сәйкестік туралы декларацияны тіркеу туралы өтінім:

      заңды тұлға үшін – өтініш берушінің толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), сондай-ақ өтініш берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;

      өнімді дайындаушының толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) – өнімді дайындайтын заңды тұлға және оның филиалдары үшін немесе өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру орнының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайы (мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) – дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін;

      өнімнің атауы мен белгісі және (немесе) өнімді дайындаушы берген өзге де шартты белгі (ол болған кезде);

      өнімнің атауы (ол болған кезде);

      өнімді сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өнім туралы мәліметтер (олар болған кезде);

      өнім (техникалық регламент және (немесе) стандарттау жөніндегі құжат) соған сәйкес дайындалған құжаттың (құжаттардың) белгіленуі және атауы);

      ЕАЭО СЭҚ және GTIN (Тауар бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі) немесе N/KZ TIN (Тауар бірлігінің ұлттық/Қазақстандық сәйкестендіру нөмірі) сәйкес өнім коды (кодтары);

      декларациялау объектісінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе бір бұйым). Сериялық шығарылым өнімдері үшін "сериялық шығарылым" жазбасы жазылады. Өнім партиясы үшін партияның мөлшері мен шығару кезеңі, бір бұйым үшін – бұйымның зауыттық нөмірі және шығарылған күні көрсетіледі. Өнім партиясы және бір бұйым үшін өнім партиясын (оның ішінде оның мөлшерін) немесе бір бұйымды сәйкестендіретін тауарға ілеспе құжаттаманың деректемелері көрсетіледі;

      талаптарына өнім сәйкес келетін техникалық регламенттің, стандарттау жөніндегі құжаттың атауы;";

      150-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "150. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылуын тоқтата тұрады, қайта бастайды немесе тоқтатады:

      1) СРО;

      2) аккредиттелген зертхана;

      3) уәкілетті орган.";

      мынадай мазмұндағы 165-1, 165-2, 165-3, 165-4 және 165-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "165-1. Аккредиттелген зертханамен көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы берілген куәліктің қолданылуын тоқтату мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

      1) кеден саласындағы уәкілетті органмен көлік құралын еркін айналымға шығарғанға дейін аккредиттелген зертханаға көлік құралы иесінің берілген өтініші;

      2) аккредиттеу жөніндегі органның көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікте көрсетілген көлік құралының құрылымдық параметрлері мен сипаттамалары туралы деректердің сәйкессіздігін анықтауы;

      3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бұзушылықтарды анықтауы.

      Аккредиттелген зертхана өз қызметін тоқтатқан жағдайларда көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуын уәкілетті орган тоқтатады.

      165-2. Аккредиттелген зертхана техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуын тоқтату кезінде осы Қағидалардың 165-1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірін көрсетеді және аккредиттелген зертхананың көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы шешімінің көшірмесін электрондық түрде қоса береді.

      165-3. Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуын тоқтату кезінде техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны автоматты түрде қалыптастырады, ол жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның ресми электрондық поштасына жіберіледі.

      165-4. Егер көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің қолданылуын тоқтату себебі КО ТР 018/2011 белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуімен байланысты болмаса, аккредиттелген зертханасы осы көлік құралына көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы жаңа куәлік ресімдейді, бұл ретте КО ТР 018/2011 № 17 қосымшасында "ҚОСЫМША АҚПАРАТ" бағанында "Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің ОРНЫНА №___" деген жазба жасалады.

      165-5. Тоқтатылғанның орнына шығарылған көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу туралы хабарлама техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен:

      1) тіркеу мәліметтерін түзету үшін жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның;

      2) кедендік төлемдерді, салықтар мен алымдарды қосымша есептеу үшін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның;

      3) кәдеге жарату алымын қосымша есептеу бөлігінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторының ресми электрондық пошталарына жіберіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
К. Торебаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  2024 жылғы 9 қазандағы
№ 350-НҚ Бұйрыққа
1-қосымша
  Сәйкестікті бағалау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Сертификаттауды жүргізуге өтінім

      1. Сәйкестікті растау жөніндегі орган _________________________

      2. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      Ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) __________________________

      Ұйымның толық атауы______________________________________________

      Мекенжайы_______________________________________________________

      Телефон нөмірі____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________

      Есеп айырысу шоты (IBAN) _________________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды (БИК) ___________________________________

      Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)__________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)____________________

      Басшының лауазымы ______________________________________________

      3. Өнімді, қызметтерді сертификаттау схемасы ________________________

      4. Мәлімделген өнімнің, қызметтің атауы ____________________________

      5. Нақты талаптардың атауы ________________________________________

      6. Нормактивтік құжаттың атауы, нөмірі және күні _____________________

      7. ЕАЭО СЭҚ ТН және GTIN немесе N/KZ TIN сәйкес өнімнің коды (кодтары)

      8. Өнім дайындалған құжаттың (құжаттардың) белгіленуі және атауы

      (Техникалық регламент, стандарттау жөніндегі құжат, техникалық шарттар немесе өзге де құжат) (ол болған кезде)_________________________________________

      9. Сертификаттау объектісінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе жеке бұйым)____________________________________________

      10. Жалғыз бұйымды немесе өнім партиясын, оның ішінде оның мөлшері (өнім партиясы мен жалғыз бұйым үшін) сәйкестендіретін келісімшарттың (тауар жеткілімі шартының) және тауарға ілеспе құжаттардың деректемелері)_________________________________

      11. Техникалық регламенттің, стандарттау жөніндегі құжаттың немесе талаптарына сәйкестігі сертификаттау жүргізілетін өзге де құжаттың атауы_________________________________________

      Қосымшалар:

      Осы өтініммен сәйкестікті растау рәсімдерін сақтауға, сертификатталатын өнім, көрсетілетін қызметтер көрсеткіштерінің (сипаттамаларының) тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнімді, көрсетілетін қызметтерді сертификаттауға және кезеңдік бағалауға байланысты шығыстарды шартқа сәйкес төлеуге міндеттенемін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеу, сақтау, түсіруге және пайдалануға келісемін беремін.

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбадан алынған деректері: _______

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған күні мен уақыты:___.

  2024 жылғы 9 қазандағы
№ 350-НҚ Бұйрыққа
2-қосымша
  Сәйкестікті бағалау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

20__ жылғы "___" ___________№ __ өтінім бойынша 20__ жылғы "__" ______ үлгілерді іріктеу актісі

      Кәсіпорын ________________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)/жеке сәйкестендіру нөмірі

      (ЖСН) және атауы, мекенжайы)

      Мекенжайы және іріктеу орны _______________________________________

      Акт жасалды ______________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      Тапсырыс берушінің немесе оның өкілінің қатысуымен __________________

      _________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      Сертификаттық сынақтар үшін ұсынылған өнімнің үлгілері сәйкес таңдалды

      _________________________________________________________________

                        (нормативтік құжаттың атауы)

      Бойынша алынған өнім___________________________________________

      (тауар-көлік жүкқұжаты; теміржол түбіртектері №,

      келісімшарт бойынша күні; шарт №, күні)

      Дайындаушы _____________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН),

      атауы, елі, мекенжайы)

      Жеткізуші _______________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН),

      атауы, елі, мекенжайы)

      Тексерумен анықталады____________________________________________

      Сақтау шарттары__________________________________________________

      Ыдыстың, орамның, ыдыстардың түрі мен жай-күйі____________________

      Орамдағы және заттаңбадағы жазулар________________________________

      Үлгілер атаумен ұсынылған өнімнен іріктеп алынды:

Ұсынылған өнім үлгілерінің атауы (түрі, маркасы, моделі)

Өлшем бірлігі

Партия нөмірі

Партия мөлшері

Партия мөлшері

Жарамдылық мерзімі

Іріктелген өнім үлгілерінің саны

Код ТНВЭД

GTIN немесе N/KZ TIN

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Бақылау сынамалардың үлгілерін сақтау (талап ету) мерзімі осы актіге қол

      қойылған күннен бастап ____ ай.

      Іріктеп алынған өнімнің бақылау үлгілерінің саны _________________

      Іріктелген үлгілер зертханалық зерттеулер жүргізу үшін жіберілді

      __________________________________________________________________

      (сынақ зертханасының (орталығының) атауы)

      Қосымша ақпарат

Сәйкестікті растау жөніндегі органның өкілі


Аты-жөні, тегі

Аккредиттелген зертхананың өкілі


Аты-жөні, тегі

Өтініш беруші


Аты-жөні, тегі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады