БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрi – ҚБШ) мына:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен;
2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есептеумен және оларды ҚР ҰБ-да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін ашылған шоттарға аударумен;
5) және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын оларға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен, және (немесе) меценаттық қызметтен, және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетiн ақшаны жұмсауымен;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;
7) бюджеттiк ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргiзуге пайдаланумен;
8) қаржылық ұйымдардың, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен;
9) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі - сыртқы қарыздардың немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау шоты) қайтадан ұлттық валютаға айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың ақшасын жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға;
10) және қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге аударылатын ақшаны пайдаланумен (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу шоттары);
11) Жәбірленушілерге өтемақы қорына (Қор шотына) жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызумен және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген өтемақылардың төлемін жүргізумен;
12) мемлекеттік бағдарламаларды, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдауды жүзеге асыруға арналған бюджет ақшасын және оларды пайдалануға (бұдан әрі – қаржылық және (немесе)қаржылық емес қолдау операторларының шоты);
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын жұмсауға (бұдан әрі – мемлекет кепілдік берген қарыздың ұлттық валютадағы шоты);
14) қарыз алушылардың мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге және оларды өтеуге арналған ақшаны жұмсауға (бұдан әрі – ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты);
15) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына жіберілетін ақша түсімдерін (бұдан әрі – Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының шоты) есепке алуға және оларды "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Білім туралы заңы) сәйкес жұмсауға;
16) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ақша түсімдерін (бұдан әрі – білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шоты) есепке алуға және оларды Білім туралы заңына сәйкес жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналған;
17) Арнаулы мемлекеттік қорға (бұдан әрі – Арнаулы мемлекеттік қордың шоты) жіберілетін ақша түсімдері және оларды "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – активтерді қайтару туралы Заң) сәйкес жұмсау;
18) Арнаулы мемлекеттік қордың (бұдан әрі – тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнайы шоты) ақша түсімдері және оларды активтерді қайтару туралы Заңына сәйкес жұмсау.";
168-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"168. Шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының әрбiр коды бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi бойынша жол берiледi:
141 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу";
сатып алуға аванстық (алдын ала) төлем ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етілетін "AusylVac – Al" және "AusylVac – Оіl" аусылға қарсы отандық ветеринариялық вакциналарды сатып алуды қоспағанда, 142 "Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу".";
222-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"222. Қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында төлеуге берiлетiн шоттарды орындау үшiн ақша болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайларды қоспағанда, жергілікті уақытпен сағат 16.00-ге дейін түскен қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот орындалады не орындалмай оны аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қабылдаған күннен кейiнгi күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекемелерден сағат 16.00-ден кейін қағаз тасығышта түскен төлеуге берілетін шоттар келесі жұмыс күні түскен болып саналады.
"Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша түскен төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмастан келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылады.
Қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шот:
1) төлеуге берiлетiн шоттың нысаны мен мазмұны бойынша осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) растайтын және осы Ережеде көзделген өзге құжаттардың мазмұны бойынша осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік мекеменің ағымдағы шотын (корпоративтік төлем карточкасын) толықтыру үшін сомаларды аудару бойынша шектеуді арттырған;
4) ұсынылған МТ-002, МТ-003, МТ-004, МТ-005, МТ-007 төлемдер форматтарындағы электрондық хабарлама деректері төлеуге берілетін шоттың мынадай - деректеріне сәйкес болмаған:
атауларының толық және қысқартылып көрсетілуіне байланысты алшақтықтарды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің атауы мен ақша алушының атауы;
төлеуге берілетін шоттың сомасы мен МТ-002, МТ-003, МТ-004, МТ-005, МТ-007 төлемдер форматтарындағы электрондық хабарламаларының жалпы сомасы;
төлемнің мақсатында көрсетілген шығыстардың бағыты;
5) түзетулермен, оның iшiнде қолмен түзетiлiп ұсынылған;
6) осы Ережеде көзделген растау құжаттары, оның iшiнде магниттiк (электрондық) тасығыштарда қосымшасыз немесе мемлекеттік мекеме басшысының немесе уәкілеттік берілген адамның қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылмаған қосымшамен (сканерленген түрі тіркелмеген немесе мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған сканерленген түрі тіркелген) ұсынылған;
7) талап етiлген жолдарда қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi болмаған;
8) қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi қойылған қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi бар құжатқа сәйкес келмеген;
9) құжаттың барлық даналарындағы талап етiлген жолдарда мөр бедерi дәл (анық) қойылмаған;
10) санмен көрсетiлген сома жазылған сомаға сәйкес келмеген;
11) төлеуге берiлетiн шоттарда көрсетiлген, бағдарламалық тексеруге жататын деректер ҚБАЖ-ға енгiзiлген деректерге сәйкес келмеген;
12) төлемнің мақсаты Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымына сәйкес шығыстардың бағытына, бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасына сәйкес келмеген;
13) банктік деректемелерді қоспағанда, төлеуге берiлетiн шоттар деректемелерi төлеуге берiлетiн шоттарға қоса берiлген (осы Ережеде белгiленген жағдайларда құжаттар қоса берiлген (сканерленген түрi жапсырылған) кезде) растайтын құжаттардың деректемелерiне сәйкес келмеген;
14) төлем сомасы қаржыландырудың жеке жоспарының тиiстi кезеңдегi (өспелi қорытындылармен) төлемдерi бойынша пайдаланылмаған қалдығы сомасынан асып кеткен, сондай-ақ төлем сомасы растайтын құжаттардың сомасынан асып кеткен;
15) аванстық төлем пайызы, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруды қоспағанда, осы Ереженiң 168-181-тармақтарында көзделген мөлшерiнен асып кеткен;
16) төлеуге берiлетiн шоттың бiрiншi данасының деректемелерi төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасының деректемелерiне сәйкес келмеген;
17) төлеуге берiлетiн шоттың қолданылу мерзiмiнен асатын мерзiмде берiлген;
18) ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттар саны төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санға сәйкес келмеген;
19) осы Ереженің 142, 143, 144, 145 және 146 қосымшаларына сәйкес төлемдер форматында магниттiк (электрондық) тасығышта қателер анықталған;
20) сот актілерін орындау жөніндегі мемлекеттік мекемелер ақшаны уақытша орналастыру шотынан төлемдер жүргізген кезде төлем шоттарымен берілетін сот актілерінің төлем шотының деректеріне сәйкес келмеген;
21) ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқталған және орындалған жұмыстар үшін түпкілікті есеп айырысу үшін объектіні пайдалануға қол қойылған қабылдау актісін ұсынбаған;
22) тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлеуге берілген шоттың электронды түрі қате таңдалған (шарттарды тіркелгені туралы хабарламамен төлеуге берілген шотпен келісілмеуі) жағдайда.
"Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлеуге берілетін шоттағы деректердің қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде жоғарыда санамаланған талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде, төлеуге берілетін шот осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, қабылдамау себебін көрсете отырып, электрондық түрде мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Қабылдау кезеңінде қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шотта жоғарыда санамаланған жағдайларға сәйкессіздік анықталған кезде хат ресімделместен, төлеуге берілетін шоттардың тізілімінің бірінші данасында мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қолымен қайтару туралы белгі қойыла отырып, екінші данада – аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен қайтарылады. Қабылданғаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік анықталған кезде төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесі бастығының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен жазбаша негіздеме бере отырып қайтарылады.
Құпия.";
мынадай мазмұндағы 398-1-тармақпен толықтырылсын:
"398-1. Құпия.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі