Коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 17 қазандағы № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 қазанда № 35275 болып тіркелді

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
А. Жамауов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 17 қазандағы
№ 374 бұйрығымен
бекітілген

Коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салу, реконструкциялау және жаңғыртуға кредиттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бюджеттік кредитті нысаналы пайдалануға мониторинг жүргізу және нәтижелерді бағалау бойынша ақпараттық жүйе – бюджеттік кредитті нысаналы пайдалануға мониторинг жүргізу және нәтижелерді бағалау бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) әлеуетті соңғы қарыз алушы – табиғи монополия субъектісі, қарыз алушыдан бюджеттік кредит алуға үміткер коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компания;

      3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган;

      4) бюджеттік кредит – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында тиісті бюджеттерден кредиторлар беретін ақша;

      5) жұмыс тобы – сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қорытындысы негізінде коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жобаларына бюджеттік кредит беру бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;

      6) инвестициялық жоба – коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

      7) кредиттік өтінім – коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуге бағытталған құжаттар жиынтығы;

      8) кредиттік шарт –кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қарыз алушы арасында жасалған бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін шарт;

      9) кредитор – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;

      10) қарыз алушы – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары;

      11) мемлекеттің электр энергетика саласындағы әлеуметтік саясаты – электр желілерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жобаларын іске асыру есебінен халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға бағытталған шаралар мен іс-шаралар жиынтығы;

      12) өңірлік электр желілік компания – энергия өндіруші ұйыммен және (немесе) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар, кернеуі төрт сыныптан (220, 110, 35, 20, 10 (6), 0,4 киловольт) кем емес электр берудің кабельдік немесе әуе желілерін иеленетін, өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын және кемінде 10 000 қосылған тұтынушысы бар энергия беруші ұйым;

      13) сенім білдірілген өкіл (агент) – конкурстық негізде айқындалған және әкімшімен немесе ол уәкілдік берген құрылымдық бөлімшемен шарт жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;

      14) соңғы қарыз алушы – табиғи монополия субъектісі, қарыз алушыдан бюджеттік кредит алатын коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компания;

      15) электр желілері – электр энергиясын беруге арналған кіші станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы;

      16) электр энергиясын беру – электр желілері бойынша электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға бағытталған технологиялық байланысты әрекеттер.

      3. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі кредиттік өтінімдерді іріктеу үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қоғамдық кеңесінің, аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерін қоса алғанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерінен тұратын, құрамында кемінде 7 (жеті) адам бар жұмыс тобын құрады.

      Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің басшысы жұмыс тобының төрағасы болып табылады.

      Жұмыс тобының хатшысы бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметкерлері қатарынан айқындалады. Жұмыс тобының хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      Жұмыс тобының хатшысы жұмыс тобының отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісу бойынша отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын белгілейді, жұмыс тобының мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, жұмыс тобының мүшелеріне отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды ұсынады.

      Жұмыс тобының отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      Жұмыс тобының мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі болса, отырысқа қатыспайды және бас тартуға жатады (өздігінен бас тартады).

      Жұмыс тобы мүшесінің өздігінен бас тартуы (бас тартуы) туралы шешімді жұмыс тобы оның отырыстарға қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және жұмыс тобының мүшелері қатысып отырғанда жария етеді.

2-тарау. Коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу тәртібі

      4. Бюджеттік кредиттеу кейін оны соңғы қарыз алушыға бере отырып, қарыз алушыға бюджеттік кредит беру жолымен жүзеге асырылады.

      5. Бюджеттік кредиттеу процесінде:

      1) кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қарыз алушының;

      2) қарыз алушы мен соңғы қарыз алушының арасында кредиттік шарттар жасалады.

      6. Бюджеттік кредит қарыз алушыға онда бұрын алынған бюджеттік кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің алдында берешектер болмаған кезде беріледі.

      7. Қарыз алушы бюджеттік кредиттің қаражатын тек бюджеттік бағдарламада және кредиттік шартта көзделген мақсаттарға пайдаланады.

      8. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің залалдарын жабуына, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге берілмейді.

      9. Бюджеттік кредиттер мынадай критерийлер сақталған кезде беріледі:

      1) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;

      2) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;

      3) қарыз алушының кредиттік қабілеттілігі.

      10. Қарыз алушы кредиттік шарттың бюджеттік кредит алатын тарапы болып табылады, оған кредиттік шартқа сәйкес негізгі қарызды өтеу және сыйақы, сондай-ақ бюджетке басқа да төлемдер төлеу жөніндегі міндеттеме жүктеледі.

      11. Бюджеттік кредиттің негізгі шарттары кредитормен белгіленеді, және мынаны қамтиды:

      1) берудің мақсаты (осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес);

      2) жұмыс тобының оң шешімімен айқындалған мөлшері;

      3) валютасы;

      4) мерзімі.

      Қарыз алушы бюджеттік кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететін және оны өтейтін уақыт кезеңі бюджеттік кредиттің мерзімі болып табылады. Бюджеттік кредиттің мерзімі бюджеттік кредиттің қаражатын кредитордың шотынан аударған күннен бастап есептеледі;

      5) игеру кезеңі – бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалана алатын уақыт кезеңі;

      6) сыйақы мөлшерлемесі.

      Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін қарыз алушы жүзеге асыратын төлем сыйақы болып табылады. Жылдық пайыздар түрінде көрсетілетін сыйақы шамасы сыйақы мөлшерлемесі болып табылады.

      12. Кредиттік шартқа мынадай қосымша талаптар енгізіледі:

      1) бюджеттік кредит беру (қарыз алушының төлем құжаттарына ақы төлеу немесе бір мерзімде не аудару графигіне сәйкес бөліп-бөліп немесе қарыз алушының тиісті құжаттар беруіне қарай қарыз алушының банк шотына аудару) тәсілдері;

      2) бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің мерзімдерін, кезеңділігін белгілейтін бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі;

      3) соңғы қарыз алушының инвестициялық жобаны іске асыруға, инвестициялық жобаны қаржыландыруға және соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін сенім білдірілген өкілге (агентке) уақтылы ақпарат ұсынуы;

      4) әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде жұмыс орындарын (уақытша және тұрақты) құруды, желілердегі тозуды, авариялықты, ысырапты азайтуды және тұтынушылардың дебиторлық берешегін қысқарту.

      Кредиттік шартта кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспайтын жеңілдік кезеңін беру көзделеді.

      Жеңілдік кезеңі – бюджеттік кредит мерзімінің құрамына кіретін уақыт кезеңі, бұл кезеңде қарыз алушы кредитті өтеуді жүзеге асырмайды;

      3) осы Қағидалардың 24, 25, 26, 27 және 28-тармақтарына сәйкес бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілін айқындайтын талаптар да енгізіледі.

      137. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, кредитор мен қарыз алушының арасында кредиттік шарт жасалғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарыз алушы мен соңғы қарыз алушының арасында кредиттік шарт жасалады.

      148. Қарыз алушы оған кредитор айқындаған шарттармен беретін бюджеттік кредитті соңғы алушы соңғы қарыз алушы болып табылады.

      15. Соңғы қарыз алушы бюджеттік кредиттің қаражатын коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға пайдаланады.

      16. Соңғы қарыз алушыға бюджеттік кредит беру соңғы қарыз алушыға кредит берудің мынадай негізгі шарттарына сәйкес жүзеге асырылады:

      1) кредиттік өтінімдерді іріктеуді сенім білдірілген өкіл (агент) дайындаған қорытындының негізінде, сондай-ақ бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес жұмыс тобы жүзеге асырады;

      2) соңғы қарыз алушыны айқындау жұмыс тобының алдын ала шешімі негізінде жүзеге асырылады;

      3) бюджеттік кредит осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген мақсаттарға беріледі;

      4) бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындау қамтамасыз етіледі;

      5) кредит беру мерзімі 20 (жиырма) жылға белгіленеді;

      6) сыйақы мөлшерлемесі жылына 0,01% мөлшерінде белгіленеді;

      7) бірыңғай техникалық саясатты қолданады, оның ішінде энергия тиімділігіне және энергия үнемдеуге бағдарланған жаңа қазіргі заманғы және инновациялық технологияларды енгізеді, сондай-ақ коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартатын технологияларды аспаптандырады және қолданады;

      8) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде отандық тауар өндірушілерді тарту;

      9) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде соңғы тұтынушылар үшін көрсетілетін қызметтердің, цифрлық экономика құралдарының сапасын жақсарту, басқарушы компаниялардың корпоративтік басқаруын жақсарту, мәдениетті дамыту және смарт құрылғыларды пайдалану ретінде бизнес-процестерді оңтайландыру және ашықтығы үшін энергия тиімділігі мен ресурс үнемдеу және интеллектуалды жүйелерді енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

      10) кредиттік шарт теңгеде жасалады;

      11) соңғы қарыз алушының қарыз алушы мен соңғы қарыз алушының арасында жасалған кредиттік шарттың талаптарын сақтауы;

      12) құжаттарды осы Қағидалардың 35, 36, 37, 38 және 39-тармақтарында көзделген тәртіппен сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісу;

      13) электрмен жабдықтау жүйелері есепке алу аспаптарымен қамтамасыз ету;

      14) ескі желілерді реконструкциялауға басымдық беру;

      15) автоматтандыруды, аспаптандыруды және жаңа технологияларды қолдану;

      16) соңғы қарыз алушының кредит қабілеттілігі.

      17. Бюджеттік кредиттер осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген критерийлер сақталған кезде беріледі.

      18. Жұмыс тобы бюджеттік кредиттеудің орындылығын мыналардың негізінде айқындайды:

      1) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) инвестициялық жобаның жалпы құнына бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытындысы;

      2) осы Қағидалардың 40 және 45-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      19. Сенім білдірілген өкіл (агент) осы Қағидалардың 40 және 45-тармақтарында көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан қарауды жүзеге асырады.

      20. Бюджеттік кредиттеу арқылы іс-шараларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі деп бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға жоспарланып отырған инвестициялық жобаның есептеулерімен расталған дәлелдемелерің, әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің болуы түсініледі.

      21. Бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы деп есептеулерімен расталған дәлелдемелерің болуы, бюджеттік кредиттің қайтарымдылығы (негізгі қарызды, сыйақыны, тұрақсыздық айыбын қоса алғанда) түсініледі.

      22. Бюджеттік кредиттің қайтарымдылығын бағалау соңғы қарыз алушы ұсынатын инвестициялық жобаның қаржылық моделінің және осы Қағидалардың 40 45-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде жүргізіледі.

      23. Соңғы қарыз алушының төлем қабілеттілігі (кредиттік қабілеттілігі) – соңғы қарыз алушының жоспарлы кезеңде де қаржылық жай-күйін талдауды ескере отырып, оның бюджеттік кредитті қайтару мүмкіндігі.

      Қаржылық жай-күйін бағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қаржылық есептілікті, әлеуетті соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйін балдық бағалау және өзге де қолайлы ақпаратты талдау негізінде жүргізіледі.

      Соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйін бағалаудың нәтижелері осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес құжаттар топтамасының құрамында жұмыс тобының қарауына енгізіледі.

      24. Бюджеттік кредит жөніндегі міндеттемелердің орындалуы кепілмен, кепілдікпен, кепілгерлікпен немесе Қазақстан РеспубликасыАзаматтық кодексінің 292-бабымен немесе шартта көзделген басқа да тәсілдермен қамтамасыз етіледі.

      Соңғы қарыз алушыменкепіл түріндегі қамтамасыз ету таңдалған кезде кепіл заты ретінде мыналар ұсынылады:

      1) бюджеттік кредит коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін реконструкциялауға және жаңғыртуға берілген кезде – соңғы қарыз алушының реконструкцияланған және жаңғыртылған жылжымайтын мүлігі;

      2) бюджеттік кредит коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуға берілген кезде – жаңа объект.

      25. Соңғы қарыз алушының кепіл зат ретінде ұсынған реконструкцияланатын немесе жаңғыртылатын жылжымайтын мүлігі қандай да бір ауыртпалықтан бос болуға тиіс.

      26. Кепіл затын ауыстыруға және (немесе) иеліктен шығаруға, бір кепіл затқа бірнеше қарызды ұсынуға рұқсат етілмейді.

      Банкрот болған, қайта тіркелген және (немесе) қайта ұйымдастырылған кезде бюджеттік кредит алған ұйым сенім білдірілген өкілге (агентке) хабарлайды.

      27. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      28. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді соңғы қарыз алушы жүргізеді.

      29. Кредиттік өтінім түскенге дейін:

      1) қарыз алушы:

      осы Қағидаларға сәйкес әлеуетті соңғы қарыз алушыға қойылатын талаптарды түсіндіреді;

      кредиттік өтінім беру үшін қажет мерзімдер мен құжаттардың тізбесі туралы қарыз алушының ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастырады;

      өтінімдерді қарау тәртібін түсіндіреді,

      бюджеттік кредиттеу шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған кезде соңғы қарыз алушының жауапкершілігі мен ықтимал тәуекелдері туралы түсіндірме береді;

      ұсынылған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді;

      әлеуетті соңғы қарыз алушыда туындаған мәселелер бойынша консультация береді.

      30. Инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастыру үшін, әлеуетті соңғы қарыз алушы іске асыру қажеттілігін және басымдылығын негіздей отырып, алдағы 3 (үш) жылға арналған инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қарыз алушыға жолдайды.

      31. Алдын ала іріктеу жүргізу үшін, қарыз алушы инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастырады және сенім білдірілген өкілге (агентке) жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 (бірінші) наурызына дейінгі мерзімде жолдайды.

      32. Сенім білдірілген өкіл (агент) қарыз алушы ұсынған инвестициялық жобалардың тізбесіне 10 (он) жұмыс күні ішінде мынадай критерийлер бойынша алдын ала іріктеуді жүзеге асырады:

      1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерінің авариялығы;

      2) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерінің оның жалпы санына пайыздық қатысы бойынша тозуы;

      3) әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы, оның ішінде электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызмет санын тұтынушылардың санына, жаңа электр желілерін салған кезде іске қосылатын объектілердің санына, құрылатын тұрақты жұмыс орындарының санына жақсарту;

      4) көрсеткіштерді қашықтықтан беру функциясы бар электр желілерінде есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етілуі.

      Сенім білдірілген өкіл (агент) инвестициялық жобаларды алдын ала іріктеудің нәтижелері туралы алдын ала іріктеу кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісін және қарыз алушыны жазбаша хабардар етедіды.

      33. Қарыз алушы сенім білдірілген өкілден (агенттен) жазбаша хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде әлеуетті соңғы қарыз алушыға инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесі бойынша іріктеудің нәтижелері туралы хабардар етеді.

      34. Іріктелген инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесі бойынша әлеуетті соңғы қарыз алушы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге техникалық ерекшеліктің жобасын әзірлейді.

      35. Бюджеттік кредит есебінен қаржыландырылатын әрбір лот бойынша конкурстық рәсімдер бюджетінің жалпы құны елу миллион теңгеден асқан кезде әлеуетті соңғы қарыз алушы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдаған кезде осы Қағидаларға сәйкес сенім білдірілген өкілмен (агентпен) конкурстық құжаттама шеңберінде әзірленетін техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келіседі.

      Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттама шеңберінде техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді сенім білдірілген өкіл (агент) техникалық ерекшелік (тапсырма) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттама шеңберінде әлеуетті соңғы қарыз алушы әзірлеген техникалық ерекшелік (оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары) елді мекеннің бекітілген бас жоспарына және әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарына сәйкес әзірленуге тиіс.

      Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттама шеңберінде әзірленген техникалық ерекшеліктің (тапсырманың) жобалау-сметалық құжаттамада қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерге сәйкес келмеуі сенім білдірілген өкіл (агент) тарапынан келісуден бас тартуға негіз болып табылады.

      36. Сенім білдірілген өкіл (агент) әлеуетті соңғы қарыз алушыға келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешімнің бір данасын жіберу арқылы оған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қараудың нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды.

      37. Техникалық ерекшелік (тапсырма) техникалық-экономикалық негіздемеге (бұдан әрі – ТЭН) және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмегендіктен оны келісуден бас тартылған кезде әлеуетті соңғы қарыз алушы тиісті шешім алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық ерекшелікті (тапсырманы) пысықтайды және сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қарауына қайтадан енгізеді.

      38. Осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісу рәсімін сақтамау бюджеттік кредит беруден бас тартуға негіз болып табылады.

      39. Әлеуетті соңғы қарыз алушы немесе қарыз алушы мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алғанға дейін сенім білдірілген өкілмен (агентпен) технологиялардың, материалдар мен жабдықтардың бірыңғай техникалық саясатқа, автоматтандыруға, цифрландыруға, көрсеткіштерді қашықтықтан беру функциясы бар электр желілерінде есепке алу аспаптарына және электр желілерінің қызмет ету мерзімін ұзартуға арналған қазіргі заманғы жабдыққа сәйкестігі тұрғысынан жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі.

      Жобалау-сметалық құжаттамадағы барлық өзгерістер мен ауытқуларды соңғы қарыз алушы немесе қарыз алушы сенім білдірілген өкілмен (агентпен) алдын ала келісу бойынша жүзеге асырады.

      40. Коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін әлеуетті соңғы қарыз алушы кредиттік өтінім қалыптастырады және қарыз алушыға қажетті құжаттар топтамасын береді. Кредиттік өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) бюджеттік кредит алуға арналған құжаттарды қоса бере отырып, бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған титулдық бланкiдегі iлеспе хат;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобаның паспорты;

      3) мемлекеттік сараптаманың қорытындысы және ресурстық смета;

      4) электр желілерінің схемасы және (немесе) электр желілері бойынша инвестициялардың негіздемесі;

      5) бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған әлеуетті соңғы қарыз алушының соңғы үш жылдағы қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбалары.

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Аудиторлық қызмет туралы" заң) сәйкес міндетті аудитке жататын соңғы қарыз алушы аудиттелген қаржылық есептілік ұсынылады. Қаржылық есептілік "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарда қаржылық қатысуы туралы ақпарат, баланс валютасында 10 % және одан да астам баланс баптарының егжей-тегжейлі таратып жазылуы қоса беріле отырып ұсынылады;

      6) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы бірлескен бұйрығының көшірмесі;

      7) "Бухгалтерлік балансты", "Кірістер мен шығындар туралы есепті", "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті (тікелей немесе жанама тәсілдер)" қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларының нысандары бойынша жасалған әлеуетті соңғы қарыз алушының қаржылық көрсеткіштерінің болжамы бар қаржылық модель;

      8) бюджеттік кредитті пайдалану кезінде энергия тиімділік пен энергия үнемдеудің экономикалық және әлеуметтік тиімділігінің есептеулермен расталған негіздеме;

      9) өтінім берген сәтте мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын субсидия алушының берешегі бар (жоқ) екендiгi туралы мәлiмет;

      10) электр энергиясын беру бойынша көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардан төлемдердің түсуі туралы ақпарат;

      11) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде отандық тауар өндірушілерді тарту туралы ақпарат;

      12) инвестициялық бағдарламаның жобасын ол бекітілгенге дейін техникалық саясат бөлігінде сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісу;

      13) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерінің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жаңа технологияларды қолдану туралы ақпарат;

      14) электр желілерінде көрсеткіштерді қашықтықтан беру функциясы бар есепке алу аспаптарының болуы туралы ақпарат.

      41. Қарыз алушы бюджеттік кредит алуға арналған өтінімнің құжаттарын толықтығы мен дұрыстығы тұрғысынан тексереді, тіркейді және бюджеттік бағдарлама әкімшісіне осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын жібереді.

      42. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 3 (үш) жұмыс күні ішінде сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушы ұсынған құжаттар топтамасын қоса бере отырып, бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қараудың қажеттілігі туралы хат жібереді.

      43. Құжаттар топтамасымен бірге бюджеттік кредит алуға арналған өтінім келіп түскеннен кейін сенім білдірілген өкіл (агент) өтінімді тіркейді.

      Өтінімге тіркелген күні және тіркеу нөмірі қойылады.

      44. Сенім білдірілген өкіл (агент) құжаттарды ұсынылған ақпараттың анықтығы, толықтығы және дұрыстығы тұрғысынан тексереді.

      45. Құжаттардың және өзге де растайтын көздерден (ресми статистика, мемлекеттік органдардың интернет-сайттары, өңірлерді дамытудың бекітілген жоспарлары) алынған ақпараттың негізінде сенім білдірілген өкіл (агент) бірінші басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған, мөрмен расталған бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды.

      Бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытынды мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық жобаның экономикалық және әлеуметтік маңызын бағалау, оны іске асыру үшін бекітілген критерийлер (100 км үшін авариялар санын және желілердің тозуын төмендету, есепке алудың жетілмегендігімен байланысты коммерциялық, электр энергиясының ысырыптарын қысқарту, уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру) бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінім ұсынылады;

      2) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы бар коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған жобалау алдындағы (ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттаманы, жобалауға арналған техникалық тапсырманы сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісу туралы ақпарат;

      3) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде отандық тауар өндірушілерді тарту туралы ақпарат;

      4) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде соңғы тұтынушылардың энергия тиімділігі бойынша іс-шаралар өткізу туралы ақпарат;

      5) мыналарды қамтитын өтемділік (қайтарымдылық), қамтамасыз етілу, ақылылық және мерзімділік критерийлері бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді бағалау:

      өтінімнің бюджеттік қаражатты пайдаланудың нысаналы мақсатына сәйкестігінің нәтижелері;

      кредиттеу мерзімінің бюджеттік кредиттер берудің қолданыстағы шарттарына сәйкестігінің нәтижелері);

      кредит сомасы мен ол бойынша ұсынылған қамтамасыз ету сәйкестігінің нәтижелері. Бюджеттік кредиттің сомасы кепілдің құнын ескере отырып айқындалады және кепілдің құнынан асып кетпеуге тиіс;

      әлеуетті соңғы қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша ұсынылған қаржылық есептілікті және болжамды қаржылық модельді ескере отырып, бюджеттік кредиттің өтемділігін (қайтарымдылығын) және ақылылығын тексеру нәтижелері;

      6) электр энергиясын беру бойынша көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардан төлемдердің түсуі туралы ақпарат;

      7) инвестициялық бағдарламаның жобасын ол бекітілгенге дейін келісу.

      46. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қарау және оны жұмыс тобының қарауына енгізу мерзімі бюджеттік кредит алуға арналған өтінім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      47. Бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қарау мерзімі сенім білдірілген өкіл (агент) тиісті құжаттарды және ақпараттарды (түзетілген ескертулерді есепке алғанда) алған күнінен бастап қайта басталады, алған күні құжатқа жазылады.

      48. Кепіл затының жай-күйіне, қайтарымдылығына немесе қажетті құжаттарға қатысты елеулі күмәнді жою үшін қарыз алушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша ақпарат ұсынбаған кезде, сенім білдірілген өкіл (агент) келесі жұмыс күні қарыз алушыға құжаттардың топтамасын қайтарады.

      49. Қарыз алушының және (немесе) әлеуетті соңғы қарыз алушының анықталған сәйкессіздіктерді жоюын ескере отырып, бюджеттік кредит алуға арналған өтінімнің қолданылу мерзімі ол берілген жылдың 15 (он бесінші) сәуірінде аяқталады.

      50. Сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредит алуға арналған өтінім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін келесі жұмыс күнінде жұмыс тобының хатшысына жұмыс тобының алдағы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін инвестициялық жобаның жалпы құнына бюджеттік кредит беру мүмкіндігі (беруден бас тарту) туралы қорытынды ұсынады.

      51. Жұмыс тобының алдын ала шешімін қабылдау және ресімдеу тәртібі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша жұмыс тобы отырысының хаттамасы ресімделеді, оған жұмыс тобының барлық мүшелері қол қояды. Бұл ретте, жұмыс тобы отырысының хаттамасынан үзінді-көшірме жұмыс тобының төрағасы мен мүшелері хаттамаға қол қойған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қалыптастырылады және оны жұмыс тобының хатшысы сенім білдірілген өкілге (агентке) береді.

      52. Жұмыс тобы бюджеттік кредит беру туралы алдын ала шешім қабылдаған кезде сенім білдірілген өкіл (агент) 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.

      Бюджеттік кредит беру туралы алдын ала шешім болғанда жұмыс тобының хаттамасында бюджеттік кредит берудің шарттарын (бюджеттік кредиттің сомасы, беру мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, жеңілдік кезеңі, негізгі қарызды өтеу шарттары және сыйақы төлемдері, қамтамасыз ету түрі) көрсете отырып, оны беру туралы ұсыным көрсетіледі.

      53. Қарыз алушы сенім білдірілген өкілден (агенттен) жұмыс тобының алдын ала бюджеттік кредитінің шешімі туралы хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде әлеуетті соңғы қарыз алушыға жұмыс тобының бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы алдын ала шешімі туралы хабарламасын қоса бере отырып, жазбаша хабарлайды.

      54. Жұмыс тобы бюджеттік кредит беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде сенім білдірілген өкіл (агент):

      1) жұмыс тобы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға жұмыс тобы отырысының хаттамасының үзінді-көшірмесімен қоса бюджеттік кредит беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді;

      2) қарыз алушының жазбаша талабы бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінішті қоспағанда, олар ұсынған құжаттарды қайтарады. Бұл ретте, сенім білдірілген өкіл (агент) ресімдеген материалдар (есептер, сауалдарға жауаптар) қарыз алушыға берілмейді. Қайтарылатын құжаттардан көшірмелер жасалып, бюджеттік кредит алуға арналған өтінім жөніндегі құжаттар дерекнамасына қосып тігіледі.

      55. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жұмыс тобының алдын ала шешімін ескере отырып, қарыз алушыға бюджеттік кредит беруге арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясы шешім қабылдауы үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      56. Әлеуетті соңғы қарыз алушы осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес қарыз алушы болады және қарыз алушымен кредиттік шарттың көшірмесін сенім білдірілген өкілге (агентке) жібереді.

      Толық көлемде қаржыландырылмаған инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік кредитті одан әрі бөлу сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бұрын жобаның жалпы құнына берген қорытындысы бойынша жүзеге асырылатын болады.

      57. Соңғы қарыз алушы конкурстық құжаттама бекітілгенге дейін техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымды іріктеу жөніндегі техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді қамтамасыз етеді.

      58. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымды іріктеу жөніндегі конкурстық құжаттамалардың шеңберінде техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді сенім білдірілген өкіл (агент) техникалық ерекшелік (тапсырма) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      59. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуі немесе келісуден бас тартуы техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қараудың нәтижесі болып табылады, ол екі данада ресімделеді.

      60. Сенім білдірілген өкіл (агент) соңғы қарыз алушыға келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешімнің бір данасын жіберу арқылы оған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қараудың нәтижесі туралы жазбаша хабарлама береді.

      61. Техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуден бас тартылған кезде соңғы қарыз алушы тиісті шешім алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ескертулеріне сәйкес техникалық ерекшелікті (тапсырманы) пысықтайды және оны сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қарауына қайта енгізеді.

      Соңғы қарыз алушы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде пысықталған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қайта қарауға енгізбеген кезде, сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қарыз алушымен пысықтау және кейін жұмыс тобында қарау үшін осы соңғы қарыз алушының кредитті мерзімінен бұрын өтеуі туралы ұсыныс енгізеді.

      62. Осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісу рәсімін сақтамау бюджеттік кредит беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      63. Сенім білдірген өкіл (агент) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдалануға мониторинг жүргізу және нәтижелерді бағалау үшін, соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйінің, инвестициялық жобаны іске асырудың және қаржыландырудың мониторингін қамтитын бюджеттік кредитті нысаналы пайдалануға мониторинг жүргізу және нәтижелерді бағалау бойынша ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) болуын қамтамасыз етеді.

      Сенім білдірген өкіл (агент) кредиторға, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне, қарыз алушыға және соңғы қарыз алушыға ақпараттық жүйеге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      64. Бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын мониторингілеу және нәтижелерін бағалау мақсатында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы және сенім білдірілген өкіл (агент) ақпараттық жүйені пайдаланады.

      65. Коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды бюджеттік кредиттеу кезінде инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторингті сенім білдірілген өкіл (агент) мамандандырылған инжинирингтік компанияны немесе аттестатталған сарапшыны тарта отырып, тапсырма шартының шеңберінде жүргізеді.

      66. Осы Қағидаларға сәйкес соңғы қарыз алушының инвестициялық жобаларын іске асыруы мониторингке жатады.

      67. Тапсырма шарты сенім білдірілген өкіл (агент) мен бюджеттік бағдарлама әкімшісінің немесе оның уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің арасында жасалады.

      68. Тапсырма шартында бюджеттік кредит беру талаптарына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және оның есебінен жүзеге асыратын өкілеттіктер айқындалады.

      Коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеген кезде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсететін қызметіне ақы төлеу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсететін қызметі құнының есебіне сәйкес жүзеге асырылады.

      69. Соңғы қарыз алушы инвестициялық жобаларды іске асырудың барысына мониторинг жүргізу үшін сенім білдірілген өкілге (агентке) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат ұсынады.

      Жобаны іске асыру кезінде барлық өзгерістер мен ауытқуларды, сондай-ақ материалдар мен жабдықтарды ауыстыруды соңғы қарыз алушы сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісу нәтижелері бойынша жүзеге асырады.

      Соңғы қарыз алушы тоқсанына кемінде бір рет сенім білдірілген өкілге (агентке) жаңа технологияларды қолдану, аспаптандыру және автоматтандыру жөнінде ақпаратты ұсынып тұрады.

      70. Коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салудың, реконструкциялаудың және жаңғыртудың барысы туралы ақпаратты техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйым ай сайын қалыптастырады және инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы есеп түрінде сенім білдірілген өкілге (агентке) ұсынып тұрады.

      71. Инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы есеп есепті кезеңнен кейінгі айдың 6 (алты) күнінен кешіктірмей ұсынылады.

      72. Есеп әрбір кезеңде инвестициялық жобаны іске асыру графигіне сәйкес фото және бейнематериалдардан, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы жазбаша ақпараттан тұрады.

      73. Сенім білдірілген өкілге (агентке) есеп ұсынбаған немесе уақытында ұсынбаған кезінде, соңғысы бюджеттік бағдарламаның әкімшісін осы туралы хабардар етеді.

      74. Инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты соңғы қарыз алушы ай сайын және жылдың қорытындысы бойынша электрондық форматта және қағаз жеткізгіште мынадай мерзімдерде ұсынады:

      есепті ай үшін – есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей;

      есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірмей.

      75. Сенім білдірілген өкіл (агент) соңғы қарыз алушы ұсынған инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, жинақтауды және талдауды жүзеге асырады. Жүргізілген талдаудың қорытындылары бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы жиынтық есеп қалыптастырады және оны мынадай мерзімдерде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады:

      есепті тоқсан үшін – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей;

      есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 (жиырмасыншы) ақпанынан кешіктірмей.

      76. Сенім білдірілген өкіл (агент) техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымнан инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұратады.

      77. Инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу барысында сенім білдірілген өкіл (агент) инвестициялық жобаларды іске асырғанда жол берілген бұзушылықтар және (немесе) ауытқулар, инвестициялық жобалардың объектілеріне қол жеткізуге кедергі келтіру фактілерін анықтаған кезде сенім білдірілген өкіл (агент) жиынтық есепті және бұзушылықтар және (немесе) ауытқулар, инвестициялық жобалардың объектілеріне қол жеткізуге кедергі келтіру фактілері туралы ақпаратты және оларды жою мен шешу жөніндегі сенім білдірілген өкіл (агент) ұсынған ұсынымдар мен шаралар қамтитын хабарламаны жасайды және бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жолдайды.

      78. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жиынтық есебі бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне электрондық форматта және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қағаз жеткізгіште ұсынылған жиынтық есебіне сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды және ол ұйымның мөрімен расталады.

      79. Сенім білдірілген өкіл (агент) объектілерді көзбен зерттеп-қарау және инвестициялық жобалардың нақты іске асырылу барысын мониторингілеу мақсатында жартыжылда бір реттен сиретпей объектілерге шығуды жүзеге асырады.

      80. Объектілерге көзбен зерттеп-қарау және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын мониторингілеу міндетті түрде фото және бейнетүсірілім құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      Инвестициялық жобалардың объектілеріне жоспарлы және жоспардан тыс бару кезінде соңғы қарыз алушы, техникалық қадағалауды жүзеге асырушы ұйым сенім білдірілген өкілге (агентке) ол сұратқан құжаттаманы береді.

      Объектілерге көзбен зерттеп-қарау және инвестициялық жобалардың нақты іске асырылуын мониторингілеу барысында бұзушылықтар анықталған кезде сенім білдірілген өкіл (агент) бұл туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына хабарлайды.

      81. Инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторингтің қорытындылары бойынша орындаушы ұйымның өз міндеттемелерін орындамағанын және (немесе) тиісінше орындамағанын болжауға негіз болатын фактілер анықталған кезде сенім білдірілген өкіл (агент) объектілерге көзбен зерттеп-қарау және инвестициялық жобалардың нақты іске асырылу барысын мониторингілеу мақсатында объектіге жоспардан тыс баруды жүзеге асырады.

      82. Объектілерді көзбен зерттеп-қараудың және инвестициялық жобалардың нақты іске асырылу барысын мониторингілеу қорытындылары бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) 5 (бес) жұмыс күні ішінде растайтын фото және бейнематериалдарды қоса бере отырып, объектіні нақты зерттеп-қарау (қарап тексеру) туралы есеп жасайды және бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.

      83. Инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру үшін сенім білдірілген өкіл (агент) ақпараттық жүйе арқылы мониторингтіжоспарлауды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның әкімшісін жүргізілетін мониторингтің нәтижелері туралы хабардар етуді:

      бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын мониторингілеу графиктерін әзірлеу;

      мониторинг жүргізуге жауапты тұлғаларды тағайындау;

      қашықтықтан мониторинг жүргізу;

      талдамалық құралдарды қолдана отырып, мониторинг пен анықталған ауытқулар мен бұзушылықтардың нәтижелерін тіркеу және талдау;

      рәсім тәуекелдерінің бейінін енгізу;

      осы Қағидалардың 78-тармағына сәйкес мониторинг қорытындылары бойынша есептерді ресімдеу арқылы жүзеге асырады.

      84. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторинг соңғы қарыз алушының инвестициялық жобаларын қарыз алушының қаржыландыру барысы туралы ақпаратты ұдайы жинау, жүйеге келтіру, талдау және қорытындылауды білдіреді.

      85. Мониторинг инвестициялық жобаларды қаржыландырудың барысы туралы жиынтық есеп қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

      86. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті сенім білдірілген өкіл (агент) жүргізеді.

      87. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру мақсатында сенім білдірілген өкіл (агент) соңғы қарыз алушылардан мониторинг жүргізуге қажетті ақпаратты, мәліметті және құжаттаманы сұрайды және алады.

      Соңғы қарыз алушылар инвестициялық жобаларды қаржыландыруға дұрыс және объективті мониторинг жүргізуге қажетті барлық ақпаратты осы Қағидаларда, сондай-ақ қарыз алушы мен соңғы қарыз алушының арасында жасалатын кредиттік шарттың талаптарында көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде сенім білдірілген өкілге (агентке) ұсынады.

      88. Соңғы қарыз алушының мониторинг жүргізуге қажетті ақпаратты сенім білдірілген өкілге (агентке) ұсынуы жөніндегі міндеті қарыз алушы мен соңғы қарыз алушының арасында жасалатын кредиттік шартта міндетті түрде көзделеді.

      89. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторинг мынадай іс-шараларды ұдайы жүргізуді қамтиды:

      1) бюджеттік кредит қаражатының қарыз алушыдан соңғы қарыз алушыға түсу графиктерінің сақталуына мониторинг;

      2) бюджеттік кредиттің қаражатын соңғы қарыз алушының игеруіне мониторинг;

      3) бюджеттік кредитті өтеу және қызмет көрсету графиктерін соңғы қарыз алушының сақтауына мониторинг.

      90. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру үшін соңғы қарыз алушы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпаратты сенім білдірілген өкілге (агентке) жібереді.

      91. Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпаратты соңғы қарыз алушы ай сайын және жылдың қорытындысы бойынша электрондық форматта және қағаз жеткізгіште мынадай мерзімдерде ұсынып тұрады:

      есепті ай үшін – есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей;

      есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірмей ұсынады.

      92. Соңғы қарыз алушы сенім білдірілген өкілге (агентке) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген мерзімдерде бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат ұсынбаған кезде сенім білдірілген өкіл (агент) есепте тиісті ақпарат көрсету арқылы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне хабарлайды.

      93. Сенім білдірілген өкіл (агент) қарыз алушы ұсынған бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпаратты жинауды, жинақтауды және талдауды жүзеге асырады. Жүргізілген талдаудың қорытындылары бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) жиынтық есеп қалыптастырады және оны бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мынадай мерзімдерде ұсынады:

      есепті тоқсан үшін – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей;

      есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 (жиырмасыншы) ақпанынан кешіктірмей.

      94. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жиынтық есебі бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне электрондық форматта және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қағаз жеткізгіште ұсынылған жиынтық есебіне сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды және ұйымның мөрімен расталады.

      95. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру мониторингін жүзеге асыру үшін сенім білдірілген өкіл (агент) ақпараттық жүйе арқылы бюджеттік кредиттің түсу, игеру және өтеу барысын бақылауды:

      қаражатты нысаналы пайдалану мониторингі бойынша тұрақты есептілікті қалыптастыру;

      кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі үшін талдамалық есептерді дайындау;

      инвестициялық жобаны қаржыландыру барысы туралы ақпаратты жүйелі түрде жинау, жүйелеу, талдау және жинақтау арқылы жүзеге асырады.

      96. Осы Қағидаларға сәйкес кредиттік шартта белгіленген кредит беру мерзімі ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бюджеттік кредит алған соңғы қарыз алушылардың қаржылық жай-күйі мониторингке жатады.

      97. Соңғы қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне мониторинг базалық (заңды тұлғаның басшылығы, қызметінің, саласының түрлері, бәсекелестері мен нарықтары, нормативтік құқықтық ортасы туралы ақпарат) және қаржылық ақпаратты талдаудан (қаржылық есептілікті талдау) тұратын соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйін талдауды қамтиды.

      98. Соңғы қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне мониторинг соңғы қарыз алушының қаржылық есептілігін деңгейлес және сатылай талдау арқылы жүзеге асырылады, оның қорытындысы бойынша соңғы қарыз алушының қаржы-экономикалық қызметінің жай-күйі туралы тұжырым жасалады.

      99. Соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін сенім білдірілген өкілге (агентке) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген өткен екі жыл үшін аудиттелген жылдық қаржылық eceптіліктің (жеке және шоғырландырылған) және есепті жыл үшін жедел қаржылық есептіліктің мынадай түпнұсқасы ұсынылады:

      1) бухгалтерлiк баланс;

      2) кірістер мен шығыстар туралы есеп;

      3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

      4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;

      5) қаржылық есептілікке түсiндiрме жазба;

      6) дебиторлық және кредиторлық берешекті толық ашып көрсету (дебитордың, кредитордың атауын, соманы, мақсатын, төлем мерзімдерін көрсете отырып);

      7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді толық жазып көрсету (негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді топтар бойынша бөліп көрсете отырып);

      8) тауар-материалдық қорларды толық ашып көрсету (сатыларға бөле отырып: жылдық өнім, шикізат және материалдар, атауын, бағасын және ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, аяқталмаған даму);

      қызмет түрлері, тұтынушылар топтары және осы тарифтер бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі бойынша бөліп көрсете отырып, тарифтердің барлық түрлерін қамтитын операциялық көрсеткіштер;

      9) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудит жүргізуге жататын соңғы қарыз алушылар үшін, өткен есептік кезеңдер үшін соңғы қарыз алушының аудиторлық есебі және аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі е.

      100. Есепті жыл үшін жедел жылдық қаржылық есептілікке тұтынушылардан электр энергиясын беру қызметтері үшін төлемдердің түсуі туралы ақпарат қосымша ұсынылады.

      101. Соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг соңғы қарыз алушының қаржылық коэффициенттерін осындай кредиттер алған басқа соңғы қарыз алушының осындай көрсеткіштерімен және жалпы салалар бойынша деректермен салыстырып-тексеру жолымен жүргізіледі.

      102. Қаржылық коэффициенттер соңғы қарыз алушының қаржылық есептілігі көрсеткіштерінің арақатынасын қамтиды.

      103. Қаржылық коэффициенттерді соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйінің көрсеткіштерін негізге ала отырып, сенім білдірілген өкіл (агент) жылына бір рет есептейді. Соңғы қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізген кезде сенім білдірілген өкіл (агент) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қаржылық коэффициенттерді қолданады.

      104. Соңғы қарыз алушлардың төлем қабілетін талдау ұсынылған көрсеткіштердің негізінде анықталған қаржылық коэффициенттерді осы субъектілердің алдыңғы кезеңдердегі, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілетін бюджеттік кредиттер бойынша басқа соңғы қарыз алушылардың ұқсас коэффициенттерімен, сондай-ақ осы коэффициенттердің жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы жүргізіледі.

      105. Сенім білдірілген өкіл (агент) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 (отызыншы) маусымынан кешіктірмей соңғы қарыз алушылардың қаржылық жай-күйі мониторингінің нәтижелерін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне және кредиторға ұсынады.

      "Аудиторлық қызмет туралы" Заңға сәйкес міндетті аудитке жататын соңғы қарыз алушы аудиттелген қаржылық жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады.

      106. Әлеуетті төлем қабілеті жоқ соңғы қарыз қалушы анықталған кезде сенім білдірілген өкіл (агент) бұл туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне және кредиторға хабарлайды және бюджеттік кредитті қайтармау жағдайының алдын алу үшін шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.

      107. Сенім білдірілген өкіл (агент) кредитордың (сенім білдірушінің) тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімiнде № 9934 болып тіркелген) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес берешекті өндіріп алуды орындайды.

      108. Соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторингті жүзеге асыру үшін сенім білдірілген өкіл (агент) ақпараттық жүйе арқылы бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуына:

      осы Қағидалардың 97, 98, 99, 100-тармақтарында көрсетілген кредиттің мәлімделген мақсаттарының және соңғы қарыз алушы ұсынған құжаттардың сәйкес келуін тексеру;

      қаржылық ақпаратты және соңғы қарыз алушының есептерін талдау;

      нақты деректерді соңғы қарыз алушының жоспарлы көрсеткіштерімен салыстыру;

      соңғы қарыз алушы ұсынған құжаттар мен мәліметтер негізінде нысаналы пайдаланбау тәуекелдерін анықтау арқылы талдау жасайды.

  Коммуналдық меншіктегі
өңірлік электр желілік
компаниялардың электр
желілерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
1-қосымша

Әлеуетті соңғы қарыз алушының қаржылық есептілігін, қаржылық жай-күйін балдық бағалауды және өзге де қолайлы ақпаратты талдау

      1. Қаржылық есептілікті деңгейлес және сатылай талдаудың мақсаты бухгалтерлік баланстың негізгі баптарында, кірістер мен шығыстар есебінде, ақша қаражаттың қозғалысы туралы есепте болған өзгерістерді ұсынуға негізделген.

      Деңгейлес (уақытша) талдау Компанияның соңғы үш есептік кезеңдегі деректерін салыстырма және абсолютті түрде салыстыруға және есептіліктің жекелеген баптарының немесе олардың топтарының өзгеру үрдістерін анықтауға негізделген. Деңгейлес талдау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен (бұдан әрі – Қаржы министрінің бұйрығы) бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімiнде № 15384 болып тіркелген) қаржылық есептіліктің мынадай нысандары: "Бухгалтерлік баланс", "Пайда мен шығындар туралы есеп" және "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп" бойынша жүргізіледі.

      Сатылай (құрылымдық) талдау жалпы қорытынды көрсеткіште есептіліктің жекелеген баптарының үлестік салмағын анықтауға және алынған деректерді өткен кезеңдегі деректермен салыстыруға негізделген. Сатылай талдау Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген қаржылық есептіліктің мынадай нысандары: "Бухгалтерлік баланс" және "Пайда мен шығындар туралы есеп" бойынша жүргізіледі.

      2. Коэффициенттік талдау Компанияның қаржылық есептілігін осындай коэффициенттің нормативтік мәндеріне сәйкестігі (ауытқуы) тұрғысынан қаржылық көрсеткіштерді (коэффициенттерді) жинақтаудың көмегімен зерделеуге және олардың серпінінің өзгеруіне негізделген.

      Коэффициенттік талдау жүргізу үшін Компанияның қаржылық есептілігінің барлық нысандарынан деректер алынады.

      3. Өтімділік коэффициенттері – Компанияның қолда бар ағымдағы (айналымдағы) активтердің есебінен ағымдағы берешектерін өтеу қабілеттігін айқындау үшін есептелетін қаржылық көрсеткіштер. Бұл ретте Компанияның ағымдағы берешектерінің және осы берешектерді өтеуді қамтамасыз етуі тиіс оның айналымдағы қаражатының мөлшерін салыстыру жүргізіледі.

      Ағымдағы өтімділік коэффициенті (Сurrent ratio, CR) Компанияның қолда бар айналымдағы қаражаты есебінен қысқа мерзімді міндеттемелерін ағымдағы орындау қабілеттігін сипаттайды. Мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      CA – ағымдағы активтер;

      CL – ағымдағы міндеттемелер.

      CR мәні: Жоғары> 0,25. Мәні< 0,25 болса, төлем қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін екендігін куәландырады.

      4. Қаржылық тәуелсіздік қабілеті (Equity to total assets, EtTA) авансталған қаражаттың жалпы сомасындағы меншікті капиталдың үлесін сипаттайды. Коэффициенттің мәні артық болған сайын кәсіпорын – қаржылық жағынан неғұрлым тұрақты және сыртқы кредиторлардан тәуелсіз. Мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      EC – меншікті капитал;

      TA – активтер сомасы.

      Осы көрсеткіштің мәні 0,5 кем емес.

      5. Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті (Receivablescollectionperiod) – қарызды жинау үшін талап етілген күннің ішінде орташа есеппен дебиторлық берешектің айналымдылығын көрсетеді.



      мұндағы:

      RCP – дебиторлық берешекті жинау кезеңі;

      Осы көрсеткіштің мәні 60 күннен аспауға тиіс.

      6. Кредиторлық берешектің айналымдылық кезеңі (Payablescollectionperiod) – компания өзінің қарызын төлейтін күннің ішінде орташа есеппен кредиторлық берешектің айналымдылығын көрсетеді.



      мұндағы:

      PCP – кредиторлық берешекті жинау кезеңі;

      Осы көрсеткіштің мәні 180 күннен аспауға тиіс.

      7. Әлеуетті соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйін балдық бағалау:

Көрсеткіштің атауы

Бағалау

Ұсынылатын балдар

Ескертпе

Жалпы пайда нормасы

0≥-20%

10

Жалпы пайда нормасы = жалпы пайда (шығын)/өткізгеннен түскен түсім*100%.

0≥-30%

7

0≥-45%

5

0≥-60%

0

Таза пайда нормасы

0≥-20%

10

Таза пайда нормасы = таза пайда (шығын)/өткізгеннен түскен түсім*100%.

0≥-30%

7

0≥-45%

5

0≥-60%

0

Төлемдердің жиналуы

0≤90%

15

Төлемдердің жиналуы кәсіпорын қызметіне әсер етеді.

0≤80%

10

0≤70%

5

0≤60%

0

Әлеуметтік-экономикалық негіздеме

Әлеуметтік маңызы және экономикалық тиімділігі көрсетілген негіздеме

10

Көп пәтерлік және жеке тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, тұтынушылардың болуы.

10

Ақшалай мәндегі экономикалық тиімділік.

5

Нақты мәндегі экономикалық тиімділік (м3, Гкал, кВт/сағ).

ЕДБ бойынша кредиттік тарихы

Берешектің болмауы туралы банктен анықтама

20


Нұрлы жол бойынша кредиттік тарихы

Мерзімі өтуінің және берешектің болмауы

20


      Ескертпе: әлеуетті соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйін бағалау бойынша жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша балдық бағалау қаралатын болады, оның негізінде бюджеттік кредитті беру (бас тарту) мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.

      Өту балы – кемінде 70.

  Коммуналдық меншіктегі
өңірлік электр желілік
компаниялардың электр
желілерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Инвестициялық жоба паспорты

Жобаның атауы


Бюджеттік кредитке арналған өтінім бойынша ілеспе хаттың деректемелері (тіркелген күні және тіркеу нөмірі, өтінімге қол қойған қарыз алушының уәкілетті тұлғасының Т.А.Ә.)


Бюджеттік кредиттің сомасы, мың теңге


Бюджеттік бағдарлама

Қарыз алушы


Нөмірі


Атауы


Шығыстардың жалпы сомасы, мың теңге


Соңғы қарыз алушы (табиғи монополиялар субъектісінің атауы)


Жоба бойынша ақпарат

№ р/с

Іс-шараның атауы

Құны, барлығы, мың теңге

оның ішінде іске асыру жылдары бойынша

20ХХ

20ХХ+1

...

20ХХ+n

1







...













Бюджеттік кредиттің мерзімі


Бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі


Бюджеттік кредит бойынша қамтамасыз ету


Объектіні салу және/немесе реуконструкциялау және/немесе жаңғырту орны


Жоба бойынша қосымша ақпарат, оның ішінде инвестициялық жобаны іске асырудан күтілетін әлеуметтік-экономикалық тиімділік


Қарыз алушының өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болған кезде)


Қарыз алушының құрылымдық бөлімшесінің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары

Ұялы телефон

қалалық телефон



Факс


Электрондық пошта


Соңғы қарыз алушының (табиғи монополиялар субъектісінің) өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болған кезде)


Құрылымдық бөлімшенің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары

ұялы телефон

қалалық телефон



Факс


Электрондық пошта


Қосымша ақпарат


  Коммуналдық меншіктегі
өңірлік электр желілік
компаниялардың электр
желілерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
3-қосымша

Коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеген кезде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын есептеу

      1. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның бекітілген тиісті жылға арналған даму жоспарының негізінде жыл сайын қайта қаралады.

      2. Көрсетілетін қызмет құнын айқындау тәртібі:

      сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметінің құны:

      1) жоспарлы шығындарға негізделген бір адам-сағатқа алғандағы құны;

      2) көрсетілетін қызмет құнының есебі үшін айқындалған пайда нормалары;

      3) еңбек шығынының нормалары;

      4) сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде тікелей қызмет көрсететін жұмыскерлердің саны негізінде айқындалады.

      3. Бір адам-күннің жоспарлы құны мына формуланың негізінде есептеледі:



      мұнда:

      ЖҚбір –бір адам-күннің жоспарлы құны, адам-күнге мың теңге;

      ЖШ – қызмет көрсетуге байланысты жоспарлы шығын, мың теңге;

      саны –сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өндірістік және әкімшілік персоналының жиынтық штат саны, адам;

      КК – жоспарланған кезеңдегі жыл ішіндегі күнтізбелік күндер саны, күндермен алғанда (жұмыс уақыты балансына сәйкес 40 сағаттық апта кезінде);

      ПН – пайда нормасы, пайызбен алғанда.

      4. Тиісті кезеңдегі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жоспарлы пайда нормасы.

      5. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын айқындау:

      сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құны төменде келтірілген формулаға сәйкес айқындалады:

      ҚҚ = ЖҚбір х С х УН

      мұнда:

      ҚҚ – көрсетілетін қызмет құны, мың теңге;

      ЖҚбір – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-сағатқа мың теңге;

      С – осы қызметті көрсетуге қатысатын қызметкерлердің саны;

      УН – уақыт нормасы, адам-сағатпен алғанда.

  Коммуналдық меншіктегі
өңірлік электр желілік
компаниялардың электр
желілерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
4-қосымша

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: бюджеттік бағдарлама әкімшісіне

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат

      Индексі: 1-ИЖІ

      Есептік кезең 20___ жыл ____________

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: қарыз алушы, соңғы қарыз алушы, сенім білдірілген өкіл (агент)

      Тапсыру мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей

      Соңғы қарыз алушының атауы: _____________________________________

      Соңғы қарыз алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі: _________________________

      Соңғы қарыз алушының әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының коды ____________

Жобаның атауы

ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге

Жобаны іске асыру кезеңі

ТЭН немесе ЖСҚ сәйкес нақты алғанда жұмыстың көлемі (іс-шаралар, құрауыштар)

жұмысты бастау мерзімі

жұмысты аяқтау мерзімі

Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, жұмыстардың орындалмау себептері

іс-шараның атауы

ЖСҚ бойынша құрауыштың атауы

Өсу қорытын дысымен нақты орындау

ҚМЖ графигіне сәйкес жоспар

факт

ҚМЖ графигіне сәйкес жоспар

факт

1












      Атауы: _______________________       Мекенжайы: ___________________________

      Телефоны: _____________________       Электрондық пошта мекенжайы: __________

      Орындаушы: ________________________________________________ _____________

                  Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) байланыс телефоны             (қолы)

      Басшы: ______________________________________________________ ___________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) байланыс телефоны             (қолы)

      Мөр орны

      Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген.

  "Инвестициялық жобаларды
іске асыру барысы туралы
ақпарат" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат" нысаны (бұдан әрі - Нысан) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі аясында әкімшілік деректерді жинауға арналған.

      2. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

      "№" 1-бағанында нөмір тәртіппен көрсетіледі. Келесі ақпарат ретімен нөмірленуі керек;

      "Жобаның атауы" 2-бағанында жобалау-сметалық құжаттамаға кешенді ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;

      "ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге" 3-бағанында жобалау-сметалық құжаттамаға кешенді ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның жалпы құны (жобалық-іздестіру жұмыстарын ескере отырып) көрсетіледі;

      "Жобаны іске асыру кезеңі" 4 бағанында жобалау-сметалық құжаттамаға кешенді ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес құрылыс басталғаннан бастап аяқталғанға дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарының кезеңі жылдар бойынша көрсетіледі;

      "Іс-шараның атауы" 5-бағанында жобалау-сметалық құжаттамаға кешенді ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес жоба бойынша жұмыстардың атауы (реконструкция/салу) көрсетіледі;

      "ЖСҚ бойынша құрауыштың атауы" 6-бағанында инвестициялық жоба бойынша жоспарланған жұмыстар, атап айтқанда: электр желілерінің ұзындығы, бағаналар саны көрсетіледі;

      "Өсу қорытындысымен нақты орындау" 7-бағанында 6-бағанда көрсетілген іс жүзінде орындалған жұмыстар көрсетіледі;

      "Жұмысты бастау мерзімі", "ҚМЖ графигіне сәйкес жоспар", "факт" 8-бағанында жұмысты бастаудың жоспарланған мерзімі көрсетіледі;

      "Жұмысты аяқтау мерзімі", "ҚМЖ графигіне сәйкес жоспар", "факт" 9-бағанында жұмыстың іс жүзінде аяқтаудың мерзімі көрсетіледі;

      "Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, жұмыстарды орындамау себептері" 10-бағанында есепті айда орындалған жұмыстың көлемі, сондай-ақ сот талқылауы, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты қайтадан жариялау, құрылыс-монтаждау жұмыстарының графигінен артта қалу сияқты проблемалық мәселелер (бар кезде) көрсетіледі.

  Коммуналдық меншіктегі
өңірлік электр желілік
компаниялардың электр
желілерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
5-қосымша

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: бюджеттік бағдарлама әкімшісіне

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат

      Индексі: 1-БКТИ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есептік кезең 20___ жыл ____________

      Ұсынатын тұлғалар тобы: қарыз алушы, соңғы қарыз алушы, сенім білдірілген өкіл (агент)

      Тапсыру мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей

      Соңғы қарыз алушының атауы: _____________________________________

      Соңғы қарыз алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі: _________________________

      Соңғы қарыз алушының әкімшілік-аумақтық объектілері сыныптауышының коды ______________

Жобаның атауы

Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы

Бюджеттік кредит қаражатының нақты түсімі

Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені

Бюджеттік кредит қаражатын өтеу

өсу қорытындысымен

есепті ай үшін

өсу қорытындысымен

есепті ай үшін

Өтелуі тиіс

мерзімі

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

мерзімі

сома
(мың теңге)

1

Облыстардың атауы





-

-

-

-

1

Өңірлік электр желілік компаниялардың атауы





-

-

-

-


1 - жоба









      Кестенің жалғасы

Бюджеттік кредит қаражатын өтеу

Қарыздың қалғаны

Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек

% игерілгені (өсу қорытындысымен)

Орындалмаған сомасы (мың. теңге) (өсу қорытындысымен)

Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу

Ескертпе

Нақты өтелгені

Есептік кезеңнің басталуы

Есептік кезеңнің аяқталуы

мерзімі

сома
(мың теңге)

сома (мың тенге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-










      Атауы: _______________________       Мекенжайы: ___________________________

      Телефоны: _____________________       Электрондық пошта мекенжайы: __________

      Орындаушы: ________________________________________________ _____________

                  Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) байланыс телефоны             (қолы)

      Басшы: ______________________________________________________ ___________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) байланыс телефоны             (қолы)

      Мөр орны

      Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген.

  "Бюджеттік кредиттің түсуі,
игерілуі және өтелуі туралы
ақпарат" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Бюджеттік кредиттердің келіп түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі - нысан) "Нұрлы жол" Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды іске асыру туралы сапалы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету үшін әзірленген.

      2. Нысан мынадай ретпен толтырылады:

      "№" 1-бағанында нөмір ретпен көрсетіледі. Келесі ақпарат тәртіп бойынша нөмірлеуді үзбеуі керек;

      "Жобаның атауы" 2-бағанында жобалау-сметалық құжаттамаға кешенді ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;

      "Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы" 3-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген жобаның сомасы көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатының нақты түсімі" 4-бағанында жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінген, түскен сома көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені" 5-бағанында жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінген игерілген ақша сомасы көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатын өтеу" 6-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес өтелуі тиіс кредит сомасы көрсетіледі;

      "Қарыздың қалғаны" 7-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша берешек сомасы көрсетіледі;

      "Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек" 8-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша мерзімі өткен борыштың сомасы көрсетіледі;

      "% игерілгені (өсу қорытындысымен)" 9-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген игеру пайызы көрсетіледі;

      "Орындалмаған сомасы (мың.теңге) (өсу қорытындысымен)" 10-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген кредит бойынша пайдаланылмаған ақшаның сомасы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу" 11-бағанында құрылыс-монтаждау жұмыстары мен материалдар сатып алуға жүргізілген конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша үнемдеу сомасы көрсетіледі;

      "Ескертпе" 12-бағанында жоба бойынша қосымша ақпаратпен ескертпе көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады