"Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 58 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 қазанда № 35280 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26934 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар белгілеу қағидаларында:

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, орман өрт сөндіру станцияларының өртке қарсы қызметтерінің, орман орналастыру ұйымдарының жұмыскерлеріне, орманды және жануарлар дүниесін авиациялық қорғаудың өрт сөндіруші десантшыларына, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларына және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды күзету, қорғау, өсімін молайту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, балық шаруашылығының су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық жіберу жөніндегі өсім молайту кешені мемлекеттік кәсіпорындарының инспекторларына денсаулыққа және өмірге зиян келу қаупінің төнуіне байланысты жұмыс үшін лауазымдық ақыдан 100 % мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл қосымша ақы күнтізбелік жыл ішінде төленеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады