Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 қазанда № 35283 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетен қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
К. Искаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 17 қазандағы
№ 488-НҚ бұйрыққа
1-қосымша

"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      2. "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

      4. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Портал).

      5. Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      6. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны Портал арқылы осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алты ай ішінде трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле -, радиобағдарламаларды жазу және сақтау туралы өтінішті, теле -, радиоарна меншік иесінің жеке кіреберісі бар үй-жайлар мен алаңдарға немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес оларды жалға алуға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысанын жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұны тұрғысынан құжаттарды қарайды, есепке қойылған отандық теле-, радиоарналардың тізілімінде атаудың бірдей болу-болмауына тексереді, сондай-ақ берілген түбіртекті деректемелерді толтырудың дұрыстығы тұрғысынан тексереді, қорытындылары бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, беру туралы куәлікті береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.

      10. Теле-, радиоарнаның меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ атауы өзгерген жағдайларда теле -, радиоарна қайта есепке қоюға жатады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке қоюға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке қойылған отандық теле-, радиоарналардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ меншік иесі өзгерген жағдайда меншіктің ауысуын/меншік құқығының берілгенін растайтын берілген құжаттардың деректерін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қайта есепке қою туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, телерадио хабарларын тарату саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке қою,
куәлігін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  (отандық теле-,
радиоарнаны есепке қою
туралы куәлікті беретін
органның толық атауы)

Өтініш

      Сізден отандық теле-, радиоарна ________________________________

      _________________________________________________________________

      (теле-, радиоарнаның атауы)

      есепке қоюды сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы ____________________________

      _________________________________________________________________

      (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/атауы және

      ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы _______________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      БСН/ЖСН ________________________________________________________

      Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ____________________________

      Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: _______________________

      Ретрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: _____________

      ____________________________ _____________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) атауы)

      Ақпарат жүйелерінде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      3-қосымша (трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-,

      радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы)

      Мөр орны (бар болған кезде) 20___ жылғы "____" ________

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою қайта есепке қою,
куәлігін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысаны
  (отандық теле-,
радиоарнаны есепке қою
туралы куәлікті беретін
органның толық атауы)

Өтініш

      Сізден ________________________________________ себебі бойынша

      (себебін көрсету)

      отандық теле-, радиоарна ______________________________________________

      (теле-, радиоарнаның атауы)

      қайта есепке қоюды жүзеге асыруды сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      _____________________________________________________________________

      (меншік иесінің бар болған жағдайда)/атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      БСН/ЖСН _______________________________________________________________

      Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: _____________________________________

      Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: ______________________________

      Ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тәуліктік көлемі: __________________

      Меншік иесінің ауысуын/меншік құқықтарды беруді растайтын құжаттардың деректері:

      (меншік құқығы өтетін адамның құжатының деректері, құжатының нөмірі мен күні,

      ЖСН/БСН және тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы және ұйымдық-

      құқықтық нысаны (меншік иесі ауысқан жағдайда толтырылады))

      Р/с № құжаттың деректері

      1.______________

      2.______________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      __________ 20 __ жылғы "____" __________

      (қолы)

      _________________________________ __________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) атауы)

      Мөр орны 20 __ жылғы "____" _________ (бар болған жағдайда)

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою қайта есепке қою,
куәлігін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысаны
  ____________________________
____________________________
(отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін органның толық атауы)

Трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы

      ____________________________________________________________

      (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/атауы және

      ұйымдық-құқықтық нысаны) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес "теле-, радиоарналар өздерінің

      эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын алты

      ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өзiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу

      журналында тіркеп қоюға және оны осы журналда соңғы жазба жасалған

      кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға міндетті)

      ______________________________________________________ ________

      (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/атауы және

      ұйымдық-құқықтық нысаны) қолы

      Қол қойылды және __:__ сағатта жіберілді "__" ______ 20__ жыл

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке қою,
куәлігін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша

"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігінің беру" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру Портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), куәліктің осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 553-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының мөлшерлемелері:
теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік беру үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын екі айлық есептік көрсеткішті; өзге де тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын бес айлық есептік көрсеткішті құрайды;
Теле-, радиоарнаны қайта есепке алу тегін жүзеге асырылады. Ақы төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ Портал арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұмаға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www.mam.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті (сұрау салуды), теле -, радиоарна меншік иесінің жеке кіреберісі бар үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысанын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ұсынады;
2) отандық теле-, радиоарнаны қайта қою үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті (сұрау салуды) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес теле-, радиоарнаның меншік иесінің кірер есігі бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысанын ұсынады;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші порталдан алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлікті беруі;
2) теле -, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініштің мазмұны "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейді;
3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның төленбеуі;
4) меншік иесінің ауысуына орай теле -, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтініште теле-, радиоарнаға меншік құқықтарын басқа адамға беру туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарнаны есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған теле-, радиоарналардың меншік иесі немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде өтініш берген жағдайда;
6) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес екендігі анықталса;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке қою,
куәлігін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
5-қосымша

Теле-, радиоарнаның меншік иесінің кірер есігі бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысаны: (үй-жайлардың орналасқан жері және олардың сипаттамасы көрсетіледі) (алаң шаршы метрде, кадастрлық нөмірі, мүліктік құқықтың түрі, жалға алу шарттының деректері)

Р/с №

Үй-жайдың типі

Мекенжайы

Сипаттамасы

1

Телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуіне қажетті техникалық құралдарды орналастыру және пайдалану үшін (студиялық, аппараттық, қосалқы)



2

Шығармашылық (редакциялық) персоналды орналастыру үшін



3

Теле-, радиоарнаның меншік иесіне тиесілі әкімшілік-басқару персоналы үшін



      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) меншік иесінің атауы және ұйымдық-

      құқықтық нысаны) трансляцияланатын және рестрансляцияланатын теле-,

      радиобағдарламаларды таспаға басуға және алты ай бойы сақтауға міндеттенеді.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін

      __________ 20__ жылғы "__" _________

      (қолы)

      _________________________________________________      __________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы)                   (қолы)

      Мөр орны 20__ жылғы "___" __________

      (мөр болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 17 қазандағы
№ 488-НҚ бұйрыққа
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін айқындайды.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

      4. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Портал).

      5. Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      6. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші порталдан алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтініштің мазмұны тұрғысынан құжаттарды қарайды, шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестік мәніне сараптама жүргізеді, сондай-ақ ұсынылған түбіртектің деректемелерін толтыру дұрыстығын тексереді, қорытындылары бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.

      10. Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою меншік иесі ауысқан не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, теле-, радиоарнаның аты, негізгі тақырыптық бағыты өзгерген, Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылған жағдайларда жүзеге асырылады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке қоюға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтініштің және өтінішке қоса берілген құжаттардың мазмұнына құжаттарды қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қайта есепке қою туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, телерадио хабарларын тарату саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке қою,
куәлігін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  (шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін органның толық атауы)
____________________________
(шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін орган басшысының
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Өтініш

      Сізден ___________________________________________________________

      (қайта есепке қоюды жүзеге асырған жағдайда, себебі көрсетіледі)

      шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке қоюды жүзеге

      асыруды) сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері/орналасқан жері,

      ұйымдық-құқықтық нысаны, телефоны, электрондық мекенжайы)

      Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері) ____________________________________

      Теле-, радиоарнаның хабар тарату торы ________________________________________

      (кейінгі айға)

      Теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағыты _______________________________

      Теле-, радиоарнаның бас редакторы/редакторы __________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайы ___________________________________

      (индексі, қала, аудан, көше, үй, телефоны, электрондық мекенжайы)

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтау туралы

      _________________________________________________________________________

      Өтінішке:

      1._________________________

      2._________________________ қоса беріледі

      ____________________________________________________ _______________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы) (қолы)

      Мөрдің орны 20 ___ жылғы "__" _____________

      (бар болған жағдайда)

  "Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке қою,
куәлігін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігінің беру" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру Портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) куәліктің осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553-бабының 7-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының мөлшерлемелері:
1) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік бергені үшін: балалар және ғылыми тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын екі айлық есептік көрсеткіш;
өзге де тақырыптағы теле-, радиоарнаны құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын бес айлық есептік көрсеткіш;
Теле -, радиоарнаны қайта есепке алу тегін жүзеге асырылады. Ақы төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ Портал арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі.

7.

Мемлекеттік қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www.mam.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының –ЭЦҚ-мен қол қойылған теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға) қоса бере отырып, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі – шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі; кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат;
2) Қайта есепке алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі; жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі; кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейді;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алым төленбеген;
3) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, экстремизмді немесе терроризмді, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттауды немесе үгіттеуді, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино- және бейнеөнімдерді, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпаратты қамтитын болса;
4) дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша теріс қорытындының болуы;
5) шетелдік теле-, радиоарнаның өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы;
6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды (өкілдікті) Порталда есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер жоқ болуы;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mam.gov.kz интернет -ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 17 қазандағы
№ 488-НҚ бұйрыққа
3-қосымша

"Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.

      2. "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

      4. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Портал).

      5. Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      6. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұны тұрғысынан құжаттарды қарайды, есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттіктердің және желілік басылымдардың тізілімінде атаудың бірдей болу-болмауын тексереді, сондай-ақ ұсынылған түбіртекті деректемелерді толтыру дұрыстығы тұрғысынан тексереді, қорытындысы бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәлік береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.

      10. Мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктердің және желілік басылымдардың меншік иесі ауысқан не оның атауы, сондай-ақ басылымның не материалдар мен хабарлардың атауы, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығару мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке қойылуға тиіс.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке қоюға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке қойылған мерзімді басылымдардың, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ меншік иесі өзгерген жағдайда, меншік иесінің ауысуын/меншік құқығының берілуін растайтын құжаттардың деректерін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қайта есепке қою туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге болады.

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке қою"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  ____________________________
(мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке қою туралы
куәлікті беретін органның
толық атауы)
___________________________
(Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке қою туралы
куәлікті беретін орган
басшысының тегі, аты және
әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________ мерзімді

      (мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктердің және

      желілік басылымдардың атауы, түрі)

      баспасөз басылымын, ақпараттық агенттігін және желілік басылымын есепке қоюды сұраймын.

      Меншік иесі _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      БСН/ЖСН _________________________________________________

      Меншік иесінің мекенжайы ____________________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      Мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктердің және желілік

      басылымдардың атауы _______________________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктердің және желілік

      басылымдардың тілі

      Болжамды шығару мерзімділігі ________________________________________

      Негізгі тақырыптық бағыты____________________________________________

      Таралу аумағы _____________________________________________________

      Редакцияның мекенжайы ______________________________________________

      Бас редактордың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөр орны (бар болған жағдайда) _____________ (қолы) 20_ жылғы "___" ___________

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке қою"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  ____________________________
(мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке қою туралы
куәлікті беретін органның
толық атауы)
__________________________
(Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке қою туралы
куәлікті беретін орган
басшысының тегі,
аты және әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

Өтініш

      Сізден __________________________________________ өзгеруіне байланысты

      ________________________________________________________________

      (мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктердің және желілік

      басылымдардың атауы, түрі)

      мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттігін және желілік басылымын қайта

      есепке қоюды жүргізуді сұраймын.

      Меншік иесі_________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      БСН/ЖСН___________________________________________________________

      Меншік иесінің мекенжайы____________________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктердің және желілік

      басылымдардың атауы

      _______________________________________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктер және желілік басылымдар

      материалдары мен хабарламаларының тілі ______________________________________

      Болжамды шығару мерзімділігі ______________________________

      Негізгі тақырыптық бағыты__________________________________

      Таралу аумағы ____________________________________________

      Редакцияның мекенжайы____________________________________

      Бас редактордың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      ____________________ (қолы) 20_ жылғы "___" ____________

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, ақпараттық
агенттіктерді және желілік
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке қою"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

"Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру Портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 553-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының мөлшерлемелері:
1) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою туралы куәлік беру үшін:
балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын екі айлық есептік көрсеткішті; өзге де тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын бес айлық есептік көрсеткішті;
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.
Ақы төлеу қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұмаға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www.mam.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес) ұсынады;
2) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды қайта есепке қою үшін (меншік иесінің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысанының, мерзімді баспасөз басылымының және ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдар атауының, негізгі тақырыптық бағыттылығы мен шығару мерзімділігінің, сондай-ақ тарату аумағының өзгеруіне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес);
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымына, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қойғаны туралы куәлікті беруі;
2) мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініштің мазмұны "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес келмейді;
3) мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою үшін алымның төленбеуі;
4) меншік иесінің ауысуына орай мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды қайта есепке қою туралы өтініште мерзімді баспасөз басылымына ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды меншік құқықтарын басқа адамға беруді растайтын шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктердің және желілік басылымдардың мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктердің және желілік басылымдардың меншік иесі немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш берген жағдайда;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.
8) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәлеметтердің) дұрыс еместігін анықтағанда.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады