"Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қазандағы № 494 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 қазанда № 35291 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 33308 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларында:

      3-тармақ келесі мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Құжат қабылдау мен конкурс өткізу мерзімін жыл сайын жұмыс органы бекітеді және жұмыс органының ресми интернет-ресурсында құжат қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жарияланады.";

      4-тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "Шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген";

      8-тармақта:

      2) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 3-тармағына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда, Нұсқаулыққа сәйкес алғашқы 10 (он) халықаралық рейтингтердің қатарына кіретін, уәкілетті орган бекіткен шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан, ғылыми орталықтардан және өзге де ұйымдардан шартсыз шақыру алған Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ескере отырып, барлық талап етілетін кезеңге міндетті зейнетақы аударымдарының есептелгенін растай отырып, заңды тұлғалар болып табылатын аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінде ғылыми зерттеудің таңдалған мамандану саласында соңғы 12 (он екі) айдағы үздіксіз нақты жұмыс өтілі. Сонымен қатар, жүктілік және босану, бала күтімі бойынша демалыс, еңбекке уақытша жарамсыздық, сондай-ақ бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан екіншісіне ауысу үздіксіз нақты жұмыс өтіліне есептелетін;";

      31-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "31. Конкурс жеңімпазы ғылыми зерттеу бағытының, шетелдік ұйымның, тағылымдамадан өткен елдің ауысымын, тағылымдамадан өту мерзімін (бір жылдан аспайтын мерзімге ауыстырған және қосымша шығыстар болмаған кезді қоспағанда), жұмыс берушіні ауыстыруды алған кезде конкурс жеңімпазы Комиссияға өтінішпен және растайтын құжатпен қоса жүгінеді.

      44-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "44. Жұмыс берушіні ауыстыру конкурс жеңімпазының әкімшіге жазған өтініші негізінде жұмыс беруші таратылған не қайта ұйымдастырылған кезде жүзеге асырылады.

      Жұмыс берушіні ауыстыру жеңімпазының өтініші бойынша конкурс ғылыми зерттеудің таңдалған бағытын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге аккредиттелген субъектісі сақтаған кезде, Комиссия шешімі негізінде жұмыс берушінің келісімі болған кезде жүзеге асырылады.";

      Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 2-қосымшада:

      2-тармақ келесі мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жұмыс органы Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органы мен шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы халықаралық келісімдер, меморандумдар негізінде Қазақстан Республикасын дамытудың әлеуметтік-экономикалық басымдықтарына қарай шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарды, ғылыми орталықтарды және басқа да ұйымдарды Тізімге енгізеді.";

      3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Бұл ретте жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жетекші шетелдік ұйымдары, ғылыми орталықтар және өзге де ұйымдар үшін көрсеткіштер ғылыми тағылымдамадан өту орнын таңдауда "Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік" басым бағытына қолданылмайды".".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады