"Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қазандағы № 495 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 қазанда № 35292 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33056 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде:

      5 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ1 – шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын, қазақстандық үлгідегі дипломды алатын, бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі, сондай-ақ қазақстандық үлгідегі дипломды алатын, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      V жқ1 = Nzb1 * Контzb1,

      мұндағы:

      Nzb1 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Контzb1 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;

      Nzb1 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nzb1 = Т+Xz+ A+ S,

      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне тартылған ӘБП-ның және ПОҚ-ның жылына бір білім алушыға шаққандағы жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Xz – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша жылына бір білім алушыға есептегенде жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау шеңберінде білім алушылардың оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға, зертханалық, практикалық, теориялық және жеке сабақтарының академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға арналған оқу шығыстары – 19 АЕК;

      АЕК – жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін айлық есептік көрсеткіш. Айлық есептік көрсеткішке баламалы көрсеткіштердің мәндерін айқындау үшін негіз ретінде 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері алынады;

      А – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары үшін оқу құралдары мен жабдықтардың амортизация нормасы 64 АЕК-ті құрайды;

      Т – білім беру процесіне тартылған ӘБП және ПОҚ еңбегіне ақы төлеудің жылдық қоры жылына бір білім алушыға төменде келтірілген персонал құрамы негізге алына отырып есептеледі.

Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура

Персонал

Саны (штат бірлігі)

1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері теңгемен

АЕК-те 1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері

ПОҚ

Профессорлық-оқытушылық құрам (ПОҚ):

100



ПОҚkz

Отандық ПОҚ

70

860 000

280,77 АЕК

ПОҚin

Шетелдік ПОҚ

30

3 956 000

1291,544 АЕК

ӘБП

Әкімшілік-басқару персоналы:

54,5



ӘБП kz

Отандық менеджмент

1

1 075 000

350,963 АЕК

ӘБПin

Шетелдік менеджмент, Халықаралық менеджмент

1,5
1

4 515 000
3 870 000

1474,045 АЕК 1263,467 АЕК

ӘБПin

Шетелдік орта менеджмент

5

860 000

280,77 АЕК

ӘБПkz

ӘБП кіші құрамы

46

430 000

140,385 АЕК


Барлығы

154,5



      Т – білім беру процесіне жылына бір білім алушыға тартылған ӘБП және ПОҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

      T = Tkz+ Tin,

      Тkz = Тәбпkz+ Тпоқkz,

      Тin = Тәбп in + Тпоқ in,

      мұндағы:

      Тkz – жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған отандық ӘБП және ПОҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Тin – жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған шетелдік ӘБП және ПОҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Тәбп – ӘБП жылдық еңбекақы төлеу қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:

      Тәбпkz (in) = Wәбпkz (in) *12*snokz (in) * mvәбпkz (in) *mp,

      Тпоқ – ПОҚ-ның жылдық еңбекақы қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:

      Тпоқkz (in) = Wпоқkz (in) * 12*snokz(in)*mvпоқkz (in) * mp,

      мұндағы:

      W – айына отандық және шетелдік ПОҚ және ӘБП еңбекақы төлеу қоры:

      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы шарт негізінде отандық және шетелдік ӘБП және ПОҚ үшін белгіленді.

      Жалақыны есептеу 2021 жылғы 15 қарашаға белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 1 АҚШ доллары үшін 430 теңге баламасында ұлттық валютада жүргізілді;

      12 – айына нормативтік шығындарды есептеуден жылына нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін жылына айлар саны;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті:

      отандық персоналдар үшін snokz – 1,0836;

      2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;

      шетелдік персоналдар үшін snoin – 1,095;

      mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың коэффициенті:

      2023 жылға – 1,03;

      2024 жылға – 1,045;

      2025 жылға – 1,055;

      2026 жылға – 1,065;

      2027 жылға – 1,075;

      2028 жылға және одан кейінгі жылдарға – 1,08;

      mvпоқ – бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициентін құрайды:

      бір шетелдік оқытушыға mvпоқin – 0,02;

      бір отандық оқытушыға mvпоқkz – 0,047;

      mvәбп – ӘБП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:

      бір шетелдік мидл менеджментке mvәбпin1 – 0,0033;

      бір шетелдік топ-менеджментке mvәбпin2– 0,001;

      бір шетелдік халықаралық менеджментке mvәбпin3 – 0,00067;

      бір отандық менеджментке mvәбпkz1 – 0,00067;

      бір ӘБП кіші құрамға mvәбпkz2 – 0,031;

      S – халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу коэффициенті – 102,024 АЕК;

      2) Vжқ2 – шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын, қос диплом алатын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      V жқ2 = Nzb2* Контzb2,

      мұндағы:

      Контzb2 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;

      Nzb2 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі, мына формула бойынша айқындалады:

      Nzb2 = Nzb1 + L1,

      мұндағы:

      L1 – Солтүстік Америка елдерінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен қос диплом бағдарламасы бойынша бір білім алушыға жылына 752,693 АЕК есебінен шығыстар;

      3) Vжқ3 – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары шеңберінде іске асырылатын, қос диплом алатын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі, мына формула бойынша есептеледі:

      Vжқ3 = Nzb3 * Контzb3,

      мұндағы:

      Контzb3 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;

      Nzb3 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі, мына формула бойынша айқындалады:

      Nzb3 = Nzb1 - S + L2,

      мұндағы: L2 – Еуропа елдерінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен қос диплом бағдарламасы бойынша бір білім алушыға жылына 698,845 АЕК есебінен шығыстар.

      Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына төлем барлық оқу кезеңі үшін (4 жыл) тең үлестермен шарт негізінде жүзеге асырылады. L1 және L2 есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2022 жылғы 27 желтоқсанға белгіленген бағамы бойынша 1 АҚШ доллары үшін 461,1 теңге эквивалентінде ұлттық валютада жүргізілді.";

      мынадай мазмұндағы 9, 10 және 11 - тармақтармен толықтырылсын:

      "9. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған "Russel Group" құрамына кіретін Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен филиал шеңберінде іске асырылатын қос диплом бағдарламалары бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі және жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      1) Vпф - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі (бакалавриат) мына формула бойынша есептеледі:

      Vпф = ∑ Nb * Контb),

      мұндағы:

      Nb - бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Контb - бакалавриатта білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контb - мына формула бойынша есептеледі:

      Контb = жыл басындағы білім алушылардың саны + оқуға қабылдаудың 1/3 – білім алушылардың күтілетін бітіруінің 1/2 – білім алушылардың күтілетін оқудан шығарылуы + білім алушылардың күтілетін келуі;

      2) Nb - бакалавриатта жылына бір білім алушыға қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі Қазақстан Республикасында (бұдан әрі – ҚР) және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен оқуға тиесілі шығыстар нормативінің сомасынан құрылады және мына формула бойынша есептеледі:

      Nb = Nb Kz + Nb UK,

      мұндағы:

      Nb Kz – ҚР-да бакалавриатта жылына бір білім алушыға арналған шығыстар нормативі формула бойынша есептеледі:

      Nb Kz = F,

      Nb UK, - Ұлыбританиядағы бакалавриатта жылына бір оқушыға арналған шығыстар нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nb UK = О UK,

      3) F – профессорлық-оқытушылық құрамы (бұдан әрі - ПОҚ), әкімшілік-басқару персоналы (бұдан әрі – ӘБП) және оқу-көмекші персоналдың (бұдан әрі – ОКП) еңбекақы төлеудің жалпы жылдық қоры жылына бір білім алушыға есепте және формула бойынша есептеледі:

      F = Тin ппс + Тpr. ппс + Тауп + Qувп,

      3.1) Тin ппс - шетелдік ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры жылына бір білім алушыға есептегенде мына формула бойынша есептеледі:

      Тin. ппс = 12 * W in ппс * sno in * mv in 1,

      мұндағы:

      12 - айына нормативтік шығындарды есептеуден жылына нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін жылына айлар саны;

      W in ппс - шетелдік ПОҚ-тың еңбекақы төлеу қоры айына мына формула бойынша есептеледі:

      Win. ппс = ЛЖ in. ппс,

      мұндағы:

      ЛЖ in. ппс – шетелдік оқытушының лауазымдық жалақысы мына формула бойынша айқындалады:

      ЛЖ in. ппс = 155,9586 * БЛЖ,

      155,9586 - базалық лауазымдық жалақыға шетелдік ПОҚ-тың лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті (БЛЖ);;

      snoin. –шетелдік ПОҚ еңбекақы төлеу қоры үшін әлеуметтік салық коэффициенті – 1,095 құрайды;

      mvin.1 – бір шетелдік ПОҚ-ға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті – 0,011111 құрайды;

      Тpr. ппс - басқа ПОҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры жылына бір білім алушыға есептегенде мына формула бойынша есептеледі:

      Тpr. ппс = Т осн. ппс + Т комп. ппс,

      мұндағы:

      Т осн. ппс – басқа ПОҚ-ның өтемақы төлемдерін есептемегенде жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Т осн. ппс = 12 * W pr ппс* (snopr + gpo) * mvpr1,

      Т комп. ппс – басқа ПОҚ-ның жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Т комп. ппс = ЛЖpr ппс * (snopr + gpo) * mvpr1,

      мұндағы:

      W – басқа ПОҚ-ның айына еңбекақы төлеу қоры формула бойынша есептеледі:

      Wpr ппс= ЛЖ pr ппс,

      мұндағы:

      ЛЖ pr ппс– басқа ПОҚ-ның лауазымдық айлықақысы мына формула бойынша есептеледі:

      ЛЖpr ппс = 49,1609 * БЛЖ,

      мұндағы:

      49,1609 – басқа ПОҚ-ның базалық лауазымдық жалақыға (БЛЖ) лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті;

      sno pr - әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың, жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының және міндетті зейнетақы жарналарының коэффициенті:

      2024 жылға - 1,125;

      2025 жылға - 1,1482;

      2026 жылға –1,1582;

      2027 жылға – 1,1682;

      2028 және одан кейінгі жылдарға - 1,1732 құрайды.

      gpo - қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру төлемдерінің көлемін айқындайтын коэффициент – 0,0026;

      mvpr1 – басқа бір ПОҚ-ға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті бакалавриат үшін - 0,027778 құрайды;

      3.2) Тауп - жылына бір білім алушыға есептегенде ӘБП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Т ауп = T осн ауп + Т комп ауп,

      мұндағы:

      T осн ауп – өтемақы төлемдерін есептемегенде АӨК-тің жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Т осн ауп = 12 * W ауп * (sno pr+ gpo) * mv2,

      мұндағы:

      W ауп – ӘБП-тың айына еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W ауп = БЛЖ * f,

      мұндағы:

      f – жалпы ПОҚ жалақысындағы ӘБП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 35,83477 құрайды;

      Жалпы ПОҚ-тың жалақысындағы ӘБП, ОКП-тың үлес салмағын есептеу үшін жалпы ПОҚ-тың лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті қолданылады, ол 79,67-ге тең;

      mv2 – ӘБП-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті бакалавриат үшін-0,016667 құрайды;

      Т комп ауп – ӘБП-ның жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге жұмсалатын шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Т комп ауп = БЛЖ*f * (snopr + gpo) * mv2,

      3.3) Q увп – жылына бір білім алушыға ОКП-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Q увп = Q осн увп + Q комп увп,

      мұндағы:

      Q осн увп – компенсациялық шығыстарсыз ОКП-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Q осн увп = 12 * W увп * (snopr + gpo) * mv3,

      мұндағы:

      W увп – өтемақы төлемдерінсіз ОКП-нің жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W увп = БЛЖ * с,

      мұндағы:

      c – жалпы ПОҚ жалақысындағы ОКП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 16,9511;

      mv3 – ОКП-нің бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті бакалавриат үшін - 0,011111 құрайды;

      Q комп увп – ОКП-нің жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Q комп увп = БЛЖ * c * (snopr+gpo) * mv3;

      4) O - жылына бір білім алушыға есептегенде Ұлыбританияның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында студенттерді оқытуға байланысты шығыстар нормасы 1108,64 АЕК-ті құрайды;

      АЕК - 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлыбританияда оқуға байланысты шығыстарды есептеу 2024 жылғы 30 сәуірге белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша Біріккен Корольдіктің 1 фунт стерлингі үшін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында 553,12 теңге баламасында жүргізілді;

      5) Кредиттік оқыту технологиясын (Vk) ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі мына формула бойынша айқындалады:

      Vk = ∑ (Cred * Ncred * Конт),

      мұндағы:

      Cred - бір білім алушыға жоспарланатын жылдық кредиттер саны;

      Ncred - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі.

      Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бір бағытынан артық іске асыру кезінде оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары мен білім деңгейлері бойынша оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін жинақтау жолымен айқындалады;

      6) Nz cred - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі мынадай формула бойынша есептеледі:

      Nz cred = N /60,

      мұндағы:

      60 – МЖМББС сәйкес анықталған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші.

      10. Қос диплом ала отырып, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған Қытай Халық Республикасының шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалы шеңберінде іске асырылатын бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінің есебі мына формулалар бойынша есептеледі:

      1) Vпф - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді (бакалавриат және магистратура) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула арқылы есептеледі:

      Vпф = ∑ (Nb * Контb) + ∑ (Nm * Контm),

      мұндағы:

      N b/m – бакалавриат / магистратурада жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Конт b/m - бакалавриат/ магистратурада білім алушылардың орташа жылдық контингенті келесі формула бойынша есептеледі:

      Конт b/m = жыл басындағы білім алушылардың саны + оқуға қабылдаудың 1/3 - білім алушылардың күтілетін бітіруінің 1/2 - білім алушылардың күтілетін оқудан шығарылуы + білім алушылардың күтілетін келуі;

      2) N b/m – бакалавриат / магистратурада жылына бір білім алушыға қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі Қазақстан Республикасында (бұдан әрі – ҚР) және Гонконг қаласында (Қытай Халық Республикасы) оқуға тиесілі шығыстар нормативінің сомасынан тұрады, мына формула бойынша есептеледі:

      N b/m = N b/m kz + N b/m hk,

      мұндағы:

      N b/m kz – ҚР-да бакалавриат / магистратурада жылына бір білім алушыға арналған шығыстар нормативі формула бойынша есептеледі:

      Nb/m kz = F,

      Nb/m hk – Гонконг қаласындағы бакалавриатта / магистратурада жылына бір білім алушыға арналған шығыстар нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nb/m hk = O,

      3) F – профессорлық-оқытушылық құрам (бұдан әрі – ПОҚ), әкімшілік-басқару персоналы (бұдан әрі – ӘБП), оқу-көмекші персоналы (бұдан әрі – ОКП) қызметіне еңбекақы төлеудің жалпы жылдық қоры жылына бір білім алушыға есепте және мына формула бойынша есептеледі:

      F = Т in. ппс + T pr, ппс + Т ауп + Q увп,

      3.1) Тin. ппс – шетелдік ПОҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры жылына бір білім алушыға есептегенде мына формула бойынша есептеледі:

      Тin.ппс = 12 * Win.ппс * sno in * mvin1,

      мұндағы:

      12 – айына нормативтік шығындарды есептеуден жылына нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      W in.ппс – шетелдік ПОҚ-ның еңбекақы төлеу қоры айына мына формула бойынша есептеледі:

      W in. ппс = ЛЖ in. ппс,

      ЛЖ in. ппс = 103,3521 * БЛЖ,

      мұндағы:

      103,3521 - базалық лауазымдық жалақыға шетелдік ПОҚ-ның лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті (БЛЖ);

      snoin - шетелдік ПОҚ-ның еңбекақы төлеу қоры үшін әлеуметтік салық коэффициенті – 1,095 құрайды;

      mvin1 - бір шетелдік ПОҚ-ға шаққанда білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:

      бакалавриат үшін - 0,01;

      магистратура үшін - 0,025 құрайды;

      Тpr.ппс = Т осн. ппс + Т комп. ппс,

      мұндағы:

      Т осн.ппс - өтемақы төлемдерін есепке алмағанда басқа ПОҚ бойынша жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Т осн. ппс = 12 * Wpr ппс * (snopr + gpo) * mvpr1,

      Т комп.ппс - басқа ПОҚ бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Т комп. ппс = ЛЖpr ппс * (snopr + gpo) * mvpr1,

      W pr ппс – басқа ПОҚ бойынша айына еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Wpr ппс = ЛЖ pr ппс,

      ЛЖpr.ппс – ПОҚ лауазымдық жалақысы мына формула бойынша айқындалады:

      ЛЖpr ппс= 30,1369 * БЛЖ,

      30,1369 - базалық лауазымдық жалақыға ПОҚ лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті (БҚБ);

      snopr - әлеуметтік салықтың және әлеуметтік аударымдардың, жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының және міндетті зейнетақы жарналарының коэффициенті:

      2024 жылға – 1,1286;

      2025 жылға – 1,1518;

      2026 жылға –1,1618;

      2027 жылға –1,1718;

      2028 және одан кейінгі жылдарға – 1,1768 құрайды;

      gpo – қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру төлемдерінің көлемін айқындайтын коэффициент – 0,0029 құрайды;

      mvpr1 – бір ПОҚ-ға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:

      бакалавриат үшін – 0,0275;

      магистратура үшін – 0,025 құрайды;

      3.2) Т ауп – жылына бір білім алушыға есептегенде ӘБП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Т ауп = T осн ауп + Т комп ауп,

      мұндағы:

      T осн ауп – өтемақы төлемдерін есептемегенде ӘБП-ның жылдық еңбекақы қоры келесіформула бойынша есептеледі:

      Т осн ауп = 12 * Wауп * (snopr + gpo) * mv2,

      бұл жерде:

      W ауп – ӘБП айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W ауп = БЛЖ * f,

      мұндағы,

      f – ПОҚ-ның жалақысындағы ӘБП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 36,1643;

      ПОҚ-ның жалпы құрамының жалақысында ӘБП, ОКП жалақысының үлес салмағын есептеу үшін ПОҚ-ның лауазымдық жалақысын есептеу 51,6708 коэффициенті қолданылады.

      mv2 – ӘБП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:

      бакалавриат үшін – 0,0100;

      магистратура үшін – 0,0250 құрайды;

      Ткомп.ауп – ӘБП жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге жұмсалатын шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Т комп ауп = 2 * ЕТЖ * (snopr + gpo) * mv2 ,

      ЕТЖ – 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген ең төменгі жалақы;

      3.3) Q увп – жылына бір білім алушыға ОКП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qувп = Q осн увп + Q комп увп ,

      мұндағы:

      Q осн увп – өтемақы төлемдерінсіз ОКП-нің жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Q осн увп = 12 * W увп * (snopr + gpo) * mv3,

      мұндағы:

      W увп - айына ОКП еңбекақы төлеу қоры формула бойынша есептеледі:

      W увп = БЛЖ * с,

      мұндағы:

      c – ПОҚ жалақысындағы ОПК жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 14,1267;

      mv3 – ОКП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:

      бакалавриат үшін – 0,0075;

      магистратура үшін – 0,0250 құрайды;

      Qкомп.увп – ОКП-нің жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Q комп увп = 2* ЕТЖ * (snopr+gpo) * mv3;

      4) O – Гонконг қаласының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жылына бір білім алушыға шаққанда студенттерді оқытуға байланысты шығыстар нормасы:

      бакалавриат үшін – 1225,1354 АЕК;

      магистратуры үшін – 1585,0190 АЕК құрайды;

      АЕК - 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген айлық есептік көрсеткіш.

      Гонконг қаласында оқу шығыстарын есептеу 2024 жылғы 29 мамырда белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 1 Гонконг доллары үшін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында 56,54 теңге баламасында жүргізілді;

      5) Кредиттік оқыту технологиясын (Vk) ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі мына формула бойынша айқындалады:

      Vk = ∑ (Cred * Ncred * Конт),

      мұндағы:

      Cred – бір білім алушыға жоспарланатын жылдық кредиттер саны;

      Ncred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі.

      Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бір бағытынан артық іске асыру кезінде оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары мен білім деңгейлері бойынша оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін жинақтау жолымен айқындалады;

      6) Nz cred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz cred = N / 60,

      мұндағы:

      60 – МЖМББС сәйкес анықталған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші.

      11. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған Германия Федеративтік Республикасының шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының филиалы шеңберінде іске асырылатын қос диплом бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мен жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінің есебі мына формулалар бойынша есептеледі:

      1) Vпф – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі (бакалавриат және магистратура) :

      Vпф = ∑ (Nb * Контb) + ∑ (Nm * Контm),

      мұндағы:

      N b/m – бакалавриатта/ магистратурада жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Конт b/m – бакалавриат / магистратурада білім алушылардың орташа жылдық контингенті мына формула бойынша есептеледі:

      Конт b/m = жыл басындағы білім алушылардың саны + оқуға қабылдаудың 1/3 - білім алушылардың күтілетін бітіруінің 1/2-білім алушылардың күтілетін оқудан шығарылуы + білім алушылардың күтілетін келуі;

      2) N b/m – бакалавриат / магистратурада жылына бір білім алушыға қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі Қазақстан Республикасында (бұдан әрі – ҚР) және Германия Федеративтік Республикасында (бұдан әрі – ГФР) оқуға тиесілі шығыстар нормативінің сомасынан тұрады, мынадай формула бойынша есептеледі:

      N b / m = N b / m kz + N b / m ger,

      мұндағы:

      N b / m kz – ҚР-да бакалавриат / магистратурада жылына бір білім алушыға арналған шығыстар нормативі формула бойынша есептеледі:

      N b / m kz = F + K + А,

      N b / m ger – ГФР-дағы бакалавриатта жылына бір білім алушыға арналған шығыстар нормативі формула бойынша есептеледі:

      N b / m ger = O + Kc,

      3) F – профессорлық-оқытушылық құрам (бұдан әрі – ПОҚ), әкімшілік-басқару персоналы (бұдан әрі – ӘБП), оқу-көмекші персоналы (бұдан әрі – ОКП) қызметіне еңбекақы төлеудің жалпы жылдық қоры жылына бір білім алушыға есепте және мына формула бойынша есептеледі:

      F = Тin ппс + Тpr ппс + Тауп + Qувп,

      3.1) Тin ппс – шетелдік ПОҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры жылына бір білім алушыға есептегенде мына формула бойынша есептеледі:

      Тin. ппс = 12 * W in ппс * snoin * mvin1,

      мұндағы:

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін жыл айлар саны;

      Win ппс – шетелдік ПОҚ-ның еңбекақы төлеу қоры айына формула бойынша есептеледі:

      Win ппс = ЛЖ in ппс,

      мұндағы:

      ЛЖin ппс – шетелдік оқытушының лауазымдық жалақысы мына формула бойынша айқындалады:

      ЛЖin ппс = 146,892643 * БЛЖ,

      мұндағы:

      146,892643 – базалық лауазымдық жалақыға шетелдік ПОҚ-ның лауазымдық айлықақысын есептеу коэффициенті (БЛЖ);

      snoin – шетелдік ПОҚ еңбекақы төлеу қоры үшін әлеуметтік салық коэффициенті – 1,095 құрайды;

      mvin1 – бір шетелдік ПОҚ-ға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:

      бакалавриат үшін – 0,017708;

      магистратура үшін – 0,016667 құрайды;

      3.2) Тpr ппс – жылына бір білім алушыға есептегенде басқа ПОҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Т pr ппс = Т осн. ппс + Т комп. ппс,

      мұндағы:

      Т осн. ппс – басқа ПОҚт-ның өтемақы төлемдерін есептемегенде жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Т осн. ппс = 12 * Wpr ппс * (snopr + gpo) * mvpr1,

      Т комп. ппс – басқа ПОҚ-ның жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Т комп. ппс = ЛЖ pr ппс * (snopr + gpo) * mvpr1,

      мұндағы:

      Wpr ппс - басқа ПОҚ-ның айына еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W pr ппс = ЛЖ pr ппс,

      ЛЖpr.ппс– басқа ПОҚ-тың лауазымдық жалақысы мына формула бойынша айқындалады:

      ЛЖ pr.ппс = 47,6858 * БЛЖ,

      мұндағы:

      47,6858 – базалық лауазымдық жалақыға (БЛЖ) басқа ПОҚ-ның лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті;

      snopr– әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың, жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының және басқа ПОҚ, ОКП, ӘБП-еңбекақы төлеу қоры үшін міндетті зейнетақы жарналарының коэффициенті:

      2024 жылға – 1,1256;

      2025 жылға – 1,1488;

      2026 жылға –1,1588;

      2027 жылға –1,1688;

      2028 және одан кейінгі жылдарға – 1,1738 құрайды;

      gpo – қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру төлемдерінің көлемін анықтайтын коэффициент – 0,00261 құрайды;

      mvpr1 – бір басқа ПОҚ-ға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:

      бакалавриат үшін – 0,041667;

      магистратура үшін – 0,044444 құрайды;

      3.3) Т ауп – жылына бір білім алушыға есептегенде ӘБП-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Т ауп = T осн ауп + Т комп ауп,

      мұндағы:

      T осн ауп – өтемақы төлемдерін есептемегенде ӘБП-ның жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Т осн ауп = 12 * Wауп * (snopr + gpo) * mv2,

      мұндағы:

      W ауп – ӘБП-ның айына еңбекақы төлеу қоры келесі формула бойынша есептеледі:

      W ауп = БЛЖ * f,

      мұндағы:

      f – жалпы ПОҚ-ның жалақысындағы ӘБП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 60,4133 құрайды;

      ПОҚ-ның жалпы құрамының жалақысында ӘБП, ОКП жалақысының үлес салмағын есептеу үшін ПОҚ-тың жалпы құрамының лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті қолданылады:

      ЛЖ = 76,8643 * БЛЖ,

      mv2 – ӘБП-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:

      бакалавриат үшін – 0,005208;

      магистратура үшін – 0,005556 құрайды;

      Ткомп.ауп – ӘБП-ның жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге жұмсалатын шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Т комп ауп = БЛЖ * f * (snopr + gpo) * mv2 ;

      3.4) Q увп – жылына бір білім алушыға ОКП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qувп = Q осн увп + Q комп увп ,

      мұндағы:

      Q осн увп - өтемақы төлемдерінсіз ОКП-нің жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Q осн увп = 12 * W увп * (snopr + gpo) * mv3,

      мұндағы:

      Wувп – айына ОКП еңбекақы төлеу қоры формула бойынша есептеледі:

      Wувп = БЛЖ * с,

      мұндағы:

      c – жалпы ПОҚ жалақысындағы ОПК жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 17,649;

      mv3 – ОКП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:

      бакалавриат үшін – 0,001042;

      Q комп увп – ОКП-нің жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Q комп увп = БЛЖ * с * (snopr + gpo) * mv3;

      4) K – бір білім алушыға есептегенде білім беру процесін жүргізу мақсатында бір жылдың ішінде ПОҚ-ты іссапарға жіберуге байланысты шығыстардың нормасы:

      бакалавриат үшін – 14,996075 АЕК;

      магистратура үшін – 11,5236 АЕК құрайды;

      5) A – бір білім алушыға есептегенде негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алуға байланысты бір жылдың ішіндегі шығыстар нормасы:

      бакалавриат үшін – 64 АЕК құрайды;

      6) O – ГФР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында студенттерді жылына бір білім алушыға шаққанда оқытуға байланысты шығыстар нормасы:

      бакалавриат үшін – 97,611728 АЕК;

      магистратуры үшін – 258,9965 АЕК құрайды;

      7) Кс – білім алу мақсатында студенттерді іссапарға жіберуге байланысты шығындар нормасы (тұру + ГФР-дағы көлік шығындары) жылына бір білім алушыға есептегенде:

      бакалавриат үшін – 164,4764 АЕК;

      магистратура үшін – 328,9527 АЕК құрайды;

      АЕК – 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

      ГФР-да оқуға байланысты шығыстарды есептеу 2024 жылғы 20 мамырға белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 1 Еуроға 480,51 теңге баламасында Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасында жүргізілді;

      8) Кредиттік оқыту технологиясын (Vk) ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі мына формула бойынша айқындалады:

      Vk = ∑ (Cred * Ncred * Конт),

      мұндағы:

      Cred – бір білім алушыға жоспарланатын жылдық кредиттер саны;

      Ncred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі.

      Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бір бағытынан артық іске асыру кезінде оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары мен білім деңгейлері бойынша оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін жинақтау жолымен айқындалады;

      9) Nz cred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz cred = N / 60,

      мұндағы:

      60 – МЖМББС сәйкес анықталған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы Министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім

      Министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады