"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 қазанда № 35313 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесінде:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Барлық оқу пәндерінің педагогтері:

      күн сайын сабақ кестесіне сәйкес:

      1) 1-4 сыныптарға арналған cынып журналын, 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналын, факультативтік сабақтар, үйде оқыту журналын (қағаз немесе электрондық форматта);

      2) қысқа мерзімді (сабақ) жоспарды (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізеді;

      оқу жылы басталғанға дейін бір рет:

      1) пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарды (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);

      2) тәлімгерлік жоспарды (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) әзірлейді;

      тоқсандық қорытынды бойынша:

      автоматтандырылған ақпараттық жүйеден автоматты түрде жасалатын бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелеріне сәйкес талдау жүргізеді (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);

      оқу жылының қорытындысы бойынша бір рет:

      негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан хаттамасын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);

      9 (10), 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау хаттамаларын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізеді.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Басшы (директор):

      оқу жылы басталғанға дейін бір рет:

      тәрбие жұмысы жоспарын, мектептің дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, мектепішілік бақылау жоспарын, жұмыс оқу жоспарын бекітеді (қағаз түрінде немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматта);

      Тәлімгерлік жоспарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығымен бекітілген Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20486 болып тіркелген) сәйкес қосымша ақы алатын педагог толтырады.

      Ата-аналар жиналысының, педагогтік және ғылыми-әдістемелік кеңестің хаттамалары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізіледі.

      Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан хаттамасы "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) бекітілген 3-қосымша нысанына сәйкес жүргізіледі.";

      Орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандарында:

      "Тәрбие жұмысының жоспары (орта, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған)" нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесінде:

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Педагогтік және әдістемелік кеңестердің хаттамалары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес (қағаз немесе электрондық форматтарында) жүргізіледі.

      Педагогтік кеңестің отырыстарын өткізу кезеңділігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қазандағы № 506 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4993 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларында айқындалған.

      Әдістемелік кеңестің отырыстарын өткізу кезеңділігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5090 болып тіркелген) Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесінде айқындалған.";

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандарында:

      "Пән/модуль/өндірістік оқыту мен кәсіптік практика бойынша оқу жұмыс бағдарламасы" нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 29 қазандағы
№ 319 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 130 бұйрығына
1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі

      Педагогтер құжаттарды қағаз немесе электрондық форматта толтырады. Құжаттарды электрондық форматта толтыру кезінде қағаз форматы талап етілмейді. Құжаттарды қағаз форматта толтыру кезінде электрондық форматы талап етілмейді.

      Мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектепалды сыныптарының (бұдан әрі – мектепалды сыныптар) педагогтері осы бұйрыққа 2-қосымшаның белгіленген нысаны бойынша (қағаз немесе электрондық нұсқада word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында):

      1 жылына бір рет оқу жылы басталғанға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларының (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы) негізінде оқу жылына арналған жас тобындағы ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспарын әзірлейді;

      2) апта сайын тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасын құрастырады;

      3) оқу жылында баланың жеке даму картасына Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша бастапқы, аралық және қорытынды бақылау нәтижелерін ескере отырып, дамыту, түзету іс-шараларын енгізеді және оқу жылының аяғында қорытынды бақылау нәтижелерін ескеріп, баланың даму деңгейін айқындайды;

      3-1) оқу жылының аяғында Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша қорытынды бақылау нәтижелерін ескере отырып, Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған күтілетін нәтижелерге сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды топтарындағы/мектепалды сыныптардағы балалардың біліктері мен дағдыларының деңгейін анықтайды және "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҰБДҚ АЖ) Мектепалды жасындағы баланың жеке даму картасын толтырады.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 29 қазандағы
№ 319 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 130 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізінде 20___-20___ оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

      Мектепке дейінгі ұйым (білім беру ұйымының атауы) _________________

      ________________________________________________________________

      Топ ____________________________________________________________

      Балалардың жасы ________________________________________________

      Мектепалды сынып (білім беру ұйымының атауы) ____________________

      ________________________________________________________________

      Қандай кезеңге жасалды (айды, жылды көрсету) ______________________

Ай

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері


Дене тәрбиесі (ерекше білім беруді қажет ететін балалар (бұдан әрі – ерекше балалар) үшін бейімделген дене тәрбиесі)


Жүзу (жүзу бассейні болған кезде)


Сөйлеуді дамыту


Көркем әдебиет


Сауат ашу негіздері


Қазақ тілі


Сенсорика/ Математика негіздері


Құрастыру


Қоршаған ортамен таныстыру


Сурет салу


Мүсіндеу


Жапсыру


Музыка


      Ескерту: ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспарын мектепке дейінгі ұйымның педагогтері: тәрбиеші қазақ тілінің педагогімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен, арнайы педагогпен (ерекше балалар бар болғанда) бірлесіп құрастырады және мектепалды сыныптың педагогі құрастырады.

      Нысан

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

      Мектепке дейінгі ұйым (білім беру ұйымының атауы) _________________

      _____________________________________________________________________

      Топ ____________________________________________________________

      Балалардың жасы ________________________________________________

      Қандай кезеңге жасалды (апта күндерін, айды, жылды көрсету) _________

Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау






Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен әңгімелесу, кеңес беру






Балалардың іс-әрекеті
(ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек, қимыл, бейнелеу, дербес және басқалары)






Ертеңгілік жаттығу






Таңғы ас






Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық (бұдан әрі – ҰІӘ)






Кестеге сәйкес ҰІӘ






2-ші таңғы ас






Серуенге дайындық






Серуен






Серуеннен оралу






Түскі ас






Күндізгі ұйқы






Ұйқыдан біртіндеп ояту, сауықтыру шаралары






Бесін ас






Балалардың дербес іс-әрекеті (қимылдық, ұлттық, сюжетті-рөлдік, үстел үсті-баспа және басқа ойындар), бейнелеу іс-әрекеті, кітап қарау және басқалары)






Балалармен жеке жұмыс






Серуенге дайындық






Серуен






Серуеннен оралу






Кешкі ас






Балалардың дербес іс-әрекеті (қимылдық, ұлттық, сюжетті-рөлдік, үстел үсті-баспа және басқа ойындар), бейнелеу іс-әрекеті, кітап қарау және басқалары)






Балалардың үйге қайтуы






      Ескерту: ҰІӘ кестеге сәйкес күннің бірінші және екінші жартысында жоспарланады. Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасын мектепке дейінгі ұйымның педагогтері: тәрбиеші қазақ тілінің педагогімен, педагог-психологпен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен, арнайы педагогпен (ерекше балалар бар болғанда) бірлесіп құрастырады.

      Нысан

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

      Мектепалды сынып (білім беру ұйымының атауы) ___________________

      ____________________________________________________________________

      Балалардың жасы _______________________________________________

      Қандай кезеңге жасалды (апта күндерін, айды, жылды көрсету) ________

Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау






Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен әңгімелесу, кеңес беру






Балалардың дербес іс-әрекеті (қимылдық, ұлттық, сюжетті-рөлдік, үстел үсті-баспа және басқа ойындар), бейнелеу іс-әрекеті, кітаптарды қарау және басқалары)






Ертеңгілік жаттығу






Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық (бұдан әрі – ҰІӘ)






Кестеге сәйкес ҰІӘ






Серуенге дайындық






Серуен






Серуеннен оралу






Балалармен жеке жұмыс






Балалардың іс-әрекеті (ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек,
қимыл, бейнелеу, дербес және басқалары)*






Балалардың үйге қайтуы






      Ескерту: Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасын мектепалды сыныптың педагогі педагог-психологпен бірлесіп құрастырады.

      *Балалардың қызығушылықтарын және қажеттіліктерін ескере отырып, олардың іс-әрекетінің бір немесе бірнеше түрі ұйымдастырылады және жеке баламен, шағын топпен немесе топпен өткізіледі.

      Нысан

202 __ - 202 __ оқу жылындағы бала дамуының жеке картасы

      Баланың аты-жөні (бар болғанда) ___________________________________

      Баланың туған жылы, айы, күні _____________________________________

      Мектепке дейінгі ұйым (білім беру ұйымының атауы) __________________

      _____________________________________________________________________

      Топ ____________________________________________________________

      Балалардың жасы ________________________________________________

      Мектепалды сынып (білім беру ұйымының атауы) ____________________

      _____________________________________________________________________

Құзыреттіліктер

Бастапқы бақылау нәтижесіндегі іс-шаралар (дамытушы, түзету) (қазан-желтоқсан)

Аралық бақылау нәтижесіндегі іс-шаралар (дамытушы, түзету) (ақпан-сәуір)

Қорытынды бақылау нәтижесіндегі іс-шаралар (дамытушы, түзету) (маусым-шілде)

Қорытынды (Үлгілік оқу бағдарламасында белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму деңгейі)

Физикалық даму





Коммуникативтік дағдылар





Танымдық және зияткерлік дағдылар





Шығармашылық дағдылар, зерттеу іс-әрекеті





Әлеуметтік-эмоционалды дағдылар





      Ескерту: Бала дамуының жеке картасын мектепке дейінгі ұйымның педагогтері: тәрбиеші қазақ тілінің педагогімен, педагог-психологпен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен, арнайы педагогпен (ерекше балалар бар болғанда) бірлесіп және мектепалды сыныптың педагогі педагог-психологпен бірлесіп толтырады.

      Нысан

"Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде толтыру үшін мектепалды жасындағы бала дамуының жеке картасы

      Баланың аты-жөні (бар болғанда) ____________________________________

      Баланың туған жылы, айы, күні _____________________________________

      Мектепалды топ/мектепалды сынып (білім беру ұйымының атауы) _______

      _____________________________________________________________________

Рет №

Құзырет
тер

Біліктер мен дағдылардың көлемі

Біліктер мен дағдылардың қалыптасу көрсеткіші

Қалыптасқан

Жеткіліксіз қалыптасқан

Қалыптаспаған

1

Физикалық даму

1

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген, жеке гигиенаны сақтайды (киімі мен аяқ киімін қадағалайды, өз бетінше киінеді/шешінеді), тамақтану мәдениетінің ережелерін сақтайды




2

Негізгі қимыл түрлерін (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, еңбектеу, тепе-теңдікті сақтау) меңгерген




3

Құрдастарымен қимылды ойындарды ұйымдастыруда бастамашы, ойын ережелерін сақтайды, ептілік, жылдамдық, төзімділік көрсетеді




2

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

4

Тіл дыбыстарын дұрыс айтады, сөйлеуде жай және құрмалас сөйлемдерді қолданады, ересек адамды түсінеді және толық жауап береді




5

Шағын әңгімелер құрастырады, мәтіннің мазмұнын қайталайды, өлеңдерді жатқа айтады




6

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, сөздерді буындарға бөледі, сөзге дыбыстық талдау жасайды




7

Қағаз бетінде бағдарланады, қарындашты дұрыс ұстайды




8

Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады, қоршаған ортадағы заттарды және қарапайым әрекеттерді атайды




3

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

9

10-ға дейін тура және кері санайды




10

Заттарды әртүрлі белгілері (түсі, пішіні, мөлшері, саны, көлемі, өлшемі, материалы) бойынша салыстырады




11

Уақытта, кеңістікте, жазықтықта бағдарланады




12

Геометриялық пішіндерді (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) және денелерді (шар, текше, цилиндр) ажыратады және дұрыс атайды




13

Логикалық ойын тапсырмаларын орындайды, қызығушылық танытады, қойылған міндетті шешудің жолдарын таба алады




4

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу
іс-әрекетін дамыту

14

Натураға қарап және көз алдына елестете отырып мүсіндейді




15

Көз алдына елестетіп, ауызша сипаттап, ұсынылған тақырып бойынша, өз бетінше, құрдастарымен бірлесіп түрлі материалдардан құрастырады




16

Бояулармен және қарындаштармен сурет салады, жиектен шықпай бояйды, негізгі түстерді және олардың реңктерін ажыратады




17

Қайшыны қолдануды біледі, пішіндерді қия алады




18

Музыкалық жанрларды, балалар музыкалық аспаптарын ажыратады, би қимылдарын, таныс әндерді орындайды




5

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

19

Отан, мемлекеттік рәміздер, мерекелер, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы түсініктері бар, патриоттық сезімдері қалыптасқан




20

Туыстық байланыстарды, отбасылық дәстүрлерді біледі, үлкендерге құрмет көрсетеді және кішілерге қамқорлық жасайды




21

Жыл мезгілдерін, табиғат құбылыстарын, жануарлар мен өсімдіктерді біледі, туған өлкенің табиғатына қамқорлық жасайды




22

Әртүрлі мамандықтарды біледі және ересектердің жұмысын құрметтейді




23

Ұжымдық іс-әрекет түрлеріне қатысады, тапсырмаларды орындайды, жұмыс нәтижелерін бағалайды




24

Үйде, қоғамдық орындарда, жолда, табиғатта және төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын меңгерген




      Жеке сәйкестендіру нөмірлері______________________________________

      Картаны толтырған педагогтердің аты-жөні __________________________

      _____________________________________________________________________

      Ескерту: Мектепалды жасындағы бала дамуының жеке картасын мектепке дейінгі ұйымның педагогтері: тәрбиеші қазақ тілінің педагогімен, педагог-психологпен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен, арнайы педагогпен (ерекше балалар бар болғанда) бірлесіп және мектепалды сыныптың педагогі педагог-психологпен бірлесіп толтырады.

      Мектепалды жасындағы бала дамуының жеке картасында педагог тиісті тор көзде тәрбиеленушінің біліктері мен дағдыларының "қалыптасқан" немесе "жеткіліксіз қалыптасқан", не "қалыптаспаған" деген көрсеткіштерінің біреуін белгілейді.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 29 қазандағы
№ 319 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 130 бұйрығына
4-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

  Бекітемін
Басшы
____________________________
тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
20__жыл "___" ____________

Тәрбие жұмысының жоспары (орта, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған)

      _______________ оқу жылына

      Педагог ________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Топ/Сынып _____________________________________________________

                        (топтың/сыныптың атауын көрсету)

      Тәрбие жұмысының бағыттары бойынша іс-шаралар жоспары

Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

I Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету






II. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету






  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 29 қазандағы
№ 319 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 130 бұйрығына
8-қосымша

      Нысан

____________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы)

  БЕКІТЕМІН
Басшының орынбасары
______________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
"___" ___________20___ж.

Пән/модуль/өндірістік оқыту мен кәсіптік практика бойынша оқу жұмыс бағдарламасы

      _______________________________________________________________

      (модуль немесе пән атауы)

      Мамандық ______________________________________________________

      (коды және атауы)

      Біліктілік _______________________________________________________

      (коды және атауы)

      Оқыту нысаны ________ орта білім базасында _______________________

      Жалпы сағат саны ________, кредит саны ___________________________

      Әзірлеуші (-лер) ________________________________________________

      (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Түсіндірме жазба

Пән/модуль сипаттамасы

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер

Пререквизиттер

Постреквизиттер

Оқытуға қажетті құралдар, жабдықтар

Педагогтің(тердің) байланыс ақпараты:

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

тел.:

е-mail:

      Семестр бойынша сағаттарды бөлу

Пән/модульдің коды және атауы

Модуль
дегі барлық сағат саны

Оның ішінде

1 курс

2 курс

3 курс

4 курс

1 семестр

2 семестр

3 семестр

4 семестр

5 семестр

6 семестр

7 семестр

8 семестр

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































Барлығы:










Пән/модуль бойынша оқытуға берілетін жалпы сағат саны










      Оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны

Тараулар/
оқыту нәтижелері

Бағалау өлшемшарттары және/немесе сабақ тақырыптары

Барлық сағат саны

Оның ішінде

Студенттің педагогпен өзіндік жұмысы

Студенттің өзіндік жұмысы

Сабақ түрі

Теориялық

Зертханалық тәжірибелік

Жеке

1










2




















Курстық жоба/жұмыс (егер жоспарланған болса)


-

-




-


Барлық сағат саны:








      1 - ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарды оқыту кезінде жеке сабақ сағаттарын көздейтін оқытудың "Білім беру" және "Өнер" бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар толтырады.

      Осы тармақтар міндетті болып табылады. Қосымша элементтерді енгізу тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын сақтай отырып және пәннің немесе модульдің ерекшеліктері мен білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады